Бандитизм қылмысын жасаушы қылмыскердің тұлғасы

Қылмыскердің тұлғасын бағалағанда қарама-қарсы екі позицияны ұстауға болады: не табиғат адамды басында қылмыскер етіп жаратқан, қылмыстылық қанында бар, қоғамға алмайды (қатыгез, дүлей, пайдақор,т.б) деп қарау арқылы немесе адам өмір тауқыметіне түсіпқылмыс жасауға мәжбүр болған, қастандық жасау, қоғамға қарсы тұру оның қанына біткен қасиет емес, қылмыс жасауға оны қоршаған әлеуметтік орта тремелейді деп қарау арқылы /65/.

Әрине, қылмысқа тиермелейтін қасиеттер адамға туа бітпейді, олар мұра болып берілмейді. Сенің келешектегі іс-әрекетіңді табиғат алдын ала белгілеп қоймайды.

Адамның жаратылысы әлеуметтік /66/, оның объективтік шындықтың әртүрлі аясына, оның ішінде, қылмысқа көзқарасын нақты қоршаған орта анықтайды, ол адамның болмысын, мінез-құлқын қалыптастырады, әрекетіне бағыт береді.

Қылмыс - ерікті түрдегі саналы акт. Сана - әрекетті қорқыту, бағалау және оған бағыт беру қабілеті, оны ойда жобалап оның нәжижесін көру білу, жүріс-тұрысты реттеп, оған бақылау жасаудан көрініс беретін сөйлеумен, байланысты тек адамға ғана тән мидың функциясы /67/.

Әрекетке итермелейтін сырт әсерлер “ішкі жағдайлармен”, адам психикасымен араласып, санада бір жүйеге келеді, сонан соң қандай да бір әрекетке (оның ішінде-қылмыстық) ұйытқы болады. “Адамды қозғалысқа келтіретін жағдайлардың бәрі бас арқылы өтеді: баста оның қандайда түрге енетіні нақты мән-жайларға байланысты” /68/.

Әр адамның ішкі дүниесі өзінше бөлек, сондықтан да сыртқы жағдайларды әр адам өзінше сезінеді. әрине, адамның қылмыстық әрекеті тек өмірдегі жағдайларға ғана емес, оның психикалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Кейбір қылмыстарды жасауда адамның көңіл-күйі-шаршағандығы, ашуланғандығы маңызды рөл атқарады.

Қылмыскердің тұлғасы - құрама түсінік. Ол “тұлға” деген жалпы социологиялық түсініктен және “қылмыскер” деген әлеуметтік-құқықтық түсініктен тұрады. /69/

Қылмыскердің тұлғасы-заңдық мәні бар қылмысты жасаған адамның саяси-әлеуметтік, психикалық және тәни белгілерінің жиынтығы /70/.

Сонымен қатар, “криминология үшін ең бастысы адамның қоғамға жат қасиеттерінің қайдан пайда болғандығы, олардың формасы, қалыптасу мехинизмі және сыртқы ортамен немесе қылмыстық жағдаймен қосылып қылмыстық мінез-құлық тудыратын ерекшелігі” /71/.

Қылмыскердің тұлғасын зерттеу арқылы қылмыстың жасалу себептерін анықтаймыз. Нақты қылмысты жасаудың себептері адамның бойында қылмысқа итермелейтін әлеуметтік теріс қасиеттердің болуы /72/, ол ортадағы қылмыстық жағдайлармен өзара әрекеттестік тудырады.

“Жинақталған әлеуметтік тип есебінде қылмыскердің жалпы негізгі белгілеріне оның: а) қоғамға қарсы бағдар алғандығы; ә) заңды және адамгершілікті түйсінудегі сана ақауы; б) қоғамға қауіптілік және мінез-құлқының заңға қайшылығы”,-дейді А.Л. Могилевский /73/.

Сот жаза тағайындағанда қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді ескеруі тиіс. Бірақ, В.Н. Бурлаков жүргізген социологиялық зерттеуге қарағанда, соттар 10,7% жағдайда ғана тағайындалған жазаны қылмыскердің жеке басына байланыстырған, “оның жеке басын ескере отырып” деген сөздер келтірген немесе қоғамға қауіптілігі ескерілген /74/.

В.Н. Кудрявцевтің пікірінше, қылмыс жасағанда кейбір жағдайларда адамның тұлғасының ерекшелігі қосалқы рөл атқаруы мүмкін. Басқаша позиция “тәжірибе жүзінде алынған нақты мәліметтермен расталмайды” /75/.

Зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, әр адамның қайталанбас, тек өзіне ғана тән биологиялық ерекшелігін тудыратын генетикалық көптүрлілікпен қатар, /76/ адамдарда әлеуметтік бағдарламаны жан-жақты сіңіретін генетикалық қабілет те бар. Сол қасиеттің арқасында адам қоршаған объективтік шындықтың ықпалын саналы түрде бейнелейтін ашық әлеуметтік жүйеге айналады. Бұл тұрғыдан алғанда қандай да бір залалдың нышандардың, оның ішінде генетикалық сипаттағы нышандардың қылмыскерлерде бар екендігін растайтын көрсеткіштер жоқ. Мінез-құлықтың субъективтік себептері адамның жоғары жүйке қызметінің саласына жатады, ол әлеуметтік ортаның ықпалымен қалыптасады, оны адам санасымен, жігерімен реттеп бақылайды.

Қылмыскердің жеке басының криминологиялық сипаттамасы әлеуметтік-демографиялық және өнегелік-психологиялық аспектілерді қамтиды.

Күш қолданылып жасалған пайдақорлық қылмыстардың субъектісінің осы көрсетілген сипаттамалары заңдық нышандармен тығыз байланысты, олар адамның жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін жауаптылығының алғы шарты болып табылады.

Адамның заңға бағынышты болып өсуі мәселесін шешу үшін оның санасына, мінез-құлқына теріс ықпал жасайтын әлеуметтік құбылыстарды біртіндеп аластату және жою қажет. /77/

Қоғамдық өмірдегі жағдайлардың қылмыстылыққа ықпалы криминогендік факторлардың әсерімен шектелмейді. Сондықтан да адамның жеке басымен тығыз байланыстағы, оның мінез-құлқының қалыптасуына теріс ықпал тигізетін, қылмысқа бейімділік беріп, сол жолға салатын жағдайларды терең зерттеу қажет.

қылмыстылықті, әлеуметтік жағдайдың қылмыстылыққа және адамның тұлғасына ықпалын зерттеуден біз қылмыстың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға, оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындау мақсатын көреміз.

Заң бұзушылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, адамның қалыптасуының барлық кезеңінде де оған теріс ықпалдың болмауын көздейтін шараларды жүзеге асыру қажет. Адам өмір бойына әлеуметтік ортаның өзіне ықпалын сезінеді және ол өсіп-жетілуінің кез келген кезеңінде криминогендік ықпалға бой алдыруы мүмкін.

Қылмыскердің жалпы тұлғасын және оның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен қатар қылмыстың кейбір түрлерін жасайтын адамдардың жеке басын да зерттеудің қылмыстың алдын алу шараларын қарастырудағы маңызы зор.

Қылмыскердің кейбір санатының қалыптасуы үшін оған жалпы факторлармен қоса арнайы мән-жайлардың да әсері болуы тиіс.

Осы тұрғыда біз тонау, ұрлау, қорқытып алушылық, бандитизм, пайдақорлық ниетпен адам өлтіру жасап сотталған бір мың адамға социологиялық зерттеу жүргіздік.

Бас пайдасын ойлап, күш қолданып немесе психикалық қысым көрсетіп қылмыс жасағандардың әлеуметтік-демографиялық зерттеуі мұндай қылмыстарды көбіне ер адамдардың жасайтынын көрсетті.

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын көзсіз батыл жасау әйелдерге тән емес, ал ондай жағдайлар бола қалған күнде, оны жасайтындар, әдетте, бұрын сотталған әйелдер. /78/

Күш қолданатын қылмыстарды - тонауды, қорқытып алушылықты, қарақшылықты, адам өлтіруді жасайтын әйелдердің, көбіне, жанұясы болмайды, олар бұзылған, әйел бейнесін жоғалтқан адамдар. “Әйелдердің көпшілігіне тән психикалық қалып пен мінез-құлықтың ерекшеліктерін олар тіптен жоғалтып алған”,-дейді В.А.Владимиров. /79/

Әйелдер арасындағы рецидив 15,5 % пайыз құрайды. /80/

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының субъектілері, көбіне, жастар болып келеді. /81/

Адамның жас ерекшеліктері оның өзін қоршаған ортамен байланысына, ішкі рухани дүниесіне, мінез-құлқының ауытқып өзгеруіне елеулі әсер етеді. Олар әлі қатаймаған, жас қылмыскердің рухани әлемінде таңба қалдырады, зорлық-пайдақорлық қылмыстар жасағанда сол алған теріс бағыттың себебі болады.

Осы қылмыстарды жасаған кәмелетке толмағандардың ішіндегі қыздар саны соңғы 5 жылда едәуір көбейді. Мысалы, ҚК-тің 126 бабының 2-бөлігі бойынша сотталған жастардың ішінде қыздар 1985 жылы 2,8% болса, 1993 жылы - 3,5%, ал 1995 жылы 4,3% болған. Айта кететін бір жай - кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы қыздардың пайызы артумен қатар олардың жалпы сандық мөлшері де артқан.

Статистикалық мәліметтердің талдамасы қарақшылықпен шабуыл жасау қылмысының соңғы көптеген жылдар бойы ер балалардың еншісінде болып келгендігін көрсетті.

Сотталған қыздар, бастапқыда, аз болды, кейін келе көбейе бастады. 1994 жылы кәмелетке толмаған 30-ға жуық қыз осы қылмысты жасағаны үшін сотталды.

Қылмыстық істерді зерттегенде байқағанымыз, қыздар күш қолданып қарақшылық жасағанда, қорқытып алғанда, тонағанда негізінен, өздері ала алмайтын немесе ата-анасы алып бере алмайтын қымбат, шетелдік заттарды иемденуді мақсат тұтқан. Бірақ бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру емес, еңбексіз тегін олжа табуға ұмтылушылық.

Мемлекеттік, кооперативтік немесе қоғамдық мүлікке қастандық жасау кәмелетке толмағандарға тән қылмыс болмаса да, азаматтардың жеке мүлкін қорқытып алушылық үшін сотталғандардың арасында кәмелетке толмағандар 15-17% құрайды. Бұл көрсеткіш бандитизм жєне µзге де осы тектес сипатындағы басқа барлық қылмыстарды жасап сотталғандар арасындағы жасөспірімдер пайызынан едәуір жоғары.

Криминалист-социологтардың пікірінше, қылмыстылықтегі жас ерекшелігін жоққа шығаруға болмайды. “Барлық қызметке аса ерекше ынта білдіретін жаста қылмыстық әрекетке де аса ерекше ынта пайда болады”. /82/ Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің арасында жасырын ұрлық жасап сотталғандар көп, ал тонап немесе алдап қылмыс жасағандар аз, себебі кәмелетке толмаған адамның күш қолданып ашық қылмыс жасауға әлі қайрат-күші жете қойған жоқ, ал алдауға да ақыл-ойы толмаған кез. /83/

Және тағы бір назар аударатын жай - рецидивистің жасы ұлғайған сайын оның жазасын өтеп колониядан босанған кезі мен келесі қылмысты жасауы аралығындағы уақытта ұзара түседі.

Неғұрлым жас болған сайын жаңа қылмысты тезірек жасайды. Бірақ 50 жастан асқан рецидивистердің ішінде де колонияға тез қайта оралғандар көп. Соттылығы көбейген сайын қылмыскерлер қылмыстың бір түріне маманданады, - дейді И.И.Карпец. /84/

Мұндай рецидивистердің өз ерекшеліктері бар. Басқа қылмыскерлер сияқты болғанымен олардың тұлғаларының қасиетінде өзгешілік бар, олар сотталғандардың 8%-ін құрайды.

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын, негізінен, өмір құндылығына теріс пиғылмен, аш көзбен қарайтын, жаратылысынан қатыгез, өз мүддесі мен түсінігіне қайшы келетіннің бәріне ызалы адамдар жасайды.

