Ендігі сөз Тобыш, оның Шегем руынан бастаймыз.

ТАЗ

Таздан үш бала - Жастабан

Шарға

Абдал

Жастабаннан үш бала - Байсары

Сүйірбас

Бөлек

Шарғадан сегіз бала - Асан

Жақсыбай

Сырлыбай

Күнбас

Жынтай

Ақсерке

Жолым

Жиен

Абдалдан неше бала екені белгісіздеу - Жапақ

Келдібай

Көшей (Жетіғара)

Бессары

Өтес

Абдалдың балаларының қалып қоюы мүмкін.

БЕРІШ

Беріштен екі бала - Бәйсейіт

Байбақты

Бәйсейіттен үш бала - Жайық

Қаратоқай

Есенғұл

Байбақтыдан төрт бала - Жаңбыршы

Себек

Есен

Құлкеш

Бегіс Беріштен қыз алған күйеу. Беріш ішінде өсіп-өнгендіктен өзінен-өзі Беріш болып кеткен. Бегіс Жетібаулы Берішке кірмеу керек.

ЕСЕНТЕМІР

Есентемірден неше бала екенін толықтыру керек етеді.

Білетіндерім мыналар - Тағашы

Көн

Қаратамыр

АДАЙ

Адайдан екі бала - Құдайке

Келімберді

Адайлар ерте заманда Кіші жүздің басқа рулары сияқты Алатауды мекендеген ел. Мынандай аңыз бар:

Адайдың баласы Құдайкенің ауылы жазғұтырым әлі мұз түспей тұрғанда көшеді. Дариядан (қай дария екені белгісіз, Алатаудағы өзеннің бірі болуы керек) өтіп, қонатын болып келе жатқанда көш те, мал да мұздың үстімен дарияның орта тұсына жеткен кезде, мұз ойылып кетіп, Құдайкенің түгелдей үй-іші, малы да суға кетеді. Құдайке ажал жетпей тірі қалады. Інісі Келімбердінің үйінде жатып қалады. Бұл кезде Құдайке жасы жеткен үлкен адам болу керек.

Адайдың ертеде өткен қарттарынан қалған аңызға қарағанда Құдайкенің көші кеткен дария осы күнгі Шу өзені екен. Сол мал мен жан кеткенде Шу деп кетіпті дейді, солай ма, әлде олай емес пе оны білмеймін.

Арада айлар, жылдар өтеді. Келімбердінің әйелі аңды кісі екен. Сол кісі қайнағасының кіші дәретін көріп, (шамасы Құдайкенің қайғысын басқысы келді ме кім білсін) інісі Келімбердіге мына кісінің дәретінде әлі де қайраттың нышаны бар, әйел алып бер деп ақыл айтыпты.

Келімберді ағасына әйел іздейді. Сонда бір төреде жаудан келген бір көзі соқыр жесір әйел бар екен. Келімбердінің әйелі былай дейді: Жасы үлкен адамға жұрт қызын бермес, сондықтан осы әйелді алып бер деп кеңес береді. Сол бойынша Келімберді ағасы Құдайкеге осы әйелді алып береді. Ол әйел түркпен қызы екен. Құдайке осы әйелден екі ер балалы болады: Тәзіке

Қосай

Тәзікеден үш бала - Қабақай

Өтей

Сарке

Тәзіке балалары, Кіші жүздің рулары қалмақтарды Жем, Сағыз, Тайсойғаннан қуып, Еділ мен Жайықтан асырғанда бос қонысқа барып, түгелге дерік Нарынды қоныс еткен. Бірнеше баулы көпшілігі Беріш, ішкі Орда аталатын Нарында қалған. Бұл Еділ, Жайық арасы.

ОСАЙ

Қосайдан алты бала - Байбол

Тіней

Бәли

Сүйіндік (Жаманадай)

Әйтей

Бегей

Байболдан төрт бала - Есенқұл

Мәмбетқұл

Есембет

Жұлдыз (Қадыр)

Есенқұлдан бес бала - Есек батыр

Нұрбай

Қоңыр

Еміл

Өрезек

Мәмбетқұлдан бес бала - Тоқтамыс

Тоқпанбет

Арыстан

Балтай

Есқолды (киімді баласы дейді)

Тінейден екі бала - Арық

Таңат

Арықтан екі бала - Тәңірберген батыр

Құдайберген

Тәңірбергеннің үш әйелінен туған балалары : -

бәйбішесінен екі бала - Сейтмембет

Қылыш

тоқалынан екі бала - Бұйрабас

Түгелбай

Тәңірберген таңдап алған Бекбике сұлудан төрт бала. Ембі ауданына қарасты Бекбике промыселі батырдың ақ биенің сүтіне шомылдырып алған сүйікті Бекбикесінің атына қойылған жердің аты.

Кіші жүздің батырлары Жайық бойындағы Сарайшықты шапқанда қолға түскен Тәңірберген батырдың қалмақ қызы Шөжеп деген әйелінен де тұқым бар. Оның тұқымы

Манғыстау ауданынында тұратын азамат Амандықов Шоқай.

Шоқайдан екі бала - Әлібек

Жетібек

Арықтың екінші баласы Құдайбергеннен үш бала - Қасаболат

Бекболат

Байдәулет (Байдәулет кейін Маябас деп атанып кетіпті)

Тінейдің екінші баласы Таңаттан үш бала - Өтеміс

Қасқа

Қоныс

Қоныстанекі бала - Есенбай

Жаулыбай

БӘЛИ

Бәлиденекі бала - Есберді

Есқара

Есқарадан екі бала - Жарылғап

Жарбол

Жарылғаптанекі бала - Есен

Өтеп

Есенненалты бала - Байбақты

Асан

Үсен

Бөпеқара

Боқан

Қуаш

Байбақтыдан жалғыз Жабағы.

Асаннан жалғыз Жақай, одан тұқым жоқ.

