Тәжірибелік сабақтардың тақырыптардың жоспары
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ, НАРКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
СММУ ОӘ және ТЖ бойынша проректоры, профессор
___________Жетпісбаев Б.А.
«___» __________ 2011 ж.
Жұмыс бағдарламасы
Пән: психиатрия
Пәннің коды: PNN - 4306
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі: 152 сағат
Курсы және оқу семестрі : 5 курс, 9-10 семестр
Семей, 2011 ж.
Пәннің Жұмыс бағдарламасы неврология, психиатрия, наркология кафедрасы құрастырылды
«Неврология, психиатрия, наркология» типтік оқу бағдарламасының негізінде; № 731 2010 жылдың 17 қыркүйегінен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі қ.а. бұйрығымен бекітілген.
Авторлар:
«___» «__________» 20____ кафедра отырысында талқыланды
№ 2 Хаттама
Пәнге жауапты: __________ доц.Оспанова Н.Н.
Циклдық әдістемелік комиссияда талқыланды ______________________
__________________________________________________________________
«____» _________ 20____ж. № ___ хаттама
Төрағасы ________________ мед.ғыл. докторы., профессор Жұмаділова З.К.
Орталық Әдістемелік Кеңесте бекітілді
«___»___________20___ ж. № ____ хаттама
Төрағасы __________________проф. Жетпісбаев Б.А.
II. Мазмұны:
1. Кіріспе:Психиатрия медицинаның маңызды және өзекті пәндерінің бірі болып табылады. Қазіргі психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, мінез-құлық туралы ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде қазіргі психиатрияның -психикалық денсаулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия, балалар және жасөспірімдер психиатриясы (микропсихиатрия) тараулары да бар.
Қазіргі кезеңдегі жалпы медицина дәрігері науқасты және оның туыстарын тексерудің клиникалық және қосымша әдістерінің негізінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиісті профилактикалық шаралардың объектісі болатын жоғары қауіп тобын анықтауы тиіс.
2. Пәннің мақсаты:негізгі психикалық ауруларғадиагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастыру негіздерімен таныстыру
· студенттерді психикалық мінез-құлық бұзылыстарының клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· науқастар мен сау адамдардың психикалық жүйесін тексеру әдістеріне, статусты бағалауға үйрету;
· психикалық аурулардың зертханалық және экспериментальдық психологиялық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
· психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру;
· дәлелді медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды және ауруларды қазіргі кездегі емдеу мен реабилитациясымен таныстыру;
· психикалық бұзылыстардың психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс :
· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
· психиатрияда қолданылатын негізгі қазіргі зерттеу әдістерін;
· психиатриялық бұзылыстардың негізгі симптомдарын және синдромдарын;
· Психиатриядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.
Студент үйреніп алу қажет:
· науқастың анамнезін жинау;
· психиатриялық бұзылыстар симптомдарын анықтау;
· әртүрлі жастағы науқастарда психиатриялық статусты бағалауды және анықтауды;
· науқасты тексеруде қазіргі кезеңдегі клиника-зертханалық және аспаптық тәсілдерді қолдану;
· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;
машықтануы қажет:
· негізгі психиатриялық симптомокешеннің диагностикасын;
· психиатриялық бұзылыстарда өміріне қауіпті жағдайларда диагностика жасау және жедел жәрдем көрсету;
· салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.
5. Реквизитке дейінгі:психология негіздері, анатомия-2, коммуникативтік дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.
6.Реквизиттен кейінгі:медициналық жедел жәрдем, жалпы дәрігерлік практика, жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура.
