Ық қорғау органдары қызметшілерінің мораль нормалары мен принциптері.
Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш құралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайында мораль нормалары мен принциптерін сақтай отырып дұрыс мінез – құлық көрсетуін талап етеді.
Бірақ кейде кездесетін белгілі бір жағдайлар оларға қызметтік міндетін тиянақты орындау үшін моральдық нормаларға сыймайтын әрекеттерге баруға, яғни мораль нормасының талаптарын бұзуға тура келеді.. Бұл жердегі күрделілік құқық қорғау орган қызметкерінің адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтіндігі де емес, мәселе – осы талаптардың бір-біріне қайшы келуінде.
Мысалға, құқық қорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болса дағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеленістердің қатарынан сыртқы және ішкішиеленістерді атауға болады. Сыртқы шиеленістер адамдар арасындағы адамгершілік шиеленістер ретінде көрініс табады (тұлға – қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға,топ-топ,топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі шиеленістердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тағы бір ерекшелігі – кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адам санасында бір мезетте екі адамгершілік жүйелер қалыптасады: біріншісі-ол өзі қабылдаған көзқарастар жүйесі; екіншісі-қылмыстық ортада негізге алынған көзқарастар, ал қызметкер өз жүріс-тұрысын осы екінші жүйеге негіздеп, оңтайландыруы керек. Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиеленіске түседі. Біріншісі өзі қабылдаған көзқарастар болса,
екіншісі-қылмыстық ортада негізге алынған көзқарастар.
Моральдық шиеленістерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігітуралы ереже көп жағдайда орын алады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері өз қызметтерін атқаруда мынадай мораль қағидаларын басшылыққа алады: 1) Коллективтік және 2) адамгершілік. Коллективтік немесе ұйымдық қағидасы өз ішінде мынадай қағидаларға бөлінеді:
Мақсат пен еркінділіктің бірлігі қағидасы, бұл дегеніміз бірдей мақсат адамдарды жинап, олардың біртұтас еркін тудыра отырып, оған жетуге бағыттайды.
Қызметтестік және өзара көмек қағидасы,құқыққорғау органдарында “өзін өле бер, бірақ серігіне қол ұшынды бер” дегендей қызмет бабында өзінен қарағанда мұқтаж адамдардың жағдайын жасау қажеттігімен сипатталады.
Демократиялық қағидасы, яғни құқыққорғау органы қызметкерлерінгің өз қызметтерін заңға сәйкес қоғамның мүддесін, пікірін есепке ала отырып атқаруды көздейді.
Тәртіп қағидасы,яғни барлық құқыққорғау органдары қызметшілері бірыңғай ішкі тәртіпті сақтауы керек, ол қажетті нәтижеге жетуде негізі рөл атқарады. Ал енді гумандылық немесе адамгершілік қағидалары өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:
Заңдылық қағидасы, өзі атынан айтып тұрғандай бұл қағида бойынша құқыққорғау органы қызметкерлері Ата Заңымызды, басқа заңдарды басшылыққа алып қызмет атқаруы тиістігін көрсетеді.
Ақиқат немесе шындық қағидасы, бұған сәйкес мысалы, тек заңда тыйым салынған әрекетті жасаған адам ғана жауапкершілік санкциясы қолданылуы керек; жасаған құқықбұзушылық әрекетіне сәйкес жаза қолданылуы керек; бір құқықбұзушылық үшін адамды қайталап жауапкершілікке тартуға болмайды деген сияқты қағидалар қолданылады.
Дәріс 5. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындар-дың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.
Дәріс мақсаты: Мораль және құқық, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы, мораль факторлары мен факторларының заңгер қызметіндегі спецификасы туралы анықтау.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Моральдың әлеуметтік сипаты.
2.Мораль және құқық, олардың өзара байланысы айырмашылықтары.
3. Мораль факторлары.
4. Заңгердің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі.