Клиникалық зертханалық диагностика
В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс://
Сүйек кемігінің босауы//
Сүйек кемігінің өзгермеуі//
Қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы/
+ Қан түзудің мегалобластты типі//
Қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен
***
Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш://
HBcorAg болуы//
Жалпы билирубин деңгейі//
Тікелей билирубин деңгейі//
+ Трансаминазалар деңгейі//
IgM болуы
***
Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://
+ d-ксилозамен сынама//
Глюкозотолерантты тест//
Ацидотест//
Нәжісті бактериологиялық зерттеу//
Helicobacter pylori – ге зерттеу
***
30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://
+ Креатинфосфокиназаны анықтау//
Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау//
Ревматоидты факторды анықтау//
Кардиолипинге антиденелерді анықтау//
Жегілік антикоагулянтты анықтау
***
Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш://
Хламидиялар//
+Клебсиелла//
Микоплазма//
Ішек таяқшасы//
Пневмококк
***
Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу://
Сілтілі фосфатаза деңгейі//
Трансаминазалар деңгейі//
Зәр қышқылы деңгейі//
НbsAg//
+ Полимеразалық тізбекті реакция
***
52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу://
Шиллинг сынамасы//
d-ксилозамен тест//
+ Копрограмма//
Глюкозаға толеранттылық тестті//
Сутегілік тест
***
С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу: //
Сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу//
Сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу/
Спленопортография//
+ Трепанобиопсия //
Көк бауырдың пункциясы
***
Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау://
ТТГ деңгейін анықтау//
Т3 деңгейін анықтау//
Т4 деңгейін анықтау//
+ Кольпоцитограмма//
Пролактин деңгейін анықтау
***
24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін//
Тромбоцитоз//
Гиперфибриногенемия//
АЧТВ қысқаруы//
ПУ қысқаруы//
+ РФМК жоғарылауы
***
Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу: //
АСЛ-О, АСГ//
Тропоизомеразаға антиденелер//
+Антинуклеарлы антиденелер//
Ревматоидты фактор//
Кардиолипинге антиденелер
***
К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу://
+ АСЛ-О, АСГ//
Райта-Хеддльсона реакциясы//
Ревматоидты фактор//
Антинуклеарлы антиденелер//
LE-жасушалар
***
Теміртапшылықты анемияға неғұрлым тән ЕМЕС зерт ханалық белгі://
Анизоцитоз//
+ Мегалобластоз//
Гипохромия//
Пойкилоцитоз//
+ Микроцитоз
***
Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс://
+ Жағындының микроскопиясы //
Қақырықты егу әдіс//
Флюорография //
Компьютерлі томография//
ПЦР – диагностика
***
Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ II дәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді://
Калий 5 ммоль/л көп болғанда//
Натрий 150 ммоль/л көп болғанда//
Мочевина 10 ммоль/л көп болғанда//
Қалдық азот 30 ммоль/л көп болғанда//
+Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда
***
Науқас 35 жаста, кеуде клеткасының оң жағында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://
+ Өңешті рентгендңк зерттеу//
ЭКГ//
Қанның жалпы анализі//
ЭФГДС//
Кеуде клеткасы органдырының рентгеноскопиясы
***
Науқас 16 жаста, дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыр терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://
Қанды бактериологиялық зерттеу//
Ревматоидты факторды анықтау//
Стрептококктарға қарсы антиденелер титрін анықтау//
Иммуноферментный анализ на урогенитальную инфекцию//
+ Кардиолипинге антиденелер анықтау
***
Ер адам 45 жаста, оң жақ табанында қатты ауырсынуға шағымданады. Қонақта болып, көп мөлшерде ет жеп, ішімдік ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 кезінде кенеттен басталған, негізінен оң аяқтың I-II плюснефалангалық буындары ауырған. Объективті: осы буындар үстіндегі терісі қошқыл түсті, ұстағанда ыстық, қасындағы жұмсақ тіндерге жайылған, пальпацияда қатты ауырсынады, қозғалу және жүру мүлдем мүмкін емес, дене қызуы – 37,4оС. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізетін неғұрлым тиімді тактикасы://
Ревматоидты факторда анықтау//
+ Зәр қышқылын анықтау//
СРБ анықтау//
Сілтілі фосфатазаны анықтау//
LE-жасушаларын анықтау
***
Дене қызуының жоғарылауы бір айдан көп уақыт бойы мазалап жүрген науқасты зерттегенде: қанның үлкен тамшысының микроскопиясы – теріс; Райта реакциясы – теріс; нәжісті бактериологиялық зерттеу – теріс, токсоплазмалық антигендермен РСК 1:160. Неғұрлым тиімді тактика://
Бюрне сынамасы//
гриппозды антигендермен РСК//
Бас сүйектің рентгенографиясы//
+ ВИЧ-ке ИФА//
вирусты гепатиттер маркерлеріне ИФА
***
Науқас М., 35 жаста, күйзелістен кейін пайда болған тершеңдікке, ашушаңдыққа, арықтауға шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолды алдыға созғанда саусақтардың треморы байқалады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Негізгі зат алмасуы 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://
Қандағы электролиттер деңгейі//
Қандағы кортизол деңгейі//
Липидтік спектр//
+ Т3, Т4, тиреотропты гормон//
Гликозилирленген гемоглобинді зерттеу
***
Науқас әйел 40 жаста, Бір жыл бойы АҚҚ 220/120 мм с.б.б дейін тұрақты жоғарылауы, басының ауыруы, аяқтарының кезеңді әлсізденуі, тырысулар, полиурия, жүрек аймағында ауырсыну ұстамалары мазалайды. АПФ ингибиторлары және гипотиазид нәтижесіз. Компьютерлі томография – оң жақ бүйрек үсті безі үлкейген. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://
Қандағы кортизол деңгейі//
Қандағы тестостерон деңгейі//
+ Қандағы электролиттер деңгейі//
Липидтік спектр//
Қандағы паратгормон деңгейі
***
Науқас 19 жаста, қызыл иектің қанағаыштығына, тамағындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39˚. Терісі бозғылт, көптеген петехиялар және экхимоздар. Бадамша бездерінде - некроздық жабында. Жақ асты лимфотүйіндері үлкейген. Бауыры және көк бауыры қабырға доғасына 2 см шығып тұр. Қанда: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейк-29 мың, бласттар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі көрсеткіш://
Анемия//
+ Бластемия//
Лейкоцитоз//
Тромбоцитопения//
ЭТЖ жылдамдауы
***
Науқас 45 жаста оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздікке және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ-қолдарының треморы, сөйлеуінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болған. Объективті: терісі сарғыш; бауыры үлкейген және тығызданған; офтальмоскопияда радужка айналасында жасыл түсті сақина. Зертханалық зерттеуде алмасудың неғұрлым мүмкін бұзылуы://
Темір//
+ Мыс//
Цинк//
Фосфор//
Өт қышқылдары
***
Науқас 32 жаста, іштің оң жақ бөлігінде сыздап ауырсынуға, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жіті аппендицитке күдіктенуімен бірнеше рет хирургия бөлімшесіне жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбемен. Тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопия: илеоцекальды аймақта афтылар. Тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясында неғұрлым анықталуы мүмкін://
Нейтрофильді инфильтрация//
Лимфоплазмоцитті гранулемалыр ірімшікті некрозбен//
+ Лимфоплазмоцитті гранулемалар ірімшікті некрозсыз//
Эозинофильді инфильтрация//
Плазматикалық инфильтрация
***