Жоғары жүйке қызметінің типтері
Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б.
Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.
Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.
Дұрыс тәрбиенің нөтижесінде, тума таланттың негізінде адамның қабілеттілік қасиеті калыптасады. Қабілеттілік - жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы. Адамдар бірінен-бірі кабілеттіліктері және көңіл күйінің өзгешелігімен де ерекшеленеді. Адамның жеке басына тән белсенділік, іс-әрекеттерінің, көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктерін темперамент (лат. «temperamentum» - бір шамалас) дейді. Оны жеке адамның мінез кұлығы мен көңіл күйінің ерекшеліктерінен айқын байқауға болады. Ол негізінен жүйке жүйесінің физиологиялық пш.ірмншылыктарына тікелей байланысты. Адам ағзасын зерттеуде ертедегі грек дәрігері Гиппократ (ж. с. д. 460 - 470 жылдары) көп еңбек сіңірді. Сондықтан да оны медицина ғылымының негізін салушы деп атайды. Гиппократ ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялык, физиологиялық дерттерге маңызды теориялык қорытындылар жасады. Әсіресе, ол өзіне каралған емделушілердің мінез-кұлық ерекшеліктеріне, темпераментіне ерекше мән берді.
Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр.«сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді.
Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ жасады.
· 1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен
тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.
· 2. Салмақты, байсалды топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда
қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды.
· 3. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу
ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады.
· 4. Әлсіз (сылбыр) топ - қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық белсенділігі айқын байқалмайды, баяу қозғалады. Өте сезімтал, тез ренжиді, өзіне өзі сенбейді, әрі тұйық, көңіл күйі бірқалыпты болғанымен, сырттай көрінісі көзге байқалмайды. Олар сылбыр, сөзге, сараң, жасқаншақ, ұялшақ, кекшіл, уайымшыл. Бірақ бастаған ісін аяғына жеткізуге тырысады. Өзін көпшіліктен аулақ ұстауға тырысады.
Адамдарды жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарап, осылай шартты түрде ғана бөледі. Көбіне адамдардың жүйке жүйесінде ұксас белгілер болғанымен, әрбір жеке адамның өзіне ғана тән ерекшеліктері болад. Әрбір жеке адам өзінің наным-сенімі, арман-мұраты және алдына қойған мақсаты аркылы бірінен-бірі ерекшеленеді.
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.
Ми бөлімдері | ||||
Артқы ми | Мишық | Ортаңғы ми | Аралық ми | Алдыңғы ми |
1) Сопақша ми 2) Воролий көпірі | 1) Қызыл ядро 2) Қара төрт төмпешікті дене 3) Торлы құрылым | 1) Көру төмпешігі (таламус) 2) Көру төмпешігі астындағы құрылым (гипоталамус) | 1) Ми сыңарлары қыртысы 2) Қыртыс асты ядролар |
Сопақша ми
- Сопақша ми көпір ортаңғы ми мен аралық ми. Ми бағанын құрайды.
- Сопақша ми үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) жұптарының қызметін атқаруына үлкен үлес қосады.
- Сопақша мидың нейрондары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жүрек соғысын баяулататын, қан тамырын тарылтатын, кеңейтетін орталығы орналасқан. Егер бұлардың біреуі бұзылса адам өледі.
- Сопақша ми қорғаныс (жас шығу, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тері шығару, құсу, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығару) рефлекстер орталығы орналасқан. Мысалы баланың эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса жаңа туған бала анасын емгенімен сүтті жұта алмайды, сүт өңеш арқылы қарынға бармайды, керісінше тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, баланың өкпесі қабынып, ашығып өледі.
- Сопақша мида мойынның көздің еттерінің тонусын өзгертетін рефлекстер орталығы бар.
- Сопақша мида торлы құрылым екі қызмет атқарады:
а) Жұлын қызметін немесе әлсірететін төмен қарай бағыттайтын әсер.
б) Ортаңғы мидың торлы құрылым мен мидың басқа бөлімдерінің қызметін
күшейтетін жоғары жаққа бағыттайтын әсер.
- Сопақша мида мидың қыртысы үлкен рөл атқарады. Мысалы емізер алдында баланың жаяулығын құрғатып, құндақтап отырса балада ему рефлексі басталады.
- Ми қыртысы құсу орталығына әсер етеді. Мысалы: егер адам ішетін астың шірік иісін сезсе лоқсып, құсады және артистер сахнада жүріп, қажет болса жкөз жасын төгіп жылай алады. Бұлардың барлығын сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттеп отыратынын көрсетеді.
Воролий көпірі
Воролий көпірінің құрамында ақ заттар өте көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ заттар аралығында бөлек – бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек ми жүйкелерінің V,VI, VII парларының ядролары орналасқан. Бұл жерде ұйықтау ұйықтамау, тыныс алу орталықтары орналасқан.
Ортаңғы ми
Ортаңғы ми воролий көпірі және сопақша ми мен бірге ми бағанының негізін құрайды. Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрылымына 4 төмпешік, қара зат, қызыл ядро, III, IV пар ми жүйкелері, торлы құрылым кіреді.
