Тіл ұстарту жұмыстары
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Бекітемін»
Институт директоры:
А.Қ. Ахметов
_____________
«___» _________ 2011 ж.
Оқу-әдістемелік кешен
Пән: нормативті қазақ тілі
Мамандығы: 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқыту түрі: күндізгі
Барлығы : 2 кредит
АҚТАУ, 2011
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Жылқыбаева М.С.
Оқу-әдістемелік кешенге негізге алынған құжаттар:
1) ҚР ҒжБМ 11.05.2005 ж № 289 бұйрығымен бекітілген және 22.06.2006 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ дайындаған типтік бағдарлама
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2011ж. ___ тамыздағы отырысында талқыланды. Хаттама № __
Кафедра меңгерушісі: _______________ ф.ғ.к., доц. Қабылов Ә.Д.
Институт әдістемелік кеңесінің 2011 ж. __қыркүйектегі мәжілісінде мақұлданды. Хаттама № ___
Төрағасы: __________ Г.А. Қалиева
Мемлекеттік стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған
МАЗМҰНЫ
1. ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ --------------------------------------------------------
2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ: СИЛЛАБУС -----------------------------------
3. «НОРМАТИВТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ ------------------------------------------------------------------------------
4. ПӘННІҢ ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ ------------------
5. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ ------------------------------------------------
6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ -------------------------------------------------------------------------
7. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ----------------------------
8. СӨЖ ЖӘНЕ СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ----------------------------------------------------
9. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕН ӨТУДІҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ НЫСАНЫ -
10. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ --
11. САБАҚТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ-------
12. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДИТОРИЯЛАР, КАБИНЕТТЕР ЖӘНЕ
ЗЕРТХАНАЛАР ТІЗІМІ ---------------------------------------------------------------------------------
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғарғы кәсіптік білім
Нормативті қазақ тілі
050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Мамандығы үшін
Еңбек көлемі – 1 кредит (45 сағат)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы - 2011
1. Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің жанындағы «Білім» тобындағы
мамандықтар бойынша ОӘС-сы баспаға ұсынған.
2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
4. Типтік оқу бағдарламасы 050121 – Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес
жасалған.
5.Типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ
филологиясы факультетінің Кеңесі баспаға ұсынған. № 1
« 29 » 2006 ж.
Бұл типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтіліп таратылмайды.
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қоғамдық қызметі жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Қоғамдық - әлеуметтік өмірде мемлекеттік тілге деген сұраныс үнемі күшейіп келеді. Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілмен бірге шет тілдерін меңгеруге деген ынта да зор.
Жоғары оқу орындарында өтілетін практикалық қазақ тілі сабақтарында студент-жастар шет тілдерін ана тілінің базасында оқып үйренгені ұтымды екенін уақыт дәлелдеп көрсетті. Соңғы жылдары қазақ аудиториясы үшін шет тілдерін ана тілі негізінде оқытып үйретудің кешенді бағдарламалары жасала бастады. Шет тілдерін ана тілінің базасында, оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар:біріншіден өз ана тілінің құрылым-жүйесін ғылыми негізде тереңірек игереді, ойлау мүмкіндігі кеңейе түседі, екіншіден, өз ана тілінің құрылымдық негізін терең білген студент шет тілін де жақсы игереді.
Шет тілдерін жоғары мектептерде оқып үшін ана тілінің құрылым жүйесі туралы мектепте алған лингвистикалық білім жеткіліксіз. “Нормативті қазақ тілі” бағдарламасы, түптеп келгенде, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу сияқты ана тілінің нормаларын үйретуді, оны терең меңгертуді көздейді. Жоғары оқу орындарында оқитын студенттер ана тілінің құрылым жүйесін ғылыми негізде игеру қажет. Мектепте алған білім жүйесіне қарағанда студенттер игеруге тиісті тілдік материалдар бұрынғыдан әлдеқайда күрделірек, тереңірек болуы тиіс.
«Басқа ұлт мектептеріне қазақ тілі мен әдебиеті» (КРО) бөлімінде оқитын студенттердің, ана тілінің жүйесін, оның ғылыми-теориялық негізін практикалық тәжірибемен сабақтастыра білетін білім жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Мұның өзі ана тілі мен шет тілінің құрылымдық бірліктерін салыстыра отырып, олардағы типологиялық ұқсастық пен айырманы айқындай алады.
Аталмыш бағдарламада қазақ тілінің ғылыми-теориялық негізі мен құрылымдық жүйесін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан оқыту көзделеді. Қазақ тілінің өзіне тән типологиялық, гносеологиялық ерекшеліктері қамтылады. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі үндесім заңдылығы оның басты өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Қазақ тілінің мұндай типологиялық айырмасын түбегейлі білген ана тілінің материалын ағылшын тілімен салыстыра алады, өзге тілдің дыбыстары мен гармматика жүйесіндегі айырмашылықтарды айқын аңғара алады.
Грамматика саласындағы негізгі типологиялық ерекшелік қазақ тілінің жалғамалық қасиетімен байланысты. Тілдің морфологиялық табиғатынан туындайтын мұндай өзгешеліктерді айқын ажырата білу басқа тілдің грамматикалық құрылымын жете білуге игі ықпал етеді.
Синтаксистік құрылымдардың негізгі модельдерін, оның құрылымдық, мағыналық түрлерін жақсы ажырата білудің де шет тілін оқып-үйренуде тигізетін әсер-ықпалы ерекше. Сөйлемдегі сөздердің байланысу жолдары мен амал-тәсілдері туралы лингвистикалық білім құрылымы басқа тілдердің синтаксистік жүйесін игеруде аса пайдалы болмақ.
Қазақ тілінің ғылыми салаларын (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) сатылай комплексті талдау оқушының теориялық материалды жүйелі меңгеруіне, білімін бекітуге, тереңдетуге септігін тигізеді. Сондықтан
«Нормативті қазақ тілі» курсын оқытуда сатылай комплексті талдау кеңінен жүргізіледі. Талдаудың бұл түрі өткен және кейінгі материалды жүйелі түрде өзара бірлікте игеруге мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің құрылымдық өзге тілдермен салыстыра отырып, терең және жан-жақты игереді. Осындай контрастивтік әдістің негізінде құрылым жүйесі әр басқа тілдердің ортақ белгілері мен айырмашылықтары анық аңғарылады. Ал «ортақ белгі» мен «айырма белгіні» білу шет тілін игерген материалды бекіте түседі. Сондықтан да «басқа ұлт мектептеріне қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
КІРІСПЕ
Пәннің жүргізілу мақсаты мен көлемі туралы түсінік. Нөлдік деңгейдегі бақылау.
ФОНЕТИКА
Фонетиканың зерттеу нысанасы туралы түсінік. Дыбыс, әріп, алфавит: сөз тіл дыбыстарының жиынтығынан қалыптасатындығы, әріп – тіл дыбыстарының жазудағы шартты таңбасы болатыны, алфавит - әріптердің жүйелі тәртіпке негізделген жиынтығы екендігі. Алфавиттегі әріптердің саны мен қазақ тіліндегі дыбыстардың саны арасындағы сәйкессіздіктерді анықтау: орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропалық тілдерден, оның ішінде ағылшын тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптер; э, ю, я, ё әріптерінің дыбыстық мәні, дауысты у мен дауыссыз у дыбыстарының бір таңбамен жазылатыны (ту, тау т.б.).
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар (вокализм, консонантизм). Дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай жіктелуі (жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік езулік дауыстылар). Дауысты дыбыстардың емлесі.
Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар. Айтылу жолына, жасалу жолына қарай түрлері (эксплозив, фрикатив, альвеоляр; лабиаль, денталь, лингваль, фрикатив). Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Сатылай комплексті талдау.Қазақ тіліндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру үлгісі. Тіл дыбыстарының жүйесі, жасалуы мен айтылу ерекшеліктері, дауысты, дауыссыз дыбыстардың өзіне тән белгілері, түрлері математикалық тәсілмен өрнектелетіні.
Дыбыстарды математикалық тәсілмен талдау барысында дыбыстардың бір-бірімен ұқсастықтары, өзара жақындықтары сараланып, бөлшектің алымы мен бөліміне белгілі тәртіппен орналастырылатыны.
Буын, оның түрлері. Тасымал. Буынның тасымалға қатысы. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін (акцентуация), оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпін орнының тұрақтылығы. Екпін түспейтін қосымшалар.
Үндестік заңы. Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздегі дауысты дыбыстардың үндесуіне байланысты заңдылық. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Аралас буындар (беташар, қасірет).
Дыбыс үндестігі (ассимиляция), оның түрлері. Ілгерінді (прогессивті), кейінді (регрессивті), тоғыспалы ықпал. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігіне қатысты орфоэпиялық және орфографиялық нормалар.
Сатылай сатылай комплексті талдау. Сөзге фонологиялық талдау сызбасы. Сөздің айтылу, жасалу, жазылу жолына жуан, жіңішке және аралас болып келетіні. Буын, оның түрлері, тасымал заңдылықтары, екпін және екпін түспейтін қосымшалар, буын үндестігі мен дыбыс үндестігі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал) жүйелі түрде бірінен-бірі туындап сатылап талданатыны.
