СӘтмаҒамбет мҰртазин
Сәтмағамбет Мұртазин Торғай уезі Наурызым болысының Қайғы ауылында белгілі дінбасы Мұртаза хазіреттің отбасында дүниеге келген.
Арғынның Тағышы руынан шыққан ақын 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен ұсталып қуғын-сүргін көрген. Басқа өмір деректері белгісіз.
ТУҒАН ЖЕР
Туған жер шөбің алтын, жерің жанат,
Науқасқа суың шипа, дертті жазат
Күйіктің ху-зу еткен қамыстары
Сыртылдап дыбыс берген бейне сағат.
Бозқасқа, Қызбел мына екі қабақ,
Арасы Қайғы – Күйік тару алап.
Бас иер күндік жерден шаттық жүзбен
Күбірлеп есендесіп екі манат.
Бозқасқа бозбалаша күлімдесе
Қызбелің сыланбай ма шашын тарап.
Бес аша, Жалғыз төбе Қыземшектен
Қызбелді қашатындай тұрған қамап...
ТҮЙІН СӨЗ
Біздің еліміздің оқыған, ұлтшыл азаматтарының көбі дерлік түрмелі қуғын, сіргелі сүргінді көрген. Ол – ақиқат. Тәндері емес, жандары ыстық табада күйсе де, мойымай, азаматтық ұстанымдарынан, наным-сенімдерінен, елге, жерге деген махаббаттарынан бас тартпай, адал болды.
Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабай айтпақшы, «Сұм өмір абақты ғой саналыға». Кешегі «шаш ал десе, бас алған» заманда түрмеге түсіп, қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілген қазақ боздақтарының саны едәуір көп болған ғой... «Қазақ әдебиетіндегі түрмеде жазылған шығармалар» деп аталатын ауқымды циклдың өзіндік ерекшелігі, поэтикалық айшықтары бар екенін сөз басында айтып өткен болатынбыз. Қолыңыздағы антологиялық жинаққа түрмеге түсіп, айдауға ұшыраған ақындар шығармаларының бір парасы ғана жарияланып отыр. Әлі баспа бетін көрмегені қаншама! Сол сияқты сіз бен бізге бейтаныс ақындар да көп. Олар – шаң басқан мұрағаттарда жатыр.
Шығыс Түркістанда Шарғын Әлғазыұлы есімді ақын өткен. Ол да азап шегіп, түрмеге қамалып, айдау көрген. Оның да түрмеде, қуғын-сүргінде жүргенінде жазған жырлары бар. Үлкен дін қайраткері, Алаш азаматы Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарымсақовтың түрмеде жазған шығармалары өз алдына бір төбе! Әнші, сазгер Капез Байғабылұлының өзекті өртейтін жырларын айтпай кетуге бола ма! Міне, осы сықылды мына ұланғайыр атыраптың түкпір-түкпірінде ел мен жердің болашағы үшін бастарын қауіп-қатерге тігіп, шайқасқа түскен ерлер көп болған. Сол асыл ерлердің әдеби мұраларын туған елімен қауыштыру, жас өскіннің назарына ұсыну – кезек күттірмейтін мәселе болып табылады.
Біздің жұмыс жоспарымыздағы үлкен мәселенің бірі – осы түрмеде жазылған шығармалардың келесі жинағын құрастыру, оқырманның пайдасына жарату. «Тірілмек сөз, жанбақ шырақ» (М.Мағауин) көп әлі...
ЫЛЫМИ ТҮСІНІК
Қасіретті жылдардың ақиқаты –бұл жас әдебиет зерттеушісі Е.Тоқтарбайдың «Тағдырлы жылдар, тағдырлы жырлар» атты осы антологиялық жинаққа арнайы жазған алғы сөзі немесе аңдатпасы.
Қазақ әдебиетіндегі түрме шығармашылығы –бұл жас әдебиет зерттеушісі Е.Тоқтарбайдың түрмеде жазылған шығармалардың тарихы мен поэтикасы турасында жазылған ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылыми-зерттеу жұмысының толық нұсқасы монографиялық еңбек болып жарияланған. (Қараңыз:Тоқтарбай Е. Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең. Алматы: Баянжүрек, 2015. – 248 б.)
Иманжүсіп Құтпанұлы. Ақынның өлеңдері «Егемен Қазақстан» газетінен алынды.
Тобағұл Мұсабайұлы.Ақынның өмірбаяны, өлеңдері «Сібірден жазылған өлең-хаттар» кітабынан алынды.
Ахмет Байтұрсынұлы.Ақынның өлеңдері«Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағынан» және С.Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» кітабынан алынды.
Ығылман Шөрекұлы.Ақынның өлеңдері «Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Байқадам Қаралдыұлы.Ақынның өлеңіКүнімжан Байқадамованың «Байқадамовтар әулеті» атты кітабынан алынды.
Мәди Бәпиұлы. Ақынның өлеңдері «Мәдидің мәңгі жасар өлмес әні» кітабынан алынды.
Олжабай Нұралыұлы.Ақынның өлеңдері «Олжабай Нұралыұлы шығармалары» кітабынан және олжабайтанушы, ф.ғ.к., доцент Қ.Р.Кемеңгердің жеке ғылыми мұрағатынан алынды.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.Ақынның өлеңдері «Ізтілеуұлы Т. Шығармалары – І том, мінажат, көңіл қос, жоқтау өлеңдері және түрмеде жазған жырлары» кітабынан алынды.
Файзолла Сатыбалдыұлы. Ақынның өлеңдері «Шерлі жылдар, шерулі жырлар» және шежіреші Ғ.Әмірхамзаұлының «Дүние шуылы жоқ неткен тынық» кітабынан, «Қазақ», «Қостанай таңы» газеттерінен алынды.
Пышан Жәлмендеұлы.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Міржақып Дулатұлы.Ақынның өлеңдері«М.Дулатұлы. Алты томдық шығармалар жинағынан» алынды.
Әлмұхаммед Оспанұлы.Ақынның өлеңдері«Өсиет» кітабынан алынды.
Қаби Құттыбайұлы.Ақынның өлеңдері «Торғай ақындарының антологиясы» жинағынан алынды.
Ақыш Аймағамбетов.Ақынның өлеңдері «Торғай ақындарының антологиясы» жинағынан алынды.
Арап Әмірұлы.Ақынның өлеңдері «Алакөлдің ақиық азаматтары» кітабынан алынды.
Насихат Сүгірұлы.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар», «Еділ-Жайық – екі су» кітаптарынан алынды.
Зәкария Сағындықұлы.Ақынның өлеңдері «Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Сәдуақас Ғылмани.Ақынның өлеңдері«Ғылмани С. Шығармалары» және «Омбының Алаш дәптері» кітаптарынан алынды.
Бәлдік Байтоғайұлы.Ақынның өлеңдері «Зобалаң заман іздері-ай», «Мөлдір тамшылар» кітаптарынан алынды.
Мағжан Жұмабай.Ақынның өлеңдері «Жан сөзі» кітабынан алынды.
Сәкен Сейфуллин.Ақынның өлеңдері «Аққудың айрылуы» кітабынан алынды.
Ғабдолла Керменбаев. Ақынның өмірбаяны мен өлеңдері Балтабай Уахитовтан алынды. Балтабай ақсақалдың әкесі Уахит Ғабдолланың туған інісі. Бізге мәліметтерді берген – әдебиетші Батырлан Сағынтаев.
Ақтас Тұрғымбайұлы.Ақтас Тұрғымбайұлының жинаққа берілген бұл өлеңдері Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі» облыстық тарихи-өлкетану өлкетану мұражайының қорында сақталған қолжазбасынан алынған. Жазып алған – әдебиетші Сағынтаев Б. (№17 папка). «Қойбақ Ақтас ақын туралы // қолжазба (Жазып алған – Тоқтарбай Е.) 2011 ж.», «Тұрғымбайұлы А. Мұңға толы жыр дәптері // Торғай газеті, №21(863) 30 мамыр, 2014 жыл» деректері қамтылды.
Ахат Шәкерімұлы.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Шәкір Әбен. Ақынның өлеңдері «Шыңғыстау» кітабынан алынды.
Таңжарық Жолдыұлы.Ақынның өлеңдері «Жолдыұлы Т. Шығармаларының толық жинағынан» алынды.
Нұржан Нұғыманов. Ақынның өлеңдері мен өмірбаяны өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдиннің «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым» атты кітабынан алынды.
Шахан Мусин.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар», «Өлең. Өмір. Өнер (жырлары мен жазбалары)» кітаптарынан алынды.
Қайым Мұхамедханұлы.Ақынның өлеңдері «Мұхамедханов Қ.Көп томдық шығармалар жинағы» кітабынан алынды.
Асанбай Асқаров.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Бүркіт Ысқақов.Ақынның өлеңдері «Қапаста жазылған хаттар» және де «Бұл менің көз жасым ғой қан аралас...» кітаптарынан, «Сарыарқа», «Қасым» журналдарынан алынды.
Керейғазы Нұрсадықұлы.Ақынның өлеңдері «Мұнар күндер» кітабынан алынды.
Сәден Әнуарұлы.Ақынның өлеңдерін жеткізген әдебиетші Тынысбек Рысханұлы, жазып алған – әдебиетші Елдос Тоқтарбай.
Қайрат Рысқұлбек. Ақынның өлеңдері «Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Байдүкен Жұмаділұлы.Ақынның өлеңдері«Қапаста жазылған хаттар» кітабынан алынды.
Сәтмағамбет Мұртазин. Ақынның бұл өлеңі әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған. Жеткізген – Теміржан Әбеуов.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Тоқтарбай Е. Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең. Алматы: Баянжүрек, 2015. – 248 б.
2. Қапаста жазылған хаттар. / Құраст.: Е.Дүйсенбайұлы. – Алматы, 1992. – 152 б.
3. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды// Егемен Қазақстан, 2004 жыл. 20 наурыз.
4. Мұсабайұлы Т. Сібірден жазылған өлең-хаттар. – Аякөз: 1992. – 36 б.
5. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-Шежіре, 2013. – 340 б.
6. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат. – Алматы: Қазақстан-Шапағат. 1992. – 112 б.
7. Байқадамова К.Байқадамовтар әулеті. – Алматы: Білім, 2009. – 296 б.
8. Торғай ақындарының антологиясы. І том. / Жалпы ред.басқарған: А.Қалиев, құраст.: Б.Сағынтаев. – Арқалық: АрқМПИ баспаханасы, 2014. – 325 б.
9. Мәдидің мәңгі жасар өлмес әні: Өлеңдер, әндер, арнаулар, естеліктер, повесть. / Құраст.Ғ.Тәуекелова. – Алматы: «Білім» баспасы ЖШС, 2013. – 288 б.
10. Нұралыұлы О. Шығармалары. – Алматы: Шартарап, 1995. – 232 б.
11. Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. І том, мінажат, көңіл қос, жоқтау өлеңдері және түрмеде жазған жырлары. Құраст.:М. Байділдаев, А.Алматов. – Алматы: Жазушы, 2007. – 312 б.
12. Сатыбалдыұлы Ф. Шерлі жылдар, шерулі жырлар. – Қостанай: Баспа үйі, 2004. – 470 б.
13. Сатыбалдыұлы Ф. Ізі бар ата мирас ел азбайды. // Қазақ, 2006, 2 маусым.
14. Әмірхамзаұлы Ғ. Дүние шуылы жоқ неткен тынық. – Қостанай: Шапақ, 2014. – 629 б.
15. Сатыбалдыұлы Ф. Өлеңдер. Қостанай таңы, 2004. 15 маусым.
16. Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Мектеп, 2013. 1 том. 320 б.
17. Оспанұлы Ә.,Оспанұлы Ж. Өсиет. – Қостанай:Шапақ, 2011. – 254 б.
18. Кендірбекұлы А.Алакөлдің ақиық азаматтары. – Алматы: Люкс Биндер Сервис, 2007. – 224 б.
19. Сүгірұлы Н. Еділ-Жайық – екі су. – Алматы: Арыс, 2001. – 200 бет.
20. Ғылмани С. Шығармалары. / Құраст.: Д.Қамзабекұлы. – Алматы: Ел-Шежіре, 2010. – 392 б.
21. Қамзабекұлы Д. Омбының Алаш дәптері. – Алматы: Жазушы баспасы, 2013. – 368 б.
22. Бәлдікқызы Х. Мөлдір тамшылар. – Алматы:Дайк-Пресс, 2003. – 200 б.
23. Кәкімжан Х.Б. Зобалаң заман іздері-ай. – Астана:Агробаспа, 2009. – 156 б.
24. Жұмабаев М. Жан сөзі. – Алматы: Раритет, 2005. – 252 б.
25. Сейфуллин С.Аққудың айрылуы. – Алматы:Атамұра,2003.– 224 б.
26. Балтабай Уахитов. Қолжазба// (Жазып алған – Сағынтаев Б.).2014 ж
27. Қойбақ Ақтас ақын туралы // қолжазба (Жазып алған – Тоқтарбай Е.) 2011 ж.
28. Тұрғымбайұлы А. Мұңға толы жыр дәптері // Торғай газеті, №21(863) 30 мамыр, 2014 жыл.
29. Әбенов Ш. Шыңғыстау. – Астана: Фолиант, 2011. – 504 б.
30. Жолдыұлы Т. Шығармаларының толық жинағы. І том. – Астана: Елорда, 2001. 424 б.
31. Таңжарық шығармалары. І-том. – Алматы: Жазушы, 2012. – 480 б.
32. Таңжарық шығармалары. ІІ-том. – Алматы:Жазушы, 2012.– 525 б.
33. Байділдин Ш. Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым. – Екібастұз: 2011,416 б.
34. Мусин Ш. Өлең. Өмір. Өнер (жырлары мен жазбалары). – Алматы: Арыс, 2013. – 280 б.
35. Мұхамедханов Қ.Көп томдық шығармалар жинағы. Т 7. – Алматы: Ел-шежіре. – 312 б.
36. Ысқақов Б. Бұл менің көз жасым ғой қан аралас... – Қарағанды: Болашақ-баспа РББ, 2014. – 94 б.
37. Ысқақов Б. Түрмедегі төрт өлең. // Сарыарқа, 1999 жыл. №6.
38. Ысқақов Б. Тас еденнің ызғары // (Кілт) Қасым, 2014. №6 (20) Қараша-желтоқсан.
39. Рысхан Тынысбек.Сәден Әнуарұлы // қолжазба (Жазып алған – Тоқтарбай Е.) Арқалық, 2014 жыл, 18 қазан-мамыр, 2014 ж.
40. Нұрсадықұлы К. Мұнар күндер. – Алматы: Тоғанай Т, 2010. – 432 б.
МАЗМҰНЫ
Қасіретті жылдардың ақиқаты
(алғы сөз)...............................................................................................................
Қазақ әдебиетіндегі түрме шығармашылығы...................................................
Иманжүсіп Құтпанұлы (1863–1929)...................................................................
Тобағұл Мұсабайұлы (1871–1937)......................................................................
Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1937).....................................................................
Ығылман Шөрекұлы (1876–1932).......................................................................
Байқадам Қаралдыұлы (1877–1930)....................................................................
Мәди Бәпиұлы (1880–1921)..................................................................................
Олжабай Нұралыұлы (1881–1935)......................................................................
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882–1939).................................................................
Файзолла Сатыбалдыұлы (1883–1959)...............................................................
Пышан Жәлмендеұлы (1884–1921)....................................................................
Міржақып Дулатұлы (1885–1935).......................................................................
Әлмұхаммед Оспанұлы (1886–1966)..................................................................
Қаби Құттыбайұлы (1888–1939)..........................................................................
Ақыш Аймағамбетов (1893–1942)......................................................................
Арап Әмірұлы (1897–1938).................................................................................
Насихат Сүгірұлы (1889–1937)...........................................................................
Зәкария Сағындықұлы (1890–1930)...................................................................
Сәдуақас Ғылмани (1890–1912).........................................................................
Бәлдік Байтоғайұлы (1891–1944)........................................................................
Мағжан Жұмабай (1893–1938)...........................................................................
Сәкен Сейфуллин (1894–1938)...........................................................................
Ғабдолла Керменбаев (1897–1987)....................................................................
Ақтас Тұрғымбайұлы (1899–1937).....................................................................
Ахат Шәкерімұлы (1900–1984)...........................................................................
Шәкір Әбен (1900–1994).....................................................................................
Таңжарық Жолдыұлы (1903–1947)....................................................................
Нұржан Нұғманов (1910–1994)...........................................................................
Шахан Мусин (1913–1999).................................................................................
Қайым Мұхамедханұлы (1916–2004)...............................................................
Асанбай Асқаров (1922–2001)...........................................................................
Бүркіт Ысқақов (1924–1991).............................................................................
Керейғазы Нұрсадықұлы (1940–2008).............................................................
Сәден Әнуарұлы (1942–1994)............................................................................
Қайрат Рысқұлбек (1966–1988)..........................................................................
Байдүкен Жұмаділұлы..........................................................................................
Сәтмағамбет Мұртазин.........................................................................................
Түйін сөз................................................................................................................
Ғылыми түсінік.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................