Бірінші модуль. модульдің атауы 2 страница
Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлыңын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келеі мєселелерін түгел ќамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді.
Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардыњ (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік құрамы (лексикасы) құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындғы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен олар бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде құралады да сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады. Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы жєне әрбір тілдің сөздік құрамы мен дамуы, µзіндік ерекшеліктері жалќы лексикологияда (жеке наќтылы тілдіњ лексикологиясында) ќарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялыќ ќағидаларына негізделеді де, наќты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрѓысынан ќарауы мүмкін. Осыѓан орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдіњ сөздік құрамы шыѓуы замандар бойында ќалыптасуы жєне дамуы, лексиканы құрастырушы арналар жєне олардыњ тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы "қазіргі орыс тілі, "қазіргі ағылшын тілі", "қазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қатқабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциялануы сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым-қатынасына қарай сөздердің топтасуы және тағы басқа мәселелер қарастырылады.
Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
Лексикологияның енді бір саласы- салыстырмалы лексикология, туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады. Оныњ маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шаѓын сөздік қоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екінішіден өрбіп, өсіп сан мыңдаған сөздер қосылып, бұл күнде оның аумғы да арнасыда кеңіді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөздер белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.
Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып табылады. Семасиология лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі мағынаны әрбір сөздің "жаны" десе болады. Лексикологияның семасиология тарауымен тыѓыз байланысты бір саласы-ономасиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналары, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебі неліктен екендігі қарастырлады. Ономасиологияның диалектологияға қатысы бар. Ономасиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикология картасы ономасиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілеріндегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.
Ономасиологияның айырықша бір саласы-ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі антропонимика кісі аттарын зерттеу обьектісі етіп алса, екіншісі топонимика географиялық атауларды зерттеу обьектісі етіп ќарастырады. Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында (лезде) т.б. фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланғанда мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұраќты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады. Лексикология тіл білімінің әсіресе грамматика саласы мен тығыз байланысты. Оның грамматикамен тығыз байланысын әсіресе сөз тудыру тәсілдерінен айқын көрінеді. Сөздердің грамматикалық формаларын тудыру үшін қандай тәсілдер қолданылса, туынды жаңа сөздердің жасалуында да сондай тәсілдер қолданылады. Мысалы, сөздердің бірігуі, қосарлануы, аффикстердің жалғануы форма тудыратын грамматиткалық тәсілдер ретінде де туынды жаңа сөз жасайтын тәсілдер ретінде де қызмет атқарады.
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады.
Сөз грамматикада ұарастырылып зерттеледі бірақ лексикология мен грамматитканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан алып қарастырады, түрліше талдау жасайды. Мысалы, көр, әлеумет деген сөздердің грамматика үшін ең басты жақтары мыналар: көр сөзі- етістік, оның ішінде сабаќты етістік, бұйрық райда; кейде көмекші етістік қызметінде де жұмсалады (айтып көр, жазып көр), әлеумет-зат есім, жалпы есім, атау түлғада зат есімнің жекеше түрі, көптік жалғаусызда көптік ұғымды білдіре алады. Ал лексикология бұл сөздерді тіптен басқаша жақта қарастырады. Лексикология үшін аталған сөздердің басты жақтары мыналар: көр сөзі белгілі дәрежеде қара, байқа сөздермен синонимдес болады. Бұл сөз шығу тегі жағынан қазақ тілініғ тіл сөзі. Әлеумет сөзі халайық, жұртшылық, көпшілік, халық деген сөздермен синонимдес болады.
Қолданылу жағынан алғанда көтеріңкі поэтикалық стильге тән сөз болып табылады.
Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда ќолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен ќызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.
Арнаулы кәсіби тіл – көпфункционалды сипаттағы тіл. Ал арнаулы тіл кемел әдеби тілдің функционалдық бір түрі. Оның а) ақиқатты бейнелеу; ә) білімді сақтау (эпистемалық); б) жаңа білім алу (когнитивтік); в) арнаулы ақпарат беру (коммуникативтік) қызметі бар.
Арнаулы кәсіби тілдің лексика-семантикалық ядросы терминдер болып табылады, ал оған жақын қабатта дайын құрылымдар (стандарттар); шеткері қабатта индивидуалды-авторлық ерекшеліктерді байқататын тілдік бірліктер болады. Индивидуалды-авторлық ерекшеліктер арқылы маман кәсіпке байланысты категория, ұғым, арнаулы реалийлерді сөз қолданыста дәл айқын етіп бере алмайды.
Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді деуге болмайды. Эмоционалды бағалауыш сөздердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі. Олар деңгейі жоғары, көлемі тым үлкен, сирек кездесетін, ұшырасатын жайтты, аса ірі, тым ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр, құнды, құнсыз, тұрақты, тұрақсыз, мүмкін, мүмкін емес, жеткілікті, жеткіліксіз т.б. тәрізді субъективті бағалауыштар. Бұлар арнаулы емес, жалпылама лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер деп аталады. Бұлардың қайсыбірі белгілі бір кәсіптік салада терминдік мағынада да қолданылуы мүмкін.
1.5. Кәсіби бағыт және грамматикалық заңдылықтар.
Жоспары:
1.Сөз таптарының семантикасы
2.Сөйлемдердің семантикасы
Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе.
Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп, жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық.
1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді. Мұндай мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық ұғым – зат есім сөздердің бәріне ортақ жалпы мағына. Зат есім сөз табының ортақ жалпы мағынасы – бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен абстракцияланып алынған жалпы грамматикалық мағына. Ол мағына – зат есім сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасынан мүлдем басқа мағына. Мысалы, кітап, дәптер, ағаш, жидек, шөп, су, теңіз деген сөздердің әрқайсысы өмірдегі белгілі заттардың аты, ол – олардың лексиклаық мағынасы. Ал, осы сөздердің бәрі заттың атын, заттық ұғымды білдіреді, бұл мағына осы сөздердің бәрінде бар, бәріне қатысты және басқа да зат есім сөздің бәріне тән, оларға ортақ мағына. Сондықтан да лексикалық мағына мен сөз табының ортақ жалпы грамматикалық мағынасы – екі түрлі мағына, екі түрлі тілдік құбылыс.
Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мәселен, сын есім сөздердің семантикалық ұстанымы – сындық белгіні білдіруі, сондықтан сын есімге тек сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің семантикалық ұстанымы – сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық ұстанымы – қимыл ұғымы, үтеудің семантикалық ұстанымы – қимылдың белгісін білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы – олардың басқа сөздердің орнына қолданылу қабілеті, жалпылық мағынасы т.б.
Сөздерді сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстаным негізгі қызмет атқарады.
2. Сөздерді таптастыруда семантикалық ұстаныммен қатар, сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі, яғни, екінші ұстаным болып саналады. Морфология – тілдегі сөздердің түрлену жүйесін зерттейтін ғылым. Ал, сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы:
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім (М.Ж.)
Осы өлең жолдарындағы түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –п, –кен, –а, –ар, –сың. Екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –лар, –ың, –ды, –ың, –а, –ың, –мен, –ім.
Бұлардағы 1-топтағы сөздердегі қосымшалар 2-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Керісінше, 2-топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар 1-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Демек, сөзді түрлендіру заңдылығы бойынша тілдегі сөздердің түрленуі сөздердің белгілі топтарына қатысты. Жоғарыда келтірілген 1-топтағы сөздер – етістік, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бар, 2-топтағы сөздер – зат есімдер, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бары мысалдардан көрінді. Олай болса, тілде қалыптасқан заңдылық бойынша тілдегі әр сөз өзінше түрлене бермейді, сөздердің түрленуі белгілі бір сөз таптарына қатысты және әр топтың өзінің түрлену жолы бар. Мәселен, зат есімнің түрленуі мен етістіктің түрленуі бір емес, сондай-ақ етістіктің түрленуі мен сын есімнің түрленуі басқа-басқа. Айталық, заттық ұғымды білдіретін сөздер көптеледі, септеледі, тәуелденеді, сындық белгіні білдіретін сөздер шырайға түрленеді, етістіктер шаққа, райға, жаққа түрленеді де, сөйлемде түрлі тұлғада қолданылады. Сөйлемде сөздердің түрлі тұлғада қолданылуы жеке сөздерге қатысты емес, сөздердің белгілі тобына қатысты. Сондықтан сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл бөлінеді. Сөздердің тобының түрленуі оларда қандай грамматикалық категорияларының барына байланысты. Осымен байланысты, сөз таптарының грамматикалық категорияларын орыс тіл білімінде морфологиялық категориялар деп атау да бар. Демек, сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне тән грамматикалық ерекшелігі, грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты есепке алынады. Есте боларлық жай тілдегі сөздердің топтарының бәрінің грамматикалық категориясы болуы шарт емес, өйткені кейбір сөз таптарының грамматикалық категориялары жоғы да бар. Мысалы, еліктеуіш сөздер, үстеу, одағай т.б. Мұндай жағдайда осы сөздердің түрленбеуінің өзі оның грамматикалық белгісі, сипаты болып есептеледі. Сонда сөздерді топтастыруда сөз таптарының грамматикалық сипаты сөздерді таптастыруда негізгі қызмет атқаратын ұстанымдардың бірі саналады.
3. Сөздерді сөз таптарына таптастыруда негізгі ұстанымдардың бірі болып сөздердің синтаксистік қызметі саналады. Морфологияның сөздерді түрлендіру жүйесінің қызметі, мақсаты – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен дұрыс байланысқанда ғана, сөйлем байланысты ойды білдіреді, яғни, адамдардың тіл арқылы пікірлесіп, бір-біріне ойын білдіруі сөйлемдегі сөздердің байланысына тікелей қатысты. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі қалыптасқан. Әр сөзтұлғаның сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ал, сөздердің түрленуі сөз таптарына қатысты болғандықтан, сөз таптарын таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі сөздерді таптастыру ұстанымдарының 3-белгісі, 3-түрі саналады.
Демек, сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен, зат есім сөздердің бастауыш, толықтауыш қызметін атқаруы, сын есім, сан есім сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады.
Осы сөз таптары сөйлемнің басқа да мүшелерінің қызметін атқара береді. Зат есім сөйлемнің анықтауышы да, пысықтауышы да, баяндауышы да бола береді. Бірақ, бұл қызметтерді зат есімнің белгілі топтары ғана атқарады, яғни, бүкіл зат есім сөздер атқармайды, олардың белгілі топтары, белгілі жағдайда ғана атқарады. Мәселен, анықтауыш қызметті зат есім сөз екінші заттың неден жасалғанын білдіру үшін, екінші заттың алдынан тірескенде атқарады. Мысалы, алтын сағат, кірпіш үі, темір кереует т.б. Зат есім ішінде мекен, мезгіл мәнді зат есімдер мекен мәндісептіктерде қолданылғанда ғана, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, қалада тұрады, күзде келеді т.б.Зат есім ішінде адам аттары, мамандық мәнді зат есімдер сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданыла алады. Мысалы: Сен инженерсің! Оның ағасы – Асқар.
Ал, зат есімнің бастауыш, толықтауыш қызметін барлық зат есім сөздер атқарады, бастауыш, толықтауыш қызметін атқара алмайтын лексикалық мағыналы зат есім жоқ. Сондықтан, бастауыш пен толықтауыш – зат есімнің басты синтаксистік қызметі.
Алайда, тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар, ол – есімдік. Есімдік – табиғатында әр түрлі сөз табының, әр түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Осымен байланысты есімдік қай сөз табының сөзінің орнына қолданылса, сол сөздің синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: Асан ауылы – бұл ауыл, жақсы адам – осы адам, қандай адам? 1000 адам – барлық адам, көрген қойылым – осы қойылым т.б. Сондықтан да ғылымда есімдікті орынбасар сөз деп атау да кездеседі. Сөздерді топтастырғанда, есімдіктің жалпы семантикасы, орнына қолданылған сөз табының қосымшасымен түрленуі, синтаксистік қызметін қызметін атқаруы негізге алынады. Сондай-ақ, сөйлеммүшесі қызметін атқармайтын сөз таптары да бар, олар – шылаулар мен одағайлар. Олардың синтаксистік қызмет атқармауы синтаксистік белгісі саналады.
2002 жылғы «Қазақ грамматикасы» кітабында бұрыннан танылып келе жатқан 9 сөз табына модель сөздер қосылып, 10 сөз табы берілген. Модаль сөздер аналитикалық форманттың құрамында модальдық категорияның көрсеткіші болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер қатарында қалады және олардың саны өте аз. Сондықтан, модаль сөздер жеке сөз таптарының қатарына қосылмайды.
Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың осы үш ұстанымына сүйеніп, тілдегі сөздер қазір тоғыз сөз табына таптастырылып жүр, олар:
1) Зат есім;
2) Сын есім;
3) Сан есім;
4) Есімдік;
5) Үстеу;
6) Еліктеуіш сөздер;
7) Етістік;
8) Шылау;
9) Одағай;
2.Практикалық (лабораториялық) сабақ
2.1. Қазақ тілінің артикуляциалық базасы және фонетикалық ережелер
Жоспары:
1.Тасымал және буын алмасуы
2. Орфографиялық және орфоэпиялық норма
Сөздегі дауысты мен дауыссыз дыбыстардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:
• Ашық буын - Дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа бітеді немесе тек дауысты дыбыстан тұрады.М. а-та
• Тұйық буын - Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. Көбінесе бірінші буында кездеседі. М. ет, ұл-ан
• Бітеу буын- Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. М. жер, қас-қыр.
Тасымал ережелері:
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт,т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды:А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т.б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б. <br /><br />
1. тапсырма: «Кім жылдам?» сайысы. Буынға бөліп, буын түрлерін анықтау қажет.
1-топқа:
табыс, өрік, оймақ, жапырақ, әнұран, табақ, үй;
2-топқа:
ата, қамал, жүйрік, от, белбеу, дұрыс, аманат;
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден ... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар)
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең)
10. Тіл қылыштан ... (өткір).
11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
12. Тілден артық ... (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).
15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).