ЛЕКСИКА
Сөз және оның мағынасы лексиканың қарастыратын мәселелеріне жататындығы. Сөздің негізі лексикалық мағына, ал сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары. Сөздің көп мағыналылығы. Полисемияның бірі ғана сөз табына қатыстылығы және бір негізден тарайтындығы.
Омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары. Омонимдер мен омографтар жайында түсінік.
Синоним. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері. Синонимдердің бірі ғана сөз табына қатыстылығы.
Антонимдер. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні. Полисемияға, синонимдерге, омонимдерге қатысы.
Тұрақты сөз тіркестері, олардың өзіндік ерекшеліктері. Идиомалық пен фразалық тіркестер. Мақал-мәтелдер, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығы, тәрбиелік мәні. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсатығы орны. Табу сөздердің пайда болу жолдары. Дисфемизмнің әдеби тілге жатпайтыны. Сөздің актив, пассив кабаттары. Диалект сөздер, олардың тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілге жатпайтындығы. Кәсіби сөздер, қолданылу орны, термин сөздерге жақындығы. Термин сөздер, олардың жасалу жолдары. Кірме сөздер. Араб-парсы тілдерінен және орыс тілінен енген сөздердің дыбыстық өзгерісі.
Сатылай комплекесті талдау. Берілген сөзге лексикалық сатылай комплексті талдау сызбасы. Сөйлемдегі сөздердің семантикалық негізде: атауыш (номинатив) немесе тура мағнасын, сөздің шығу тегіне қарай мағынаның түрлерін; сөздердің тіркесу сипатына байланысты мағынаның түрлерін айқындау, лексиканың құрамы негізінде: сөздердің қолданылу сипатына қарай түрлерін; сөздің сөздікте анықтау жолдары сызба бойынша талданатыны.
МОРФОЛОГИЯ
Сөз құрамы.Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфема.
Жалғау мен жұрнақ, олардың айырмашылығы, жалғаудың сөз бен сөздің айланыстыратындығы. Жұрнақтың сөз түрлендіруші және сөз тудырушы болып бөлінетіндігі. Жалғау. Жалғаудың түрлері. Көптік жалғау, мағынасы мен қызметі. Тәуелдік жалғауы: мағыналары мен қызметі. Оңаша және ортақ тәуелдеу. Септік жалғауларының тұлғалары. Жіктік жалғау, оның қызметі. Зат есімнің жіктелуі. Қалып етістіктерінің жіктелуі. Есімше тұлғаларының жіктелуі. Көсемшенің жіктелуі. Жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасындағы етістіктің жіктелуі. Бұйрық райдағы жіктік жалғаулары. Қосымшалардың орын тәртібі. Омоним қосымшалар.
Сөз тұлғасы. Негізгі түбір, оның белгілдері. Түбірлес сөздер. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер. Қос сөз, оның түрлері: қайталама қысқартып айту. Жазудың жолдары. Дара және күрделі сөздер. Тіркесті күрделі сөздер мен аналитикалық формалы сөздер туралы мәлімет.
СӨЗ ТАПТАРЫ
Зат есім.Зат есімнің лексика-семантикалық топтары: жалпы және жалқы есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер, жекелік пен жинақтық зат есімдері. Зат есімнің грамматикалық категориялары: жекелік-көптік категориясы, тәуелдеу категориясы, септеу категориясы. Зат есімнің жіктелуі. Көмекші есімдер.
Сын есім. Қызметі, мағыналық топтары. Тұлғасына қарай және құрамына қарай түрлері. Сын есімнің шырайлары, жасалу жолдары. Сөйлемде атқаратын қызметі.
Сан есім. Мағыналық топтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметі.
Есімдік. Қызметі, мағыналық түрлері. Есімдіктердің түрленуі, ондағы ерекшеліктері. Есімдіктің сөйлемде атқаратын қызметі.
Етістік. Дара және күрделі етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің лексикограмматикалық категориялары: салттық-сабақтылық категориясы, болымдылық-болымсыздық категориясы, етіс категориясы. Етістіктің функционалдық тұлғалары: есімше, көсемше, тұйық етісті.
Етістіктің грамматикалық категориялары: рай категориясы, түрлері, жасалу жолдары; шақ категориясы, оның түрлері мен жасалу жолдары.
Үстеу, морфологиялық сипаты, қызметі. Үстеудің мағыналық түрлері.
Сөйлемде атқаратын қызметі.
Шылау. Шылаудың сөз табы ретінде танылу себебі. Шылаудың түрлері: септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.
Еліктеу сөздер, олардың түрлері: дыбыстық еліктеуіштер мен бейнелеуіш сөздер. Еліктеу сөздердің сөйлемде атқаратын қызметі.
Одағай. Одағайдың ерекшеліктері, тыныс белгілері. Мағынасына қарай көңіл-күй одағайлары, жекіру, шақыру одағайлары болып жіктелетіндігі.
Сатылай комплексті талдау. Сөз құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын сатылай комплексті талдау сызбасы. Тіліміздегі сөздердің құрылысына қарай дара, күрделі болып бөлінетіні, күрделі сөздердің тұлғасына жәнежасалу жолына қарай түрлері жүйелілікпен сатылап талданатыны. Сөздің лексика-грамматикалық мағынасын айқындау, ашу жолдары.
СИНТАКСИС
Синтаксистің негізгі зерттеу объектілері – сөз тіркесі және сөйлем екендігі. Синтаксистің морфологиямен байланысы.
Сөз тіркесі. Сөйлем құрамында өзара тұлғалық және мағыналық жақтан сабақтаса байланысқан сөздердің тобы – сөз тіркесі деп аталатыны.
Сөз тіркесінің компоненттері: бағыныңқы және басыңқы сыңарлар. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің тәсілдері. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу). Сөз тіркесінің типтері: есімді және етістікті тіркес. Сөз тіркесінің тұрақты тіркестен айырмашылығы.
Сөйлем мүшелері: сөйлем мүшесі болу шарттары. Дара және күрделі мүше. Бірыңғай мүшелер. Үйірлі мүше. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш, баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың қиыса байланысуы. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш, анықтауыштың түрлері. Толықтауыш, тура және жанама толықтауыш. Пысықтауыш, пысықтауыштың түрлері.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оқшау сөздер.
Жай сөйлем. Сөйлем туралы түсінік. Құрылысына қарай жай және құрмалас сөйлем болып бөлінетіндігі, мақсаты мен сазына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, көңіл-күйге байланысты лепті сөйлемдерге бөлінетіні. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Жақты және жақсыз сөйлем. Атаулы сөйлем. Төл сөз бщен автор сөзі. Төлеу сөз.
Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтары. Құрмалас сөйлем түрлерінің бір-ьірінен айырмашылықтары.
Салалас құрмалас сөйлем. Компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас сөйлемдерге жіктелетініз.
Салаластың мағыналдық түрлері.
Сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары. Мағыналық түрлері.
Аралас құрмалас. Көп құрамды салалас. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Сатылай комплексті талдау. Сөйлемнің құрылымын, сөйлемдегі сөздердің байланысу формаларын сатылай комплексті талдау сызбасы. Сөйлемнің айтылу сазы мен мақсатына қарай түрлері, құрылысына қарай жіктелетіні жүйелі талданатыны. Сөйлемдегі сөздердің атқаратын қызметі мен бір-бірімен байланысу жолдары (тәсілдері, түрлері), сөз тіркес, оның түрлері, лексика-грамматикалық қатынасы тірек сызба бойынша айқындалатыны.
Тіл ұстарту жұмыстары.
Тіл ұстарту жұмыстары “Нормативті қазақ тілі” пәнінің ғылыми-әдістемелік негізін тереңдетуге игі ықпал ететін, сткуденттердің ойлау қабілетін дамытып, танымын жетілдіретін, олардың сөйлеу мәдениеті мен пікірлесу іскерлігін дамытуға әсерін тигізетін, әр сабақта іске асырылатын жүйелі жұмыстар болып табылады.
а) Тіл ұстарту тілдік құрылымдары, олардың элементтерін әдеби нормаға сай қолдана білуге үйретеді. Бұл – студенттің айтылған сөзді (мәтінді) түсініп қана қоймай, өз бетінше мәтін құрай білу дағдысын жетілдіреді, өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуіне мүмкіндік жасайды;
ә) Тіл ұстарту студентке әдеби тіл нормасын; орфоэпиялық, орфографиялық, лексика-фразеологиялық, грамматикалық (морфология, сөзжасам, синтаксис), стилистикалық нормаларды жан-жақты меңгереді. Тіл дамыту дәрістері студенттің тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетімен байланысты дағдыларын жетілдіреді;
б) Тіл дамыту қазақ тілінің фонетикалық лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын жүйелі түрде игертеді. Тіл дамыту жұмыстары филолог маманның алған білімін ауызша, жазбаша мәтін құрауда дұрыс қолдана білуге ықпал етеді, студенттің тілдік жүйені меңгеру сөйлеу дағдысын тереңдетеді.
Тіл дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар жүргізу.
«Қазақша-орысша сөздік» және анықтағыштар материалдарын пайдалану.
Тілдік қарым-қатынас. Сөйлесім әрекетін меңгеру. «Қазақша-орысша тілдескішті» пайдалану.
Мәтінді қазақ орфоэпиясы мен орфографиясының нормасы бойынша меңгеру. Ондағы үндесім мен үйлесім заңдылықтарына назар аударту. Ағылшын тіліндегі жазу нормасы мен айтылу нормасындағы алшақтықты студенттің өз бетімен жұмысы арқылы іске асыру.
Орфографиялық ережелерге байланысты тіл дамыту жаттығуларын жүргізу. Орфографиялық сөздіктерден мысалдар тергізу, оны талдату. Ағылшын тіліне енген термин сөздерге назар аудару.
Түсіндірме. Омонимдер, синонимдер, фразеологиялық сөздіктермен жұмыс істеу, сөздік қорды байыту.
Қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұхбаттар жүргізу, әдептілік туралы әңгімелесу. Сөз этикеті. Сөйлеу мәдениеті.
Киім, сән тақырыбына әңгіме құрастыру. Жай сөйлем түрлеріне талдау.
Әр алуан тақырыптарға диалог, монолог, сұрақ-жауап өткізу.
Мерзімді басылымдардан сөздіктен, біріккен, қысқарған сөздерді теріп жазу, оларға түсініктеме беру, талдау. Ағылшын тіліндегі сөздермен салыстыру. Орыс ақын-жазушыларының қазақ тілінде жарық көрген шығармаларынан алынған мәтінді мәнерлеп оқу, тыңдау, мазмұнын айту, шығарма жазу, тілдесу, пікірлесу. Сөйлеу мәдениетін байланысты тілдік қатынасты үйрету. Тілдік қатынастың басты ұстанымдары. Сөйлесім әрекетінің түрлері. Оқылым Айтылым. Тыңдалым. Жазылым. Тілдесім. Сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге қойылатын талаптар.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)
№ | Тақырыбы | Жұмыс түрі |
1. | Жазылуы қиын сөздер | Орфографиялық сөздіктен мысал теру |
2. | Мәтін орфоэпиясы | Мәтіндегі сөздерді айтылуы бойынша жазу |
3. | Дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі | Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру. |
4. | Үндестік заңының ерекшеліктері | Сөздерге фонологиялық талдау жүргізу |
5. | Қазақ тілінің фонетикасы | Бақылау тесті |
6. | Фонетика саласы бойынша | Сөздерге сатылай комплексті талдау |
7. | Сөз мағынасының түрлері | Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс |
8. | Фразеологиялық синонимдер | Шығармашылық тапсырмалар |
9. | Фразеологиялық синонимдер | Шығармашылық тапсырмалар |
10. | Қолданылу аясы тары сөздер | Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс |
11. | Біздің аймақтың диалект сөздері | Жергілікті аймақтық диалект сөздер сөздігін жасау. |
12. | Ата-анам қолданылатын | Кәсіби сөздердің түсіндірме сөздігін құрау |
13. | Қазақ тілінің лексикасы | Бақылау тесті |
14. | Лексика саласы бойынша | Сатылай комплексті талдау |
15. | Сөздің құрамдық белгілері | Интеллектуалдық тапсырмалар |
16. | Күрделі сөзердің жасалу жолдары | Картотека жинау |
17. | Қазақ тіліндегі рең мәнін тудырушы жұрнақтар | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша реферат |
18. | Есім сөз таптары | Венн диаграммасы |
19. | Есімдіктердің септелуі | Деңгейлік тапсырмалар |
20. | Есімдіктердің жіктелуі | Проблемалық тапсырмалар |
21. | Қазақ тілінің морфологиясы | Бақылау тесті |
22. | Морфология саласы бойынша | Сөйлемге сатылай комплексті талдау |
23. | Сөздердің байланысу формалары | Деңгейлік тапсырмалар |
24. | Жай сөйлем түрлері | Ашық тест |
25. | Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналықбелгілері | Көркем шығармалардан мысал жинау |
26. | Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері | Танымдық тапсырмалар |
Аралас құрмалас сөйлем мен көп құрамды салалас, көп бағыныңқы сабақтастың ұқсастықтары, айырмашылықтары | Вени диаграммасы | |
28. | Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары | Картотека жинау |
29. | Қазақ тілінің синтаксисі | Бақылау тесті |
30. | Синтаксис саласы бойынша | Сөйлемге сатылай комплексті талдау |