Көшіп-қонушылардың құқықтары

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша бүгінде 35 адамның біреуі халықаралық көшіп-қонушы болып табылады. Туған елдерінен тыс тұратын адамдардың саны 175 млн. адамға жетті. Бұл жер шары тұрғындарының
3 пайызын құрайды және Бразилия халқымен салыстырарлық. Халықаралық көші-қон азаматтар жаппай көшкен мемлекет, транзит мемлекет, көшіп-қонушыларды қабылдайтын мемлекет немесе жоғарыда айтылғандардың бәрі қатысты мемлекет болсын, барлық елге түгелдей дерлік қатысты. Халықаралық көші-қон жаһанданудың ажырамас бөлігі болды.
Көшіп-қонушылар қоғамның барынша қауқарсыз әлеуметтік тобы болып табылады. 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Барлық еңбек етуші-көшіп-қонушылардың және олардың отбасыларының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны – еңбек етуші-көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғайтын бәрін қамтитын халықаралық шарт қабылдады. Алайда, Конвенцияны ратификациялаған елдер – бұл ең бастысы көшіп-қонушылардың шыққан елдері.
Қазіргі кезде, Қазақстанға көшіп-қонушылар ағынының артқанын, сондай-ақ мемлекет белгілеген еңбек көші-қоны квотасының көбейгенін ескере отырып, аталған Конвенцияға қосылу мәселесін зерделеу қажеттігі туындады.
Сонымен қатар, заңсыз еңбек көші-қоны мәселелерін шешу үшін орталық-азия өңірі елдерінің мүмкіндіктерін біріктіру қажет. Уақытша үкіметаралық орган заңсыз және заңды еңбек көші-қоны проблемаларын шешу тәсілдерін келісу тетігі болуы мүмкін.
Көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын іске асыру кезінде туындайтын мәселелер – бұл көшіп-қонушылардың келген елде кездесетін жалғыз проблемасы ғана емес. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оларды құжаттандыру кезінде көшіп-қонушылардың құқықтары жиі бұзылады. Халықтың осы санатының өтініштерін өте созбаламай қарау мақсатында көші-қон қызметінің әрекетіне бақылауды күшейту қажет.
Олардың судья шағымдар санының азаюы бойынша қанағаттанарлық деңгейде болатын материалдық қамтамасыз етілуіне ғана емес, қоғамда оралмандардың шоғырлануы, олардың сапаы білім алуы, шығармашылық және рухани дамуы мәселелеріне назар аударған жөн.
Көптеген өтініштерден белгілі болғанындай, мемлекеттік органдардың азаматтығын жоғалту фактісін тіркеу жөніндегі өкілеттігі нақты бөлінбеген. Осы процеске жауапты және енгізілген мемлекетік органдар: ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаменті, ҚР СІМ консульдық қызмет департаменті, ҚР Әділетмині Тіркеу қызметі комитеті азаматтығын жоғалту мәселесін шешу кезінде төрешілдік және адамның құқықтары мен мүдделеріне салғырттық танытады. Азаматтығын жоғалту туралы шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен түсінуінің жоғары дәрежеде болуы талап етіледі. Қазақстанның азаматтығы барын немесе жоғалтуы туралы куәлік алу үшін адам қандай мемлекеттік органға бару керектігін нақты анықтау қажет, өйткені кейбір адамдар СССР азаматының паспортын ауыстырмаған, ұзақ уақыт шетелде, ТМД елдерінде тұрған фактілер әлі де кездеседі. Осы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар хат-хабарларды қайта сілтеудің және оларға өтініш білдірген азаматтарды бір біріне қайта жіберудің масқаралау практикасынан бас тартуға тиіс. Адамның адамдық қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу оның мүдделерін сыйлаудан және мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша сапалылығын және жылдамдығын қамтамасыз етуден басталады.
Тұрғылықты тұру үшін шетелге шыққан Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесіне айқындылық енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы ҚР барлық азаматтарына қандай да бір шектеусіз ең төменгі зейнетақы мөлшеріне кепілдік береді. Бұл мәселені осы құқықты нұсқаулықтарда және басқа да заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде пайдалануға шектеу салу арқылы емес, заңды тәртіпте реттеген жөн.


Діни сенім бостандығы

Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауы заңнаманы Пакт ережелеріне сәйкес келтіруді талап етеді. халықаралық және ұлттық құқықтың сәйкессіздігінің бірі “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 08.072005 жылғы № 67 ҚР Заңымен енгізілген ҚР діни қауымды заңды тұлға құрмай міндетті есепке алу, сондай-ақ осы қауымдардың басшыларын тіркеуден бас тартқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарут туралы норма болып табылады. Осы жаңа енгізіліммен келіспейтінін Қазақстанның барлық өңірлерінен және түрлі шет елдерден келіп түскен көптеген өтініштердегі евангел христиан-баптистер шіркеулерінің халықаралық одағының діндарлары айтты.
Діни бірлестіктерді, топтарды немесе миссионерлерді есепке алу туралы мәселе не Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің мәтінінде, не Адам құқықтары жөніндегі комитеттің – мемлекеттердің Пактіні орындауын бақылайтын және Пакт нормаларын талқылауға құқығы бар БҰҰ арнаулы шартты органының түсініктемесінде көрсетілмейді. Пактінің 18-бабында дінге наным бостандығына шектеу тек бес жағдайда – қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты, моральді, басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау ғана көзделеді. Діни наным бостандығын шектеудің өзге мақсаттарына жол берілмейді. Бұл шектеулер заңда белгіленген және оларды енгізуге негізделетін айрықша қажеттілікге мөлшерлес болуға тиіс. Пактінің 18-бабынан көрінгендей ұлттық қауіпсіздікті қорғау діни наным бостандығын шектеу үшін негіз бола алмайды.
Заңнамаға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанда қабылданған міндетті тіркеу талаптарын ұсынатын түзетулерді діни наным бостандығына қысым жасау ретінде қарауға болады. Тіркеуден бас тарту айыппұл түріндегі әкіммшілік жауаптылыққа, сондай-ақ діни қызметті тоқтату туралы сот шешімін шығаруға әкеп соғады. Осы фактілер бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ел өңірлерінен көптеген шағымдар алады. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті күшіне енгеннен кейін діни қауымды заңды тұлға құрмай міндетті түрде тіркеу туралы норма заңнан алып тасталатыны сөзсіз.