Үсеннен мыналар – Ақыл

Дәулетбай, балалары Шорабек, Мейір, Орақтар.

Бөпеқарадан жалғыз Нақыл, одан тұқым жоқ.

Боқаннан бес бала бар, бәйбішеден - Қонақ

Жәніке

Бәніке

Тініке

тоқалдан - Айдаралы

СҮЙІНДІК (ЖАМАНАДАЙ)

Сүйіндіктенүш бала - Бөгілі

Мырза

Құрманқұл

Бөгіліден бес бала - Құдайназар

Қараменде

Құл

Бұқар

Тоқа

Құдайназардан төрт бала - Алтай

Қарпық

Ақсары

Шақшақ

Қарпықтан екі бала - Қожабек

Қашқын

Қожабектен бес бала (бес Қожабек) - Байғабыл

Жанғабыл

Маңдай

Жарқымбет

Жұлдыз

Қарамендеден екі бала - Шектібай

Сейтім

Бұларды Табынай Табылды батырдың қызынан туған, Әбілхайыр ханның Бопайдан туған балаларымен бөле дейді.

Сүйіндік Құрманқұл деген баласын біреулер Ауғанстанға ауып кетіпті десе, ал, екінші біреулер Кіші жүз Алатаудан көшкенде Адайдың мал бағып,шаруада жүрген жеті баласы көшкен елден адасып қалып, Ұлы жүзде «Құрама» деген ел болып, сонда қалып қойды дейді. Шынында да ғалым Иманжоловтың айтуы бойынша Ұлы жүзде «Құрама» деген ел бары анық.

Ескерту:- Сүйіндіктің Қараменде мен Құдайназардан басқа балаларының аталары мәлімет жоқ болғандықтан енген жоқ.

Қосайдың алты баласының екеуі Әйтей мен Бегей, әкесі Қосайдан теріс бата алғандықтан өспей қалды дейді. Гурьев облысының солтүстік аудандарында аз да болса Әйтей мен Бегейдің орындары бар. Бұл екеуіде аз болғандықтан аталық ру жігіне айырмайды.

Қосайдан тараған рулар өздерін Қосаймыз демей, Түркпенадаймыз дейді. Бұл туралы екі аңыз бар.

Біріншісі: - арғы шешесі түркпен қызы болғандықтан Түркпенадаймыз дейді.

Екінші аңыз бойынша, олай емес. Қосайдың ұрпақтарының көбі ер, батыр болған. Тәңірберген, Есек, Тоқтамыс, Тоқпанбет батырлар Кіші жүз рулары осы күнгі қонысқа келгенде түркпендермен жауласып, олардың малын, мүлкін, киім-кешегін пайдаланып кеткендіктен Кіші жүзден басқа рулары Қосай балаларын Түркпенадай деп атап кеткен дейді.

Еңсеп қарт соңғы аңызды жақтайтын көрінеді.

Сүйіндіктің Жаманадай атауында мынадай аңыз бар. Басқа ел көшіп-қонып, үркіп жүргенде, бұл ел көшпей отыра берсе керек. Соны көрген көрші Табын, Шектілер Сүйіндікті мыналар Жаманадай деп атаған дейтін сөз бар.

Мәмбетқұлдан туған Тоқтамыс, Тоқпанбет, Арыстан, Балтай өздерін Мәмбетқұлмыз демей Шалбармыз дейді.

Мынадай аңыз бар: - Сарайшықты шапқанда басқа Кіші жүздің батырлары Адайларға олжаны аз береміз, олар олжаға үлесті аз қосты деп дау шығарғанда, Тоқтамыс пен Тоқпанбет батырлар жарғақ шалбардың балағын шешкенде асыл тастар, алтын мен күміс, лағыл мен гауһар түсіп, ол алынған малдан әлде қайда көп болған. Осыдан Шалбар атанған дейді.

Қосай балаларына берілген Түркпенадай, Жаманадай, Шалбар деген сөздердің кейін шыққан атақ екенін Адай туралы шежіре растайды.

КЕЛІМБЕРДІ

Келімбердіден алты бала - Құнанорыс (Рысқұл)

Ақпан

Балықшы

Бұзау

Тобыш

Мұңал

Құнанорыстанекі бала – Жанбай

Жантуған

Жанбай жаудан өлгенде әйелі екі қабат қалады да, ер бала табады. Оның атын Жортыс қояды.

Жортыстан үш бала - Тегенбай

Түгелбай

Қайым

Тегенбайдан үш бала - Өтен

Қайдауыл

Боғай

Боғайдан екі бала - Еспенбет

Өтеғұл

Түгелбайдан бір бала - Шортан

Шортаннан бес бала - Сарт

Сауран

Ес

Жазық

Кішкентай

Қайымнан Жетіқара туады.

Екінші баласы Жантуғанның бәйбішесінен – Сүйіндік.

Жанбай өлгесін оның әйелін алады да, одан үш бала - Жүнді

Қайыпназар

Қасбақбай

Сүйіндіктен– Қожамжар туады.

Қожамжардан бес бала – Жиенқұл (Шабай батыр)

Әлдеке

Мес

Қатпа

Кенжебай

Бұлар өздерін бес Қожамжармыз дейді. Жалпы Құнанорыс аз ауыл, жалпы саны мың шамалы үй. Кеңес дәуірінде оқығандары бар. Қондыбаев Тұрар, Құлшаров А, Мыңбаев Ж., Қызылбаев Ж., Бозжігітов Б., Абдрахманов т.т.

Келімбердінің екінші баласы Ақпан өспеген ауыл, әкесінен қарғыс алғандықтан өспей қалған дейді.

Келімбердінің үшінші баласы Балықшы. Оның аты Шыбынтай екен. Жарлы болғандықтан өзен мен теңізден балық аулап күнелткен. Сондықтан Балықшы деп аталып кеткен. Шамасы су көрсе балық аулаймын деп отыра қалатын болу керек.

Балықшыданүш бала - Қостай

Есберді

Жүйрік

Жүйріктен Адайдың атақты Қармыс батыры шыққан.