Төрт төмпешік | 1) Төрт төмпешік орталығы мидың сыртқы жағында орналасқан. Бұл жүйке серпіністерін, кірпіктік түйіннен екі нейронға жеткізеді. 2) Көру рецепторларының тітіркендіргіштерге байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық. Бұл орталық серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді. 3) Көз алмасын қозғалтатын ядро орналасқан. Осыған байланысты адам көзді басты жарық түскен жаққа қарай бұрады. 4) Төрт төмпешікте қорғайтын сақтық рефлекстері бар. Мысалы ыдыстағы сұйық зат байқаусызда төгіліп кетсе, адам басқа жақа қарай ығысады, жалт береді. |
Қызыл ядро | 1) Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен ми қыртысымен тығыз байланысты. 2) 2) Қаңқа етінің тонусын реттейтін орталық. 3) Егер мысықтың қызыл ядродан төменірек кесетін болсақ, децеребрациялық мелшею белгілері пайда болады. Мысық сіресіп қатаяды, құйрығын тік көтереді. Ағаш аяққа мініп тұрғандай болып көрінеді. 4) Егер мидағы қызыл ядро мен жұлынды қосатын жол Манаков будағы бұзылса мысық қақшиып қалады. 5) Адамда мелшейіп қатып қалу қыртыс асты ядроларының бұзылуына байланысты. |
Қара зат | 1) Нейрондарда қара пигмент көп болғандықтанядро қара болып көрінеді. 2) Қара зат саусақтардың нәзік қимылдарын қамтамасыз ететін еттің тонусын реттейді. 3) Қара зат экстропирамидалық жүйкеге жатады. Егер электр тоғымен қара затты тітіркендірсе шайнау, жұту еттері жиырылады. Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталығы бар |
Торлы құрылым | 1) Торлы құрылым және ретикулярлық формация пішіні іртүрлі үлкенді, кішілі, қысқа тармақты клеткалар тобы. 2) Клеткалардың дендриттері көп тармақты. Олардың арасында көптеген синапстар құрылады. 3) Торлы құрылым ми бағанында орналасқан, яғни, ортаңғы мида, сопақша мида, воролий көпірінде орналасқан. 4) Ұйқыдағы жануарлардың торлы құрылымын тітіркендірсе ол оянып кетеді. 5) Торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесіп жіберсе жануар қатты ұйқыға кетеді. 6) Торлы құрылым ауырсыну сезімен тудыруға қатысады. 7) Торлы құрылым гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрайды. Бұл жүйе адамның іс — әрекетіне, мінез құлқына ықпал жасайды. |
Аралық ми
Аралық ми үшке бөлінеді:
1) Таламус — көру төмпешігі.
2) Гипоталамус — төмпешік асты құрылым.
3) Эпиталамус — төмпешік үсті құрылым.
Барлық құрылымдар ми қарыншасын жан – жағынан қоршап оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұлардың қызметі гипоталамусқа қарыншаны толтырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар тікелей әсер ете алады.
Эпиталамус – эпифизден тұрады. Таламус көп ядролы. Ол ми қыртысына сезім серпіністерін өткізеді. Гипоталамус ішкі ағзалардың қызметін жүйке, қан арқылы реттейтін көп ядролы құрылым.
Таламус.
- Таламус 40 шақты ядродан тұрады.
- Арнамалы ядролары жұлыннан келетін апараттар – құлақтан, көзден шығатын серпіністерді ми қыртысына жеткізеді.
- Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер гипоталамустың арнамалы ядросынан келіп түседі. Бұл ядролардың қызметі ми қыртысымен байланысты.
- Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтастай әсер етеді. Оның қозғыштық қасиетін белсенділігін арттырады.
- Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртыс асты базальдық диадролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зоналарына серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттеп, жүйе қатарына кіреді.
Гипоталамус.
1, Көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы 32 жұп құрылым.
2. Ядролардың орналасуына қарай алдыңғы, ортаңғы. бүйірдегі, артқы болып
бес топқа бөлінеді.
3. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы,торлы құрылым, сопақша ми мен тығыз
байланысты.
4, Гипоталамус ішкі ортадан көптеген ақпараттар келеді және организмнің
көптеген функцияларын реттеп отырады.
5. Ішкі ағзаларының қызметін гипоталамус вигетативтік жүйке жүйесі және
эндокриндік бездер арқылы әсер етеді.
- Гипоталамус жүрек қан жүйелерінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, бүйректердің қызметін, ас қорыту қызметін, несеп шығаруды қамтамасыз етеді.
- Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністер мен химиялық әсерлерге сезімтал келеді.
- Гипоталамус артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің бөлімі, алдыңғы ядросында парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі. Ал ортаңғы ядросында зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.
- Гипоталамуста тойыну орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе жануар алдына қойған асты ішпейді, жүдей бастайды. Ал егер осы арталықты алып тастаса жануар тамақты қанша ішседе тоймайды. Гиперорагия – адамның денесін май басады.
- Гипоталамус бүйірдегі ядроларда аштық орталығы орналасқан. Егер оны
тітіркендірсе адам алдына қойған асты жейді, тоймайды. Ал егер бұл ортаны
алып тастаса тамаққа қарамайды. Адам жүдейді.
- Гипоталамуста шөлдеу орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе адам
суға тоймайды. Оны полидепция деп атайды.
- Гипоталамус сөлініс бездерінің гормондық функциясын реттейді.
- Гипоталамуста мутивация орталығы орналасқан. Адам ашуланады, жылайды. Күледі. Оның бұл қызметі лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады. Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ)
ОЖЖ
СЖЖ ВЖЖ
1) СЖЖ қаңқа еттерімен байланысты. Ол организмнің түрлі қимылдарын қамтамасыз етеді.
2) ВЖЖ ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсңп — өну процесін реттейді.