7.Сабақтардың тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік,өздік жұмыстың тапсырмалары)
№ | Дәрістердің тақырыптарының атауы | Сағаттар саны |
Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Дәлелді медицина тұрғысынан кәзіргі кезеңдегі психиатрияның өзекті мәселелері. | ||
Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары. | ||
Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары. | ||
Негізгі психопатологиялық синдромдар. Психикалық аурулардың жіктелуі. | ||
Шизофрения және аффектілік бұзылыстар. | ||
Невротикалық, стресспен байланысты және соматоформдық бұзылыстар. Тұлғаның бұзылыстары. | ||
Барлығы: | 12 сағ. |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптардың жоспары
№ | Тақырыптық атауы | Сағаттар |
№ 1 Блок Психиатрия | ||
Психикалық ауруларды диагностика әдістері мен зерттеу ерекшеліктері. Психиатриялық көмектің құрылымы.Сараптама түрлері. Қабылдаудың бұзылыстары. | 6,0 | |
Ойлау және интеллект бұзылыстарының клиникалық мінездемесі. | 6,0 | |
Ес және назар аудару бұзылыстарының клиникалық мінездемесі. Сана-сезімнің бұзылыстары. | 6,0 | |
Эмоциялық және қимыл-қозғалыстық бұзылыстардыңклиникалық мінездемесі. | 6,0 | |
Негізгі психопатологиялық синдромдар. Аралық бақылау. | 6,0 | |
Барлығы: | 30сағат | |
№ 2 Блок Психиатрия | ||
Психикалық аурулардың жіктелуі. Дәлелді медицина тұрғысынан психикалық ауруларды емдеу әдістері (биологиялық терапия, психотерапия, социотерапия). Психикалық бұзылыстардың алдын алу және реабилитациясы. | 6,0 | |
Экзогенді-органикалық және соматогендік бұзылыстар. Кем ақылдылық. Деменция. | 6,0 | |
Шизофрения және сандырақ бұзылыстары. | 6,0 | |
Аффектілік бұзылыстар. | 6,0 | |
Бала жасы үшін спецификалы психикалық бұзылыстар. Аралық бақылау. | 6,0 | |
Барлығы: | 30сағат | |
№ 3 Блок Психиатрия | ||
Невротикалық бұзылыстардың этиологиялық себептері мен қалыптасу механизмдері. Невроздар, негізгі түрлері. | 6,0 | |
Стресске реакциялар және адаптацияның бұзылыстары. Төтенше жағдайлар кезіндегі психикалық бұзылыстар. | 6,0 | |
Физиологиялық әрекеттермен байланысты мінез-құлық бұзылыстары (анорексия, булимия, ұйқы бұзылысы, сексуалдық бұзылулар). | 6,0 | |
Тұлға бұзылыстары | 6,0 | |
Психиатриядағы ургенттік жағдайлар (психомотрлық қозу, тамақтан бас тарту, суицидальдық әрекеттер). Аралық бақылау. | 6,0 | |
Барлығы: | 30сағат | |
Барлық сағат саны: | 90 сағат |
Студенттердің өз жұмысына арналған тақырыптар (СӨЖ)
№ | Сабақ тақырыбының атауы | Сағаттар саны |
Психиатрияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары. | ||
Психиатриялық көмек көрсетудің әлеуметтік-құқықтық аспектілері. Стигматизация мәселесі. | ||
Психотерапияның негізгі әдістері. | ||
Тақырыптық науқастардың микрокурациясы және психикалық жағдайларын жазу. | ||
Тақырыптық науқастардан анамнез жинау. | ||
Аурудың оқу тарихын жазумен науқасты курациялау | ||
Барлық сағат саны: 50 | 50 сағат |
8. Оқытудың және сабақ берудің әдістері:
· Дәрістер:шолу, мәселлік.
· Тәжірибелік сабақтар:ауызша сұрау, тестілеу, обходқа қатысу, тақырыптық науқасты талқылау, шағын топтармен жұмыс, пікірталас, презентациялар, кері байланыс.
· Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):науқасты курациялау, әдебиеттермен жұмыс жасау, электронды төсегіштердегі әдебиетпен жұмыс жасау және Интернетте; тесттік тапсырмаларды шешу және дайындау, сырқатнама толтыру, презентация дайындау, дифференциальды-диагностикалық картаны дайындау.
9. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:
· Ағымды бақылау: тест тапсырмаларын орындау, әңгімелесу, ситуацялық тапсырмаларды шешу, науқасты клиникалық талдауға қатысу.
· Аралық бақылау: тестілеу.
· Қорытынды бақылау: ауызша емтихан, тестілеу және практикалық дағдыларды қабылдау
Сынылатын әдебиет
Негізгі: