Есім сөзден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Жұрнақтар Мысалдар
-шы, -ші жылқышы, өтірікші, жәрдемші
-шылық, -шілік жайшылық, кемшілік, құрғақшылық
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық батылдық, жаңалық, кәрілік
-ыл, -іл, -л гүріл, діріл, тарсыл
-кер, -гер қаламгер, саудагер, айлакер

Етістіктен зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Жұрнақтар Мысалдар
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе көрме, жазба, тартпа, терме
-ым, -ім, -м келісім, шешім, ауысым
-ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек тарақ санақ, салық, қылық
-ыс, -іс, -с айтыс, тартыс, сөгіс, жүріс
-ынды, -інді, -нды, -нді жуынды, үгінді, шөгінді
-қы, -кі, -ғы, -гі бұрғы, сүзгі, шапқы
-қыш, -ғыш, -гіш, -кіш білгіш, сүзгіш, сыпырғыш
-ыш, -іш, -ш өкініш, қуаныш, сағыныш
-уыш, -уіш елеуіш, тарауыш, түйреуіш
байқау, жазу, ауру, оқу

Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар

Жұрнақтар Мысалдар
-еке, -қа, -ке басеке, ағеке, Мырзеке
шешей, ағай, атай
-тай ағатай, апатай, шешетай
-жан Сәулежан, атажан, Ермекжан
-қан, -ақан балақан, ботақан, бұзауқан
-қай, -кей балақай, шешекей, Бейсекей
-шақ, -шек құлыншақ, інішек, келіншек
-шық, -шік төбешік, қалашық, үйшік
-ша, -ше сандықша, кітапша, қобдиша
Жұмаш, бикеш, Төлеш
-сымақ өзенсымақ, батырсымақ
-шігеш, -шығаш байшігеш, батыршығаш
-екеш(-егеш) Тас екеш тас та өзгереді.

Күрделі зат есімдергекемінде екі я одан да көп түбір морфемадан құралған формалар жатады.

1. Біріккензат есімдер деп кемінде екі түбір морфеманың бірігуі арқылы жасалған зат есімді айтамыз. Мысалы, белбеу, қолқанат, қолбасы, т. б.

2. Қосарланғанзат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы, ата-ана, жауын-шашын, ел-жұрт, т. б.

3. Құрамазат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы, балалар бақшасы, күн тәртібі, ауыл шаруашылығы, т. б.б

4. Қысқарғанзат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы, ПМУ, пединститут, мм, ҚазССР, т. б.

Зат есімдердің сөйлемдегі қызметі

1. Бастауыш.Елдің үлкен кісілері мен шет қонақтар келгенде, Қадиша Кенжеханға бірауыз сөз айтқызбай күліп, қалжыңдап, еркін жүріп, өзі күтіп шығатын.

2. Баяндауыш.Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы-Байбосын хажының ауылы.

3. Толықтауыш.Күйеулермен қыдырып келген жұрт та таңертеңнен қозғалмай отырып әлденеше тегене қымызды ішіп алып, қызысқан.

4. Анықтауыш.Бұл болыстар базар ортасындағы Ақжелкенің кеңсесіне тағы келіп еді.

5. Пысықтауыш.Базарортасында ұзын биік ағашқа аспандатып көтерген ақ жалауда екі басты самұрықтың суреті желкілдейтін.

№14

Сын есімдер

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сын есім(мағынасына қарай)

сапалық қатыстық

Сапалық сын есімдердеп мағынасы жағына заттың әр алуан сыр-сипатын, қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, қалың, көк, үлкен,т.б

Қатыстық сын есімдердеп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, әдепті, ілулі, жинаулы, ақылды, т. б.

Сын есім(құрамына қарай)

негізгі туынды

Негізгі сын есімдеп әрі қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, үлкен, жақсы, аласа, т. б.

Туынды сын есімдеп өзге сөз таптарынан түрлі жұрнақтар арқылы жасалатын сын есімдерді айтамыз.

Есім сөздерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Жұрнақтар Мысалдар
-қы, -кі, -ғы, -гі соңғы, ішкі, күзгі, жазқы
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті икемді, ақылды, сорлы, тәртіпті
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық орталық, қалалық, балалық
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас аралас, ыңғайлас, бағыттас, мезгілдес
-сыз, -сіз икемсіз, шарасыз, амалсыз, ақылсыз
-дай, -дей, -тай, -тей кісідей, ақындай, судай, кісідей
-шыл, -шіл ұйымшыл, ұйқышыл, турашыл
-шаң, -шең бойшаң, ашушаң, көйлекшең

Етістіктен сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар

Наши рекомендации