Ацетилметилкарбинол мен қышқылдары Нитриттерді нитраттарға айналдыру


2 сурет. Микробтардың биохимиялық қасиеттерін зерттеу схемасы

Мысалы: лактаза ферменті лактозаны ыдыратады, мальтаза – мальтозаны т.б. Ферменттер негізінен өзі ыдырататын затқа «аза» деген жұрнақты жалғау арқылы аталынады.

Экзоферменттер – сыртқы ортаға бөліне отырып қоректікзаттардың макромолекулаларын микроб клеткасы игере алатындай қарапайым заттарға дейін ыдыратады

Эндоферменттер –алмасу реакцияларына қатынасады.Микробтардың ферменттік құрамы тұрақты болады, сондықтан түрлі микробтарды оларда бар ферменттер түріне қарап-ақ ажырата береді. Ол үшін, әрине олардағы ферменттер құрамын анықтау қажет.

Әсер ету механизміне байланысты ферменттерді 6 класқа бөледі:

1. Тотықтыру-қалпына келтіру ферменттері – оксидоредуктазы.

2. Трансферазалар

3. Гидролазалар

4. Лиазалар

5. Липазалар

6. Изомеразалар

Зардапты микробтардың түрін анықтау кезінде олардағы сахаролитикалық және протеолитикалық ферменттердің маңызы анағұрлым зор. Сахаролитикалық және протеолитикалық ферменттерді анықтау үшін Гисс ортасына себінді жасайды. Сахаролитикалық ферменттердің арқасында бактериялар көмірсуларды және көп атомды спирттерді қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Газдың түзілгенін аңғару үшін сұйық Гисс ортасына қалытқылар орналастырады. Қышқыл түзілгеніне ортадағы индикатор арқылы көз жеткізеді (Андрадэ индикаторы). Егер микробта фермент жоқ болса онда олар ортаны біртекті лайлап, кәдімгі қоректік орта сияқты өсе береді. Ортаның түсі өзгермейді. Егер қантты ыдырату кезінде газ түзілетін болса (қышқыл ғана емес) онда қалытқыны көтеріп жібереді.

Көмірсулары бар орталарды дайындау.

ЕПС-на 1 % қандай да бір көмірсу және 5 % лакмус тұнбасын (индикатор) қосады. Оны пробиркаларға құйып 3 күн бойы бумен стерильдейді. Лакмус индикардың орнына Андрадэ индикаторын : 0,5 мл қышқыл фуксин, 16 мл күйдіргіш натридің қалыпты ерітіндісі және 100 мл дистмльденген су қосады.

Гисс ортасы (дайын).

2 г ұнтақты 100 мл дист суға қосып толық ерігенше қыздырады, 5 мл құйып, 120 0 С-та 20 мин стерилдейді. Нәтижесін қызғылт сұр түстің көгілдір түске айналуына қарап шығарады.

Протеолитикалық ферменттерді анықтау ұшін зерттеліпотырған өсіндіні желатинге (ЕПЖ), кәдімгі сүтке, ұйытылған қан сарысуына себінді жасайды

а) Протеолитикалық қасиеттер бар болса,онда желатин ериді

(ыдырайды), бірақ әр микробта әр түрлі (бұл қасиетін де микроб түрін ажыратуға пайдаланады), мысалы, топалаңның қоздырушысы желатинді еріткенде воронка сияқты көрініс, стафилококтарда – чулки сияқты көріністі көруге болады, ал қабат-қабатымен ерісе, онда ірің таяқшалары (Pseudomonasaerogenosa) деп жорамалдауға болады.

б) Казеиннің (сүт белогы) ыдырауын Эйкманның сүтті агарындаанықтауға болады. Ол үшін 10 мл ЕПА-на 3 мл майсыздандырылған сүт қосады да петри аяқшасына құяды. Соған себінді жасайды. Зерттеліп отырған микробта протеолитикалық қасиет бар болса микроб өскен жердің айналасында түссіздену аймағын көруге болады.

Белоктардың ыдырауының ақырғы өнімдері – күкірсутегі, индол, аммияк сияқты газдар. Оларды әр түрлі әдістермен анықталады.

1. Индолды индикаторлық қағазбен анықтайды.

1 вариант – қағазды 12 %-дық қымыздық қышқылының ерітіндісімен қанықтырады. Егер индол түзілетін болса қағаздың төменгі жағы күлгін түске боялады.

2вариант – қағазды Эрлих ерітіндісімен қанықтырады. Реакцияға дейін қағаз сары түсті, индол түзілетін болса қою қызыл түске боялады.

2. Күкіртсутегін сіркеқышқылды қорғасын10 %-дықерітіндісіне қанықтырылған индикатолық қағазбен анықтайды. Күкіртсутегі түзілген жағдайда қағаздың төменгі жағы қара түске өзгереді.

3. Аммиякты өсінді себілген пробиркаға лакмус қағазын бекітуарқылы анықтайды. Аммияк түзілген жағдайда қағаздың төиенгі жағы көгереді.

Тапсырма:зардапты материалдан бөліп алған микроб өсіндісініңбиохимиялық қасиеттерін анықтау үшін Гисс ортасына себінді жасау.

Зерттеудің нәтижесін келесі кестеге толтыру.



Газ түзу Глюкоза Сахароза Лактоза Мальтоза Салицин Индол Күкірт Аммиак

сутегі

+ - оң нәтиже; - - теріс нәтиже.

Наши рекомендации