Құқық қорғау органдарының қызметіндегі адам құқықтары

Азаптауға қарсы күрес БҰҰ Комитетінің ұсынымдарының негізінде 2002 жылғы желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексіне лауазымды адамдар жасаған қасақана тән және психикалық зардап шектіргені үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін 347-1-бап енгізілді. Алайда, біздің көзқарасымызша, Қазақстанда қалыптасқан азаптау фактілері туралы шағымдарды тексеру және қарау жүйесі құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының азаптаудың елеулі проблемасын тиімді шешуге толық мүмкіндік бермейді.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаментері жанындағы өз қауіпсіздігі басқармаларының азаптау фактілерін тергеу жөніндегі қызметін тиімді деп айтуға болмайды, өйткені осы құрылым ҚР ІІМ-нің қарамағында және оның қызметі ведомстволық мүдделермен шектелген. Азаптауға қарсы күрес БҰҰ Комитеті Қазақстанға шағымдарды қараудың абсолюттік тәуелсіз тетігін құру бойынша шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауды, биліктегілерге қарауға ұсынылған азаптау туралы өтініштерге дереу, тура әрі толық тергеу жүргізуді және тиісінше сот тәртібінде тергеуді және қылмыскерлерді жазалауды қамтамасыз етуді ұсынған болатын.
Келіп түскен өтініштерді талдау нәтижелері алдын ала қамаудың 72 сағаттық мерзімі жиі бұзылатынын, расында, қылмыс жасады деп сезік келтіруі бойынша ұсталған адамдар прокурордың санкциясынсыз заңда белгіленген мерзімнен артық ұсталатынын көрсетті. Қылмыстық ізге түсу органдары қылмыс жасады деп сезік келтіруі бойынша ұсталған адамдарды ұстау хаттамасын нақты ұсталған уақытын көрсетпей жасайды. Осы фактілерді есепке ала отырып, сондай-ақ Азаптауға қарсы күрес БҰҰ Комитетінің алдын ала қамаудың 72 сағаттық мерзімін қысқарту қажеттілігі туралы ұсынымдарына байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаған адамдардың құқықтарының сақталуына қосымша кепілдікті енгізу мәселесін қарап, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы құқықтық нормалардың сақталуына бақылауды күшейту қажет.
Сезікті адамдар ұсталған сағаттан және күннен бастап азаптау қолданылатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Азаптағаннан кейін адам мойындаған айғақ береді, бұл көбіне кінәсін мойындап келу ретінде ресімделеді. Осы практика құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталғандардың өзінің ұсталғандығы туралы туған-туысына және мүдделі адамдарға хабарлау, сондай-ақ ұсталған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалану құқығын әрқашан сақтамайтындығынан да, Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабы 3-тармағын бұзуынан туындайды. Осыған байланысты, халықты ұстау кезіндегі құқықтары туралы ақпараттандыру бойынша жүйеленген мынадай жұмыс жүргізген жөн: алдын ала ұстау орындарында плакаттар, буклеттер ілу, теледидарда бағдарламалар беру, мақала жариялау.
Азаптауға қарсы күрес БҰҰ Комитетінің келесі ұсынымы алдын ала ұстау орындарында ұстаудың жағдайын жақсарту қажеттігіне және алдын ала ұстау орындарын қорытындысы әділ жариялы болатын бейтарап бақылаушылардың мониторингін жүргізуді көздейтін жүйе құру қажеттігіне қатысты. Осыған байланысты, алдын ала ұстау мекемелерінде пенитенциарлық мекемелерді азаматтық бақылаудың оң тәжірбиесін тарату қажет.
Азаптауға қарсы күрес жекелеген бөлімшелердің де, нақты қызметкерлердің де жұмыстарының тиімділігін бағалаудың қалыптасқан жүйесі де қиындатады. Қазіргі кезде қабылданған бағалаудың негізгі өлшемі ашылған қылмыстардың көрсеткіші, яғни ашылған қылмыстар санының қозғалған қылмыстық істердің санына пайыздық қатысы болып табылады. Бұл көрсеткіш нақты қылмыстылыққа қарсы күреске емес, ашылған қылмыстардың көрсеткішін арттыруға қарсы күреске ынталандырады. Құқық қорғау органдарының арнайы білімі, біліктілігі жоқ қызметкері үшін қылмысқа сапалы тергеу жүргізу үшін материалдық қамтамасыз ету, қылмыстылықты ашу көрсеткішін жақсартудың ең қарапайым тәсілі сезіктілерден, кінәлілер мен куәгерлерден зорлаудың,оны қолданамын деп қорқытудың, қылмыстық іс материалдарынан “артық” ақпаратты алып тастаудың көмегімен қажетті жауапты алу болып табылады. Осындай үлгіде алынған айғақтар кінәлауға негіз болады. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін өзгерту, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олардың мәдениеттілігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет.

Наши рекомендации