Орғаншылық және қамқоршылық ұғымы.
Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.
Қорғаншылық 14 жасқа толмаған, сонымен бірге психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған балаларға, ал қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа толмаған балаларға спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тануы салдарынан соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға белгіленеді.
Қоғаншы және қамқоршы органдар ретінде жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар қорғаншылық пен қамқоршылық бойынша өз функцияларын құзіретті білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және емдеу, кенттік, селолық, ауылдық атқарушы органдар арқылы дербес жүзееге асырады.
Аталмыш органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті.
Қорғаншылықты тағайындау қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен жүзеге асырылады. Қорғаншылық функцияларын азаматтар, тәрбиелік, емдеу, білім беру және басқа да балалар мекемелерімен, сонымен бірге қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асыра алады.
Қорғаншы мен қамқоршы ретінде кәмелетке толған адамдар бола алады. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің лауазымды адамдарды және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды қорғаншы мен қамқоршы органдардан басқа заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыра алмайды. [1;69 бет]
Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамөорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие , емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі болған күннен бастап жеті күн ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органдарына хабарлауы міндетті.
Егерде баланы отбасына тәрбиелеуге беруге мүмкіндігі болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.
Балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақствн Республикасы Үкіметі белгілейді.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасында тәрбиеленуге, қорғаншылыққа немесе патронат шарты бойынша, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде , жетім балаларға немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі мекемелерге берілуі тиіс.
Баланың мүддесіне сай оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі, белгілі бір дінге және мәдениетке жататындығы , ана тілі , тәрбие мен білім берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін .
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық міндеттерін атқару қорғаншы және қамқоршы органдарға уақытша жүктеледі.
Қорғаншы мен қамқоршының келісімімен олар тағайындалады. Осындай тағайындалуда баланың келісімі ескеріледі. Ата-аналардың келісімімен олардың қайтып келуіне дейінгі белгілі бір мерзімге қорғаншылық тағайындалады.
Қорғаншы мен қамқоршылар міндетті түрде баламен бірге тұруы қажет. Бұл ереже 16 жасқа толған балалар үшін қолданылмауы мүмкін. Қорғаншы мен қамқоршы органдар балаға бөлек тұруға рұқсат береді. Қамқоршының және кәмелетке томаған баланың бөлек тұруы соңғысының тәрбиелеу процесіне қатты әсер бермеуі тиіс. Қамқоршылар тиісті органдардың келісімімен балаларды балалар мекемесіне орналастырулары мүмкін.
Қорғаншы мен қамқоршы ретінде бола алмайтын тұлғалар :
- Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп таныған адамдар;
- Сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
- Өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағыны үшін қорғаншылық міндеттерден шектелген адамдар;
- Соттың шешімімен бала асырап алудың күші жойылған адамдар.
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.
Балаларды патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланы патронаттық тәрбиешiлерге тәрбиелеуге беру кезiнде оның этникалық шыққан тегiн, белгілi бiр дiнге және мәдениетке қатысын, ана тiлiн ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.
Баланы (балаларды) шарт бойынша патронаттық тәрбиешiлерге беру үшiн алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.
Ағайындыларды, олардың мүдделерiне жауап беретiн жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейдi.
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып, ал он жасқа толған баланы (балаларды) беру - тек оның келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Патронаттық тәрбиешiлердiң қамқорлығына ата-анасының қамқорлығынан айрылған және жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқорлығында) емес балалар алынады.
Патронаттық тәрбиешiлерге қорғаншылыққа және қамқорлыққа берiлген әрбiр балаға мекеменiң әкiмшілiгi немесе бiлiм бөлiмдерi мынадай құжаттарды:
1) тууы туралы куәлiгiн;
2) денсаулық жағдайы туралы дәрiгерлiк анықтама мен баланың даму тарихының көшiрмесiн;
3) бiлiмi туралы құжатты;
4) ата-анасы туралы құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлiк, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының науқасы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама және баланың ата-анасының қамқорлығынан айрылғандығын растайтын басқа да құжаттар);
5) зейнетақы алатын балаларға зейнетақылық кiтапшаны, соттың алимент өндiрiп алу жөнiндегi шешiмiнiң көшiрмесiн;
6) аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және олардың тұратын жерлерi туралы анықтаманы ұсынады.
Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуге құқығы болады.
Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де құқықтарға ие болады. [2]
Қорғаншылық - 14жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл есінің кемдегінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қамқоршылық -14 тен 18жасқа дейінгі кәмелетке толағандарға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға белгіленеді. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады. [3; 32 бет]
Қорғаншылық пен қамқоршылық кең мағынада кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттігі жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Ал нақты мағынада ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың әрекетке қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау және тәрбиелеу әдісі болып қарастырылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың тағайындалу негіздері:
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының қайтыс болуы;
Ата-анасының ата-ана құқықтарынан айырылуы;
Ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуі;
Ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
Ата-анасының сырқаттылығы;
Ата-анасының ұзақ уақыт болмауы;
Ата-анасының балаларын тәрбиелеуден неме олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекелерден өз балаларын алудан бас тартуы;
Сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайлар да.Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап оларды есепке алады. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар анықталған жағдайда қорғаншылықты немесе қамшылықты уақытша қорғаншылық немесе қамқорщылықты қорғаншылық органдары жүзеге асырады. Кейіннен қорғаншылық және қамқоршылық органдары бір ай ішінде балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны белгілеуі қажет немесе баланы орналастырудың басқа да нысандарын анықтауы қажет. Қамқорлыққа алынған балалардың орналасу нысандары таңдалады. Оларға тәрбиелеу мен білім беру мәселесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығына бақылау жасап отырады.
Жеткіліксіз әрекет қабілеттіліктері олардың қамқоршылары және қорғаушыларымен жүзеге асырылады. Қамқоршылық пен қорғаншылық ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді. [1;67бет]