Пальпация: Көкірек клеткасын пальпациялағанда ауырсынусыз, дауыс дірілі өзгермеген, өкпенің серпімділігі қалыпты.
Куратор: Жаналиханкызы .Ж..
Сырқатнама
Науқастың аты-жөні: Умитбек Назерке
Қорытынды диагноз: Жедел флегманозды аппендицит.
Курация басталған күні:30.01.2017
Курация аяқталған күні:03.02.2017
Төлқұжаттық бөлім:
ФИО:Умитбек Назерке
Жасы: 05.03.1999 жыл 18 жаста
3. Жынысы: Әйел адам
4. Ұлты: қазақ
5. Атқаратын қызметі: СФЭК2-шы курс студенті
6. Тұрақты мекен – жайы:72-квартал, Гете 121-131,тел.87759386345
7. Қан тобы: 0(I) Rh+
8. Ауруханаға түскен күні: 25.01.2017ж. сағ: 8:20
Алғашқы диагноз:Жедел аппендицит.
10. Клиникалық диагноз: Жедел флегманозды аппендицит.
11. Қорытынды диагноз:Жедел флегманозды аппендицит.
12. Операция аты: Аппендоэктомия
13. Ауруханадан шыққан күні:
2. Аурудың шағымы:
Түскен кездегі: оң жақ мықын және кіндік аймағындағы ауырсынуға шағымданады.Ауырсыну түрі:ұстама тәрізді ауырсыну.
Курация кезіндегі: Дене температурасы аздап жоғары 37° С, АҚҚ 120/80мм. сын. бағанасы, басыны сәл ауырады, мықын аймағындағы ауыратынын айтады,аузының құрғайды, тілі ақ жабындымен жабылған.
3. Anamnesis morbi:
Науқас айтуынша 25.01.2017ж. түнгі сағат 02:00-де эпигастральды аймақтың ауырғанын сезген, бірнеше сағаттан кейін ауырсыну кіндік бойымен оң жақ мықын аймағына таралған. 25.01.2017 ж. сағат 08:20-да жедел жәрдем көлігімен емханаға келіп түседі. Хирургия бөлімінде дәрігерлер қарауы және лабораториялық зерттеу арқылы диагноз қойып 25.01.2017 операция жасалынған. Диагностикалық манипуляция ретінде: жалпы зәр анализі, жалпы қан анализі алынған.
4.Anamnesis vitae:
Бала кезінен физикалық және ой-өрісі жасына сай дамыған. Мектептегі физиологиялық, психикалық дамып жетілуі өз жасына сай, құрбы-құрдастармен қатарласып өскен.Бала кезінде Боткин, мерез, туберкулез ауруымен ауырмаған. Аллергия, тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Жағымсыз әдеттері жоқ (арақ, темекі, наркотикалық заттар), 7 жасында қолы сынып,операция жасатқан. Жан ұясында,жақын туыстарының арасында ешқандай жұқпалы аурумен , туберкулезбен ауырмаған. Соңғы жарты жылда бел остеохондрозымен ауырып, ем қабылдамаған.
5.Status presens:
1. Жалпы белгілер: Науқастың жалпы хал-жағдайы орташа ауырлықта,есі анық, конституциясы нормостеник, кеуде клеткасы қалыпты, тамақтануы жақсы. Бойы-165 см,салмағы-64кг. Тері жабындысында бөртпелер мен тері түсінде көзге көрінетіндей (сарғаю) жоқ, тургоры жақсы дамыған, себебі теріні тартқан кезде қалпына тез келеді, терінің беті құрғақ, тері асты май қабаты орташа дәрежеде дамыған, көзге көрінетін шырышты қабықтары таза, ылғалды, қызғылт, сарғаюлар мен эрозия жоқ. Лимфа бездері (жақ асты,мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе шап бездері) ұлғаймаған, ісінулер жоқ пальпация барысында ауырсыну байқалмайды. Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ, сынықсыз. Аяқ, қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы еркін және шектелмеген. Дене бұлшық еттері жақсы дамыған, тартылысы сақталған, күші, тонусы қалыпты, ауырсынусыз.
2.Тыныс алу ағзалары: Дем алу мұрын арқылы, еркін, ритмді, терең, жөтелу мен қақырық бөлінісі жоқ, ентігу байқалмайды, Кеуде клеткасының формасы конус тәрізді.Тыныс алу актісіне екі жағы да симметриялы қатысады, тыныс алуы ырғақты, өкпесінде везикулярлы дыбыс естіледі, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі 23 рет минутына. Салыстырмалы перкуссияда оң және сол жағынан да анық өкпелік дыбыс естіледі.Топографиялық перкуссияда өкпенің жоғарғы шекарасының және сол бұғанадан Зсм жоғары, Кренинг кеңістігінің ені екі жағынан да 5см.
Пальпация: Көкірек клеткасын пальпациялағанда ауырсынусыз, дауыс дірілі өзгермеген, өкпенің серпімділігі қалыпты.
Перкуссия:Салыстырмалы перкуссия: Өкпенің барлық бөлігінде ашық, өкпелік дыбыс естіледі.
Топографиялық перкуссия:
Тыныс алу ағзасының аумағы | ||
Оң | Сол | |
1. Өкпе ұшының биіктігі а. Алдыңғы жағынан б. Артқы жағынан 2. Кренинг алаңы | 4 см ThVII 6 см | 4 см ThVI 6 смI |
Өкпенің төменгі жиегі | ||
Топографиялық сызықтары 1. Linea parasternalis 2. Linea clavicularis media 3. Linea axilaris anterior 4. Linea axilaris media 5. Linea axilaris posterior 6. Linea subscapularis 7. Linea paravertebralis | 5-қабырға аралық 6-қабырға 7-қабырға 8-қабырға 9-қабырға 10-қабырға ThХІ | 3-қабырға тұсында жүректің тұйықталған дыбысымен ұласады. 7-қабырға 8-қабырға 9-қабырға 10-қабырға ThХI |
Өкпенің төменгі жиегінің экскурсиясы (Linea clavicularis media бойынша)
Дем алу: 2 см
Дем шығару: 2 см
Экскурсиясы: 4 см
Аускультация:Аускультативті тыңдағанда әлсіз везикулярлы дыбыс екі жағынан да естіледі. Қосымша тыныс шуылдары, сырылдар жоқ. Бронхофония екі жағынан да өзгермеген.
3.Қан айналым ағзалары:
Қарау. Жүрек пен ірі қан тамырлар аймақтарында көрінер пульсациясы жоқ, мойын және аяқ веналарының ісінулері жоқ. Жүрек ұшының түрткілі визуальды көрінбейді, оң жүрек түрткілі Жүрек аймағында патологиялық өзгерістер жоқ.
Пальпация: Тамырдың соғу жиілігі екі қолда да 1 минутына 70 соққы, сипаты-ырғақты, кернеуі төмен, толымсыз. Пальпация кезінде жүрек аймағында ауырсыну жоқ. Жүрек ұшының түрткісі –бұғана орта сызығы бойынша 5-ші қабырға аралығында 1 см оңға қарай орналасқан. Жүрек ұшы түрткісі күшті, биіктігі өзгермеген, ені 1 см, жайылмаған, резистентті.
Перкуссия:Қан тамыры шоғырының шекарасы 2 жақта да 2-ші қабырға аралық бойынша 7 см.
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы:
-оң жақ шекарасы-4-ші қабырға, төс сүйектің оң жақ жиегінен 2 см сыртқа қарай.
-сол жақ шекарасы-5-ші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.
-жоғарғы шекарасы-3-ші қабырға тұсынан сол жақ төс маңы сызығы бойынша.
Жүректің абсолютті тұйықтығының шекарасы:
-оң жақ қабырғасы-4 қабырға аралығымен тексергенде төстің оң жақ жиегінен 1 см сыртқа шығып тұрады.
-сол жақ шекарасы- жүректің сол жақ салыстырмалы тұйық шекарасынан 2 см ішке бұғана орта сызығы бойынша.
-жоғары шекарасы- 4 қабырға арасында орналасқан.
Жүректің көлденең өлшемі: оң жағынан-3см
сол жағынан-7см
Аускультация: Жүректің аускультативті тексергенде тыңдау нүктелерінен жүрек тондары өзгермеген.
І тон – систола кезінде естіледі, ІІ тон диастола кезінде естіледі,
ІІІ және ІV тондар естілмейді. Қосымша шуылдар жоқ.
Жүректің соғу жиілігі- 76 рет,тамыр соғысы-72, ырғақты.
Артериялық қан қысымы-110/70 мм.сын.бағ.
