Жас ерекшелігі психологиясының пәні, зерттеу объектісі мен негізгі ұғымдары
Жас ерекшелік психологиясы
- Жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері
- Жас шамасының мәселесі
- Психикалық дамудың кезеңге бөлінуі
Жас ерекшелігі психологиясының пәні, зерттеу объектісі мен негізгі ұғымдары
Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде психикалық даму деп аталатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:
- Сандық және сапалы;
- Үздіксіз, дискретті;
- Универсалды (әмбебап), жеке ;
- Қайтымды, қайтымсыз;
- Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған;
- Жекеленген, интеграцияланған;
- Прогрессивті (революциялық) және регрессивті (инволюциялық).
Десе де, даму алдымен сапалық өзгерумен сипатталады.Атақты психолог-ғалымдар Х.Вернер, Л.С.Выготский және т.б. дамудың негізгі себептерін сипаттады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: дифференциалды түрде өзгерудің арқасында дамудың жаңа элементтерінің пайда болуы.
Сапалы өзгерістер «өсу шегі», «жетілу»,«толық жетілу» ұғымдаоымен тығыз байланысты.Олардың мазмұныны келетін болсақ, өсу шегі дегеніміз -объектінің ұзындығы, биіктігі, салмағы бойынша өлшенетін сыртқы белгіленетін өзгеру процесі. Өсу шегі (рост) - дамудың сандық сипаттамасы.
Жетілу - биологиялық даму ауқымындағы морфологиялық өзгеріс. Жетілу процесіне мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокриндық бездердің дамуы жатады.
Толық жетілу-нақты берілген идеалды мақсатқа бағытталуымен сипатталатын өзгеріс.
Сонымен,психиканың дамуы деп психикалық процестердің сандық, сапалық және құрылымдық өзгерістерінің уақытқа байланысты заңды өзгерісін айтуға болады.
Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет:
1.Филогенез - өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.
2.Онтогенез - туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
3.Антропогенез - Homo Sapiens-тің пайда болуымен басталып осы күнге дейін адамзаттың барлық аспектілері бойынша, соның ішінде мәдени дамуы, филогенездің бөлімі.
4.Микрогенез- актуалды генез, жас ерекшелік кезеңді қамтитын, қысқа мерзімді психикалық процестердің барысында өтетін ең қысқа уақыттық ұғым.
Бұл жерде дамудың типтері жайында айтып өту орынды. Психолог Л.С.Выготский дамудың екі типін атаған болатын, олар:
Дамудың преформалы (преформированный) және преформалы емес типтері.
Преформалы типке алдын-ала анықталған, болжамдалған процестер (басынан соңғы нәтижесіне дейін) жасды. Мысалы, эмбрионның дамуы. Дамудың преформалы емес типі - алдын-ала анықталмаған даму мәселелерін қарастырады. Бұл дүниеде кеңінен тараған даму түрі. Мысалы, дамудың бұл түріне галактиканың дамуы, биологиялық эволюция процестері, қоғамның дамуы және адамның психикалық дамуы жатады. Л.С.Выготский баланың психикалық даму жолын дамудың екінші типіне жатқызған.