Орғаныш жержалғанысы
Қорғаныш жержалғанысы адамдарды электр тоғымен зақымданудан қорғайтын негізгі құралдардың бірі блып есептеледі. Қорғаныш жержалғанысы деп электр қондырғыларының әдетте тоқ жүрмейтін бірақ фазалық электр изоляциясының бүлінуі салдарынан тоқ пайда болатын, металл бөлшектерінің (мәселен, корпусының) әдейі жермен тұйықталуын (қосылуын) айтады (2.11-сурет). Қорғаныш жержалғасының міндеті – электр қондырғыларының тоқ пайда болған корпусына тиіскен жағдайда адам денесінен өтетін тоқтың күшін қауіпсіз шамаға дейін кішірейту арқылы тоқпен зақымдану қауіпін болдырмау.
2.9-сурет. Плакаттар және қауіпсіздік белгілері.
2.10-сурет. Электр қондырғылардың электр қорғау құралдары:
Негізгі: 1-сақтандырғыш орнатуға арналған тістеуік; 2-гайка кілті; 3-отвертка; 4, 6, 10-кернеу көрсеткіш; 5-пассатижи; 7-резеңке кілем, төсеніш; 8-оқшаулағыш төстеме; 9-тоқ өлшейтін тістеуік;
Қосымша: 1-диэлектрикті резеңке қолғап; 2, 3-диэлектрикті галош және боты; 4-антистатикалық туфли; 5-диэлектрикті етік.
Қорғыныш жержалғанысы қолданылады:
1) тоқ кернеуі 1000 В дейін, нейтралі оқшауланған электр желісінде;
2) тоқ кернеуі 1000 В артық, нейтралі қандай да болса электр желісінде.
Электр қондырғыларын жерге жалғастыру міндетті түрде орындалу керек:
1) барлық жағдайда, егер айналмалы тоқтың кернеуі 380 В, тұрақты тоқтың кернеуі 440 В тең және одан артық болса;
2) қауіптілігі жоғары және өте қауіпті бөлмелерде, егер айнымалы тоқтың кернеуі 42-380 В, тұрақты тоқтың кернеуі 110-440 В тең болса;
3) жарылыс қауіпі бар бөлмелерде, тоқ кернеуі қанша болса да.
Электр қондырғыларының жержалғанысы жерге қосу (тұйықтау) құрылғысы арқылы орындалады. Ол жерге тұйықтағыш және жерге қосу сымынан тұрады. Жерге тұйықтағыш ретінде жер астына орнатылған металл заттарды қолданады. Жерге тұйықтағыш табиғи және жасанды деп бөлінеді. Табиғи жерге тұйықтағыштарға мыналарды жатқызуға болады:
1) жер астына орнатылған металл құбырлар (құбырлар – жанатын сұйық және газ заттарға арналмаған);
2) үй және құрылыстардың жер астындағы металл конструкциялары;
3) жер астымен жүргізілген кабелдердің қорғасын сырт қабығы;
4) электрленбеген темір жолдың рельсі;
5) скважиналардың бекіту металл құбырлары.
Жасанды жерге тұйықтағыштар (жер жалғағыштар) ретінде тік және көлбеу орнатылған электр өткізгіштер қолданылады (болат құбырлар немесе бұрыштардың кесінділері, таяқшалар, металл шыбықтар тағы басқа металл заттар).
Жерге қосу сымы электр қондырғысы мен жержалғағышты бір-бірімен жалғау үшін қолданылады. Оның бір ұшы жержалғағышпен пісіру арқылы қосылып, екінші ұшы қондырғының корпусына болттар бекітіледі.
Электр қондырғыларының құрылыс ережелеріне (ЭҚҚЕ) сәйкес қорғаныш жержалғанысының кедергісі артық болмау керек:
1. Тоқ кернеуі 1000 В дейін:
а) егер тоқ көзінің нейтралі оқшауланған болса
- RЖ £ 4 Ом (тоқ көзінің қуаты N > 100 кВ · А);
- RЖ £ 10 Ом (N £ 100 кВ · А).
б) егер тоқ көзінің нейтралі жерге қосылған болса
- RЖ £ 2, 4, 8 Ом үш фазалық тоқтың 660, 380, 220 В кернеуіне немесе бір фазалық тоқтың 380, 220, 127 В кернеуіне сәйкес.
2. Тоқ кернеуі 1000 В артық (электр желісінің нейтралі оқшауланған):
а) RЖ = 250/J £10 Ом (J – жерге тұйықталған тоқ, А);
б) RЖ = 125/J £10, егер жержалғаныс сонымен қатар 1000 В дейін электр қондырғыларына да пайдаланатын болса.
Қорғаныш жержалғасының тоқ соғу қауіптілігінен сақтау мәнісі мынада. Егер электр желісінің бір фазасы изоляциясы бүлінгендіктен электр қондырғысына тұйықталса, оның корпусында тоқ пайда болады. Ол тоқ жерге қосу сымы және жержалғағыш арқылы жерге өтіп, одан әрі басқа фазаларға жол табады. Сол қондырғының корпусына адам тиіскен болса, оның денесінен де тоқ өтіп, ол да жер арқылы сол жаққа кетеді. Сөйтіп электр тоғы екі қатар (параллель) жолмен өтеді. Ал параллельдің қасиеті сонда, Ом заңы бойынша электр тоғының күші кедергіге кері пропорционалды болғандықтан, тоқтың көп мөлшері кедергісі аз жолмен өтеді.
Жоғарыда көрсеткендей, қорғаныш жержалғанысының кедергісі 10 Ом-нан артық болады, ал адам денесінің кедергісі өте зор, 1000 Ом-нан артық болады. Сондықтан тоқ көп мөлшерде кедергісі аз жержалғаныс арқылы өтеді, ал дене арқылы аз мөлшерде өтіп, оған зақым келтірмейді. Егер қорғаныш жержалғанысының кедергісі белгіленген нормадан артық болса, онда адам денесінен үлкен тоқ өтіп, оны ауыр зақымдандырады.
Уақыт өткен сайын әр түрлі факторлардың әсерінен (жаздың күні жер топырағы құрғап, қыстың күні қатып қалуы, жерге қосу құрылғысының бүлінуі т.б.) қорғаныш жержалғанысының сапасы нашарлап, оның кедергісі ұлғайып, қорғау нәтижесі төмендеуі мүмкін. Сондықтан қорғаныш жержалғанысын әрдайым бақылап, кедергісін өлшеп, тексеріп отыру керек.