Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным

Қалау- өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынатын жағдай. Қалау - қажеттіліктен туындайтын өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес пісіп жетілетін жоспар. Эпикур адамзаттың тілегін 3 түрге бөлген:

1.Табиғи және қажетті қалау (тамақ ішу, жеу, ұйқы, демалыс);

2.Табиғи, қажетсіз (ерекше ас, тән құмарлығы);

3.Табиғи да, қажеттілік те емес (атаққұмарлық, даңққұмарлық).

Алдыңғы екі топта тілекке қажеттілік шексіз болуы мүмкін.

Мүдде.Негізінде мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды; көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ал тілеуінің жолындағы қамалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мүддесі де зор болады. Ұсақ адамның мүддесі де ұсақ болады.

Мүдде - қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші. Мүдде әлеуметтік, табиғи, мәдени қажеттіктер негізінде пайда болады.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі -идеал (мұрат). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгіболатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы менмәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық кайраткерлер ғылымдаакадемик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсат Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі.Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралыбілімдерінің жүйесі. Сенімдер- бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жекетұлғаның мақсатты кажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түріндебайқалатын қажеттіліктер мазмұны - бұл қоршаған дүние табиғатпен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды, ол адам дүниетанымы болып қарастырылады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірде өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысында, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы, терең тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі. Мүндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.

Наши рекомендации