ЖҰмсаҚ тіндердіҢ Қатерсгз ісіктері

Жалпақ жасушалы-клеткалы папиллома — көпқабатты жалпақ эпителийден өсіп шығады. Клиникалық көрінісінде айналасындағы тіндерден жіңішке немесе жалпақ (экзофитті өсу) табаны арқылы биіктеп, көлемі 1-2 мм-ден, диаметрі 2 см-ге дейін емізікше өсіп шығады. Ісік кез келген жерде (тіл, ұрттың кілегей қабығы, таңдай) кездесе береді. Әдетте папилломаның түсі айналасындағы кілегей қабықпен бірдей, эпителий қабығы мүйіздене бастағанда ол ақшыл, кейде жылтыр ақ түске енеді. Папиллома ауырмай, баяу өседі. Оның қатерлі ісікке айналуының белгілері жылдам өсуі, жараға айналуы және төңірегіндегі тіндерге ұйыспа-инфильтрациясының болуы.

Папилломаны фибромадан ажыратады. Папиллома кілегей қабық пен терінің шекарасында орналасса жиі мүйізденеді. Гистологиялық тексеру арқылы папилломаның дәл нақтамасын-диагнозын қояды.

Емі. Қандауырмен, яғни электрпышақпен түбегейлі-радикалды түрде кесіп алынады.

Қызыл иек фиброматозы. Қызыл иек пен оның емізікшелерінің диффузды түрде өсуі. Жастар мен орта жастағыларда кездеседі, жалпы сирек кездесетін ісік.

Клиникасы: Қызыл иектің тіс сауытын жартылай, түгел жауып жұмырланып өседі. Көбінесе ауыздың кіреберісі жағынан зақымданады, бірақ бұл өзгеріс тіл, таңдай тұста да болуы мүмкін. Ісіктің беті бөлшекті, папиллома тәрізді, ал (көбіне тегіс жылтыр, түсі боз немесе қызарып көрінеді. Сипап тексергенде-пальпацияда фиброматоз ауырмайтын тығыз серпімді. Тіс сауыты мен ісік арасында қалталар пайда болып, оларға тамақ, тіс тасы жиналып қабынады, қызыл иекті зақымдап тістен ажыратады.

Рентгенде, ұзақ уақыт өскен фиброматозда түбір арасындағы перде мен ұяшық өсіндісінің қыры ыдырай бастайды. Үстіңгі жақ будырларына орналасып, көбірек таңдай тұстан көрінетін ісіктер үстіңгі жақ бұдырларының фиброматозы (ертеде симмертиялы фибромалар деген) деп аталады. Осындай фиброматоз төменгі жақ ұяшық өсіндісінің артқы бөліктерінде де кездеседі.

Микроскоппен қарағанда қызыл иек фиброматозы тығыз, талшықты қан тамырлары аз, дәнекер тінді болып көрінеді.

Емі.Патологиялық тінді сүйекке дейін, сүйек қабығын қоса біртіндеп кеседі, сонымен бірге 8-6, 6-8 тістер тұсын үстіңгі немесе төменгі жақтан кесіп, жарақат бетіне йодоформ тампонын 7-8 күнге дейін қалдырады. Грануляция өсіп жара эпителиймен жабылғанда йодоформды тампонды алады. Кейде отадан кейін-соң қайталануы-рецидив болу да мүмкін.

Ринофима — орта, одан да үлкен жастағы ер адамдардың мұрын шеміршегі терісінің май бездерінен болатын ісікке ұқсас зақымдануы. Ол ауырып, бұдырлы, тығыз серпімді, түсі көкшіл- қызыл болады.

жҰмсаҚ тіндердіҢ Қатерсгз ісіктері - student2.ru

(63-сурет). Ринофима

Ринофима бірнеше, тіпті ондаған жылдар бойы жайлап өсіп адамның көркін бұзады (63-сурет).

Оның патоморфологиялық көрінісі май бездерінің гиперплазиясы, ерекше васкуляризациясы, содан соң созылмалы қабынуымен суреттеледі.

Емі. Патологиялық зақымданған тіндерді кесіп алып тастап бірден тері пластикасын жасау. Кішкентай ринофиманы фрезамен жонып алып, жара бетін майлы таңғышпен жабу керек. Жара беті өзі эпителийленеді.

Липома— терінің май қабатынан өсіп шығады. Ол тері астыңдағы майда құрылысының жөнсіздігімен, әсіресе май бөлшектерінің ерекше, көлемдері әртүрлі болуымен көзге түседі.

Липомалар маңдай терісі астында, ұртта, ерінде, шықшытта, төменгі жақасты аймағында, сирегірек тілде, ауыз түбінің кілегей қабығының астында кездеседі.

Клиникасы.Ауырмай баяу өседі. Сипап тексергенде-пальпацияда тері мен кілегей қабыққа жабыспаған (қызыл иектен басқа жерде), аздап қозғалатын, жұмсақ немесе тығыз ісік білінеді. Ісік түтелімен капсула ішінде бөлікшелерден тұрады, оның шекаралары көп жағдайда анық білініп тұрады. Салыстырмалы нақтамасын дермоидты киста, тамырлы ісіктермен жүргізіледі. Сипап тексергенде-пальпацияда дермоидты кистаның контуры айқын, тегіс, серпімді болып білінеді. Ауыздың түбінде тіласты сүйегіне таман жұмсақ тіндерде орналасқан киста жұтқыншақпен бірге қимылдайды. Тамырлы ісіктер (қуысты гемангиома, қуысты және кисталы лимфангиома) липомаға қарағанда беті тегіс (жалпақ) кейде бұдырлы контурлы онша айқын болмайды, олар липомадан жұмсақтау, ал қуысты гемангиомаға «сығылу» және «толу» белгілері тән. Тамырлы ісікке пункция жасаса қан шығады лимфангиомадан лимфа алынады.

Емі.Хирургиялық жолмен капсуласымен бірге алынады.

Тері мүйізі.Ісіктің негізін тамырлары бар дәнекер тін құрайды. Оның бетінде эпителий қабаты орналасқан. Эпителий емізіктеніп, ісік тұстары тез мүйізденіп, гиперкератоз пайда болады. Үлкендігі бұршақтан орман жаңғағына дейін, пішінсіз қоңыр, қара түйіндер бет терісінің әртүрлі жерінде кездеседі. Тері мүйізі папилломаның бір түрі болып саналады. Кейде жалпақ, жіңішке (сирек кездеседі) байламдармен теріге байланысып тұрады. Оның беті томпақ, тегіс. Мұндай папилломаларды сүйел деп атайды. Олар жабынды эпителийден өсіп шығып, аналық тіннің құрылыс ерекшелігінің біразын сақтап қалады. Сүйелдер, фибриоэпителийлі ісік, дәнекер тіннің құрылысына қарай тығыз немесе жұмсақ болады. Бет терісінде сәл түртсе қанайтын көбінесе жеке, сирегірек топты түйін түрінде кездеседі.

Аталған ісіктердің нақтамасын-диагнозын қою қиын емес.

Емі.Тері мүйізі мен жеке сүйелдер — хирургиялық жолмен алынып тасталады.

Фиброма— жетілген фиброзды дәнекер тінінен тұратын ісік. Бетте сирек кездеседі, негізінен ауыз қуысында болады. Байқаусызда тістеп алатын жерлерге (ұрт, тіл, ерін) орналасқан фиброма тіннің жарақатқа жауабы ретінде пайда болады. Ол нағыз ісік қатарына жатпай фиброзды өскін деп қана қаралады. Бұған ауыз кіреберісінің өтпелі қатпарының алмалы протездің биік қырларымен жараланған бұдырлы құрылымы да жатады.

Фиброма клиникада жалпақ табаны бар, қалыпты кілегей қабықпен жабылған дөңгелек пішінді ісік ретінде көрінеді. Өте баяу өседі, тістеп алғанда қабынады. Олар қатты және жұмсақ болады. Қатты фиброма коллагенге бай фиброз тінінен құралады, ал жұмсақ фиброманың құрамында май тіні болады, сондықтан оны фибролипома дейді. Бетте гистиоцит пен фибробласт тәрізді клеткалар, әртүрлі мөлшерде коллаген, қан тамырларынан құралған дерматофиброма (гистиоцитома) кездеседі. Көбіне олардың капсуласы болмайды. Клиникада ауырмайтын шектелген, тығыз серпімді тығыздығы-консистенциялы ісік боп көрінеді. Мұрынға орналасып адам көркіне нұқсан келтіреді.

Емі— сау тінді жағалай отырып кесіп алу. Тістесудің бұзылуы, тағы да басқа жарақат себептерін тауып, оларды дер кезінде жою керек.

Наши рекомендации