Пайдаланған әдебиет
Азақ тілі кафедрасы
СӨЖ
Тақырып: Мұхтар Әлиев
Орындаған:
1 курс
136-ОМ топ студенті
Мульдинова Айгерім Жанатқызы
Тексерген:
Омартаева Гулфайруз Еркінбайқызы
Астана
Жоспар
1. Кіріспе...............................................................................................................3
2. Еңбек қызметі...................................................................................................5
3.Пайдаланған әдебиет........................................................................................6
Кіріспе
Мұхтар Әлиұлы Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Төменарық стансасында туған. Әкесі - Сәрсембаев Әли (1892-1955), темір жол көлігі жүйесінде жол қараушы болған. Анасы - Сәрсембаева Құндыз (1900-1937). Ғалым, медецина ғылым докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан ҒА-ның академигі (1989), Қазақстаннын халық қаһарманы (1995).
Мыңдаған жанға шапағаты тиген сондай жеңіл қолды дәрігерлердің бірі, медицина ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан әйгілі азамат Мұхтар Әлиев осы уақытқа дейінгі ғұмырында 13 мыңнан астам операция жасапты. Бұл 13 мың адамның тағдыры. Оның бойына біткен табиғи дарыны еліміздің медицина саласын талай биіктерге көтеріп, сан мәрте жаңалықтармен толықтырды. Ол жасаған операциялар ізбасар ғалымдарға тағылымды тәжірибе болды. М.Әлиевтің жасаған операциялары медицинаның түрлі салаларын қамтиды. Ол бірде бауырдағы эхинококты лазермен күйдірсе, ендігі бір операцияны аяқ-қол микрохирургиясы бойынша жүргізген. Ал оның қан тамырларын пластикалық жолмен байланыстыру, асқазанға хирургиялық, пластикалық операциялар жасау әдістері хирургиядағы айтулы жаңалықтардың бірі. М.Әлиев Қазақстан мен Орта Азия аймағында алғаш рет балаларға бүйрек, бауыр алмастыру (трансплантация), операцияларын жүргізген азамат. Сондай-ақ ол өт жолы мен аналық без ісігіне, соқыр ішекке эндоскопиялық әдісті ойдағыдай қолдана білді. Бұған қоса қан тамырларына жасалатын операцияларды барынша жетілдіре отырып, оны хирургиялық тәжірибеге енгізді. Академиктің еңбектерінің арасында ұйқы безіне аутотрансплантация жасау, бүйрек пен арықша бездерге, лапараскопия әдісін қолдану жұмыстары ерекше орын алады. Сондай-ақ ол Қазақстанда алғаш рет қолқа мен тәждік (коронарлық) артерияларды жалғастыру операциясын жасаған. 34 авторлық куәлік пен патент алған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Хоббиі- шахмат, футбол, бильярд.
Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, А. Құнанбаев.
Үйленген. Жұбайы - Әлиева Минвар Қадышқызы (1941 жылы туған). Ұлы - Әлиев Рахат Мұхтарұлы (1962 жылы туған); қызы - Әлиева Гүлшат Мұхтарқызы (1965 жылы туған).
Еңбек қызметі
1950ж.- Туркістан педагогикалық училищесін бітіреді.
1950-51ж.- Шымкент облысындағы Тимур кеңес шаруашылығында жеті жылдық мектебінде ұстаз болып жасайды.
1951-57ж.- Алматы мемлекеттік медицина институтында оқиды.
1957-63ж.- Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мекемелерінде дәрігер.
1963-80ж.- Алматы мемлекеттік медецина институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік медецина университетті) аспирант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі.
1980-85ж.- Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры.
1982-87ж.- Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болды.
1987 жылдан бастап Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры.
1988ж.- Ә.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау диссертация кеңесінің төрағасы.
1995ж.- Аптын жұлдыз - айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы».
1996ж.- Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының мүшесі.
2002ж.- Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты.
Пайдаланған әдебиет
1.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D1%82%D0%B0%D1%80_%D3%98%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2
2.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D1%85%D1%82%D0%B0%D1%80_%D3%98%D0%BB%D0%B8%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D3%98%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2#cite_note-0
3. http://www.inform.kz/kaz/article/2205279
4. http://biografia.kz/famous/2867