Тақырып: Апелляциялық сатыда істі қайта қарау

Дәріс жоспары:

1. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні және маңызы. Апелляция беруге құқық. Апелляциялық шағым берудің объектісі. Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері. Апелляциялық шағымды(наразылықты) қарайтын соттар.

2. Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.

3. Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.

Негізгі ұғымдар: апелляциялық саты.

ҚР АІК және ҚР ҚІЖК көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, ҚР Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Наразылық келтірү құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі.ҚР Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы. Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды:

1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге - облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы;

2) облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар шығарған шешiмдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.

2. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

3. Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі(келтірілуі) мүмкін.

4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;

2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;

4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;

5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігініңнегіздемесі;

6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;

7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;

8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Шағымға мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі. өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін.

3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

4. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық келтiрiлген iстi алғаннан кейiн бiрiншi сатыдағы соттың осы Кодекстiң 338-бабының талаптарын орындауын тексередi, iстiң материалдарын, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерiн және оларға қоса берiлген материалдарды зерделейдi; iстi белгiленген мерзiмде қарау мүмкiн болмаған жағдайда iске қатысушы адамдарға iстi қараудың жаңа мерзiмi туралы хабарлайды.

Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.

5.Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) Кодекстің 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;

5) Кодекстің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.

6. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;

2) бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;

4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады. 2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.

7. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады

Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды.

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1)қаулының шығарылған уақыты мен орыны;

2)соттың атауы, сот құрамы;

3)апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам;

4)шешiмнiң, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың, iстi апелляциялық сатыда қарау кезiнде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердiң, түсiнiктемелердiң қысқаша мазмұны;

5) сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;

6)сот қаулысы көрсетiлуге тиiс.

2. Апелляциялық шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдерi дұрыс емес немесе шешiмнiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды деп танудың себептерiн көрсетуге мiндеттi.

3. Шешiмнiң толық немесе бiр бөлiгiндегi күшiн жойған және iстi жаңадан қарауға берген жағдайда сот iстiң қандай мән-жайларын анықтау қажеттiгiн, қандай дәлелдемелердi зерттеу керектiгiн көрсетуге, бiрiншi сатыдағы сот жасауға тиiстi басқа да iс-әрекеттердi көрсетуге мiндеттi.

4. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшiн жойған және жаңа шешiм шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшi жойылған негiздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешiмi көрсетiлуге тиiс.

5. Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiпте апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе оның мәнiн өзгертпей шығарылған қаулыны түсiндiруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың аталған мәселелер жөнiндегi қаулысы шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жобалар альбомы): Оқу құралы / Е.Б. Ахметов.- Алматы: ЖҚ Отан, 2014.- 80б.

8. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларын қолданудың теориялық және тәжірибелік мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / А.А. Базарлинова.- Талдықорған, 2015.

9. Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы қылмыстық істі қысқартудың мәні мен маңызы: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / Д.Т. Байдуакасова.- Талдықорған, 2015.

10. Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы қылмыстық істі қысқартудың мәні мен маңызы: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / Д.Т. Байдуакасова.- Талдықорған, 2015.

11. Қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / О.К. Куренбеков.- Талдықорған, 2015.

12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев.- Алматы: Жеті жарғы, 2008.- 368б.

13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Қысқаша курс: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев, Н. Апахаев.- Өңд. толық. 2-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 2013.- 320б.

14. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу құқығы: Дәрістер кешені / М.А. Рахметова.- Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2015.- 59бет.

15. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім). 5В030100»Құқықтану» бакалавриат мамандығы бойынша = Типовая учебная программа. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. По специальности бакалавриата 5В030100 « Юриспруденция».- Астана, 2014.- 92б.

16. Қылмыстық істі қысқартудың өзекті мәселелері: Магистрлік диссертация. Мамандығы: 6М030100 Құқықтану / А.К. Тусипова.- Талдықорған, 2015.

17. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы / Ү. Нұрмашев, Ф. Нұрмашева.- Алматы: Жеті жарғы, 2009.- 400б.

18. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. 5В050301<<Құқықтану >> бакалавриат мамандығы бойынша = Типовая учебная программа. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. По специальности бакалавриата 5В030100 << Юриспруденция>>.- Астана, 2014.- 48б.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

7. Жадбаев С.Х. Криминология: Краткий курс лекции .Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 144с.

8. Жампейісов Д.Ә. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы: Оқулық Астана: Фолиант, 2007.- 664б.

9. Кодекс Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет LEM, 2008.-396с.

10. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная часть. Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 992с.

11. Кодекс Республики Казахстан: Об административных правонарушениях от 30 января 2001 года №155-II Алматы: LEM, 2008.- 388с.

12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы.1961-1997.- Алматы: БОРКИ, 1998.- 244б.

13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне түсiнiк.- Алматы: ЖШС Баспа, 2001.- 704б.

14. Қазақстан Республикасының Қылмыстық -атқару құқығы.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 256б.

15. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу құқығы: Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар.- Алматы: КазГУ, 2002.- 304б

16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Iс жүргiзу кодексi.- Алматы: Жетi жарғы, 1998.- 368б.

17. Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексi.-Алматы:Юрист,2003.- 79б

18. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi.- Алматы: Жетi жарғы, 1997.- 560б.

19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 256 бет.

20. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар Астана:Фолиант, 2001.-660б.

21. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы Астана:Фолиант, 2005.- 712б.

22. Правоохранительные органы: Учебник для вузов М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 384с

23. Правоохранительные органы Республики Казахстан: Сборник нормативных правовых актов. Алматы: Жетi жарғы, 2003.- 184с.

24. Пятаков В.А. Семейное право: Конспект 2005.- 144с.

25. Рахметов С.М. Преступления против мира и безопасности человечества. Алматы: Жетi жарғы, 1998.- 104с.

26. Сысалов М.П. Теория оперативно-розыскной деятельности в РК Алматы: Данекер, 2003.- 326с.

27. Тессман С.А. Двойная форма вины: понятие, содержание значение: Учебное пособие Алматы: Данекер, 2004.- 69с.

28. Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан. Алматы: Юрист, 2003.- 84с.

29. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть. Кн. 1: Алматы: Жетi жарғы, 2005.- 424с.

Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. (02.02.2011 өзгерістер мен толықтырулар)

2. ҚР Қылмыстық Кодексі. Алматы. «Юрист» 2015.

3. ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексі. Алматы. «Юрист» 2015.

4. ҚР Қылмыстық - атқару кодексі. Алматы. «Юрист» 2015.

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы. «Юрист». 2015.

Наши рекомендации