Б) Тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары

Ал тақырып оқылған соң тақырыптық бақылау жұмысы орындалады. Қорытынды бақылау жұмыстары ірі тараулардьң соңында жүргізіледі.

Осы құралда жинақталған жұмыстар оқушы білімін бағдарлама талабына сәйкес үш деңгейде тексеруге мүмкіңдік береді.

1-деңгей. Оқу материалын қайталап айтуы.

2-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен белгілі жағдайларды түсіндіруге қолдануы.

3-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен таныс емес жағдайларды түсіндіруге қолдануы.

Осы жүйемен құрастырылған тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарынан нәтижесінде физикадан ең негізгі білім элементтері мынадай төрт бағытта тексеріледі.

I. Физикалық шамаларды білу:

1) шамалардың анықтамасы;

2) олардьң шартты белгіленуі;

3) есептеу формуласы;

4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысы;

5) физикалық шаманың өлшем бірлігі;

6) физикалық шамаларды өлшеу тәсілдері.

II. Физика заңын білуі:

1) заңының тұжырымдамасы;

2) заңның математикалық жазылуы, олардың өзара байланысы;

3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысын графикте бейнелеу;

4) заңньң қолданылу шегі.

III. Физикалық байланыс формуласын білуі:

1) формуланың математикалық жазылуы;

2) формулаға кіретін коэффициенттің физикалык мағынасы, оның бірлігі;

3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысы;

4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысын графикте кескіндеу.

IV. Физикалық кұбылыстарды білуі:

1) кұбылыстың физикалық мәні;

2) құбылыстың туу шарты;

3) құбылысты түсіндіретін теория;

4) құбылыстың өту шартын теория негізінде түсіндіру;

5) теорияның қолданылу шегі.

Бақылау жұмыстарының қорытындысын осы көрсетілгендей бағыттарда жеке білім элементтері бойынша тексеру әр оқушының білімін тақырып бойынша есепке алып отыру мүмкіндігін туғызады.

Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру – оқу процесінің өте маңызды, құрамдас бөлігі болып табылады және білім берудегі жетістіктер көбіне осыларды дұрыс жүргізуге байланысты болады. Тексеру арқылы оқушылардың білімдері мен іскерліктеріндегі артықшылықтары мен кемшіліктерді анықтап,соның негізінде білім беру процесін жүргізуге болады. Дұрыс жүргізілген тексеру оқушылардың оқудағы ауыртплықтарын азайтып,оларды оқу материалының бастысын ажырата білуге бағыттайды және оқылатын материалды талдай алуға үйретеді.

Тексеру арқылы оқушылардың білімдері қалыптасып қана қоймай, нақтылана түседі: физика мен бірге басқа пәндер оқушылар тарапынан жоғары дәрежеде жүйеге келтіріледі.

Білімдерді тексеру – бүкіл сабақ бойындағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстырушы құрал болып табылады. Тексерудің оқу процесіндегі мақсаты мен маңызына, тәсілдеріне байланысты ол түрлі қызметтердіатқаруы мүмкін:

1. бағыттыу қызметі;

2. талдау қызметі;

3. білім беру қызметі

4. тәрбие беру қызметі;

5. дамыту қызметі;

6. бақылау қызметі;

Физика пәні бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі тәсілдері мыналар:

1.ауызша тексеру;

2.жазбаша тексеру;

3.практикалық тексеру;

4.графиктік тексеру;

Кейде соңғы әдісті алдыңғы 2 әдістерге қосып, тексерудің 3 әдісін бөліп қарастырады: жазбаша, ауызшы және практикалық.

Алайда физика курсында физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік графиктерін оқи білу және сол графиктерді сала алуына көп көңіл бөледі,сондықтан физика пәні үшін графиктік әдіс қажетті болып табылады.

Тексерудің негізгі түрлері мыналар:

1.күнделікті(ағымдағы)тексеру;

2.тақырыптық тексеру;

3.қорытынды тексеру;

Тақырыптық тексеру қорытынды тексерудің бір түрі болып табылады,өйткені қорытындыны тақырып, бөлім, тоқсандағы бірнешще тақырыптар бойыншы шығаруға болады. Жылдық емтихандар да осыған жатады. Сондықтан тексерудің 2-түрін бөліп қарастырады: ағымды және қорытынды тексеру.

Физика бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі қызметтері мен олардың оқу процесіндегі рөлдерін қарастырайық.

Тексерудің бағыттау қызметінің нәтижелері мұғалімге оқушылардың іс-әрекеттерін олардың білімдеріндегі кемшіліктердегі жою үшін және оқу материалын одан әрі жетілдіре оқыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың оқып үйренілетін материалдардың басты бөліктерін ажырата білу және олардың назарын негігі сұрақтарға аудару үшін мұғалім материалды түсіндіру кезінде міндетті түрде оқушыларға сұрақ қояды. Оқыту процесін қай түрде өтуіне қрмастан оқушыларға жауаптары сабақтың негізгі мақсатын қамт итын сұрақтар қоюы тиіс.Мұнда да тексерудің бағыттау қызметі көрініс табады,өйткені ол бір жағынан, оқушыларды негізгі материалды ажыратуға бағыттасы, екінші жағынан мұғалім әр сабақта осы негізгің материалдды оқушылардың қалай меңгергендігі жайлы мәләмет алады.

