Бандитизм қылмыстарының субъектісі

Күш көрсетіп және психикалық қысым жасап пайдақорлық қылмыс жасаған адамның қылмыстық-құқықтық сипаттамасы адамның жасы, жауаптылық қабілеті, қылмыстық қызметінің бағыттылығы және ұзақтығы, рецидив, бір уақытта бірнеше қылмыс жасағандығы, ол үшін нақты тәсілдер мен әдістерді пайдаланғандығы, күш қолдану тетігі, оның формалары туралы заңдық мәні бар деректердің жиынтығын құрайды.

Қылмыс субъектісі - өзекті мәселе. 60- жылдардың басынан КСРО тарағанға дейін 35 миллиондай адам сотталған. Оның он миллионға жуығы қылмыстық тірлікке бой алдырып қайтара сотталған.

Қазақстан Республикасы ҚК 15-бабына сәйкес жауаптылық қабілеті бар, қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адам тек мүлікті талан-таражға байланысты ұрлық, тонау, қорқытып алушылық, қарақшылық үшін, сол сияқты қорқытып алушылық саралаушы белгі ретінде кездесетін кісі өлтіру қылмысы (ҚК 96-баптың 2-бөл. “з” тармағы) үшін, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен қопарғыш құрылғыларды талан-тараждағаны немесе қорқытып алғаны үшін (255-бап), есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттарды талан-тараждағаны не қорқытып алғаны (ҚК 260-бап) үшін жауаптылыққа тартылады, ал қалған жағдайларда (ҚК 231-б.4-бөл. “в” тармағы, 248-бап) 16 жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. ЌР ЌК-ніњ 15-бабыныњ 2-бµлігіне сєйкес бандитизм ќылмысы ‰шін жауапќа тартылуы ‰шін т±лѓа он алты жасќа толуы ќажет.

14 жастан қылмыстық жауапкершілікті заң шығарушы белгілегенде мына жағдайлар ескерілген:

1) әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі;

2) жасы толмағанның жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігі, өз әрекетін бақылай алатын қабілеті.

Көрсетілген қылмыстар үшін 14 жасқа жеткен адамды қылмыстық жауапқа тарту ғылыми дәлелді деп ойлаймыз, себебі заң шығарушы бұл жерде жасы толмағанның қаншалықты өсіп-дамығандығын негізге алады. Адам бұл жаста едәуәр дамып білім алады, жасаған әрекетіне есеп алады, оның қоғамға қауіптілігін түсінеді.

Жеткіншек әлеуметтік процесс барысында қалыптасады, адамның мінез-құлқына әсер ететін бойына оң не теріс қасиеттер жинақтайды. Жасы толмағанның әлеуметтік дамуы оның санасында көрініс табады, өмірден тәжірибе жинақтаған сайын ол ақ-қаранытүсіне бастайды, нендей әрекеттерді жасауға болмайтындығын біледі. Сондықтан да, осы жастан қылмыстық қарастыру сана-сезімінің белгілі бір деңгейге көтерілгендігіне білдіреді. Сонымен қатар, жасы толмаған адам өзі істеген әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін, сондай-ақ оған заңда тыйым салынғандығын білуге, және де заңнан хабардар болуға тиіс. Күш көресетілетін пайдақорлық қылмысты, әдетте, өзімшіл, ашкөзді, басқаларды қадір тұтпайтын, бас пайдасын ғана ойлайтын, оңай олжаға әуес адамдар жасайды. Бұл қасиеттердің әрқайсысы әртүрлі қылмыстарда көрініс табады. 14 жасқа толған адам бұл факторлардың бәрін түсінеді, себебі осы жаста адамның ақылға салып білу қабілеті тиісті деңгейге жетеді. Жасы толмаған тиісті білім, өмірлік тәжирибе жинақтайды.

Ьог «Қылмыстылықтың дәмін татқан» жасы толмағандардың 80%-і күшейтілген режимдегі еңбекпен тәрбиелеу колонияларында отыр. Біздің мәліметтер бойынша әрбір үшінші қылмысты қайталап жасаушы өзінің қылмыстық өмірбаянын кәмелетке жасы толмаған кезде бас бостандығынан айырудан басталған. Сондықтан да Н.Ф. Кузнецовамен келіспеуге болмайды, ол жеткіншектер мен жастардың қылмысққа баруының себептері мен жағдайларын, әсіресе қазіргі нарықтық жағдайларды - жұмыссыздықты, бай-кедейге бөлінуді, қылмыспен баюды жастар ұғымына жақындатпау керек, онда келеңсіз құбылыстар жастар санасына тез дариды, дейді ол.

