Бап.Билiктi терiс пайдалану 19 страница

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

413-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату

Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыс жасады деп күдiк туғызған немесе айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау

1. Көрiнеу заңсыз ұстап алу –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Көрiнеу заңсыз күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Күдіктіні ұстап алу фактісі және оның тұрған жері туралы оның туыстарына қасақана хабарламау, адамның күзетпен ұсталу орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден заңсыз бас тарту, сол сияқты ұстап алу хаттамасының жасалу уақытын немесе нақты ұстап алынған уақытын бұрмалау –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

415-бап. Айғақтар беруге мәжбүрлеу

Прокурордың немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдану жолымен күдiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi, куәнi айғақтар беруге мәжбүрлеу, сол сияқты адамның ерікті түрде айғақтар беруіне, жасалған қылмыс туралы арыз беруіне кедергі жасау не оны айғақтар беруден бас тартуға мәжбүрлеу не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау

1. Азаматтық iс бойынша дәлелдемелерді iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң бұрмалауы –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам жасаған бұрмалау –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын немесе жасырын тергеу әрекеттері хаттамаларын немесе оларға қосымшаларды бұрмалауы –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Қылмыстық сот iсін жүргізу барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, процестік әрекеттерге қатысушы маманның немесе қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығаруға әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

6. Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы дәлелдемелерді, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан бұрмалау –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

417-бап. Парамен коммерциялық сатып алуға не парақорлыққа арандату

1. Парамен коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамға қылмыс жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге әрекет ету –

бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Парақорлыққа арандату, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

418-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығару

1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн шығаруы –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiмінің шығарылуына байланысты немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу

1. Қылмыстық теріс қылық жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу –

үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу –

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топтың мүдделерiне орай жасалған іс-әрекеттер –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма

1. Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма –

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

421-бап. Куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартуы

Куәнің немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы –

екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Адам өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар – медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар – қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу

1. Куәні, жәбiрленушiнi олардың жалған айғақтар беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақтар беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында параға сатып алу –

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Куәнi, жәбiрленушiнi жалған айғақтар беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жақындарын бопсалаумен, өлтiру, денсаулығына зиян келтiру, мүлкiн жою қатерін төндірумен ұласқан мәжбүрлеу –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып жасалған іс-әрекеттер –

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға байланысты іс-әрекеттер –

екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерiн жария ету

Жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келiсуiнсiз жасалған болса, –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл іс-әрекеттi аталған мәлiметтер оның қызметтiк жұмысына байланысты сенiп тапсырылған немесе белгiлi болған адам жасаса, –

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүдделеріне орай жасалған дәл сол іс-әрекет –

алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

425-бап. Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер

1. Тізімдеме жасалған, тыйым салынған немесе билік етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп тапсырылған адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасыруы немесе заңсыз беруi, сол сияқты кредиттік ұйым қызметшісiнiң тыйым салынған не шығыс операциялары тоқтатыла тұрған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соттың үкiмi немесе қаулысы бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасыру немесе иемденiп алу, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы заңды күшiне енген сот үкiмiн немесе қаулысын орындаудан өзге де жалтару –

бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу

1. Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы –

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;

3) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып

жасалған дәл сол іс-әрекет –

үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қашқан кезiнен бастап жетi күн мерзiмде қамауға алу немесе күзетпен ұстау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса және егер қашуы осы баптың екiншi бөлiгiнің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен ұштаспаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару

Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесiне қайтып оралмауы –

екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамның, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өздеріне қолданудан жалтаруы –

бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

428-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы –

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

429-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу

1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне көрсеткен жәрдемі үшін кек алу мақсатында күш қолдану қатерін төндіру –

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға, өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып жасалған іс-әрекеттер –

жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне көрсеткен жәрдемі үшін кек алу мақсатында қол сұғу –

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау

1. Заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау –

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыс жасау кезінде өндiрiп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын іс-әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау –

Наши рекомендации