Қостайдантөрт бала - Қалдыман

Қожағұл

Мәмбет

Жұмат

Балықшы болатын елде де кеңес заманында жоғары білімділер көп. Мысалы: Олжанов, Тасболатов, Ишмуратов Ж., Өтемағамбетов т.т.

Қалдыманнан жырдағы Балуанияз батыр шыққан. Бұлардың қонысы басқа болғандықтан (бұлар Ақтөбе облысының Темір ауданында) жоғарғы адай деп аталады. Олардың рулары түгел жазылған жоқ.

Келімбердінің төртінші баласы Бұзаудан екі бала – Айтумыс

Жеменей

Айтумыстан Шылым жалғыз.

Жеменейден үш бала - Жомарт

Нұрмағамбет (Кедей)

Алдасай

Жомарттың бәйбішесінен туған (бәйбішенің аты Қалаулы) Қожамсүгір жаугершілікте қолына оқ па, найза ма тигендіктен қолы шолақ болған. Сондықтан Шолақ деп аталып кеткен.

Жомарт ханға барып, хан одан бұйым сұрағанда, Жомарт ханға егер бұйымымды шынымен сұрасаңыз: Ақсұқсырымды құшпай бер,

Ақперді атпай бер,

Ақсауытты құшпай бер

Біз қасында жоқпыз. Ел аузындағы аңызға қарағанда хан Жомарттың сұрағандарын түгел берген екен дейді. Ақсұқсыр қалмақтан түскен жесір екен. Кезінде оны бір батыр сауға ма, әлде тартуға ма, таралғыға ма берген.

Ақсұқсырдан Жомарт бір бала көреді. Оның атын Қожағұл қояды. Жомарттың үшінші әйелінен Сұлтанкелді туады. Ажалы жетіп Жомарт өледі, оның артында үш әйелден үш бала қалады. Соның ішінде Ақсұқсыр тым жас қалғандықтан, аға өлсе жеңге мұра, ат өлсе сауыр мұра деген қазақтың ескі салтына сәйкес Ақсұқсырды Алдасайға қосады.

Алдасай жарлы, кәсібі аңшы екен. Алдасай аңнан бір күні таң алдында ауылға келсе, Ақсұқсыр ұйықтап жатыр екен, сірә етек жағы ашық қалғанба қалай, денесінің аппағына көзі түскен Алдасай, пай мына тоқалдың таңының аппағын-ай депті.

- Сонда Ақсұқсыр тұрып, я бұл таңға талайлар қызыққан депті-міс.

- Алдасай сенің ниетің бөлек екен деп, саған талақ деп тастап кетіпті. Ол заманда талақ, талақ және о талақ деп үш рет айтса неке бұзылады екен. Енді Алдасай әйелім деп есептемеген Ақсұқсыр тағы да күйеусіз қалады.

Жеменейдің екінші баласы Нұрмағамбетке (Кедей) оралайық.

Нұрмағамбеттен екі бала - Ақша

Тілеу

Ақша кедей деп аталады. Бұл азғана ауыл, 150 үй шамасындағы ел.

Тілеуден – Көбетай деген бала.

Көбетайдан төрт бала - Азнабай

Жақсыбай

Мыңжасар

Даттыбай

Кедейде де жоғары білімді жастар бар. Сейтмағанбетовтер А.М., Сарин О., Тұманбаев К., Қапашев Ә., Ақсүйеуов Л. т.т. Бұлар өсе келе іргелі ел болып, Қара кедей атанып кетті.

Шылым өте бай болды, бірақ оның баласы болмайды. Балаларым болар ма екен деп Шылым күңін әйелдікке алады, бірақ бала болмайды.

Алдасай талақ тастап кеткен Ақсұқсыр бос отырып, оны Шылым алмайды, себебі Ақсұқсыр Алдасайдан екі қабат күйінде қалған екен. Ол босанғанша неке түспейді.

Ақсұқсыр босанады, ол ұл бала табады, оның атын Зерең қояды. Одан туған Зерең 100 үйге жетпейді.

Шылымның шетсіз, шексіз көкала жылқысын Алдасай қарны ашқанда шетінен алып жей берген.

Ақсұқсыр босанғасын үш ай он күн дегенде неке түсетін болғасын, Шылым оны некелеп алады.

Шылымнан Ақсұқсыр үш бала туады - Ақбота

Көшке

Өрдек

Шылымның күң әйелі ұл бала туады, оның атын Қаратоқа қояды. Әбілғазы, Өтеміс батырлар осы Қаратоқадан шыққан адамдар.

Шылымның бәйбішесі де екі қабат болып, ұл бала туады. Сол бала ержетіп бірінші немересі Жанқұлдан екі бала туады – Теке

Түгел

Бәйбіше аталатын рудан да оқыған жоғары білімділер көп. Жаңбуршин, Нұрғалиев Н., Аралбаев., Шәкіратовтер т.т.

Бұлар Жанқұлмыз, Текеміз, Түгелміз демейді, Шылымның бәйбішесінің атына Бәйбішеміз дейді.

Қазақтың Алматы қаласындағы эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтының директорының ғылыми мәселе жөніндегі орынбасары, медицина ғылымының докторы, «Дәрігерлік кеңес» деген кітаптың авторы Естөре Оразақов осы Бәйбіше руынан.

Көшке аз ауыл, 150-200 үйдің шамасындай. Ел аузындағы ер құны, нар жүгі деген сөздің авторы Доспанбет би осы Көшкеден шыққан.

Адай мен Сұлтансиық арасындағы асқынып кеткен бір дау Доспанбет бидің бір ауыз сөзімен біткен деседі.