Қылмыстық жауапкершілікке 12 жастан бастап тартып 1935 жылы КСРО бұл түйінді мәселені «зонаға» қуып тыққысы келген.

Қазақстанның Заң шығарушысы жауапкершілікті 16 жастан, ал 20-дан астам қылмыс үшін 14 жастан белгілеу қажет деп дұрыс жасаған.

Мысалға А.И. Дворкин мен Р.М. Сафиннің зерттеуінше, топ болып қарақшылық әрекет жасағандардың 10%-і 18 жасқа, 40%-і - 25 жасқа, 35%-і -35 жасқа дейінгілер және , 14%-і - 35 жастан жоғары болған.

Жауаптылық көтерудің қасиетті шарты адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық дегеніміз - қылмыс жасаған кезде өзінің сол іс-әрекетінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғынып, оны басқара алуға қабілетін көрсететін адамның психикалық жағдайы.

Есі дұрыс емес адамдар жауапталуға және жазаға тартылуға тиіс емес. Жаза айыпты адамды қайта тәрбиелеу үшін және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қолданылады. Мұндай мақсатқа психикалық күйі қалыптан ауытқымаған адамға қатысты ғана жүргізсе, қол жеткізуге болады. Ал психикалық ауруы бар, есі дұрыс емес адам жазаның әсерін қабылдай алмайды.

Есі дұрыс еместік - адамды айыптауды және жауапқа тартуды болдырмайтын, өзі жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілік сипатын ұғына алуға және оны басқаруға қабілетсіздігі, ол созылмалы психикалық аурудан, ақыл кемдігінен немесе өзгедей психикалық сырқаттық күйден барып туындайды.

Есі дұрыс еместік түсінігі медициналық және құқықтық критерийлер бойынша анықталады. Ю.С. Боголяковтың пікірінше, «қылмыстық-құқықтық есі дұрыс еместік нышандардың үш тобынан яғни үш критерийден тұрады, олар: құқықтық, медициналық және психологиялық» /34/.

Құқықтық критерий екі нышанды қамтиды: адамның қауіпті іс-әрекет жасау фактісі және жасалған іс-әрекет пен сол адамның психикалық ауру күйінің уақыт бойынша дәл келуі. Басқа критерийлер өздерінің мазмұны жағынан дәстүрлі критерийлерге ұқсас.

ҚК 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. «Есі дұрыс еместік күйі» сөз тіркесін пайдалану патопсихологиялық жағдайдың сипаттамасы болып табылады, ол мазмұн көлемі жағынан есі дұрыс еместікке дәл келмейді, онымен барабар емес. Құқықтық және медициналық деп аталатын критерийлер тек психикалық күйді сипаттайды /35/.

Бұл айтылып отырған күйде болу адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады. Басқаша айтқанда, есі дұрыс еместіктің негізінде белгілі бір психикалық күй жатыр. Жоғарыда айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: есі дұрыс еместік дегеніміз - адамның созылмалы психикалық аурудың, психиканың уақытша бұзылуының, ақыл кемдігінің немесе өзгедей психикалық аурудың салдарынан жасаған өз іс-әрекетінің маңызын ұғына алмайтын және оны басқара алмайтын күйі. Осыған байланысты, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы ҚК 16-бабының 2-бөлігі есі дұрыс еместіктің құқықтық болмысына сай келуге тиіс, сондықтан оны Г.В. Назаренко бойынша жаңа редакцияда былайша беру керек:

«Өзінің жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіптілік сипатын және оның зардаптарын түсіне алмайтын немесе өзінің ауру психикасының салдарынан өз әрекетін басқара алмайтын адамның кінәлі іс-әрекеті оған айып болып тағылуға тиіс емес» /35/.

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасағандар ішінде әртүрлі психикалық науқаспен ауыратындар да бар.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің тек аз бөлігі ғана сот-психиатриялық сараптамаға жіберіледі (В.П. Емельяновтың мәліметі бойынша тек 10%-і ғана) /36/.

Адамның жеке басына қарсы қылмыс жасаған есі дұрыс адамдарға сот-психиатриялық сараптама жүргізгенде, сол тексеріліп зерттелгендердің 68,71%-інде әртүрлі психикалық ауытқу бар екендігі анықталды. Олардың арасында ең көп таралғаны: есалаң- 17,7%, жарақат алу нәтижесінде орталық нерв жүйесінің зақымдануы - 18,66%, көз ашпайтын маскүнем -16,06, жартысына жуығы қояншық.

Қылмыскерлер арасында психопаттардың (есалаңдардың) біршама екенін ескермейтін болсақ, қылмыстылық мәселесін дұрыс шешу мүмкін бола қоймас.

