Ридданың үш түрі болатынына Құраннан дәлел.

Сөз күпірлігі

Алла Тағала Құранда айтты:

«Олар ештеңе айтпағандығы жайлы Алланың атымен ант ішеді. Ал шындығында, олар күпірлік/қарсылық сөз айтып, Исламға келгеннен кейін кәпір болды» [Тәубе сүресі 9/74-аят.]

Имам әл-Қуртуби, оған Алланың рақымы болсын, осы аятқа қатысты былай деді: «Бұл аятта жалғанды сенімділік ретінде меңзейтін барлық нәрсе арқылы күпірліктің болуы мүмкін екеніне нұсқаулық бар».

Имам әл-Байдауи, оған Алланың рақымы болсын, өзінің тәпсірінде: «олар күпірлік сөз айтқан болатын» деген сөздерді «Исламнан кейін күпірлік танытты» деп тәпсірлеген болатын.

Басқа сөзбен айтқанда, егер адам сөзбен күпірлік білдірсе, жүрегімен соған сенбесе де, бұл оны Исламнан шығарады.

Алла Тағала айтты:

«Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді. Оларға айт: «Алланы, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?»» [Тәубе сүресі 9/65-аят.]

Имам Әбу Бак әл-Жасас, оған Алланың рақымы болсын, осы аяттың тәпсірінде былай деп айтқан: «Бұл аятта ойнап айтқандар мен сенімділікпен істегендер күпірлік сөз танытуда бірдей екеніне нұсқаулық бар, тек егер оларды мәжбүрлеп істетпеген деген шартпен, өйткені мұнафиқтар өз сөздерін тек қалжын екенін айтқан, ал Алла Тағала олар бұл қалжындары үшін кәпір болғандарын хабарлады».

Амал күпірлігі

Алла Тағала айтты:

«Әрі түн мен күндіз және күн мен ай – Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Алланың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар» [Фуссиләт сүресі 41/37–аят.]

Бұл аятта Ислам ғұламалары күпірлік амал ретінде қарастыратын жұлдыздар мен түрлі пұттарға сәжде жасау амалына анық тыйым салынған.

Сенім күпірлігі

Алла Тағала айтты:

«Мүминдер – олар Аллаға және Оның Елшісіне сеніп, одан кейін күмән келтірмегендер» [Хужурат сүресі 49/15–аят.]

Бұл аятта күдік, мысалы, сенімдегі күпірліктің бір түрі екеніне нұсқаулық бар.

Ридданы үш түрге: сенім, амал және сөз деп бөлудің негізі Құранда бар екеніне жоғарыда келтірілген аяттардан анық болды.

Төрт мәзхаб ғұламаларының діннен шығуды (ридданы) үш түрге бөлу мәселесіндегі пікірлері.

Ханафи мәзхабы

Шейх Әли ибн Мұхаммед әл-Баздауи, оған Алланың рақымы болсын, былай деді:

«Ридда мәселелерінде кемсіту – бұл күпірлік, не нәрсені кемсіткені себебінен емес, сол кемсітудің өздігінен. Өйткені кемсітуші бұны әдейі және өз еркімен істейді, ал күпір сөз арқылы кемсіту – бұл хақ дінді қорлау, сондықтан бұның барлығының мәні бір (яғни егер адам қалжыңдап күпір сөз айтса, демек оның жүрегінде сондай нәрселерге итермелейтін белгілі бір мөлшерде екіжүзділік пен күпірлік бар) болғандықтан, ондай адам сол сөздері үшін діннен шығады, кемсіткен нәрсесі үшін емес. Мәжбүрленген адам бөлек, себебі ол мәжбүрлі түрде істеп жатқан нәрсесіне сенбейді дегенді білдіреді».
[Дерекнама: Әли ибн Мұхаммед әл-Баздауи, «Кашфу әл-Асрар шарх усул әл-Баздауи», 4\600.]

Шейх Фахруддин ибн Мансұр әл-Фарғани әл-Ханафи, оған Алланың рақымы болсын, «Фатауә» жинағында былай деп айтты:

«Егер адам өз еркімен күпірлік сөз айтса, жүрегінде иманды болса да, ол кәпір болады және Алла Тағаланың алдында да мүмин болмайды».
[Дерекнама: Фахруддин ибн Мансұр әл-Фарғани әл-Ханафи, «Фатауа ҚодиХан», 3\573.]

Шейх Бурхануд`дин Махмуд ибн Ахмад ибн Мазах әл-Ханафи «әл-Мухит» кітабында былай деді:

«Егер адам күпір сөзді оның күпір сөз екенін біле тұра және сенімділікпен айтатын болса, онда ол кәпір болады. Егер адам күпір сөзді оның күпір сөз екенін білімей және сенбей айтса, көпшілік ғұламалардың пікірі бойынша, ол бәрібір кәпір болады және ол надандықпен ақталмайды. Егер адам күпір сөз айтса, ал оның жүрегі иманға толы болса да, ол адам кәпір және жүрегіндегісі оған көмек бермейді».
[Дерекнама: Бурхануд`дин Махмуд ибн Ахмад ибн Мазах әл-Ханафи, «Фатауа Татархания», 5\458.]

Шафиғи мәзхабы

Имам әл-Харамейн `Абдул-Мәлик ибн Абдуллах әл-Жувейни, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Кім күпір сөз айтып, сол кезде жүрегінде бұл сөздерге деген өкініш болды десе (яғни әзілдеп айтқан боласа), ол сырттай да (яғни мұсылмандар алдында) және іштей де (Алла Тағала алдында) кәпір».
[Дерекнама: Ибн Хаджар әл-Хайтами, «әз-Зауажир», 1\45.]

Шейх Имадуддин Әли ибн Мұхаммед әл-Харраси әш-Шафиғи, оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Ахкам әл-Құран» кітабында:

«Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді. Оларға айт: «Алланы, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?»» осы Тәубе сүресінің 9/65-аятының тәпсірінде былай деді:

«Бұл аятта кемсітуші мен сеніп істегендер, егер мәжбүрлеп істетпеген болса, күпір сөз танытуда бірдей екеніне нұсқаулық бар, өйткені мұнафиқтер өз сөздерін тек қалжын екенін айтқан, ал Алла Тағала олар бұл қалжындары үшін кәпір болғандарын хабарлады. Бұл Алла Тағаланың белгілерін кемсіту – күпірлік екенін көрсетеді».

Имам Фахруддин әр-Рази, оған Алланың рақымы болсын, «Мафатих әл-`Ғайб» кітабында «Олар ештеңе айтпағандығы жайлы Алланың атымен ант ішеді. Ал шындығында олар күпірлік сөз айтып, Исламға келгеннен кейін кәпір болды» деген Тәубе сүресінің 9/74-аятының тәпсірінде айтты:

«Үшінші мәселе. «…Исламға келгеннен кейін кәпір болды» сөздері мыналарды меңзейді:
1. Дінді қандай да бір түрде кемсіту – бұл Алла Тағалаға сенбеу (күпірлік) болып табылады. Өйткені кемсіту (Аллаға және Оның дініне деген) немқұрайлықты меңзейді. Ал иманға қатысты маңызды ереже – дінді шама келгенше ұлықтау, ал бұл екі нәрсе (кемсіту мен ұлықтау) ешқашан қосыла алмайды.
2. Күпірлік тек қана жүрек амалдарына жатады» дейтіндерді теріске шығарушы аят.
3. Бұл аят олардың айтқан сөздері күпірлік екенін көрсетеді. Тіпті олар бұған дейін мұнафиқтер болса да, өйткені кәпір адамда күпірлік қайта-қайта жаңарып тұруы мүмкін.
4. Адамда иман келтіргеннен кейін де күпірлік пайда болуы мүмкін.

Мұхиддин ибн Шараф ән-Нәуәуи әш-Шафиғи, оған Алланың рақымы болсын, «Раудат әт-Т`алибин» кітабының «ридда» бабында былай деді:

«[Ридда] – Исламның тоқтатылуы. Кейде ол мағынасы күпір болған сөз үшін болуы мүмкін және де күпірлікті меңзейтін, әдейі және кемсітумен жасалған амалдар үшін болуы мүмкін. Мысалы, пұттарға немесе күнге құлшылық жасау немесе Құранды лас жерге тастау, күнге табыну элементтері бар сиқырлық.
Имам айтты: «Біздің шейхтың кейбір ескертпелерінде амал өздігінен күпір бола алмайды делінген. Бірақ бұл – оның тарапынан болған үлкен қателік және мен бұны тек оның бұл мәселедегі қатесін көрсету үшін келтірдім».
Сондай-ақ мағынасында күпір бар сөз айтылған үшін күпірлік болуы мүмкін. Ол сеніммен, қыңырлықпен немесе қалжыңдап айтылғаны маңызды емес».
[Дерекнама: Имам ән-Нәуәуи әш-Шафиғи«Раудат әт-Т`алибин», 7\284-283.]