Байбақты Сырым батыр әрі би екен. Доспанбет би оған адам жіберіп, Сырым батыр әрі би еді, осы су басынан тұна ма, әлде аяғынан тұна ма? Осыған беретін жауабын Сырым айтып жіберсін деген сөзді естіп отырып: - Сырым, япырмай Доспанбеттің өзі келді ме, әлде сөзі келді ме, ат төбеліндей Байұлы едік, бір жағымыз орыстың шен-шенеуініктері құртып, екінші жағынан Хиуаның ханы жеп жатқанда, мына сөзді айтса айтатын адам Доспанбет би, Доспанбеттен шыққан сөз деп түсінген.

Доспанбет бидің айтып жіберген осы бір ауыз сөзімен екі елдің арасындағы дау бітіп, екі ел ала жіп кесіп, татуласып кеткенде, артынан тыныштық орнаған.

Шылымның Ақсұқсырдан туған екінші баласы – Ақбота

Ақботадан үш бала - Аман

Байгелді

Қангелді

Ақбота іргелі ел. Тек бес ата Аманның өзі 500-600 үй болды. Оның ішінде Қозыбайдың он екі баласы болды.

Қозыбайдың Ерназар деген баласынан – Алшынбек

Қашқынбек

Мұса деген балалары болған.

Ақботаның осы Мұса тұқымынан шыққан ғалым, филология ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл білімі ғылыми институтының ғылыми қызметкері Қабиболла Сыдиықов Алматы қаласында тұрады.

Шылымның Ақсұқсырдан туған үшінші баласы Өрдек.

Өрдектен бес бала - Олжашы

Есен

Кенже

Бөкен

Мамыр

Бұл бес Өрдек жайылса жонға симаған, жабылса көлге симаған мыңғырған көп ел болды. Тек Олжашының өзі 500-600 үйдей болды. Олжашыдан Сегізбайұлы Қорек деген жау жүрек адам шыққан. Ол туралы мынандай аңыз бар.

Қорек Аллақұл ханға барып:-

Хан, басымды кессеңде, тілімді кеспессің. Әділ болсаң жерімді, қонысымды кеңейт. Арқаға барсам орыс Жемнен өткізбейді, саған келсем елімнің мұң-мұқтажын айтсам уәзірлерің басымды аламын дейді. Хан ием кессең бас мынау, ішсең қан мынау, ұшыр мен зекеттен бастап түтінге неше түрлі алым-салық аласың. Алдияр тақсыр, хан ием, төбемнен жүріп, аяғыңа жығылып, құлың болайын дегенде, хан ұзақ ойланып отырып, жас екенсің бір сапар кештім, екіншілей елге ауа салатын сөз айтпа депті-міс.(Ел аузынан алынған сөз)

Өрдектің екінінші баласы Есеннен үш бала - Сейтімбет

Сейіт би

Және қалмақ әйелінен туған - Өтебай.

Есен үлкейген шағында жаудың қолында қалыпты. Сонда інісі Кенженің баласы Қонай батырға былай депті: жау күшті, екеуміз бірдей мерт болмайық , мына әйелді алда сен кет, екіқабат қой, ұл туса атын Өтебай қойыңдар, менің артымды жоқтатпас, ал қыз туса өздерің білесіңдер депті – дейді.

Ұл туып атын Өтебай қойыпты.

Өтебайдан бес бала - Мұрат

Жаналы

Бабалы

Тіналы

Міналы

Бұл Өтебайда да жоғарғы білімді адамдар бар, Тасболатовтар, Дүйсенбаев Ж . т.т

Өтебайда өскен ауыл, бірақ соқтықпа, тентек, әсіресе Мұрат пен Бабалысы ұя бұзар, қазан төгер тентек болады.

Есеннің бір баласы атақты Сейіт би.Өзінің тірі кезінде Сейіт айтыпты-мыс деген сөз бар. Жарлығымды сұрасаң, жалғыз қара бурамен елмен бірге көшіп жүрдім.

Мырзалығымды сұрасаң, сол жалғыз бурамды жекжатқа беріп ел көшкенде елден айырылып, күркем жұртта қалды.

Ерлігімді сұрасаң, Есек батырды жау қамағанда ту ұстап, қапыда туым жығылып жаудың қолына түстім.

Билігімді сұрасаң, жауды тіліммен балқытып, өлімнен құтылдым.

Байлығымды сұрасаң, күндердің күні болғанда, бес балам бес ауыл болып (асқа, жиынға, өлген адамдарға байлардың беретін қонақасы ас деп де, жиын депте атала береді) бес отау, бес асау, бес саба әкелдім.

Бар малым бір бура болғанда жарлық бұдан өтіп не болсын. Сол бураны жекжатқа беріп жұртта қалғанда, мырзалық бұдан өтіп не болсын.

Ту ұстап жауға қарсы шаптым, батырлық бұдан өтіп не болсын.

Қызыл тілдің жүйріктігімен ажалдан құтылдым,билік бұдан өтіп не болсын.

Жиынға бес отау, бес асау, бес саба әкелдім, байлық бұдан өтіп не болсын деген.

Сейіт биден бес бала – Нұрымбет

Бәйден

Берден

Қилан

кіші әйелінен - Тастемір

Тастемірден екі бала - Жұбатыр

Тұр

Тұрдандан Ермембет би туған

Айжарықов Асқанбай осы Сейіт тұқымынан. Жастар өз алдына оқып жүрген.

1870 жылы Адай руы орыс патшасына бағынып, бағыну туралы акт жасауға шыққан ( сірә акт жасау Бозашы түбегінде болама деймін) 200 ден астам атты казакты алдап, жаяу тастаған, адамның бірі Ерменбет Тұр ұлы, екіншісі Жарының Дәулеталысы Самалық Томпы ұлы. Олар Бозашыға шыққан атты казактардың аттарын, ер- жүгендерін, бірқатар солдаттардың қару- жарағын алып кеткен. Осының салдарынан солдаттар мекеніне ( Кетікке Форт – Петровск , Форт- Александровск) жаяу – жалпы әрең жетеді.

