Жастар жаман әдеттен аулақ болсын

Кіріспе

Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп бұзақылық жасап тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты. «Мені болар-болмас нәрсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» – деп томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды», – деп ескерткен екен.Жай уақытта көпшілік аса мән бере бермейтін дағдының адам өмірінде алар орны ерекше. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, адам – өз ортасына тез бейімделгіш, көрген жағымды-жағымсыз қасиеттерді бойына тез жұқтырып алатын болмыс. Осы орайда әсіресе жағымсыз әдеттің адамға кері әсері мен одан қалай арылудың жолдарын сөз ету әңгіме етуге тұрарлық мәселе.

Жаман әдет деген не?

Жаман әдет дегеніміз – сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, адамның жеке басына (денсаулығына, беделіне т.б.) кері әсерін тигізетін, жиі қайталанатын, соңы көп жағдайда зор өкінішке ұласатын аса жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі, арақ, есірткіге құмартушылық, өтірік айту, жамандау, өз ісінің емес, өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, екі кісіні шағыстыру, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тыймау, сұраншақтық, ең аяғы түкіре беру т.б.

«Жаман әдет – жұқпалы»

Нашар әдет қайдан жұғады? Нашар әдет күнделікті араласқан адамдардан, дос-жарандардан, қоршаған ортадан, көрген бейәдеп бейнефильмдерден т.б. жұғады. «Әр сәби өмірге күнәдан таза болмыспен келеді» деп хадисте айтылғандай, адамның сәби шақтағы пәк болмысы есейе бастаған шағында жақсы-жаман орталарға тап болуына байланысты өзгереді. Әсіресе жасөспірімдік әрі жастық шақта еліктеушілік қасиеті басым тұрады. Бұл уақытта «Бір рет сынап көргенде тұрған не бар?», «Мен одан қалаған уақытымда бас тарта алам» деген жеңсік ой көп адамның алдануына әкеліп соғады. Шын мәнінде «Бір еткеніңді екі етерсің. Екі еткеніңді үш етерсің. Үш еткеніңді әдет етпей не етерсің?!» демекші, екі-үш рет қайталанған істің әдетке айналғанын адам сезбей қалады. Бастапқыда ескермегендіктен, одан құтылу барған сайын қиындай түседі.

Статистика не дейді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жылына сегiз литр алкоголь пайдаланған жан дені сау адам деп есептелмейді. 2005 жылы әлем бойынша үздіксіз есірткі пайдаланатын 52 миллион адам тіркелген. Бұл ғаламшар тұрғындарының бір пайызын құрайды. Ал 2008 жылғы мәліметке сүйенсек, олардың саны жүз миллионға жетіп үлгеріпті. Ғалымдар ұл балалардың 55 пайызының, қыздардың 82 пайызының ағзасы героинды алғаш қолданғаннан кейін-ақ оған тәуелді болып қалатынын айтуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша жол апаты жағдайларының басым бөлігі ішімдіктің кесірінен көрінеді. Орыстың әйгілі физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 17 пайызға төмендетінін дәлелдеген. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары да алкогольге бейім келетін болса, маскүнем аналардан туған нәрестелердің 12 пайызының миы дамымай, жарымес болып қалады.

Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ғалымдардың айтуынша, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесінде.

Жастар жаман әдеттен аулақ болсын

26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Елімізде нашақорлар саны жылсайын 55 мыңға артып отырғанын ескерсек, онымен күресудің қажеттілігі қаншалықты керек екені айтпай-ақ, белгілі.Облысымыздағы наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігері Меруерт Мырзахметованың атйынша, былтырғыға қарағанда уыт құмарлар саны едеуір азайған көрінеді. Облыстық наркологиялық диспансерде 1632 әйел тіркеуде тұрады екен. Олардың 1296-сын ішімдік мазаласа, 254-і нашақорлар санатында. Арулардың осындай ауыр да, ауыр жолды таңдауы- болашағымызға балта шапқанмен тең. Үш мыңға жуық нашақор бар ресми тіркелген. Оның бесеуі жасөспірім. Бірі қызығып бастаса, енді бірі қиындықты көтере алмай осы дертке шалдыққан. Біз толыққанда емдеп береміз дей алмаймыз. Біз тек алдын-аламыз. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Сондықтан болар, биылғы жылы уыт құмарлардың саны азайып отыр.

Жастар жаман әдеттен аулақ болсын - student2.ru

Нашақордың өмірі-өлім

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.

Жастар жаман әдеттен аулақ болсын - student2.ru

Жастар жаман әдеттен аулақ болғай

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Наши рекомендации