Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай: « Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі синдромын» дәлелдеу және науқасты жүргізу тактикасы»
Ситуациялық есеп:Сіз –терапевт-дәрігерсіз. 65 жасар ер адам емдік-профилактикалық мекеменің жолдауымен жоспарлы түрде бөлімшеге түсті.
Ø Анамнез жинап науқасты қарауды жүргізіңіз
Ø Лабораторлық, аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесін талдаңыз
Ø Диагнозды құрастырыңыз
Ø Науқастың жүргізу тактикасын анықтаңыз
Қорытынды нәтиже (outcomes):
Ø Науқасты сұрау мен физикалық тексеруді жүргізу
Ø Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы
Ø ЭКГ-ң регистрациясы мен интерпретациясы
Ø Науқасты жүргізу тактикасы
Бағалау парағы (check-list)
Науқаста « Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі синдромын» дәлелдеу және науқасты жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша
Тапсырушының коды: _______________________ Емтихан күні _____________________________
Емтихан қабылдаушы:__________________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Ұпаймен бағалау | ||||
Дұрыс Орындады | Ескертулермен орындады | Орындай алмады | ||||
Шағымдарды жинау. Шағымдарды жинау үшін барлық сұрақтар қойылған ба ? | 1,0 | 0,5 | ||||
Ауру тарихы.Анамнезді анықтау үшін барлық сұрақтар қойылған ба? | 1,0 | 0,5 | ||||
Өмір тарихы.Барлық сурақтар қойылған ба? | 1,0 | 0,5 | ||||
СЖЖ белгілерін анықтау және нақтылау | 1,0 | 0,5 | ||||
Физикалық тексеру (шырышты қабықтар мен тері жабындылары және т.б.) | 1,0 | 0,5 | ||||
Ісінулердің болуын анықтау | 1,0 | 0,5 | ||||
Тыныс алу жүйесін зерттеп қарау | 1,0 | 0,5 | ||||
Жүрек- қан тамыр жүйесін зерттеп қарау | 1,0 | 0,5 | ||||
Бауырдың пальпациясы мен перкуссиясы | 1,0 | 0,5 | ||||
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||||
Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау. | 1,0 | 0,5 | ||||
Аспаптық зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||||
ЭКГ- ның нәтижелерін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||||
ЭХОКГ-ның нәтижелерін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||||
ЖҚА,ЖЗА және биохимиялық анализдерін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||||
Клиникалық диагнозды негіздеу мен тұжырымдау | 1,0 | 0,5 | ||||
Емдеу тактикасын анықтау. Сжж белгілерінін азайтатын және олардың күшеюін тоқтататын дәрі– дәрмектер. | 1,0 | 0,5 | ||||
СЖЖ кезіндегі іркілісті азайтатын дәрі – дәрмектер | 1,0 | 0,5 | ||||
Өмір салты мен емдәм бойынша ұсыныстар | 1,0 | 0,5 | ||||
Науқаспен коммуникативтік қарым қатынастың нәтижелері | 1,0 | 0,5 | ||||
БАРЛЫҒЫ | ||||||
Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы:
65-жастағы ер адам жүректің қағуына, жүктеме кезіндегі ентігудің күшеюіне, жөтелге, әлсіздік, физикалық жүктемеден кейінгі тез шаршағыштық, жүрек қағысына және оң қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келді.
Сұрақтың мәні | Әртіске арналған сұрақтың формулировкасы | Жауап |
Журек жеткіліксіздігінің белгілерін нақтылау | Ентігу қашан болады? | Баспалдақпен көтерілгенде немесе аздаған физикалық жүктемеден кейін |
Ентігудің ұзақтығы | Ентігу қанша уақытқа созылады? Қалай басылады ? | Тыныштық күйінде бірнеше минуттан кейін басылады. |
Ентігудің байланысын анықтау | Ентігу немен байланысты? | Аздаған физикалық жүктемемен |
СЖЖ басымдылығын нақтылау | Ентігу басталғанша дейін қанша жүре аласыз? | 200-250 м қашықтық |
Жөтелді анықтау | Жөтел қандай жағдайда күшееді ? | Горизонтальды қалыпта |
Жөтел немен басылады? | Жөтелді басу үшін не қабылдадыңыз? | Вертикальды қалыпта басылады |
Аяқтағы ісіктерді анықтау және нақтылау | Ісіктер болады ма? Болса тәуліктің қай мезгілінде ісіктер пайда болады немесе күшееді ? | Кешке қарай пайда болады |
Анамнезінен өзін бірнеше айлар ішінде аурумын деп санайды.Бұрын ол өзінің бағында жұмыс істей беретін, енді 200-250 м жүргенде ентігу байқалады.Оны жүрегіндегі ауру сезім мазаламайды,бірақ 2 жыл бұрын миокард инфарктін алған.Бір жыл бұрын АКШ жасалынған, содан бері ангинозды ұстама болмайды,сонда да түнде екі жастықпен ұйықтайды.Арасында түнгі ұйқыдан бірнеше минуттан кейін өзі қайтатын ентігуден оянады. Соңғы кезде кешке қарай күшеетін аяқтағы ісінулердің пайда болуын байқаған.Кейін жөтел қосылған.Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған.Ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамаған.Дәрігерге бармаған.