Орынбордағы шекаралық комиссиясы Маңғыстауды түпкілікті бағындыру үшін қыруар әскер шығарады. Осылай Маңғыстау түбегін әскер қаптап кетеді. Бұл әскердің бір бөлегі жазалау отряді Рукин бастап Бозашыға қарай жолдағы Үшауыз- Түйесу деген жерде Адайдың қарулы жасағына кездесіп , осы ауданда жазалау отрядінің 40-50 солдатын өлтіреді де , ел ауа жайылып бұзыла бастайды.

Осы жерде адайлар Мая ұлы Бимембет биді қапыда өлтіртіп алған .

Бимембет би: Кіші жүз түгел орысқа көнді. Құралсыз, өзі көшпелі бытыраңқы және қашық жатқаны надан , сауатсыз елміз сондықтан тиісті алым салығын түтінге неден тиседе берелікте тыныш отыралық.

Мені өздерің Орал Темірхан шорадағы патшаның өкіліне сөйлестіруге жібердіңдер, мен солармен сөйлесіп мынандай келісімге келдім. 40 жыл бойына солдат алмайды. Орал өңірінен көп қоныс береді. Егер керек деп тапсаңдар балаларыңызды оқытатын мектеп ашады, балаларың оқиды деген.

Сонда елдің сол күндегі белгілі адамы, Төлеп батырдың бел баласы Мәмбетнияз деген кісі теңіздің ар жағынан астаумен келіп, Маңғыстауды орыс алады дегенде сөзбе екен депті. Адайлар осы сөзді табылған ақыл деп бір түйесі барда тегіс көшпенділікке ұшыраған.

Патша үкіметі Хиуа хандығын өзіне қарату керек екенін түсініп, Хиуа хандығына қарай әр жерден көп әскер шығарып, Хиуа хандығын өзіне бағындырғасын, Адайлардың баратын жері, басатын тауы қалмай, амалсыз патша үкіметіне бағынуға мәжбүр болған.

Бұл 1870 жылы жылқы деген жылы қыс өте қарлы, суық, боранды болып, мал қырылып қалған жылы еді. Содан кейін жалғаймыз.

Бұзаудан туған Жеменей , одан тараған ұрпақтары өнді.

Шолақтанүш бала - Өтеген

Сейтқұл

Қара

Шолақтан кезінде ел аузына ілінген зиялы адамдар шыққан. Есет, Тұрмамбет. Осы заманда Қосбатыр (Жаманқұл) Тәжиев, оның баласы Алматы қаласында ғылым кандидаты.

Жомарттың тоқал әйелінен туған Сұлтанкелдіден төрт бала – Бегімбет

Сұлтаналы

Сары

Өмірзақ (Өмірзақ кейін Қалшаатанып кетеді).

Бегімбет өскен, ол мал мен жанға толыққан, Адайдың төменгі қатарларында іргелі көп ру болды. Бегімбеттің тараулары кейін қосымша жалғанады. Бегімбеттен ертеде атақты Қаракісі, Жолболды деген кісілер болған. Ол туралы кейін келерміз. Бұл екеуінен басқа олардан кейін шыққан Өтеген, Шолат деген кісілер заманында ел жақсылары деген атаққа ие болған адамдар.

Сарыдан екі бала - Мырзакелді

Қожантай

Қожантайдан үш бала - Ақайжар

Бекайдар

Төбет

Бұлардан да уақытында Бисет, Күлет деген Адай атын білетін кісілер шығыпты. Қазір Шымкент қаласында тұратын жазушы Әлиев Иса осы Қожантай руынан шыққан адам.

Сұлтаналы атасының көпшілігі момын, шаруа адамдар. Бұлардан алтын мен күміске жан бітірген атақты зергерлер шыққан.

Өмірзақ (Қалша) онша көп ауыл емес, көпшілігі отырықшы ел. Қалшалардан уақытында ерлер шыққан. Мысалы: Қалша Байтілеп батыр қарсыласқан дұшпанын жеңбей қоймайтын, қасарса қан алатын өжет, ер адам болған.

Бегімбет Қаракісі мен туысы Қалша Сары арасында кісі өлімі болып, тумалас ағайын жауығып, ел арасы бұзылғанда Байтілеп жасаған ерлікпе, жауыздық па әйтеуір жан түршігерлік.

Осы заманда да Қалша ауылынан жақсы азаматтар бар. Мысалы: Жәрдемов Бекқали. Қазір Алматыдағы институттың аға оқытушысы Нығмет Қайпиев, қазір партия қызметкері Сұлтанбек Нұржанов.

Жомарттың Ақсұқсыр сұлудан туған баласы Қожағұл.

Қожағұлдың екі баласы - Сары

Өтеміс

Өтеміс жауға аттанғанда жаудан өледі.

Сарыдан төрт бала туады - Қалатбек

Сұлтан

Жетіқара

Шортан

Қалатбек өскен ауыл, одан екі бала - Сатыбалды

Байтөле

Қожағұл жуас, момын ел. Қазір Қожағұл 200-300 үй шамасындағы ел. Алматы қаласындағы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл білімі ғылыми институтының үлкен ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Мекерия Атымов осы Байтөледен. Байтөле – Мерген – Атым – Мекерия.

Атымның ағасы Құбыштан Медина деген аяулы азамат 1967 жылы июнь айында ажалға төтеп бере алмай, дүниеден кетті. Не пайда тек Қожағұл Жеменей емес Адайдың қадірлі азаматы еді.

Бұзаудан тараған ел туралы бір-екі ауыз сөз айту керек деп ойлаймын.

Бұзаудан екі бала Жеменей мен Айтумыс туады. Бұзау жалпы саны 4000-5000 шамасындағы ел. Айтумыс саны жағынан Жеменейден екі есе, тіпті оданда көп ел. Бірақ Айтумыстан тараған ел, қай елсің деп сұрасаңыз, Бұзаумыз, я Айтумыспыз, Шылымбыз демейді, Жеменейміз дейді. Мұның себебі, ертерек заманда Жеменей я оның баласы Жомарт атақты болды ма екен деген жорамал бар. Жомарт Жеменейдің баласынан туғанда қойған аты емес. Оның туғанда қойған аты Аталы көрінеді, мырза болғандықтан ел оны Жомарт деп кеткен. Осыдан ба қалай, жалпы Бұзау балалары түгел Жеменейміз деп кетуін осылай жоруға болады.

ТОБЫШ

Тобыштан екі бала туады - Ораз

Бегей

Ораздан үш бала - Жайық

Шегем

Қараш

Соңғы әйелінен Қараш. Қараш мұның шын аты емес, шын аты Еділ екен.

Жайықтан Әлмембет жалғыз.

Шегемнен екі бала - Сырлыбай

Бабық

Шегем өлген ағасының (әкесінің інісі Бегейдің) әйелін алады да, одан екі балалы болады. Сонымен Шегемнің баласы төртеу, екеуін айттық, қалған екеуі жеңге алған әйелінен – Жаубасар

Ожау

Қарашқа тоқталалық

Ораз тірісінде Жайықтан Әлмембет біреу болды деп, оған Еділді (Қарашты) еншілес етеді. Әлмембет жуас, шаруа кісі болса керек. Оның азды-көпті малы болған. Шегемнің балалары алымды, атарман, шабарман, қайратты болған. Әсіресе Сырлыбай қайратты, ер жігіт болып өседі. Бірақ Сырлыбайдың малы жоқ, жарлы болған. Сондықтан малы бар туысы Жайықтан мал сұрайды, ол малды бір береді, екі береді. Осыған қарамастан Шегем балалары малды сұрай береді. Алғаныңды білмейсің, тек сұрай бересің деп бір-екі рет мал бермей жіберді. Сөйтіп жүргенде Жайық өледі де Әлмембет пен Еділ (Қараш) қалады. Әлмембет жуас.

Шегемнің төрт баласы бар. Бәрі де қайратты, батыр десе а дейтін ерлер болыпты. Олар бір күні Әлмембетке келіп былай дейді, мына Еділ екеумізге бірдей Жайықтың баласы емес, Ораздың баласы мал бермесең баланы біз аламыз деп қорқытады.

Әлмембет олардың сұраған малын береді, бірақ олар мал сұрауын қоймайды. Әлмембет Еділге Шегемдер келіп қалған жоқ па қараш-қараш дейді-де отырады. Сөйтіп жүргенде сұрағанды бермедің деп Шегемнің балалары Еділді тартып кетеді. Осылай сол бала Еділ атын жоғалтып, Қараш болып кетеді. Бұл Еңсеп Тәтімбетовтың айтуы.

Еділдің Қараш атануы онша ерсі нәрсе емес, оған таңданарлық ештеңе жоқ.

Барлық Бұзаудың балалары Жеменейміз дейді, Қосай балалары Түркпенадаймыз дейді, Сүйіндік балалары Жаманадаймыз дейді, Мәмбет тұқымы Шалбармыз дейді, Нұрмағамбет тұқымы Кедейміз дейді, Болатқожа тұқымы Қаракесекпіз дейді: бұл Орта жүз Арғын.

Нағашы-жиенді аралас-құралас отырған елде әзілдеп, бір-бірін кемітетін әдет бар емеспе. Тобышты кемітетін дегенде оған сеніп Қарашты Тобыш емес келімсек Жетіру, Тама дегенде, мүмкін Тамада да Қараш деген атаның болуы.

Бір елдің атасының атының екінші елде болуы таң құбылыс емес, оған толып жатқан мысал келтіруге болады. Мысалы: Есен Жеменейде де, Беріште де бар. Назар Жарыда да, Әлімде де бар. Матай руы Бәйімбетте де, Орта жүзде Найманда да бар. Алтай Қарпық руы Жаманадайда да, Орта жүз Арғында да бар. Бұған әзілдеген адамдар кідіреді.

Қалып қойған бір-екі ауыз сөз: Айтумыстың жалғыз баласы Шылым деп, одан үш әйелінен өнген балаларын түгел талдамай, біз тек Олжашының Қорек Сегізбайұлын атап өттік. Сол бес Өрдекке қайта ораламыз.

Олжашыдан төрт бала - Ақ

Наурых

Ішке

Қалдыбай

Олжашының көбі Ақ. Ақтан қол бастаған батырлар шығады. Олжашының Құлбек, Шабай, Аралжан деген батырлары елі мен отаны үшін жау қолынан қаза болды.

Олжашының төменгі тараулары құралайды көзге атқан мерген Абыл. Оның баласы Тұрар жоғары білімді мұнай маманы. Ол мамандығы бойынша Өзенде жұмыс жасайды.

Өрдектің баласының бірі Кенже.

Кенжеден көп бала - Қойсары

Қонай

Қаракемпір (екінші әйелі)

Сарыкемпір (бұда әйел аты)

Қойсарының баласы көп, білетінім - Теңізбай

Төрлес

Дүкен

Монша

Жабу т.т.

Керейұлы Ақтан жырау, суырып салма ақын. Қойсары Қабақ Ермембет ұлыөз заманында Адай елінің санаулы биінің бірі болған адам. Оның аты тарихта жазылған адам.

Кенженің Қонай дейтін батырын білмейтін адам жоқ десем, өтірікші болмаспын.

Қонайдан бір бала - Бегеш

Бегештен он бала - Жаулы

Жары

Шоғы

Бәйімбет

Құрман

Өтеулі

Шалабай

Қосқұлақ

Құлеке

Өрдек

Кешегі Төкеш, Құлтума, Қозыбек, Шегір батырлар Қонайдың немере балаларынан туғандар.