Жаңа материалды игеру кезінде тексерудің негізгі қызметі – білім беру(оқыту)болып табылады. Мұнда тексеру арқылы білім беру жүргізіледі, яғни оқушы жаңа білімдер мен дағдыларды меңгереді. Тексеру тапсырмаларын орындаудың өзі оқыту процесі болып табылады: өйткені ол оқушыға тапсырманың мәтінінен жаңа мәлімет береді; не бұрын қалыптасқан білімін жаңа жоғары дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді; не оқушының бойында роционалды оқу еңбегінің іскерліктерін қалыптастырады, яғни оқулықпен,анықтамалықпен жұмыс істеуді үйренеді.

Материалды қайталап және білімдерді бекіту үшін өткізілетін тексерудің нәтижесінде білім мен іскерлік, дағдылар қалыптасып қана қоймай анықталып нығая түседі; білімдері,танымдық көз-қарастары кеңейеді. Оқушылардыңі өзіндік және бақылау жұмыстарын орындау кезінде бақылау қызметінің ролі артады. Мұнда тексеру арқылы білім,іскерлік,дағдылардың оқушылардың бойында қаншалықты қалыптасқанын анықтайды.Бұл қызметтің басты мақсаты – объективті түрде оқушылардың білімдері мен іскерлік,қабілеттерін анықтау.

Егер тексеру арқылы білімдер мен кемшіліктерді анықтаумен қатар, білім сапасының жақсы немесе нашар болуының себептерін анықтаса, онда бұл жағдайда тексерудің диагностикалық(талдау) қызметі жүзеге асады. Тексерудің диогностикалық бағытын күшейту үшін тапсырмалыр дайындауда алдымен оқушылардың білімдеріндегі артықшалықтар мен кемшіліктер себептері жайлы нақты болжамдар келтірілуі тиіс. Диагностикалық тапсырмалар мұғалімге оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді нақтырақ анықтауға және олардың білім дәрежесін көтеру үшін жасайтын өз еңбюегін белгілі бір мақсатқа сай жүргізуіне мүмкіндік береді.Оқушылардың білімінің жетілуі тек оқу материалының көлеміне ғана емес, сонымен қатар олардыңм интелектуалды іскерліктеріне де тәуелді (жалпылама жасау, қорытындылар шығару, анализ жасау,синтездеу, нақтылау іскерліктерінқалыптастыру, бір сөзбен айтқанда өз білімінің қорын қолдана білу) ал кез келгентексеру оқушының өз білімдерін қолдана білу іскерліктерін қалыптстыруға мүмкіндік береді, бұл оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуын арттыра түседі.

Бұл жағдайда тексерудің жетілдіру (дамыту) қызметі көрініс табады. Мысалы, физикалық құбылыстарды үйреніп – игерілген ұғымдар, заңдар, теориялар негізінде түсіндіру; өзгертілген жаңа жағдайларда өз білімдерін қолдана білу іскерліктерін тексеру осы іскерліктердің қалыптасуын анықтаумен қатар, сол қалыптасқан білімдер мен дағдыларын өз бетінше қолдануға; өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тексеру барысында оқушылардыңм ойлау қабілетін жетілдіру мәні де осыда жатыр.

Тексрудің тәрбиелік қызметі оқушылардың өздерінің оқу жетістіктері жайлы алғашқы, әрі маңызды есепберуінің түрі болып табылады. Тексеру барысында оқушы мұғалім және сыныптас құрбыларын алдында өзінің оқудағы нәтижелерін жөнінде мәлімет бюереді. Оның жетістіктері кемшіліктерінің нәтижелері жалпы көзқарастық бағаға ие болады. Оқушының жауабы, оның білімі, оқуға деген ықыласы оның сыныптағ оқушылар тобының арасындағы орнын; оған деген оқущылардың, мұғалімдердің көзқарасын анықтайды және мұның өзі үлкен тәрбиелік мәнге ие.

Білім беру нәтижелерінің анықтаудың күнделікті және қорытынды тексеру тәсілдерін қолданылуы мүмкн, алайда ол көбіне жеке және фронтальді түрде сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.

Күнделікті тексеруде есепьтерді шығару (тақтада және жеке дара),яғни жазбаша тексеруге көп көңіл бөледі. Оқыту үрдісінде білім сапасын анықтау үшін оқушылардың алған білімінің мөлшерін анықтап, тексеру мен бағалау, нәтижесін саралау ең маңызхды роль атқарады.

Бірақ қазіргі таңда олардың алған білімінің мөлшерін анықтау, бағалау үшін әртүрлі тәсілдермен қатар әр түрлі критерийлер қолданылады. Бүгінгі күні білім беру мен оқушылардың алған білім деңгейін айқындап тексеру, саралауда өзекті мәселелердің бірі – жаңа технглогиялық әдістерді қолдану.

Бұл тұрғыда Қазақстандық білім беру жүйесінде білімді тексерудің тестікрейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыс табуда.

Наши рекомендации