Маман анықтамалығы

Гуманитарлық факультет

Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

С И Л Л А Б У С

Модуль Қазақ лирикасындағы ұлттық идея

Мамандық 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Курс 1 семестр 1 , оқу түрі күндізгі , кредит саны__4

Дәріс 30 сағ. Практикалық 30 сағ.

Магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ) 105 сағ.

Магистранттың оқытушымен бірлесе орындаған жұмысы (ОМӨЖ) 15 сағ.

Барлығы 180 сағ. Қорытынды бақылау түрі – емтихан

Силлабусты МЖМББС, оқу-жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы негізінде ф.ғ.к., доцент Ш.А.Кыяхметова құрастырған.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мәжілісінде мақұлданған.

Хаттама №______ «____»____________2016 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________ PhD, аға оқытушы Рахимова А.М.

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросында қаралған.

№______ Хаттамасы «____»______________2016 ж.

Әдістемелік бюроның төрайымы ________________Ш.С.Жаукумова

Талдықорған, 2016 ж.

Модульдік анықтамалық

№ / Модуль атауы Қазақ лирикасындағы ұлттық идея
Семестр: 1 семестр
Модульға жауапты: ф.ғ.к., доцент Ш.А.Кыяхметова
Жұмыс тілі: Қазақ
Жұмыс жоспарымен сәйкестігі Кәсіби пән.Таңдау компоненті 2.2
Оқу түрі/академиялық сағат саны: Дәріс– 30 сағат. Тәжірибелік– 30 сағат. МӨЖ – 105 сағат ОМӨЖ - 15
Еңбек сыйымдылығы/кредит: 180 сағ. - 4 кредит, 7 ECTS
Модуль аясында оқуға қабылдау шарты: Пререквизиті: жоқ
Білім беру мақсаты/құзіреттілігі:
Арнайы құзіреттілік: Оқылған шығармалардағы кейіпкердің рөлі мен орнын, сондай-ақ кейіпкер характерінің қоршаған орта мен жағдайларға байланысты қалыптасуын ашып көрсете білуі; Автордың идеялық – адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыра білуі; Жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай – ақ оларда көтерген келелі мәселелерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыра білуі; Тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей білуі; Белгілі бір мәселелерді нысана етіп, соны шешу, әрі жинақтап қорытындылауда көркем шығармалардан, негізгі эпизодтардан ішінара іріктеп алып, / ауызша және жазбаша /баяндай білуі; Әдеби тақырыпқа бір немесе бірнеше деректер бойынша баяндамалар мен рефераттар әзірлей білуі; Алдын – ала дайындаған баяндамаларымен, рефераттарымен көпшілік алдында сөйлей білуі, өз ой – толғамын, өзінше түйіндеулерін келтіре отырып / дискуссия/ еркін сөйлей білуі; әдеби сын – зерттеулерге тезис және конспект жасай білуі керек. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын; авторлық, объективтік және негізгі идеяларды ажырата алуы тиіс,өлең сөздің теориялық негіздерін: ұйқас, шумақ, бунақ сондай-ақ әлем әдебиетіндегі өлең жүйелерін: силлабикалық, метрикалық, тоникалық өлең өлшемдерін; Көркем әдебиеттің танымдық-тәрбиелік, көркемдік-эстетикалық, ұлттық сипаттарын айқындай алу, талдауға ұсынылған шығарма туралы пікір жазу, өзіндік ой толғау, бағалай алу мақсаты көзделген. - Магистранттарды ғылыми жұмысқа баулу: қазақ әдебиетінің жете зерттелмеген мәселелерін анықтап, зерттеуге бағыт-бағдар беру. Әлеуметтік құзіреттілік: логикалық ойлау дағдыларын, аналитикалық және концептуальдық ойлау қабілетін дамыту
Модуль мазмұны:
Қазақлирикасындағы ұлттық идея мәселесі — лирика жанрындағы тақырыптық ерекшеліктің бірі болмақ.. Себебі осы мәселені көтеру арқылы әдебиеттің даму тарихындағы лириканың тақырыптық-мазмұндық, көркемдік-идеялық жағынан толығып, толысуын, ілгерілеуін ашып-айқындау мүмкіндігі туады. Әдебиеттің даму кезеңдерінде оқытылып келе жатқан лирика жанрын жеке тұрғыда қарастыру қажеттігінен туындап отыр. Әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілермен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады. Сондықтан да осы кезеңдегі әдеби шығармалар мен белді авторлардың шығармашылығын жан- жақты қарастыру кейінгі әдеби биіктеудің, кейінгі дамуының түрлі реңдерін аңғару, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады.
Оқу жұмысының нәтижелері /Қорытынды бақылау формасы: емтихан
Магистранттардың ғылыммен жұмыс істеуге бейімін, компотенциясын жетілдіріп, іске құлшындырып, жаңалық аштыру. Пәнді оқып, үйрену барысында магистранттардың міндеттері: Осы пәнді оқу барысында магистранттар педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, солардың өзара байланысын ашып көрсету қажет. Сондай-ақ, әр кезеңдегі әдебиет өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларының тақырыптық- мазмұндық, көркемдік - эстетикалық қырларыман танысып, олардың халықтық рухани мұраларына назар аударады, сол арқылы осы уақытқа дейін алған білімдерін тереңдетеді. Осы пәнді оқыту барысында магистранттарға сол кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселе жайында әр кезде қалыптасқан түрлі дұрыс-бұрыс түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады. Қазақ әдебиетіндегі азаматтық сарын, азаматтық рухты тану бұл бағыттағы қаламгерлер творчествосының қазақ әдебиетінің өркендетудегі қызметін айқындау, кейінгі әдебиеттегі асыл арналарын жүйелеу.
Оқытудың техникалық және электрондық құралдары: Интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, электронды оқулықтар
Үлестірмелі материалдар: Дәріс топтамасы, силлабус
Негізгі әдебиеттер:
1. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры . Алматы. Жазушы, 1997ж. 2. Қалмырзаев Ә. Ұлттық идея. Астана, Елорда, 2007ж. 3. Шапай Т. Шын жүрек-бір жүрек.Алматы, Жазушы, 2000ж. 4. Кәрібоз Б. Беталыс. Алматы, Жазушы, 2005ж. 5. Шәріп А Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Алматы, Рауан, 2000ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әбдіманов Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. Алматы:- Қазақ университеті, 2007ж. 2. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті А., 1993 3. Қазақ әдебиетінің тарихы.6 томдық. 2 том, 2-кітап. А., 1965 4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994 5. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері А., 1995 6. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы:Ана тілі ,1991.-240б. 7. Құлбек Е.ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы 1994ж 352 бет 8. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда.-Алматы: Санат.-1996.-244б. 9.Тілепов Ж. Тарих және әдебиет.-Алмаьы: Мектеп, 1967.-430б. 10. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.- Алматы:ҒБО,2001.-448б. 11. Абай және ұлттық идея (ХҒТ конференция материалдары) Астана, 2005ж. 12. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы.-Алматы, Білім,2000.-368б. 13.Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет Астана Фолиант. 2002ж. 14. Алаш ақиықтары.5 том. Құраст. Жұртбай Т. Алматы, Алаш 2006ж. 15. Төлепберген Б. Мәңгі жас Алаш идеясы. Алматы 2008ж. 30.Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов. Астана Елорда 2005ж.

Маман анықтамалығы

  Кыяхметова Шара Асетовна
Штат бірлігі: Жүктеме түрі:штаттағы қызметкер Еңбекақы төлеу разряды: G-6-3-58 Жүргізетін пән атаулары: 1. Қазақ лирикасындағы ұлттық идея 2. Жазушының шығармашылық тұлғасы
Академиялық карьерасы: Жоғары білім туралы диплом алуы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ
Кандидаттық диссертацияны қорғауы Абай атындағы АлҰПУ
Доцент ЖАК
Кәсіби қызметі: оқытушылық Жұмыс беруші І.Жансүгіров атындағы ЖМУ 1993 -
Соңғы бес жылдағы ғылыми және зерттеу жобалары:2
- Ғылыми - зерттеу тақырыбы:Қазақ лирикасы
Соңғы бес жылдағы тәжірибелік аяда кәсіби маңызды әріптестермен байланыс:
Жоба:Ілияс Жансүгіров шығармашылығы
Патент пен авторлық құқық: Жоқ
Публикациялар:
Жалпы публикация саны -48. Соңғы жылдағы таңдаулы публикациялар (оқу құралы):4
Соңғы бес жылда кәсіби маңызды басқа мекемедегі қызмет: Мекеме Функционалдық міндет мерзімі
жоқ
               

Наши рекомендации