Мысалы, сот практикасының талдамасына қарағанда, пайдақорлық ниетпен адам өлтіріп сотталғандардың 57,8%-і өз құрбанын өлтіруді ғана емес, оны күйзелтіп өлтіруді алдына мақсат етіп қойған. Олардың 49,6%-і пайдақорлық ниетте аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін сотталған.

Топтасқан қылмыс құрамалар тек жалпы жол көрсетушілерді ғана емес, заңды, экономиканы, басқа да білім салаларын жетік білетін адамдарды қажет ете бастады. Сондай қызметкерлер қосылып бұрыңғы дәстүрлі қызметкерлер санын көбейтуде. Біз зерттеген, қарақшылықпен, тонаумен, ұрлықпен айналысқан топтардың 26,6%-і солар.

Бұл талданып отырған қылмыстардың 11%-ін оқушылар жасаған. Тіптен, оқушылармен бірлесіп мұғалімнің де жасағаны кездеседі, бұл бұрын-соңды болмаған жай.

Кейбір қылмыстық тәжірибелер әдеби шығармалардан алынған. Қатаң режимдегі колонияда отырған адамдардың біразы қылмыскерлер жайындағы, Италия мафиясы жайындағы әдебиеттерді оқығанын, содан біраз нәрсе үйренгенін айтқан.

Қылмысқа деген бейімділік кинофильмдер көргенде, әдеби кітаптар оқығанда, көшеде, т.б. жерлерде қалыптасқан десек те, оның алғашқы дәні отбасында себіледі, осында өніп шығады. Сондықтан да болар сотталғандардың 21,7%-і қатыгездікті әкеден мұра етіп алған.

Сотталғандардың өздерінің сөзіне қарағанда олардың 52%-і жәбірленушілерді аяған, 40%-і аямаған, ал 8%-і бейтарап күйде болған.

Бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарын жасағандар, негізінен мәдениеті төмен, санасы тар адамдар болып шыққан. “Бос уақытыңызды қалай өткіздіңіз, ол кезде немен айналыстыңыз?” деген сұраққа мынадай жауаптар алдық (%-пен):

1.Спортпен айналыстым -11,4; 2.Көркем өнерпаздар үйірмесіне қатыстым -4,6; 3.Киноға бардым -21,3; 4.Театрға -11,2; 5. Балық, аң ауладым, қала сыртына шықтым -9; 6.Телехабар көрдім -14; 7.Дискотекаға бардым -11; 8.Мәдениет паркіне бардым - 37; 9.Мейрамханада болдым- 17,5; 10.Кафеде -19,2 ; Қонаққа бардым -13,3; 12.Карта, шахмат ойнадым -9,7.

Сұралғандардың тек 11,4%-і ғана спортпен айналысқан, ал 67,9%-і бос уақытын мейрамхана, кафелерде өткізген. Көпшілігі киноға барған (21,3%), телевизор қараған (14%), қонаққа барған (13,3%,) әртүрлі ойындар ойнаған (9,7%).

1977 және 1993 жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін салыстырып қарасақ кітап, газетке деген ынтаның азайғанын байқаймыз. Сұралғандардың жауаптарына қарағанда, 1977 жылы олардың 63%-і газет-журнал, кітап оқыған, 13,9%-і түк оқымаған, 23,1%-і сирек оқыған. Қысқасы, сотталғандардың 37%-і аз оқыған немесе түк оқымаған. 1993 жылы бұл көрсеткіштер бірнеше есе төмендеген.

Сұралғандардың біразы газеттер немесе шытырман оқиғалы әдебиеттер оқыған. Классикалық шығармаларды, қазіргі жазушылар мен ақындардың таңдамалыларын оқитындар өте сирек екен.

Қазіргі криминологияда қылмыстылықті зерттеудің виктимологиялық аспектісі өзекті де болашағы бар мәселелердің бірі.

Жәбірленушінің мінездемесі бандитизм жєне µзге де осы тектес қылмыстарының моральдық сипаты мен психологиялық ерекшеліктері жайында қажетті ақпараттар бере алады.

Л.В.Франктің айтуына қарағанда, жәбірленушінің жеке басын, оның мінез-құлқын жанама, кейде тікелей зерттеу қылмыскер жайында өте құнды ақпарат береді. Кімді таңдағанына қарай қаскүнемді де анықтауға болады. Кейбір мән-жайларда бұл аспект өте маңыздылық алады.

Біріншіден, қылмыстан сақтандыруға виктимологияның ықпалы зор, қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуде оның мүмкіндіктерін пайдаланған жөн.

Екіншіден, бұл салада жүргізілген зерттеулердің нәтижелері құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың қылмыстың қармағына ілінуге дайын тұрған құрбандарымен жұмысты дұрыс бағытта жүргізуіне мүмкіндік береді. “Виктимологиялық негізде, осы түсініктің жалпы мағынасы бойынша сақтандару жұмысын жүргізуді адамды әлеуметтік тәжірибеге үйрету, оның бойында оң қасиеттер қалыптастыру, оның қылмыстан сақтану қабілетін жалпы қоғамдық деңгейге дейін көтеру процесі ретінде қарастыруға болады”.

Үшіншіден, мұндай талдама қандай да бір қылмыстық іс-әрекеттің латенттігін нақтырақ және толығырақ бағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, виктимологиялық факторларды ұғыну қылмыстылықтың әлеуметтік, экономикалық және психологиялық зардаптарын терең түсінуге көмектеседі.

Бесіншіден, бұл жерде жәбірленушіге келген залалды пайдақорлық ниеттегі қылмыс жасалса мемлекеттің өтеуі жайындағы мәселе сөз болады.

Күш қолдану арқылы пайдақорлық ниетпен қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамдарды, олардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, қоғамға қарсы көзқарасының қаншалықты терең және тиянақты орныққанын ескеріп үш топ бойынша типология жасауға болады:

1. Қоғамға қарсы, пайдақорлық бағдар алған, қылмысқа бейім екендігін адам айтпай танитын, басқаны адам деп санамайтын, қоғамдық тәртіпті, нормаларды мойындамайтын кәнігі адамдар (әлеуметке қарсы тип). Олар қылмыстық топ құрып қана қоймайды, қылмыс жасауға қолайлы жағдайды пайдаланып қалады немесе сондай жағдайды өздері тудырады. Олар қылмыс жасаудың ең қауіпті де ұтымды тәсілдерін пайдаланады, адам өлтіруге дейін барады, өзіне өзі сенімді, жауапкершіліктен құтылу тәсілдерін іздестіреді, әшкереленіп қалса топтың басқа мүшелеріне қысым жасайды (бұрын сотталған, жұмыс істемейтіндер, т.б.).

2. Қоғамға қарсы, пайдақорлық бағдары бірінші топтағыларға қарағанда төменгі деңгейде (әлеуметке жат тип), ол қасиеттер терең тиянақталмаған. Басқаларды адам ретінде санамайды, қылмыс жасағанда бұрын қолданылып жүрген тәсілдерді пайдаланады, кәнігі қылмыскерлердің ықпалына түсіп қалғандықтан олар қылмысты орындаушылар және оған көмектесушілер рөлін атқарады, қылмысты реті келіп қалғанда жасайды (жұмыссыздар, маскүнемдер, бұрын сотталғандар, т.б.).

3. Жағдайға байланысты тип. Қоғамға қарсы, пайдақорлық бағдары онша айқындалмаған. Олар қылмысты өмір тауқыметінен шыға алмағандықтан жасауы мүмкін. Өз бас пайдасын ойлағанда басқа адамдардың мүддесімен санаспайды. Олардың көзқарасының қалыптасуында айналасындағы адамдар маңызды рөл атқарады. (Қылмыс жасағанға дейін қоғамға жат қылықтары байқалмаған адамдар, яғни бұрын сотталмаған, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын, жұмыста да, тұрмыста да жақсы мінезделетін адамдар).

Біздің пікірімізше, мұндай типология қылмыскердің тұлғасына тән ең басты ерекшеліктерді көрсетеді, оның ішкі болмысын ашады, қылмыскер ұғымындағы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации