Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Берілу механизмі: жанасу. Бұл ауру ауырған адаммен тікелей қарым-қатынас жасау жолымен, сондай-ақ киім мен төсек жабдықтарын, сүлгіні, жөкені, қолғапты, ортақ төсек орынды пайдаланған кезде, жыныстық қатынас жасағанда жұғады. Моншаларда, душтарда, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жолаушы поездарында санитарлық тәртіп сақталмаса жұқтыру жағдайы жиі кездеседі. Үй жануарларына қарағанда, ит, мысықпен ойнағанда да жұғуы мүмкін. Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Инкубациялық кезең 7-10 күн. Қышымаға тән белгі – қышыма жолдарының көбіне қол буындарында әсіресе саусақтардың арасында, білектің бүгілетін буындарында, іш, жамбас, құйымшақ, аяқ терісінде пайда болуы. Қышыма жолдары ұзындығы 0,5-1см. тік сызықты немесе С әріпі нысанында бүгілген жіңішке сұрғылт түсті болады, ұрғашысы іріңді көпіршіктердің бір шетінде орналасады.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Қышыманың клиникалық белгісі: қышуы кешке қарай және түнгі уақытта өрши түседі, қышыма жолдарының бәрін қамтитын папулездік-везикулездік бөртпелердің элементтері бір-бірінен 1см дейінгі қашықтықта қатар тұрады.

Диагностикасы. Қышыманы зертханалық диагностикалау тері–венерологиялық диспансерлерде жүргізіледі.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Қышыманы зертханалық зерттеудің негізгі әдістері:

– қышыма жолдарынан кенені алып тастау, скальпель, ине ұшымен қышыма жолының шетіндегі көпіршікті тесу.

– қышыма жолдары, көпіршік тұстарындағы эпидермисті жіңішкелеп ұстараның жүзімен кесу.

– зақымдалған жердегі эпидермистің жіңішке қабатын қыратын қасықпен сылып алып тастау.

– тереңірек қыру (қышыма жолдары 5% йод тұнбасын жаққанда лупа арқылы жақсы көрінеді).

Қышыманы емдеу. Қышыма емдеудің негізгі әдісі – қышыма жерлерді ғана емес, барлық тері қабаттарын қышымаға қарсы дәрмекті өңдеу қажет. Емдеу үшін жоғары белсенділікке ие, жақсы қабылданатын және тез әсер ететін бензилбензоат және Демьянов әдісі қолданылады. Емшара аяқталғаннан кейін науқас таза іш киім және дезинфекцияланған сыртқы киім киеді. Төсек жарақтары міндетті түрде ауыстырылады.

Алдын алу. Қышымаға қарсы медициналық тексеру жүргізіледі:

· Алдын алу медициналық тексеру кезінде;

· Бала бақшаларда, мектеп-интернаттарда - әр бір 10 күн сайын;

· Мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждерде – каникулдан кейін;

· Балаларды сауықтыру лагерінде - барар алдында; Студенттерді- жатақханаға орналасар алдында, Науқастарды емдеу-сауықтыру ұйымдарға барған кезде;

· Ошақта қарым-қатынаста болғандарды медициналық қадағалау кезінде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдарды мұқият тексеріп 1,5 ай медициналық бақылау (әр 10 күнде 1 рет), алдын алу емдеу қажет. Ауырған бала толық айыққанға дейін және барлық санитарлық-індетке қарсы шараларды өткізіп болғанға дейін бала бақшаға, мектепке жіберілмейді. Халықтың декреттелген тобы ішіндегі қышыма ауруларына жұмыс істеуге рұқсат берілмейді және жұмыстан шеттеледі. Әр бір анықталған науқасқа дәрігер № 089/у – нысаны бойынша хабарлама толтырады, тері-венерологиялық диспансерге және тиісті аумақтық СЭҚБ хабарлайды. СЭҚБ балалар мекемелерінде, жатақханаларда және отбасы ошақтарында міндетті түрде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, №328 эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады. Ағымдағы дезинфекция үйде емделіп жатқан науқастың үйінде, емдеу кабинеті, стационарда, мектеп және балалар мекемелерінің оқшалау бөлмелерінде жүргізіледі. Үй жағдайында науқас үшін жекелеген төсек орны мен отбасының басқа мүшелері қолданатын заттардан бөлек тұратын жеке пайдаланатын заттарды (іш киім, сүлгі, ойыншық) бөліп беру керек. Науқастың заттары жұқтыру қауіпін төндіреді, сондықтан науқастың киімін күн сайын міндетті түрде дезинфекциялау, дезинсекциялау керек.

Дерматомикоздар

Дерматомикоздар – теріде саңырауқұлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Бұл кесел негізінен тері және оның қосымшаларын, яғни шашты, тырнақты, сирегірек басқа ағзалар мен тіндерді зақымдайды. Тері саңырауқұлақтардың негізгі қоректену ортасы - адам және жануар. Олар өмірге қажетті қоректену заттарын - эпидермистен, шаштан, тырнақтан және тері майдан табады. Саңырауқұлақтар адамның немесе жануардың ағзасынан тыс жерде өмір сүруге қабілетті. Оған қоса өзінің жұғымтал қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады. Сол себепті жұғу тек ауру адамнан ғана емес, сонымен қатар тікелей емес жолмен құрамында саңырауқұлақ элементі бар - қабыршақ, тырнақ қалдықтары немесе шаш сынықтарымен арқылы да тұрмыстық жағдайда жұғуы мүмкін.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Инкубациялық кезеңі - аурудың алғашқы сатысынан бірінші симптомның пайда болуыны дейінгі кезең, орта есеппен 8 −14 күнді, кейде бір айды құрайды.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Трихофития(лишай, қырма таз) - адамға аса қауіпті кесел болып есептеледі. Инфекция көзі- ауру адам және үй жануарлары (ірі қара мал). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды. Кесел жануарды куту және ауру адаммен тікелей қатынаста болу немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады. Оған қоса зарарланған жануардың өнімдері (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда - шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда да жұғуы ықтимал.

Негізгі клиникалық белгілері: алғашында тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген диаметрі 1–2 см-дей айқын емес, шекарасы анықталмаған, оқшауланған, бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті, беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған, сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2–3 мм деңгейінде сынады. Жазық терінің өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет, мойын, дене, білек бөлігінде орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген, аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі, шекарасы анық дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршақ және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды.

Инфекция көзі ауру адам және үй жануарлары: ит, мысық, жылқы, қой. - student2.ru

Тереңдік трихофития (инфильтративті - іріңді түрі) көбінесе ауылды жерде кездеседі. Жұғу көзі - малшы, тышқан, зертханалық егеуқұйрық, сиыр, бұзау, жылқы және қой болып табылады. Клиникалық симптомы - қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды, олар айқын шектелген жартылай шарды немесе көкшіл–қызыл түсті тығыздалған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсуімен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап, не тамшылап бөлінеді («бал арасының торлы ұясы» симптомы). Соңғы кезде денедегі қасағалық аймағының терісінің және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі. Жұқпа көзі - ауру адам, «теріден - теріге» принципі бойынша жыныстық қатынас арқылы да жұғады.

Алдын алу шаралары:

1. Теріні, жалпы денені таза ұстау.

2. Ааптасына бір рет моншаға шомылу, жеке бас гигиенасын сақтау, жеке тұтыну заттарын ұстау.

3. Жан-жануарлермен контактте болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу.

4. Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау. Өйткені қоршаған ортаға ол аса жұқпалы ауру болып табылады.

5. Дененің басқа бөлімдерінің зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не душ қабылдауға болмайды.

6. Өздігімен ошақты (түрлі маймен, кремдермен немесе басқа да заттарды жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық талдауда (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс қорытынды бермейді. Егер өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3–4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым- қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек.

Наши рекомендации