Хламидиоздің жіктелуі
І.Уақытты бойынша:
А. Жас
Б. Созылмалы
ІІ. Ағымы бойынша:
1. Жедел
2.Жеделдеу
3.Торпидті
4.Симптомсыз тасушылық
ІІІ. орналасуы бойынша:
А.Әйелдерде:
-төменгі бөлімдерінде
1.Уретрит
2.Бартолинит
3.Вагинит
4.Эндоцервицит, эндометрит
-Жоғарғы бөлімдерінде:
1.Сальпингит
2.Эндометрит
3.Пельвиоперитонит
Б. Ер адамдарда
1.Уретрит, парауретрит
2.Везикулит,простатит
3.Орхит,эпидидимит
Клиникалық көрінісі
Инкубациялық кезең 10-14 күнге созылады.Хламидиялың этиологиясы ауру ағымының ұзақтығымен, көріністерінің айқын еместігімен, қайталануға бейімділігімен сипатталады. Хламидиоздың клиникалық көріністері, басқа қоздырғыштармен туатын аурулардың симптомдарына ұқсас келеді.
Хламидиялық эндоцервициттің жедел кезеңі цирвикальдың каналдан ірің бөлінумен, сыртқы аңқа гиперемиясы, сонымен қатар жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ісінуімен сипатталады. Созылмалы кезеңде іріңді –сірлі бөлініс, жатыр мойнында эрозиялармен сипатталады.
Хламидиялық уретрит дизуриялық бұзылыстармен немесе айқын емес симптомдармен жүруі мүмкін.
Уретраның жедел қабыну көріністері урогенитальді хламидиозбен ауыратындардың 4-5%-де кездеседі.
Диагностикасы
Хламидиялық сальпингит диагнозын қою лапароскопия кезінде арнайы тексеруде ғана мүмкін. Хламидиоз диагнозы арнайы зертханалық зерттеу әдістері нәтижесінің негізінде қойылады. Көрсетілген әдістерді қолданғанға дейін трихомониаз бен кандидозды жоққа шығару керек. Осы кезде хламидияның трихомонадалармен және т.б. қоздырғыштармен бірге болу мүмкіншілігін ескерген жөн.
Хламидиоздың зертханалық диагностикасы көптеген қиыншылықтар тудырады. Цервикальдық канал, жатыр мойнынан, қынаптан алынған жұғынды Романовский-Гимзе әдісімен бояп, микроскопияда 40% жағдайда хламидиялар анықталуы мүмкін. Қазіргі кезде иммуноферменттік және иммунофлюоресценттік, тізбекті полимеразды реакция әдістер қолданылады. Иммунофлюоресцентті әдіс кезінде торшаның сыртында орналасқан ЭД анықтай алатын моноклональды антиденелкр қолданылады.Хламидияны өте тез (30 мин)анықтайтын әдіс.
Иммунноферментті әдіс кезінде қанда хламидияға қарсы антидене немесе жұғында антиген анықталады.Спектрофотометр көмегімен ортаның түсінің өзгеруі байқалады.
ДНК-диагностика әдістері-ПТР,ЛЦР,ДНК-зонды.Бұл қазіргі заманғы аз мөлшердегі микроорганизмдерді анықтайтын жоғары технологиялық әдістер.
Емдеуі
Хламидиялық инфекцияны этиотропты емдеу кезінде тетрациклин қатарының препараттары, макролидтер, сонымен қатар рифампицин қолданылады. Судьфаниламидтер төмен белсенділікке ие.
Жыныс мүшелерінің төменгі бөлімнің жедел қабынуында тетрациклинді әр 6 сағат сайын 500 мг қабылдау керек, 7 күн, курстың доза 14,0 г.
Жедел өрлемелі инфекцияда және созылмалы үрдісте курстың мөлшері 28,0 г. дейін көтеріледі, емдеу ұзақтығы – 14 күнге дейін. Метациклин гидрохлориді 600 мг мөлшері (1-қабылдау), сосын 7 күн бойы әр 8 сағат сайын 300 мг жас, жедел және жеделдеу кезеңде тағайындалады (курс 6,9 г). Асқынған түрлерінде курсты 10 күнге ұзартады.