4. Ас қорыту ағзалары:
Тілі құрғақ, таза, ерні құрғақ, оңай жұтынады. Тістерінде өзгерістер жоқ. Тамаққа тәбеті жақсы. Ішінің конфигурациясы солғын, симметриялы, іштің ақ сызығында өзгерістер анықталмайды, дем алу актісіне белсенді түрде қатысады.
Іштің беткей пальпациясы:Іш терісі жұмсақ, созылғыш, тері асты май қабаты жақсы дамыған. Іш пердесінің тітіркену белгісі анықталмайды. Іштің қабырға аралық бұлшық еттерінің кернеуі қалыпты жағдайда. Ішектердің перистальтикасы қалыпты, шұрылдайды, іштің кебуі мен өтуі жоқ, ісінулер байқалмайды, ауырсынусыз. Перитониттік белгілер жоқ.
Іштің терең пальпациясы: Образцов- Стражеский бойынша іштің терең сырғанату әдісімен пальпациялағанда сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек пальпацияланады, цилиндр тәріздес ішек пальпацияланады,беті тегіс, ені 3 см, ауырсынбайды, қозғалмалы келген. Жоғары қарай сол жақ қабырға астында тоқ ішектің төмендеген аймағы сезіледі, ол доға тәрізді цилиндр, аздап қозғалады. Тоқ ішектің көлденең бөлігі, қозғалмалы, эпигастральды аймақта кіндіктен 3 см. жоғары, ені 4 см., ауырсынбайды. Оң жақ қабырға астында тоқ ішектің жоғарлаған бөлігі, аздап қозғалмалы, ауырсынбайды.Оң жақ мықын аймағын терең пальпациялау мүкін болмады: себебі операция жасалған, таза таңылған.
Асқазан: Үлкен қисықтығы кіндіктен жоғары, дененің ортанғы сызығының екі жағында орналасқан.Кіші иінінің қалытқысы пальпацияланбайды. Асқазанда шылпыл естіледі. Іш қабырғасында бұлшықеттерде ісіктер мен инфильтраттар пальпацияланбайды, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, сұйықтық сезілмейді.
Образцов-Стражеско тәсілі бойынша бауырға пальпация жасағанда бауырдың көлемі, жиегі үшкір, тегіс, тығыз, эластикалық, ауырсынусыз, төменгі оң жақ қабырға астынан шықпайды. Көкбауырды пальпация әдісімен тексерген кезде қолға сезілмейді, яғни үлкеймеген. Өт жолы пальпацияланбайды.
Перкуссия:
Ішке перкусия жасағанда тимпаникалық дыбыстар естіледі. Асқазанға перкусия жасағанда төменгі шекарасы кіндіктен 2см жоғары орналасқан.
Бауыр шекаралары:
Курлов бойынша 9-8-7. Бауырдың жоғарғы шекарасы он жақ төс маңы сызығы бойымен VI қабырға ұшымен қиылысқан жері. Төменгі шекарасы алдынғы оң жақ қолтық асты сызығымен аяқталады, сол жақ шекарасы оң жақ қабырға асты доғасында төс маңы сызығы бойымен XI қабырғадан 2 см төмен орналасқан.
5.Зәр шығару ағзалары: Жалпы қарау: Бел аймағында ісінулер байқалмайды. Науқастың несеп шығаруы күніне 5-7рет, түнде 1рет, сарғыш түсті.Тәуліктік диурез-2-3л. Нәжісі уақытылы, патологиялық қоспасыз, қан араласулар жоқ.
Бүйрек пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ. Қуық, бүйрек пальпацияланбайды.
Перкуссиядақуық ішінің толы екені анықталды. Пастернацкий симптомы теріс
6.Нерв жүйесі:
Психикасы, есі анық,дұрыс.Интелекті жақсы.Ұйқысы қалыпты.Есіне сақтау қабылеті бұ зылмаған.Басының ауыруы, айналуы байқалмайды.Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті бұзылмаған.Демографизм қызғылт түсті, уақыты 6 секунд.Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Рефлекстері(кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.)сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған.Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер анықталмайды.
Эндокринді жүйесі
Жалпы қарағанда қалқанша безі өзгермеген ,қалыпты, қолға сезілмейді,ұлғаймаған,екіншілік жыныс белгілері дамыған.
Жүндестегі(сақал-мұрт )еркек жынысына сай.