Азайтылған есі дұрыстыққа теріс көзқараста болу кеңестік қылмыстық заңдағы дәстүрлі жағдай: ол революцияға дейінгі Ресейде де болған емес. Бірақ, көптеген шет мемлекеттерде, атап айтсақ Данияда, Италияда, Финляндияда, Германияда, Швейцарияда, Жапонияда мұндай институт заң жүзінде реттелген.

Мұның бәрі икемді қылмыстық саясат жүргізуге, қылмыстық жазаны айыпталушының жеке басына қарай сәйкестендіріп қолдануға жағдай жасайды.

Азайтылған (шектелген) есі дұрыстықты жақтаушылар заң әдебиеттерінде дұрыс пікір айтуда, олар: психикасы толық сау емес адам қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешкенде психикасы сау адаммен теңестіріле алмайды, дейді. Көп жағдайларда, есі дұрыс еместікті жоққа шығармайтын психикалық ауытқулар қылмысты жасауға ықпалын тигізетін жағдайға айналып отыр.

Шектеулі есі дұрыстық проблемасы соңғы кездері осындай адамдар жасаған қылмыстардың көбеюіне байланысты өзекті мәселеге айналды.

Біздің пікірімізше, есі дұрыс еместердің «қылмыстылығы» мен іс-әрекетін теңдестіруге болмайды. Есі дұрыс еместікті жоққа шығармайтын психикалық ауытқу қылмыскерлер арасында едәуір таралған.

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасаған және сот-психиатриялық сараптамадан өткен адамдардың үлесі 35-тен 47% дейін.

Бұл адамдар сылбыр дамитын шизофрениямен, маньякалдық-депрессиялық психозбен ауыратындар, сондай-ақ кейбіреулерінің аурулары шекаралық сатыда, невроз, депрессия, маскүнемдік жиі кездеседі.

Статистикаға қарағанда, сотталған әйелдердің 25-30%-іне жуығында маскүнемдік, есалаңдық, ортақ нерв жүйесінің зақымдануы сияқты әртүрлі психикалық ауытқулар бар.

Бұл ауытқулардың біразы тұқым қуалап берілген. Мұндай ауытқулары бар әйелдерге қазіргі күрделі қоғамдық қатынастарға бейімделу қиынға түседі. Олардың көбісі тез сенгіш, тәжірибелі қылмыскерлер өз бас пайдасы үшін оларды оңай көндіре алады. Е.А. Заплатинаның зерттеу мәліметтері бойынша, топқа қосылып қайта қылмыс жасаған әйелдер, олардың өздерінің айтуына қарағанда, қылмыстық әрекетті бірге тұрғандармен (35%), бірге қызмет жасайтындармен(35%), бас бостандығынан айыру орындарында танысқан немесе бұрын сотталған (24%) адамдармен жасаған /37/.

Республикалық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстанда психикасы бұзылған 21 мың адам анықталған, оның 4 мыңнан астамы кәмелетке толмағандар /38/. Денсаулық сақтау органдарында 14 мыңнан аса жасөспірім есепте тұрады. Олар - ақылы кемдер (54,7%) мен психикалық аурулар (45,3%).

В.П. Сербскийдің пікірінше: «практика жүзінде қолдану үшін қандай да бір дұрыс өлшем беру мүмкін болмаса да заңдарға азайтылған есі дұрыстық түсінігін енгізу - едәуір түсініспеушілік тудырған болар еді, ол есі дұрыс еместік мәселесін шешуге жалған бағыт сілтер еді, ал бұл мәселеде тек екі шешім бар: не адам әрекет еркіндігіне ие болды - онда оның есі дұрыс, не ол оған ие болған жоқ -онда оның есі дұрыс емес» /39/.

С.Н. Шишков пен Ф.С. Сафуанов кейде жөнсіз араласып кететін екі түсінікті: қылмыстық жазалау субъектісі болу қабілеті мен қылмыстық жауаптылық субъектісі болу қабілетін ажыратуды ұсынады /40/.

Біздің пікірімізше, пенитенциарлық құқық сотталған адамның жаза өтеу кезінде бастан кешіретін қиындықтарын емес, оның жазаны өтеуі мүмкін екендігін немесе мүмкін еместігін ескеруді талап етеді, себебі жазаның субъективтік және объективтік қиындықтары көбіне оның жазалау жағының атрибуты.

Ю.М. Антонян мен С.В. Бородин азайтылған есі дұрыстыққа қарсы шықты, олар «шектеулі есі дұрыстық мәселені шатастырады», «соттың қолын байлайды» деп санайды /41/.

Н.П. Дубинин, И.И. Карпец және В.Н. Кудрявцевтер де шектеулі есі дұрыстық институтын енгізудің қажеті жоқ деп санайды /42/.

Мұндай институттың болмауы жаза тағайындаған кезде қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуге тиіс деген заң талабын толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Ал, психикасы ауытқыған адамның психологиялық сипатында қалыпты күйге сыйыспайтын жайларды анық байқауға болады, тіптен қылмыс жасаған кездегі мінез-құлқы да өзгеше, оның іс-әрекетін алдын ала болжап болмайды, тергеу, сот кезінде де өзін басқаша ұстайды. Осының бәрі психикасы ауытқыған адам жасаған қылмысты ашуда, тергегенде және оны сотта қарағанда едәуір қиындықтар туғызады.

Шектеулі есі дұрыстық күйін сараптама арқылы анықтау сот үшін тек жай ғана «құқықтық түсінік» емес, осы түсініктің көмегімен танылатын нақты мән-жай.

Біздің ойымызша, ондай институт қылмыстық сот ісін жүргізуде кейбір психикасы ауытқыған адамдардың өз әрекетін бақылау мүмкіндігінің нашарлағанын міндетті түрде есепке алуға және оларға қажетті дәрігерлік ем тағайындауға құқықтық негіз болар еді.

Жоғарыда айтылғаннан мынадай тұжырым жасауға болады: жалпы қылмыстылыққа және қылмыстық мінез-құлықтың кейбір түрлеріне әсері бар психикалық ауруларға ықпал жасаудың ортақ теориясын құрудың қажеттілігі бар.

Шектеулі (азайтылған) есі дұрыс адамдар - әрине, қылмыстың есі дұрыс субъектілері, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Олар өз іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, іс-әрекетін басқара алады. Бұл жерде шетелдік тәжірибені ескерген жөн. Мысалы, ”азайтылған есі дұрыстық” институты Германияның ҚК 21-параграфында көрініс тапқан.

Бұл норма бойынша, «егер адамның өз әрекетінің заңға қайшылығын түсіну және қылмыс жасаған кезде сол түсінікпен әрекет жасау қабілеті психикалық ауытқудың себебінен едәуір нашарлаған болса, жаза біршама жеңілденуі мүмкін». Бұл құқықтық анықтамада ешқандай өктемдік сипат жоқ, сот оны ескеруі де, ескермеуі де мүмкін.

Мұны былай түсінуге болады: біріншіден - шектеулі есі дұрыстықты есі дұрыстық пен есі дұрыс еместік арасындағы орта күй деп қарастырмау керек. Шектеулі есі дұрыстық жағдайындағы адам, мысалы, бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмысын жасаса, ол адам есі дұрыс деп танылады және қылмыстық жауаптылық көтереді. Екіншіден, адамның шектеулі есі дұрыстық күйде болуы жазаны міндетті түрде жеңілдету керек дегенді білдірмейді.

Жаза тағайындағанда сот мұндай күйді ескере алады, бірақ ескеруге міндетті емес. Бұл мәселені шешкенде психикалық ауытқудың сипатын, жасалған қылмыспен оның себептік байланысын, т.б. қарастырып барып тұжырым жасайды. Сонымен қатар, шектеулі есі дұрыстық күйде қылмыс жасаған адамдарға сот, қажет болған жағдайда, міндетті түрде емделу шарасын қолдана алады. Бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтейтін жерде емделеді.

«Осы айтылғандарға сүйеніп шектеулі есі дұрыстық күйдегі адам жайында мына мазмұндағы арнаулы норма керек екенін көреміз: қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде шектеулі есі дұрыстық күйде болған, яғни психикасының бұзылуына немесе ақыл-ойының кемдігіне байланысты өз іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін толықтай ұғына алмаған немесе әрекетін басқара алмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды» /43/.

Осы орын алған пікірталастардың нүктесін жаңа ҚК «есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады» (17-бап) деп қойды.

Шектеулі есі дұрыстық күйі жаза тағайындағанда ескерілуге, сондай-ақ адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануға негіздеме болуға тиіс.

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының ішінде қылмыстың арнайы субъектісі тек «бандитизм» құрамының үшінші бөлігінде ғана келтірілген. Яғни, «мемлекеттік (мысалы, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер) немесе мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердегі (мысалы, жеке күзет қызметіндегілер) қызметте тұрған тұлғаның жасаған бандитизмі үшін күшейтілген қылмыстық жауаптылық белгіленген». Осы тармақ бойынша лауазымды адамдарға қатысты 307-баптың ескертуіне, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың басқарушыларына қатысты 228-баптың ескертуіне жүгіну керек. Ресей Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша бұл тармаққа «формалық киімді және атрибутиктерді, қызметтік куәліктерді» пайдалануды да жатқызады.

Наши рекомендации