Имам ән-Нәуәуи, оған Алланың рақымы болсын, Муслимнің «Сахихына» жазған түсіндірмесінде сиқыр мәселесін талдап былай деген:

«[Сиқыр] – күпірлік болуы мүмкін немесе онда күпірлік болмауы да мүмкін, алайды ол үлкен күнә болады. Егер оның ішінде күпірді меңзейтін амалдар не сөздер болса – күпірлік, ал жоқ болса – күпірлік емес. Оны үйрену мен үйрету жайлы айтатын болсақ, бұл – харам. Ал егер оның ішінде күпірлік болса, онда (оны үйрену және үйрету де) күпірлік болады».
[Дерекнама: Имам ән-Нәуәуи әш-Шафиғи, «Шарх Сахих Муслим». Китаб әс-Сихр, Баб әс-Сихр.]

Шейх Тақиюд`дин әс-Субки әш-Шафиғи, оған Алланың рақымы болсын, «Фатауә» кітабында былай деп айтты:

«Такфир – бұл шариғи үкім, оның себебі – Алла Тағаланың үстемдігін және Оның Иләһиятін немесе пайғамбарлардың борышын теріске шығару немесе Шариғат күпірлік деп санаған сөздер не амалдар, бұл тәрк ету болмаса да (яғни, адам жүрегінде ондай сенімде болмаса да)».
[Дерекнама: Шейх Тақиюд`дин әс-Субки әш-Шафиғи, «Фатуә Субки», 2\586.]

Шейх Са`дуддин әт-Тафтазани, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Ридда мәселесінде кемсітуші не нәрсені кемсіткені үшін емес, сол кемсітудің өздігі себебінен кәпір болады, өйткені бұл – дінді мазақ етіп қорлаудың бір түрі. Сондай-ақ бұл аятта көрсетілгендей, сенімнің өзгеруіне жанама нұсқау болып табылады: «Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді. Оларға айт: «Алланы, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?»» [Тәубе сүресі 9/65–аят]. Бұл аятта «діннен шығу тек сенімнің өзгеруімен ғана болады» дегендерге қарсы жауап бар».
[Дерекнама: Шейх Са`дуддин әт-Тафтазани, «Шарх Талуих `аля таудих», 2\402-403.]

Ибн Хажар әл-Хайтами, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Күпірлік пен ширк түрлеріне адам бұны болашақта немесе жақын арада жасау ниеті жатады. Мұндай адам сол кезде бірден кәпір болады. Және егер адам тіпті мүмкін емес болған бір нәрсенің орындалуын (діннен шығуға) шарт етіп қойса, онда ол да кәпір болады. (Немесе егер) ол оны кәпір қылатын нәрсеге сенсе, немесе соған меңзейтін амал жасаса немесе сөз айтса және ол (күпір сөз) сенімділікпен, қасарысқаннан немесе кемсітумен айтылу–айтылмауына қарамастан».
[Дерекнама: Ибн Хажар әл-Хайтами, «әз-Зауажир», 1\49.]

Мәлики мәзхабы

Әл-Хафиз Юсуф ибн `Абдуллах ибн `Абд әл-Барр әл-Мәлики, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Ибн Исхак айтты: «Егер адам Алла Тағалаға немесе Оның Елшісіне тіл тигізсе, немесе Алла Тағала тарапынан түскенді теріске шығарса, немесе Алла Тағаланың пайғамбарларынан болған пайғамбарды өлтірсе, бірақ жүрегінде Алла Тағала түсіргенді мойындап тұрса да, ондай адам кәпір болады деген ғұламалар арасында ижма бар»».
[Дерекнама: Әл-Хафиз Юсуф ибн `Абдуллах ибн `Абд әл-Барр әл-Мәлики, «Әт-Тамхид», 4\226.]

Әл-Қ`ади Әбу Бәкір ибн әл-`Араби әл-Мәлики, оған Алланың рақымы болсын, «Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге беріліп, ойнадық», – дейді» деген аятқа қатысты тәпсірінде былай дейді:

«Бұл сөздер не шындап айтылды, не әзілдеп айтылды, бірақ олар қалай айтылған болса да, бұл – күпірлік болып табылады. Күпірлік сөзбен айтылған қалжын – күпірлік, және бұл мәселеде үммет арасында келіспеушілік жоқ. Бекіту және растау – бұл Ақиқат пен білімнің бауыры, ал кемсіту – бұл жалған мен надандықтың бауыры».
[Дерекнама: Ибн әл-`Араби, «Ахкам әл-Құран», 2\976.]

Әл-`Қади `Йяд ибн Мұса әл-Мәлики, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Егер Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тіл тигізген адам бұны қаламаған болса және бұған сенбеген болса, бірақ оған қатысты күпірлік сөздер – лағнеттеу, балағаттау, (оның өзін немесе ол алып келгенді) жалғандықта айыптау сөздерін айтса, немесе оған қатысты тыйым салынғанды оған жатқызса, немесе оған міндетті болғанды теріске шығарса, немесе оған кемшілік болып табылатынды жатқызса. Мысалы: ол адам Пайғамбарға қатысты үлкен күнәні жатқызса, немесе оның пайғамбарлықты қалай атқаруына не адамдар арасында қазылық жүргізуіне тіл тигізсе, немесе оның өзінің, шығу тегінің ұлылығында және оның ілімінде немесе оның дүниеден алыс болуында күмәнданса, немесе ол жеткізгеннен жалпыға мәлім болған нәрсені немесе тауатурмен (яғни, көптеген жолдармен жеткен) хабарды теріске шығарса, сонымен бұл хабарды теріске шығару үшін, немесе ол жайлы неше түрлі ақымақтық және тән болмайтын нәрсе айтса, немесе қандай да бір түрде оны сынаса, тіпті оның сынау барысында бұған сенім білдермегені және сынауды меңземегені жайлы дәлелдер болса да, немесе айтылған сөзі надандық, ашулану, мас болу, ойдың жинақы болмауы, зейінсіз сөз сөйлеуі, тәкаппарлық немесе сөзде ағаттық кетуімен деп дәлелденсе де, бұл адамның үкімі – өлім жазасы, өйткені күпірлік мәселесінде ешкімде үзір жоқ. Және оның ақыл–есі дұрыс бола тұра, сөзде жаңылысып қалуы немесе жоғарыда аталғандардың бірінің әсерінен айтқандығы жайлы мәлімдемелер оны ақтамайды, тек егер оны мәжбүрлеп айтқызған болса, ал оның жүрегі иманға толы болса ғана».
[Дерекнама: Әл-`Қади `Йяд ибн Мұса әл-Мәлики, «Шифа», 2\331.]

Тағы ол былай деген:

«Және де біз бүкіл үмметтің адасушылықта болуын меңзейтін сөздерді айтқан немесе кез–келген бір сахабаға такфир шығарған әрбір адамның күпірлігі туралы нақты айтамыз. Және де біз ижм`а бойынша тек кәпір адам ғана жасайтын амалдарды (мысалы күнге, айға, пұттарға табыну) істеген адамның күпірлігі жайлы айтамыз, тіпті егер ол адам өзінің Исламы жайлы айтып тұрса да».
[Дерекнама: Әл-`Қади `Йяд ибн Мұса әл-Мәлики, «Шифа», 2\396-397.]

Жалалуд`дин `Абдуллах ибн Наджм ибн Шас әл-Малики, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Ридда анық күпірлікке сену арқылы, нақты күпірлік бар сөзбен және күпірлікті білдіретін амалмен танылу мүмкін».

[Дерекнама: Жалалуд`дин `Абдуллах ибн Наджм ибн Шас әл-Малики, «`Ақд әл-джәуахир әс-сәмина фи мәзхаб әлим әл-мәдина», 3\297.]

Шейх Халил ибн Исхак әл-Малики, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Ридда – бұл анық күпірлік (сенім), немесе күпірлігі бар сөз, немесе соған меңзейтін амал, мысалы Құранды қоқысқа тастау және т.с.с.».[Дерекнама: Шейх Халил ибн Исхак әл-Малики «Мухтасар Халил», 281–бет.]

Ханбали мәзхабы

Ибн әл-Қуд`дама әл-Мақдиси әл-Ханбали, оған Алланың рақымы болсын, муртадд (діннен шығушы) жайында:

«Оның оразасы бұзылады. Және ол [Исламға қайта кіргеннен соң] оны өтеу керек. Адам қайтадан Исламды сол күні немесе кейін қабылдағаны маңызды емес. Оның діннен шығуы Исламнан шығаратын сеніммен, немесе күпірге түсіріретін күмәнмен, немесе кемсітумен не кемсітусіз болған күпір сөз айтумен байланысты болуы маңызды емес. Және Алла Тағала айтты: «Олар ештеңе айтпағандығы жайлы Алланың атымен ант ішеді. Ал шындығында олар күпірлік сөз айтқан болатын және Исламға келгеннен кейін кәпір болды» [Тәубе сүресі 9/74-аят.]

Және бұның барлығы ораза ғибадат болғандықтан, оның шарты – діннен шығуменен бұзылған ниет. Намаз, қажылық сияқты, өйткені бұл – таза ғибадат, ал ридда намазды жойған тәрізді оразаны да жояды».
[Дерекнама:Ибн әл-Қуд`дама әл-Мақдиси әл-Ханбали, «әл-Муғни», 4/370.]

Тағы ол былай деген:

«Кім Алла Тағалаға шындап не әзілдеп болсын тіл тигізсе, ол күпірлікке түседі, сондай-ақ, кім Алла Тағаланы, Оның аяттарын, пайғамбарларын немесе Оның Кітаптарын кемсітсе, ол да күпірге түседі. Алла Тағала айтты: «Олар ештеңе айтпағандығы жайлы Алланың атымен ант ішеді. Ал шындығында олар күпірлік сөз айтқан болатын және Исламға келгеннен кейін кәпір болды» [Тәубе сүресі 9/74-аят.]

Және де кемсітушіні жазаламау үшін тек оның Исламы ғана жеткіліксіз екенін білу керек. Пайғамбарға тіл тигізгеннің тәубесі қабылданбайды. Ал Алла Тағалаға тіл тигізушінің тәубесі тіптен қабылданбайды».
[Дерекнама: Ибн әл-Қуд`дама әл-Мақдиси әл-Ханбали, «әл-Муғни», 12\298-299.]

Мұхаммед ибн Муфлих әл-Ханбали, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

«Муртадд – бұл Исламнан әдейілеп немесе әзілдеп шыққан адам».
[Дерекнама: ибн Муфлих әл-Ханбали, «әл-Фуру`», 6\164.]

Шейх Мау`и әл-Карамани әл-Мақдиси әл-Ханбали, оған Алланың рақымы болсын, былай деп айтты:

[«Муртаддтың үкімі» жайындағы бөлім]: «Ол – өзінің Исламынан кейін кәпір болған адам. Күпірге төрт нәрсемен жетеді: сөзбен (мысалы, Алла Тағаланы, Оның Елшісін балағаттау, немесе пайғамбарлыққа дәмелену, немесе Аллаға серік қосу), немесе амалмен (мысалы, пұттарға сәжде қылу, Құранды қоқысқа тастау), немесе сеніммен (мысалы, Алла Тағаланың серігі бар екеніне сену, немесе зинаны, не шарапты, не сол сияқты шариғатта анық тыйым салынған үкімдерді рұқсат деп сену), немесе осылардың біреуіне күмән келтіру».
[Дерекнама:Шейх Мау`и әл-Карамани әл-Мақдиси әл-Ханбали, «Дәлил әт-Талиб», 317.]

Соңы

Оқыған адамда бұл сүнниттік фиқһтағы дара немесе маргиналды пікір деген ой қалыптаспас үшін, біз саналы түрде «ридданың» үш түрі болатыны жайлы ғұламалардың көптеген сөздерін келтірдік. Керісінше, бұл мәселеде ижм`а (ғұламалардың бірауыздан келісуі) бар, сондықтан Әһлу Суннаның ұлы ғұламаларының бұл сөздеріне қарсы келу – анық адасушылық.

Біз бұл мәселелерді оқып үйрену – «фарзул-`айн» екенін түсінуіміз қажет, яғни барлық мұсылмандарға міндет, өйткені имандары осыған байланысты. Сондай-ақ, біз бұл мәселеге қатысты ілімді мұсылмандарға жеткізуіміз керек және бұнда оларға деген шынайы көмек, олардың қамын ойлау және бауырлық махаббат таныту бар, өйткені бұның негізінде адамды Тозаққа апаратын барлық нәрселерден сақтандыра келе, оның Жәннаттық болуын қалау тілегі жатыр.

Автор: Әбу Әли әл-Әшғари әл-Ханафи
Дерекнама: Darulfikr.ru

Ahlusunna.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ahlusunna.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Наши рекомендации