Морфоциклинмен (тетрациклинге қарсы көрсетілген болса)-көктамыр ішіне 20 мл. 5 % глюкоза ерітісінде. Бірінші 12 сағаттан кейін 0,15, кейін 7 күн бойы 0,15 мг тәулігіне 1 рет. Диоксициклинді препараттар (вибрамицин) асқынбаған формаларында ішке тағайындайды: 0,2 г бірінші қабылдауға, кейін әр 12 сағ. 0,1 г, емдеу курсы 7-14 күн ,доза 1,5-3,0 г.
Антибиотиктер – макролидтер: жедел кезеңде эритромицин әр 6 сағат сайын 7 күн бойы 0,5 г. Хламидиоздың созылмалы және асқынған түрлерінде эрициклин мен диуцифон тағайындалады: алғашқы 3 күнде диуцифон (иммуномодулятор) күніне 3 рет 0,1 г; 4-күннен бастап эрициклин қосады, бірінші 2 күнде тәулігіне 3 рет 1 г, сосын тәулігіне 3 рет 0,75 г. Емдеу ұзақтығы 14 тәулік, эрициклин курсына 25-26 г, диуцифон-4,2г.
Рифампицин мен эритромицин комбинациясы: 1-күні рифампицин 1 рет 900 мг, 2-3 күні 150мг күніне 4 рет,4-5-күні 150 мг күніне 3 рет, емдеу
курсына 3,0г. Сол уақытта науқас эритромицинді де 0,5 г күніне 4 рет қолданады. Емдеу курсы 12 г.
Аралас хламидиялы-создық инфекцияны емдеу үшін диоксициклин гидрохлоридті қабылдау ұсынылады: бірінші қабылдағанға 0,3 г,сосын әр 6 сағат сайын 2 рет 0,1 г,одан кейінгі қабылдаулар әр 12 сағ. сайын 0,1 г,емдеу курсы 8-10 күн.
Сумамед (азитромицин)-антибиотик-макролидтің жаңа түрі, бактериостатик.
Пероральді енгізгеннен кейін сумамед жақсы сіңіріліп әртүрлі тіндерге жылдам тарайды. Жартылай фазасы ұзақ және тіндерден баяу бөлінеді. Осы қасиеттеріне сау дәріні тәулігіне 1 рет қабылдаса жетерлік жедел хламидиялық инфекцияда алғашқы күні 250 мг күніне 2 рет, сосын 4 күн 250 мг күніне 1 рет.Тамақ қабылдаудан 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қабылдау керек.
Соңғы жылдары хламидиялық инфекцияны емдеу үшін фторхинолон тобының антибиотиктерін қолдануда: пефлоксацин, абактал, цифран, ципробай, заноцин т.с.с. Жедел және жеделдеу түрлерін абакталды 400 мг мөлшерді күніне 2 ретке тағайындайды (8г).
Ципробай 500 мг күніне 2 рет, курстық доза 10,0 г.
Урогенитальды кандидоз
Урогенитальді кандидоз кең жайылым алған ауру болып табылады. Әйелдерде 13,7-51%, ер адамдар 2,2 % анықталған. Бұл патология қазіргі кезде дермато-венеролог, акушер-гинеколог, урологтардың күнделікті тәжірибесінде кездеседі.
Берілу жолы-жыныстық.
Этиологиясы
Candida тұқымына Cryptococea туыстастығына жататын микроорганизмдер-ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар болып табылады.
Candida тұқымының 150 түрі бар.Олар қоршаған ортады тұрақты, мұздату мен кептіруді жақсы көтереді, қайнатқанда бірнеше минуттан кейін өледі.
Candida тұқымдастығы саңырауқұлақтарының құрылысы күрделі, олар патогенді және вирулентті, кандидоциндерді өндіруге қабілетті, белсенді аллерген болып табылады. Ең патогенді және жиі кездесетін түрі Candida albicans.