1918 жылы август,сентябрь айларында Баутин порты арқылы дала мен Түркістан майданына жеткізу үшін Бозашыдан жағаға шығарып алынды. Мен өзім сол жұмысты өз көзіммен көріп, шығарып салған адаммын. Адай елінің Бозашы жарты аралын жайлаған тайпаларын ұйымдастырып, басшылық еткен Ә.Жангелдинге Қаражан Тасымұлы отрядты бастап, Шалқар станциясына аман-сау апаруға, ұйымдастырушы Жангелдиннің сенімді деген серігі Тобанияз Әлниязов сол Қонай тұқымынан. Тобанияз асыра сілтеу кезінде шараға ілігіп, хабарсыз кетті. Оның надандықпен жасаған жай қылмыстарын, Жангелдинге жасаған көмегі сатып алатын еді. Бірақ, асыра сілтеу кезінде бұл ескерілмейді.

Қаракемпір мен Сарыкемпірден өрбіген балалардан оқымаған болса да өздерінің істеген жұмыстарына өте жетік мамандар болған. Өтепберген, Дербіс, Әліш, оның баласы Қараша, Қосымбай т.б. Жүз жылдан бергі жерде олардың салған тамдары, ағаштан жасаған сандық, кебеже, маңдайша, табалдырық, босаға, ер, жастық ағаш т.б.с.с. басқа бұйымдары, сырлаған сырлары, тасқа немесе ағашқа айнадай сәуле түсетін еді. Солардың туыстары Ізғара, Қойшыбай темір ұсталар еді. Бұлардың темірден жасаған бұйымдарына талайлар таң қалған. Мысалы, үзеңгі, таға, кісен, қақпан, пышақтары әрі мықты, әрі әсем болатын.

Өрдектің төртінші баласы Мамыр.

Мамырдан екі бала – Дәулет

Жақау

Кешегі бастығы Мәмбетнияз (Түркпен) бастаған Хиуа ханы Аллақұлдың бұйрығымен үш мың адам Сүйінқараның ауылын шапқанда (Аллақұл Сүйінқараға қас адам) бір жұмадан кейін сегіз жүз кісі Адай, Беріштің Итемген руынан Құлбарақ бар он үш кісі жігіттері Қызыладыр, Шөжікте жетіп, сәті болмаған жорықта төрт жүз адам табанда өлген. Бұл 1832-1833 жылдары болған. Абыл ақын (Абыл Тілеуұлы) Өтембетов әр рудан өлген батырларға арнаған толғауында былай дейді: -

Мырзатай өлерінде ерлеп өлді,

Қылышын жау түркпенге сермеп өлді,

Қайбалды Есімұлы қолбасшысы (Нұралы сұлтанның Есімінің баласы). әкесін Сырым өлтіріп, содан Адайға қашып келіп, өзін-өзі хан деп жариялап, сол ұрыста өзі Аллақұлы әскерімен жандайшап болған. Әскерді ұрысқа жаяу салып, талай адам қарға омбығып, терлеп өлді дейді.

Өрдектің бесінші баласы Бөкен.

Бөкеннің баласы үшеу - Саламат

Мырзаболат

Қасай

Тұндұт (киімді баласы)

Осы заманда Бөкен аталатын ауылдан да оқыған жастар бар. Мысалы, Бисекенов М., Әбілов К., Жаңбуршиндер Т.Ж, Қартқожақов Т., Төлепбергенов Б., Өмірбаев Ш. т.т.

Саламаттан туған – Қаралда ірі палуан болған. Құдықтан су ішемін деп, суға басы жетпей, бурасы құдыққа түсіп, құдықтың әйкеліне кептеліп жатқан бураны тартқанда, қатып тұрған әйкел бурамен бірге шыққан екен дейді. Нән болсаң Қаралдадай боларсың дейтін мақал бар.

Мырзаболаттың немересі Мыңкісі (сынықшы).

Мыңкісіден бес бала - Жауқашты

Қызықбай

Бітім

Құлшар

Өтеу

Бұлар атасы Мыңкісіден бері қарай, осы уақытқа дейін, немере, шөбересіне дейін қирап, сынып қалған адам бол, мал бол қолмен ұстаса болды, орнына барып, бес-он күнде қалпына келеді.

Кешегі 1929 жылға дейін бұлардың жаратып бәйгеге қосқан аттары бірінші бәйгені берген емес.

Ендігі сөз Тобыш, оның Шегем руынан бастаймыз.

Шегемнен төрт бала дедік. Сырлыбайдан екі бала – Қоқан

Шағыр

Қоқаннан мыналар – Шәртікен

Болат

Шын

Кенендік (Жайылған)

Шәртікеннің бәйбішесі аты Жолбике деп аталып кетті. Қалмақ әйелінен Меңдіқұл туады (меңі болғасын атын Меңдіқұл қояды). Меңдіқұл әрі бай, әрі батыр болған, үш-төрт адамға күші жететін болған.

Меңдіқұлдың төрт әйелі болған, олардың аттары Ағаділ, Құдыз, Мақпал, Монданақ. Төрт әйелден он жеті ер бала, бір қыз балалы және Мәті деген киімді баласынанда үш-төрт бала болған.

Меңдіқұл үлкейіп келгенде барлық баласын, ержеткен немерелерін түгел шақырып алып, айтатыным бар деп, қонақасы беріп отырып, бір ауыз сөзім бар, алдарыңа ортаңа салам деп, ойлаған ойын айтқан.

Мұңалдың Жарысы Сүйінқара деген бар. Бізден қонысы бөлек. Айтқанын істемеген адамды, көлігін алып сояды, ия мінеді. Барып соның сағын сындырып, келеке ете алатындарың бар ма деп сұраған екен дейді. Және кім барады дегенде бәрі барамыз деген. Олай болса түргеліңдер дегенде Ақәділден туған Малқарбай деген бір баласымен сол әйелдің үлкені Қармыстан туған бір немересі тұрғанда, басқалары тұрмай қалған.

Меңдіқұл тұрған екеуіне сен екеуің отырып, басқаларыңа рұқсат, шаруаларыңа жүре беріңдер дейді. Қалған екеуін жылқыдан таңдап екі айғыр әкеліңде, таң асырып, екі-үш күн ішін тартып жарағасын, маған келіңдер деген. Жолаушы жүретін екі жігіт келген, сонда Меңдіқұл айтқан жақсы киініңдер, құрық алың, Адай, Тобыш ия Шегеммін деп айтпаң, жоғарғы Әлім Тілеу, Қабақпыз деп, жылқы жоғалтып, сұрау салып жүрген, жоқ қарағанбыз дең. Жақсылып силар, қастарыңа қыз-келіншек әкелер, сыр бермең. Түнде ас бергенде өз аттарыңды сойып, өз аттарыңның етін өздеріңе берер. Ондада сыр бермең, бергенін іше беріңдер.

Екеуі Сүйінқараның ауылына келеді. Әкесі не айтса бұлар соны бұлжытпай орындап, түнде ас келеді. Айтқанындай жаңа сойған жылқы еті, үндемей жеп жатады, таң атады.

Жолаушылар Сүйінқараға жүріс-тұрыстарын айтып, енді кейін елімізге кетеміз, сұраулар болыңыз деп өтініп айтып, аттарымызды алдырып беруді сұраймыз дейді. Атқа адам жіберіп, енді бұлар бос келеді. Атты шаруаға, ия басқа бір жаққа мініп кетіпті дейді. Олай болса асығыс едік, басқа көлік болса да жарар дейді. Онда Сүйінқара айтады: Жас жігіттерсіңдер ғой, алдарыңда бір айғыр үйірі бар шығар, содан жарағаны болса мініп кетіңдер. Ұстап беретін адамның да реті болмай тұр ғой дейді.

Бұлар ерлерін арқалап, құрық қарында, жаяулап келе жатса, алдағы ойда елу жылқы ішінде мойнында үш бұғалық арқан сүйреткен таудай құла айғыр тұр. Екі жігіт арқанға жабысып, құла айғырды ұстап, тағы біреуін ұстап, қалған жылқыны еліне қарай айдап, Жемге келсе беті қызылсу, жылқы жүрмейді. Көп ойланбайды, жылқыны жарға қамайды да, Малқарбай құйрығынан ұстап, сүйреп жағаға шығарып жатса, он кісі қуғыншы келіп, бұлармен ұрысуға жүрегі жетпей, кері қайтып, Сүйінқараға хабарын айтады. Сонда Сүйінқара айтады: Тобыштың Мыңбайынан басқасынан етім сескенбейтін еді. Біздің жоғарғы Шегемнің Шәртікенінің қалмақ қатыннан туған Меңдіқұл деген бар еді. Өзі қартайды деген. Соның балалары болар. Тілеу, Қабақ емес шығар, оның соңынан өзім барайын деп жолдас-жорасымен өзі іздейді. Айтқандай сол Меңдіқұл балалары болыпты.

Сүйінқара 3-4 күн дем алып қайтамыз дегесін Меңдіқұл қарт бұйымын сұрайды. Саған құда болайын деп едім дейді Сүйінқара. Менде қыз жоқ, балаларымның бәрі де үйленді дейді. Үлкен баласы Ақеділден туған Қармыстың баласына қыз беріп, құда болады. Қалың малға 250 тұсақ аласың ба, 50 жылқы аласың ба деп сұрайды. Жер алыс, қойды айдап жүремізбе, жылқы алайын дейді.

Өзінен алған құла айғырдың үйірі 50 жылқыны өзіне қалың малға береді. Сүйінқара айтады, қалың малымды алдым, енді қадеңмен келіп тез келінің бой жеткен бала депті. Тиісті кәдесін алып, қызын Меңдіқұлдың немере баласына ұзатады.

Сүйінқараның жинеі белгілі Ахмет, бұл 1919 жылы Қаратүлейде өліп, Самның арқа бетіндегі көп бейітке жерленіпті.

Ахметтің баласы Жаулы да өз заманында белгілі азаматтың біреуі еді. 1937 жылы жеке адамға табыну кезінде ұсталып, содан қайтпай кетті. Оның баласы Отан соғысынан мүгедек, атын білмеймін, қазір Нүкісте жұмыс жасайды. Бұл Меңдіқұл тұқымында өскен атаның бірі.

Сүйінқарадан жылқы айдайтын Малқарбайдан Адайға аты шыққан белгілі Түркпенбай палуан.

Қоқанның бір баласы Болат, одан – Көбен би

Нұрқасынби

Нұрқасын биден Латіп би туады. (Мұңалдың Жары деген руының Назар деген тайпасының Құдайберген деген тақтасынан шыққан би Мәтжан сол Көбен бидің туған жиені).

Қоқанның Шын деген баласы өспей қалды. Шын 10-15 үйден артық болмады.

Қоқанның төртінші баласы Кенендік (немесе Жайылған). Бұданда бес-алты бала болды – Бердалы

Дәуітбай, қалғандарын ұмыттым.

Бұдан Жанби шыққан.

Қоқанның Қалмақ әйелінен екі бала - Ағым

Орынжан.

Азамат соғысының батыры , полковник дәрежесіне дейін атақ алған марқұм Төлесін Алиев. Жамбыл қаласында Ербол деген қарт, бұда бірқатар әңгіме білетін, көпті көрген, білгенін айта алатын кісі болуы керек.

Сырлыбайдың біреуі Шағыр дедік.

бәйбішесінен – Жақау

тоқалынан екі бала- Медет,

Қуат.

қалмақ қызы әйелінен – Таңтар.

Қолан. Біреулер Қолан әйелдің аты дейді.

Бұрынғы сөз бойынша Қуаттан туған Шотықбай теңізден Суын ұстап үйірге салған қасиетті адам дейді. Шотықбайдың Суын жылқысының тұқымы асыл деп талайлар құда болып, Суыннан үйірге салыпты- мыс. Қысқасы жайылғанда – Шағырда өскен іргелі ауылдардың қатарынан саналады. Момын шаруа ел.

Наши рекомендации