Коммуникативтік құзыреттілік түсінігі

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Коммуникативтік құзыреттілік түсінігі»

Орындаған: Айтмұқанова Б. О

ИЯСкз 14-01 топ студенті

Тексерген: Байжуманова Д. Б.

Астана, 2017

Коммуникативтік құзыреттілік түсінігі

Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім.

Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан. Жалпы құзыреттілік дегеніміз – белгілі бір заттар мен үрдістер және оларға деген қатынастар бойынша әрекет ету үшін қажетті тұлға бойында бар өзара байланыстағы қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Педагогикалық құзыреттілікке жаңаша көзқараспен қарап, заманауи электрондық оқыту жүйесіне де көшу талабы білім беру ұйымдарына зор міндеттер жүктейді. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мақсатында құзыреттілікті дамыту мен кәсіби шеберлікті жетілдіріп отыру білім беру ұйымы ұжымының нәтижелі қызметтерінің бірі болып саналады.

Жалпы білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960 -1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесе бастады.

Д. И. Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздігінде оның авторлары «құзыреттілік» және «құзырет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. «Құзыреттілік» - хабардар болушылық, абыройлық, «құзырет» - жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы. Әдістемелік терминдер сөздігінде құзыреттілік – яғни, «competo» латын тілінен аударғанда – сәйкес келемін, қол жеткіземін деген мағынада берілген. Құзырлылық деп Н. Л. Сластенин педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады, ал В.П.Симоновтың айтуынша құзырлылық – бұл тек білімді меңгеру емес, шынайылап келгенде, тапсырма жауабын ісі арқылы шешудегі дайындық әлеуеті деп анықтама берген.

«Кәсіби құзыреттілік» - жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттарының нақты жиынтығын білдіретін ұғым.

«Құзыреттілік» - оқушылар дайындығы сапасының сан қырлы және қызметтік сипаттарының нақты жиынтығын білдіретін ұғым. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда, өз бетімен шешім қабылдай алуына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктер:

- Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі;

- Ақпараттық құзыреттілік;

- Коммуникативтік құзыреттілік.

Соның ішінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда жете қарастыруды қажет етеді. Қазіргі заманның талабына сай мектептерде білім беру жүйесіндегі коммуникативтік құзыреттілік жөнінде көптеген мәселелер қаралып, олар философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан зерттелініп жатыр.

Коммуникативтік құзыреттілік проблемаларын философиялық тұрғыдан зерттегендер: Г.С. Батищева, Л.П.Буева, М.С.Кагана, О.В. Лармина, Г.П.Щедровицкого, К.Ясперса. Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады. Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары моралдық нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды.

Жалпы мектеп оқушыларының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру – көпаспектілі және өте күрделі проблема екендігі мәлім. Педагогика ғылымында «кәсіби құзыреттілік» түсінігі бірнеше ұғым береді:

-еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;

- жеке қасиеттерімен қабілеттерінің комбинациясы;

- білімі мен кәсіби ерекшелік жеке қасиеттерінің кешені;

- қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;

- іс әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.

Құзыреттілік бірінші орынға оқушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтің құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Біз кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды – педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырамыз.

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

Ұстаздың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия – (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайлылық; жалпы қабілеті жатады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден ұстаздың педагогикалық қарым - қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс – әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым – қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Жалпы құзыреттілік – бұл тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдылар жиынтығы. Ал коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым – қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Білім беру нәтижелері ретіндегі құзыреттіліктердің бірі- коммуникативтік құзыреттілік. Ол:

-нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шеші үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға;

- әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- өнімді өзара іс – қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым – қатынас диалогына түсе отырып, жанжалды ахуалды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы амалдармен топта қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілді. Оның мазмұны психологиялық ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады. Тәжірибеде кәсіби құзыреттілік бітірушінің идеялды моделі ретінде көрініс берді. Құзыреттіліктің негізгі анықтаушы факторлары болып үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктердің қалыптасқандығы, кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге дайындық болып табылады. Үздіксіз педагогикалық білім берудің деңгейі ретінде педагогикалық колледждің негізгі қызметі, бұл маманның кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін тұлғалық және кәсіптік жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. Құзыреттілік бірінші орынға оқушының проблеманы дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».

«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек. Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзыреттілік – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Коммуникативтік құзыреттілік ұжым мүшелері мен білім алушылар арасында позитивті қатынас орнатады. Мұғалімнің өзара түсінушілік, тыңдай білу, түсіне білу, көмек көрсету қабілетін айқындайды. Сәттілік ситуациясын туғыза білген жағдайда оқушылардың өз мүмкіндігіне деген зор сенімі туады. Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу,орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Оқушылардың тілді меңгеруінде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін тигізеді. Интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы диалогтарды қолданған пайдалы. Тақырыптық диалогтарды тыңдату арқылы, қайталауға, толықтыруға, осы үлгіде өз диалогтарын құрастыруға тапсырмалар беруге болады. Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады. Кәсіби білім беруді жаңарту бұл - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер, салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Әлемдік білім кеңестігімен бірігу, біздің білім нәтижесі көрсететін дипломдарымызды шет мемлекеттерінің мойындауы, құзыретті маманға – күтілетін нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру сапасын арттырып, педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін ұтымды деңгейге көтереді. Электрондық оқулық оқу материалдарымен ара-қатынасының интерактивтілігі, дыбыстық және бейне сүйемелдеуді қолдану, виртуалды зертханалық жұмыстарды өткізу мүмкіндігі, оқытуға жеке және дифференциалды тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету есебінен қарапайым оқулықтардың мүмкіндіктерін елеулі кеңейте түсіреді. Осы мақсатта электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану және белгілі бір пәндердегі тақырыптарға байланысты электрондық оқулықтарды дайындау бағытында да елеулі істер атқарылуда. АКТ-ны пайдалану арқылы болашақ мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру моделі құрастырылып, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері айқындалды. Жаңа білім беру бағдарламаларын, оқытудың ақпараттық, интерактивтік, дистанциялық технологияларын енгізу үшін педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, жаңа технологияларды зерделеу үшін арнаулы пәндер оқытушыларының, өндірістік оқу шеберлерінің өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуі іске асырылуда.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті болашақ мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Болашақ мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасындағы білім саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асырушы тұлғалардың әрқайсысы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі мен ерекшеленуі тиіс.

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі екені белгілі. Қоғамға ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт нық әрі сенімді болу үшін бәсекеге қабілетті маман дайындау орат арнаулы және жоғары оқу орындарынан бастау алмақ.

Болашақ мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Н. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауы

2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы».

3 Курманалина Ш.Х. «Оценка качества профессиональной компетентности учителя» Методическое пособие // Алматы. «Бәйтерек». – 2006. – с.41

4 Вишнякова А.В. Образовательная среда как условие формирования информационнокоммуникативной компетентности учащихся: Дис.. канд. пед. наук/ А.В. Вишнякова.- Оренбург, 2002.-172 с.

5 «Тілдік қатынас», оқулық, Алматы 4, 39 бет

6 Чекалова Н.Б., Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования. Монография /–Омск. –2002. -195 б.

7 Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді – шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар. Көзқарастар. Тәжірибелер» атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы.- Қызылорда, 2010.

8 Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р. Педагогикаю Астана: Фолиант, 2010.

Наши рекомендации