Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу

үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес,құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы

зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық

оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға

және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

Мұғалімдер үшін маңызы

Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын

пәніне қарамастан, басқа оқу нысанында ұсынылған сол ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда

жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінеді (Дереккөздер: Beckman, 1990; Chickering and Gamson, 1991; Collier, 1980; Goodsell,

Maher, Tinto, and Associates, 1992; Johnson, Johnson, and Smith, 1991; Slavin, 1980, 1983).

АЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕНУ

«Қалай оқу керектігін үйрену» тарауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатануүдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.

Метатану» терминіоқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістергеқатысты қолданылады (Flavell, 1976).

Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген

Анықтама беруге болады.

Тарихи шолу

Флейвелл (1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастағы

балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік тапшылығы» деп сипаттайды (Whitebread, 2000).Өз жұмысының нәтижесінде Флейвелл (1976) метатануды өлшеудің үш құрылымын (өлшемдерін) сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін анықтады:

• өзін оқушы деп білу өлшемі; жеке білімгеқатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын. Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.

• мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау-тапсырмаға бағытталған,ол оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды;

• тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оның мониторингі- Сондай-ақ, үшіншіметатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдер мониторингі ретінде анықтайды. Шанк пен Циммерман (1994)балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетінавторлар метатанудың маңызды аспектісіретінде таниды. Флейвелл ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екендігін айтады, олар әр уақытта өз жадыларын басқаруға, проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға қабілетті емес. Алайда, жадының аспектілерін зерттеу бойынша жүргізілген бұдан кейінгі жұмыстар 3–4 жастағы балалардың өздері көп суреттерге қарағанда, саны азырақ суреттерді есте сақтау жеңілірек екендігін сезіне алатындығын анықтады. Бронсон мектеп жасына дейінгі балалар мен балабақшадағы балалардың танымдық дамуын зерттей отырып, олардың көпшілігі ерікті түрде іштей өзін-өзі реттеуге қабілетті деген шешімге келді. Зерттеуші олар да «қалай оқу керектігін үйренеді» деген болжам жасаған. (Bronson, 2000 Осыған қарамастан, олар шешімді қалай қабылдағандарын немесе қандай тәсілді қолданғанын үнемі түсіндіріп бере алмайды, бұл жастағы балалар танымдық әрекет кезінде «өздік басқару» қызметін пайдаланады. Өсе келе, олар өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманың түрін таңдауға, оларды тиімді пайдалануға, өздерінің әрекетін түзетуге немесе қажет болған жағдайда көмек сұрауға, сондай-ақ іс-әрекет аяқталғанша немесе мақсатқа жеткенше «үдерісті» тоқтатпауға қабілетті бола бастайды деді. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды (Whitebread, 2000). Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілтіекендігі анықталды. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондай-ақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогтік тәсілдерді қолданып, қомақты үлес қоса алатындығын көрсетті. Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немеседағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.

Педагогикалық тетіктер:

• оқудың қалай жүретінін түсіну, оқытудың қолайлы стильдерін назарға алу және өмір

бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

• ойлануға жүйелі түрде үйрету;

• өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолда-

рын зерттеу және анықтау;

• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

• тілді, есептеудіжақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.

Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу

үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне

толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. «Қалай оқу керектігін үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Тап осы сияқты танымдық қабілетбар да, сол сияқты танымды тануда бар.«Метатануды» индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті ретінде сипаттайды. Төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. ( білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге, жеке ойлау үдерістерін қағидаттарын зерттеуге; міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготскийоқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «Жақын арадағы даму аймағы» – ЖАДА ретінде анықталды (Vygotsky, 1978). Қолдау көрсететін ересек адам «рефлексивті агент» ретінде жұмыс істей отырып, оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Жером Брунер түрткі болу, бағытталушылық,дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан.

Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады.

Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі (Perry et al, 2002):
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; • оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы, • проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, тапсырманы шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады.

Оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылданатындығына негізделген. Мұндай негіздеме «жағдаяттық тануға» арқау болып табылады (Lave, 1988; Lave and Wenger, 1991), Ньюнс және басқалардың жұмыстарында (1993) Бразилиядағы көше балаларының күнделікті нарықтағы сауда жағдаяттарында есептерді ойша жақсы шығарғанымен, мектептегі математика пәнінен қарапайым жазбаша тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға.Осы жоба бойынша мадақтау мен жазалау жүйесін өзгертукеңес жүргізілді. Зерттеулер оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе, «үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. «Оқушы үні»жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:

оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал ететіндігі расталды.

оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар: и• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын исезінді; и• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;

• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;

• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады; и• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты; и• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.

Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар:

мұғалімнің (1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу - student2.ru

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу - student2.ru

Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы уәжденажырата білген жөн. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу - student2.ru

Түйіндеме:оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.

Наши рекомендации