Дәріс тақырыбы: Саясаттану ғылым мен оқу пәні ретінде.

1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.

2. Саясаттану курсының құрылымы мен міндеті.

3. Саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен байланысы және оқып -білудің маңызы.

Дәріс тезисі:

1.Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретіндегі зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері әлеуметтанудың саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өз зерттейтінмәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Шамамен алғанда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады. 1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылады.саясаттану ұғымы гректің “Politik” және “Logos” – деген сөздерінен шыққан. Біріншісі – мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі –ілім, ғылым денген мағынаны білдіреді. Жалпы саясаттану дегеніміз қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда саясаттану – саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.

2. Саясаттануды өз алдына алдына дербес ғылым дейтін болсақ, оны зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар, және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасындағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясаттанудың объектісі –саясат.

Сонымен, саясаттану ең алдымен саясаттың қоғамдық құбылыс екенін дәлелдеп, оның мәні мен мазмұнын, мақсатын, міндетін, қоғамдағы орны мен рөлін, әлеуметтік негіздерін, саясаттың объектісі мен субъектісін зерттейді.

Қорыта келгенде саясаттанудың зерттеу пәні ретінде төмендегі мәселелерді айтуға болады:

-қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен қызметі;

-мемлекеттік саясатты жасау тәсілдері мен оны іске асыру;

-қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу мәселелері;

-демократия мәселесінің бүкіл кешені;

-саяси билік мәселелері,

-адамды саяси ортаға бейімдеу;

-саяси ойлар тарихы және оның негізгі ағымдары;

3.Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады.

1.Саяси-экономикалық заңдар

2. Әлеуметтік заңдар

3. Саяси психологиялық заңдар

Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:

1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.

2. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.

3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.

Саясаттанудың ғылым ретінде өзіндік категориялары бар. Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси субъект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси құқық, мемлекет, саяси конфликт, саяси дағдарыс, саяси элита, және т.б.

Барлық ғылымдардағыда сияқты саясаттануға да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән: жүйелік тәсіл, бихевиористік тәсіл, сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі,салыстырмалы тәсіл.

4.Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ –қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды пайдаланады.

Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.

Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қөорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мұддесін қорғой білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.

Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген.

Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.

Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.

Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.

Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.

Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты.

Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.

ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар ассоциациясы құрылды.

Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.

Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.

Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.

1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.

Әдебиет:

1. Мағзұмов М.Т.Саясаттану. - Өскемен, ШҚМУ, 2002. –3-11 б.

2. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. Алматы, 1995. 5-10б.

3. Политология: Учебное пособие. – А.Н.Булатова, З.Н.Исмагамбетова. –Алматы, 1998. – 6-12с.

Бақылау сұрақтары:

1. Саясат деген не, ол қашан пайда болады?

2. Саясаттанудың негізгі мәселелері қандай?

3. Саясаттануға анықтама берініз.

4. Саясаттың қызметіне не жатады?

Наши рекомендации