Бап. Билiктi асыра пайдалану 20 страница

3. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған іс-әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың үшінші немесе төртінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Адамды ұстап алу кезінде, сондай-ақ осы бапта көрсетілген заттарды табу және алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алып қою оларды өз еркімен тапсыру деп танылмайды.

288-бап. Қаруды заңсыз жасау

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз жасау -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Газды қаруды, суық қаруды, оның iшiнде лақтырылатын қаруды заңсыз жасау -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

289-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

Атыс қаруын басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызып оны ұқыпсыз сақтау, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

290-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау

1. Атыс қаруын, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың жымқырылуына немесе жойылуына не өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жаппай қырып-жою қаруын не жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықты күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса не олардың туындау қатерін туғызса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

291-бап. Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жаппай қырып-жою қаруын, сол сияқты жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды жымқыру не қорқытып алу -

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

2) бірнеше рет;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;

4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, -

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

292-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу

1. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

293-бап. Бұзақылық

1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу -

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекет, егер оны:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

2) билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;

3) бiрнеше рет жасалса;

4) әуе, өзен, теңіз кемесінің бортында, теміржол көлігінде жасалса, -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

294-бап. Тағылық

Тағылық, яғни ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

295-бап. Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу

1. Тарихи-мәдени мұра объектісінде археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) іздестірудің арнайы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

11-тарау. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу

1. Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну -

бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -

үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

4. Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.

2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу -

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты;

4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізу -

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет -

мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты;

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-әрекеттер -

мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру -

төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға не екi немесе одан да көп адамға қатысты;

2) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

3) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

300-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру

1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру -

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есiрткi, психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Есiрткi, психотроптық заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу -

алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер -

бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

302-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру -

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) бірнеше рет;

3) қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

303-бап. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу

1. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекеттi аталған қағидаларды сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса, -

белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды жымқыруға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Наши рекомендации