Гипотрофияның дәрежелерінің сипаттамасы
Клиникалық көрсеткіш | Гипотрофияның дәрежелері | ||
Орталық жүйке жүйесінің жағдайы | Қозу тежелумен алмасып тұрады | тежелу | Айқын тежелген |
Тәбеті | Артқан немесе аздап нашарлаған | Төмен | анорексия |
Ас қорыту фер-менттерінің сөлі | Орташа төмендеген | Төмендеген | Айқын төмендеген |
Тері | Бозғылт | Бозарған, құрғақ серпімділігі төмен | Қыртыстанып, салбырап тұрады |
Тері асты шел майы | Ішінде жойылып кетеді | Ішінде, аяқ-қолдарында болмайды | Барлық денесінде (бетінде де) жойылып кетеді |
Ткань тургоры | Төмендеген | Өте төмендеген | Толық жоғалған |
Салмақ жетіспеушілігі | 10-20% | 20-30% | 30% |
Дене салмағының артуы | азайған | Көп азайған | Жоқ, керісінше салмағы төмендейді |
Иммунитет | Өзгермеген | Төмендеген | Күрт төмендеген |
Ішінде, денесінде және аяқ-қолдарында тері асты шел майы жұқарады. Ішкі мүшелерді тексергенде ауытқулар анықталмайды. Баланың дене ұзындығы қалыпты, ал салмағы 10-20 процент деңгейінде қалыс қалады.
Салмағының өсу қисығы жинақтанған. Чулицкий индексі 15-10 дейін төмендейді. Қан тексермелерінде (жалпы және биохимиялық) өзгерістер байқалмайды.
ІІ дәрежелі гипотрофия: Көңіл-күй өзгерімпаз болып келеді.
Науқас кейде қозып, мазасызданып, кейде керісінше әлсіреп, қоршаған ортаға бейтарап қарайды. Ұйқысы тынышсыз, сау балаға қарағанда қысқа болып келеді. Кез-келген сұраққа және басқа қимылдарға «жоқ» деп әлсіз қарсылық білдіреді. Терісі бозарып, сұр тартады, серпімділігі мен тургоры едәуір төмендейді, терісі қыртыстанып, былжырланады. Тері асты шел майы ішінде, кеудесінде, қол-аяғында жойылып, тек бетінде ғана сақталады. Бұлшық ет массасы, тонусы әжептәуір азаяды, жүрек тондары тұйықталады, тұңба пневмониялары және басқа септикалық ошақтар (отит, пиелонефрит, және т.б.) пайда болуы мүмкін. Бауыры орташа үлкейген. Нәжісі өзгергіш келіп, бірде іші қатса, келесіде іші өтеді.
Ұн тәріздес нәжіс құрамында көмірсулар көп тағамдармен бір жақты көп тамақтандырғанда байқалады: нәжіс сұйық, қышқыл реакциясы, түсі сары-жасыл, құрамында кілегей байқалады. Микроскопия жасағанда клетка сыртындағы крахмал, нейтралды май, майлы қышқылдар, кілегей және лейкоциттер көп болады.
Белоктық нәжіс – сүтпен біржақты тамақтандырылғанда байқалады. Нәжістің мөлшері аз, қатты, құрғақ, сұрланған жер түсті, шірік иісті болады. Микроскопия жасағанда дендриттер, майлы қышқылдардың тұздары көп, нейтралды майлар аз болады.
Аш нәжіс – мөлшері азғана, құрғақ, түссінденген, тасатй қатқан, шірік сасыған иісті болады. Зәрінен аммиактың иісі шығады.
ІІ дәрежелі гипотрофиялы науқастардың дене ұзындығы 1-3 см., салмағы 20-30 процент деңгейінде қалыс қалады. Гипотрофияда гипохромиялы анемия болуы керек, бірақ қанның қойылуна байланысты гемограмма қанның қызыл және ақ: түйіршіктер, биохимиялық көрсеткіштер қалыпты жағдайда болады.
ІІІ дәрежелі гипотрофия: Эмоциясы төмендеген, психикасы зорланған, сөйлеу және қимылдық әрекеттерінің дамуы қалыс қалады. Бала әлсіз, әлжуас, шарасыз жағдайда болады, кейбірде каталепсия, анорексия болуы мүмкін. Терісі сұр түстеніп бозарады, құрғақ, қыртыстанып, серпімділігі мен тургоры жойылады, түлеп, жарылып кетуі мүмкін. Ауыз қуысының кілегей қабаты құрғақтанғандықтан айқын қызыл түстенеді, қабыршықтанып «торғай ауыз» тәрізденеді. Ауызының бұрышы жарылып, уылып, афталы стоматит пайда болады. Шаштары құрғайды, сынғыш болады, ұя тәрізденіп түсіп қалады. Терісі пысынауға, пиодермия, жарақаттар пайда болуға гипотермияға бейім келеді.
Шкел майы бетінен де жойылып, беті қарт адамның бетіне ұқсастанады. Сусыздану белгілері пайда болады, зәр және нәжіс мөлшері азаяды, еңбегі төмен түседі, ауыз қуысының, көздің кілегей қабықтары құрғайды, тамағы құрғап, дауысы қарлығып, шөлдейді. Тынысы беткейленіп, ауаны ішінде тарту мерзімі ұлғаяды, кезеңдік тыныстың әртүрлі пайда болады, ырғағы бұзылады, әлсін-әлсін тоқтап қалуы мүмкін, жүрек тондары тұйықталады, брадикардия пайда болады. Артериялық қан қысымы төмендейді.
Науқас тез тоңып, тез қызып кетеді. Дене қызуы әлсін-әлсін себепсіз субфебрильді көрсеткіштерге дейін көтерілуі мүмкін. Іші кеуіп кетеді.
Бұлшық ет массасы күрт азаяды. Нәжісі тұрақсыз болады: ішінің қатуы сабынды известь түрлі нәжіспен алмасып отырады. Науқастың дене салмағы 30 және одан да жоғары процентке кем, ұзындығы 3-6 см-дей жетіспейді. Қанды тексергенде қанның қойылғаны анықталады.