Темекі тартпайды.Ішімдікке әуестік жоқ.Тұқымқуалаушылыққа бейім:әкесі 2 рет миокард инфарктін алған.Аллергоанамнез ерекшеліксіз.
Объективті көріністе:ДСИ - 28,дене салмағы басым, бойы 163 см, салмағы 80 кг. Гиперстеник. Аяқта сәл ісінулер бар.Тыныс алу жиілігі 20 минутына. Тері жабындылары бозғылт.Ерні көгерген. Өкпенің аускультациясында екі жақтың төменгі жағында майда көпіршікті сырылдар естіледі.Жүректің аускультациясында анықталған: жүрек ұшында 1 тон әлсіреген,аортада 2 тонның акценті , өкпе артериасында 2 тонның акценті басым. Жүректің салыстырмалы шекаралары : сол жақ шекарасы V қабырға аралықта ортаңғы бұғана сызығынан 2,5 см сыртқа, оң жақ шекарасы кеуде сүйегінің шетінде, жоғарғы III қабырғаның шеті. ЖСЖ 130 минутына. Пульс симметриялы, толықсуы сәл төмендеген.АҚ 125/90 мм.рт.ст. Іштің пальпациясында оң жақ қабырға асты сезімтал.Бауыр 1,5 см қабырға астынан шығып тұр, шеті үшкір.
.
Алты минуттық жүру сынамасының нәтижесі
СЖЖ басымдылығы | Алты минуттық жүру дистанциясы метр бойынша |
III ФК СЖЖ | 250 м |
ЭКГ:Синустық тахикардия.Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.Алдыңғы бүйірлік қабырғадағы тыртықтық өзгерістер.
ЭХОКГ: АО-3,0 см.Оң қарынша – 3,2 cм.Сол жақ жүрекше -4,0 см. СДК сқ – 6.0 см, ССК сқ- 4,5 см, сол қарыншаның АҚҚ – 1,4 см, ҚАПҚ-1,3 см. Жүректің лақтырысы- 45%, дельта S- 22%.
Қорытынды:Аорта склерозданған,кеңеймеген.Сол жүрекшенің және сол қарыншаның көлемі ұлғайған.Сол қарыншаның гипертрофиясы.Сол қарыншаның алдыңғы бүйірлік сегментінің гипо-акинезі.Сол қарыншаның жиырылу қабілеті төмендеген.
ЖҚА | ЖЗА | Биохимиялық анализ |
эритроциттер 3,8х1012/л гемоглобин 140 г/л тк- 1,05 лейкоциттер 8,6х109/л с/я 68% т/я – 2% эозинофилдер 2% лимфоциттер 24% моноциттер 4% этж- 8 мм/сағ. | көлемі 100,0 мл, салыстырмалы тығыздығы – 1028 түсі – сары, лейкоциттер– 3-4 к/а. | глюкоза – 5,3 ммоль/л холестерин 6,7 ммоль/л ттлп– 4,1 ммоль/л жтлп – 0,4 ммоль/л триглицеридтер – 2,8 ммоль/л креатинин – 125 мкмоль/л жалпы ақуыз-67г\л алт-32 м\е натрий-142 мм\л кальций-2,23мм\л калий-4,1мм\л билирубин-26мкм\л |
Науқастағы « Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі синдромын »дәлелдеу және науқасты жүргізутактикасы клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны