Самай-төменгі жақ буыны

Самай-төменгі жақ буыны-СТЖБ-төменгі жақсүйектің буын басы мен самай шұңқырының буын беттерінен құралған жұп анатомиялық құрылым болып табылады.СТЖБ-төменгі жақсүйектің буын өсіндісінің басынан, самай сүйектің буын шұңқырынан, буын төмпешігінен, екі жағы ойық талшықты шеміршектік табақшадан (мениск немесе диск), буын қапшығы мен буын байламдарынан тұрады.

Самай-төменгі жақ буыны - student2.ru

Сурет-12.Самай-төменгі жақ буыны

Төменгі жақсүйектің буын өсіндісі және самай-төменгі жақсүйек буынының басқада анатомиялық құрылымдары құлақ маңы сілекей безіне өте жақын жатады. Сол себептен, буын басын буын шұңқырынан шығару (оталар) кезінде сілекей безі және қатарлас жататын, өтетін артериялар мен жүйке тармақтары зақымданбауы-жарақаттанбауы тиіс. Буын басының артында (оның мойны тұсында) сыртқы ұйқы артериясы өзінің соңғы екі бұтағына тарайды. Бірі-жақсүйек артериясы, буын басы мойнының ішкі жағынан, ал екіншісі-беткей самай артериясы буын өсіндісінің сыртқы жағынан өтіп, құлақ маңы сілекей безіне терең бойлайды. Буын басы мойнының ішкі жағынан құлақ-самай жүйкесі өтеді, ал оның артқы және төменгі бөліміне таяу жерде біз-емізікдік өсінді тесігінен бет жүйкесі шығады.

Тіласты сүйегі

Тіласты сүйегі –құмау - os hyoideum, мойын аймағында, тіл түбірі астында орналасады. Оның денесі мен екі мүйізі бар: кіші және үлкен.

Тұжырым:жоғарғыжәнетөменгі жақсүйектің биомеханикасына сәйкес оның ішкі кіші құрамдық құрылысы да және жеке бөлімдерінде туындайтын әркелкі сүйекішілік ширығу күштері де остеотомия (сүйек кесу), остеосинтез (сүйек сынықтарын бекіту) сияқты көптеген оталарда ескеріліп отырады және олар отаның нәтижелі өтуіне жағдай туғызады да, сонымен қатар сүйектердің тез қалпына келуіне өзінің оңды септігін тигізеді.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге қандай қызметін атқарады?

А) бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге тіректік және қорғаныс қызметін атқарады.

Б) бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге қоректену қызметін атқарады.

В) бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге жарақаттау қызметін атқарады.

Г) бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге ішке ыдырау қызметін атқарады.

Д)) бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге сыртқа шығару қызметін атқарады.

2. Бас сүйегі қанқасы ...... болып бөлімдерге бөлінеді.

А) Бас сүйегі қанқасы бас ми және бет жақ болып бөлімдерге бөлінеді.

Б) Бас сүйегі қанқасы қол сүйегі және бет жақ болып бөлімдерге бөлінеді.

В) Бас сүйегі қанқасы бас ми және бұғана болып бөлімдерге бөлінеді.

Г) Бас сүйегі қанқасы бас ми және жамбас болып бөлімдерге бөлінеді.

Д) Бас сүйегі қанқасы бас ми және қабырға болып бөлімдерге бөлінеді.

3. Бассүйегін құрайтын сүйектер мыналар:

А) даралары-қарақұс, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

Б) даралары-бұғана, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, қол сүйектері, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

В) даралары-шынтақ, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,тобық, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

Г) даралары-бас бармақ, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, балан үйрек мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

Д) даралары-қарақұс, сына тәрізді, кәрі жілік және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,тоқпан жілік, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

4.Жоғарғы жақсүйегінің құрамына мынандай сүйектер кіреді:

А) денесі және оның төрт өсінділері бар.

Б) байламы және оның бес өсінділері бар

В) өсінділері мен шұңқырлары бар

Г) шұңқырлары мен бұрыштары бар

Д) байламдар мен шұңқырлары бар

5. Жоғарғы жақсүйегінің маңдай өсіндісінің ішкі бетінен қандай қыраттар өтеді?

А) тор сүйектік, мұрынның төменгі қалқан қыраттары

Б) көз сүйектік, мұрынның төменгі қалқан қыраттары

В) мұрынның төменгі қалқан қыраттары, көз сүйегінің төменгі қыраты

Г) көз сүйегінің төменгі қыраты, тор сүйектік

Д) тор сүйектік, мұрынның төменгі қалқан қыраттары

6. Жоғарғы жақсүйектің қабырғаларын атаңдар:

А) алдыңғы, артқы, жоғарғы және ішкі.

Б) ортаңғы, алдыңғы, артқы, жоғарғы

В) артқы, жоғарғы, алдыңғы, артқы

Г) сыртқы, ортаңғы, алдыңғы, артқы

Д) алдыңғы, артқы, сыртқы, ортаңғы

7. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің беттерін атаңдар:

А) сыртқы, ішкі.

Б) алдыңғы, артқы

В) сыртқы, ортаңғы

Г) артқы, жоғарғы

Д) ішкі, алдыңғы

8. Бетсүйек-os zigomaticus- геометриялық төрт бұрышты, қисық пішінді, жұп сүйектік табақша болып саналады. Оның атқаратын қызметін атаңыз.

А) теппе-теңдікті сақтап тұрады.

Б) ешқандай қызмет атқармайды

В) қоректендіру қызметін атқарады

Г) тыныс алу қызметін атқарады

Д) жұту қызметін атқарады

9. Бетсүйектің неше беті бар? және оны атап көрсетіңіз:

А) ұрт жақ беті, көзұясына қарасты беті, самай ойығына қарасты беті

Б) көзұясына қарасты беті, самай ойығына қарасты беті, таңдай беті

В) ұрт жақ беті, көзұясына қарасты беті, тіл беті

Г) ұрт жақ беті, самай ойығына қарасты беті, жақасты беті

Д) самай ойығына қарасты беті, жақасты беті, тіл беті

10. Тор сүйектің беттерін атаңыздар:

А) торлы табақша, кеңсірік бөлімі, көзұясының ішкі қабырғасын құрайды, көзұялық табақша.

Б) кеңсірік бөлімі, көзұясының ішкі қабырғасын құрайды, көзұялық табақша, маңдай бөлімі.

В) торлы табақша, кеңсірік бөлімі, иек бөлімі, көзұялық табақша.

Г) торлы табақша, кеңсірік бөлімі, құлақ маңы бөлімі, көзұялық табақша.

Д) торлы табақша, тіл бөлімі, көзұясының ішкі қабырғасын құрайды, көзұялық табақша.

11. Төменгі жақсүйек доға тәріздес екі жаққа қарай иіліп өтетін ..... тұрады.

А) денесінен, жоғарыға тік көтерілген екі бұтақтан

Б) бұтақтан, буынның денесінен

В) денесінен, буынның басынан

Г) буынның басынан, бұтақтан

Д) буынның басынан, буынның денесінен

12. Төменгі жақсүйектің денесі мен бұтақтарының бір-бірімен қиылысатын жерін....... деп атайды.

А) төменгі жақсүйегінің бұрышы

Б) төменгі жақсүйегінің жазығы

В) төменгі жақсүйегінің негізі

Г) төменгі жақсүйегінің түбі

Д) төменгі жақсүйегінің ойығы

13. Төменгі жақсүйектің бұтағы үстіңгі жағында жарты ай тәрізді ойықпен-(айшық).......... аяқталады.

А) біріккен екі өсіндімен

Б) иілген өсіндімен

В) жазық жердегі өсіндімен

Г) тоғысқан өсіндімен

Д) қиылысқан өсіндімен

14. Төменгі жақсүйектің бұрышындағы сүйектік бұдырға.......... бекиді.

А) меншікті шайнау бұлшықеті

Б) ымдау бұлшықеті

В) самай

Г) көкірек бұлшықеті

Д) сан бұлшықеті

15. Тorus mandibula-ны............ көруге болады

А) бұтақтың екіге ажырайтын ішкі беткейінде сүйектік көтеріңкі жерінде

Б) бұтақтың екіге ажырайтын сыртқы беткейінде сүйектік жерінде

В) бұтақтың біріккен сыртқы беткейінде сүйектік көтеріңкі жерінде

Г) бұтақтың қосылмайтын сыртқы беткейінің сүйектік көтеріңкі жерінде

Д) бұтақтың қосылатын ішкі беткейінің сүйектік көтеріңкі жерінде

16. Самай бұлшықетінің терең талшықтары бекитін жері ... болып саналады.

А) самай қыраты

Б) мұрын сүйегінің жоғары қыраты

В) төменгі жақсүйегінің алдыңғы қыраты

Г) маңдай қыраты

Д) тіласты қыраты

17. Төменгі жақсүйек өзегі тіс ұяшықтарымен қатынас құрып ..... арқылы сыртқа ашылады.

А) иек тесігі

Б) сопақша тесігі

В) дөңгелек тесігі

Г) қосалқы тесігі

Д) құлақ тесігі

18.Ұрттық қыратына ..... бұлшықеттің талшықтары бекиді.

А) ұрт бұлшықеттің

Б) ерін бұлшықеттің

В) тіл бұлшықеттің

Г) тіласты бұлшықеттің

Д) екі қарыншалы бұлшықеттің

19. Төменгі жақсүйек бұтағының тәж тәрізді өсіндісінің ішкі бетінен .... өтеді.

А) самай қыраты

Б) төменгі жақсүйегінің алдыңғы қыраты

В) тіласты қыраты

Г) маңдай қыраты

Д) мұрын сүйегінің жоғары қыраты

20. Төменгі жақсүйекке түсетін күштің қабылдануы және оның жан-жаққа таралуы (механизмі) ...... заңына сәйкес жүзеге асады.

А) бірінші реттілік шиыршық (рычаг)

Б) екінші ретсіздік шиыршық (рычаг)

В) бірінші ретсіздік шиыршық (рычаг)

Г) екінші реттілік шиыршық (рычаг)

Д) ешқандай заңға бағынбайды

21. Сүйек кесу-отасы дегеніміз не?

А) остеотомия

Б) тракция

В) экстерпация

Г) ампутация

Д) ротация

22. Сүйек сынықтарын бекіту- отасы дегеніміз не?

А) остеосинтез

Б) биосинтез

В) краниосинтез

Г) синостоз

Д) экзостоз

23. Буын басының артында (оның мойны тұсында) сыртқы ұйқы артериясы өзінің соңғы ....... бұтағына тарайды.

А) жақсүйек артериясы, беткей самай артериясы

Б) жақсүйек артериясы, мойын артериясы,

В) беткей самай артериясы, мойын артериясы

Г) жақсүйек артериясы, көкірек артериясы

Д) беткей самай артериясы, көкірек артериясы

24.Тіласты сүйегі–құмау - os hyoideum құрылымын атап көрсетіңіз.

А) денесі, екі мүйізі бар

Б) денесі, мойны бар

В) екі мүйізі, басы бар

Г) денесі, басы бар

Д) екі мүйізі, мойны бар

25. Гаймор қуысының бет-әлпеті құрылысы мен салыстырғанда .... қабырғаға бөлінеді:

А) жоғарғы, төменгі, алдыңғы, бүйір, артқы және ішкі (медиалды).

Б) артқы және ішкі (медиалды) төменгі, алдыңғы, бүйір

В) төменгі, алдыңғы, бүйір, жоғарғы, ішкі (медиалды)

Г) артқы және ішкі (медиалды) төменгі, алдыңғы, бүйір

Д) төменгі, алдыңғы, бүйір, жоғарғы, ішкі (медиалды)

ІV ТАРАУ

Наши рекомендации