Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
· Білікті, жедел және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.
· Науқасты жүргізу мен зерттеу тактикасын анықтайды.
· Клиникалық қадағалау мен зерттеу, анемнез жинастыру, клиникалық-лабораториялық және инструменталды зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, диагноз қою (дәлелдеу).
· Науқасты емдеу әдісі мен тәсілдері, сонымен қатар медициналық нұсқаулардың заттары мен бұйымдарын таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.
· Емді тағайындап, бақылайды, арнайы диагностикалық, емдік, алдын-алу іс-шараларды өз бетінше жүргізеді.
· Науқасты күнделікті қарайды.
· Науқастың жағдайына байланысы емдеу жоспарына өзгерістер енгізіп, қосалқы зерттеу әдістерінің қажеттілігін анықтайды.
· Диагностикалық және емдік іс-шаралардың орындалуын, құрал-аспаптардың дұрыс қолданылуын бақылайды.
· Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
· Емдеу, реабилитация, сақтандыру сауалдары бойынша басқа қызметтер мен мамандармен өзара қарым-қатынас жүргізеді.
· Денсаулық орталықтарымен бірегей салауатты өмір салты, рационалды тағамдану жөнінде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
· Аурулардың ерте және жасырын түрлері мен тәуекел факторларын анықтау жұмысын жүргізеді.
· Диагностикалық, емдік-сауықтыру, реабилитациялық іс-шаралар кешенін ұйымдасырады.
· Еңбектің жеңілдетілген жағдайына ауысуды, санаторлық-курорттық ем алуға нұсқаулардың бар-жоғын анықтайды.
· Бекітілген халықтың денсаулық жағдайының талдамын, медициналық құжаттарды, есеп-қисабын жүргізеді.
· Ауруларды емдеу мен алдын-алудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзіне енгізеді.
· Оған бағынған орта және кіші мед.қызметкердің жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.
· Медициналық этика, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт пен техника қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиялық тәртіпті орындайды.
Медициналық ұжымдағы сәтті қызмет – дәрігерлердің орта және кіші мед.қызметкерлерімен өзара сыйластығына байланысты келеді. Мейірбикелер мен санитарлар науқастармен күні-түні қатынаста болып, аурудың жаңа белгілерін байқай алады. Мейірбикелер науқастардың жағдайының ушығуын уақытылы байқау арқасында дер кезінде көмек көрсетіліп, қаншама адамның өмірі сақталған. Осыған орай дәрігер өз көмекшілеріне деген қарым-қатынастың қызметтік түрін нығайтып, мейірбикелік үдерістің дұрыс ұйымдасуына жәрдемдесуі міндетті.
Бөлімшеде аға мейірбике жұмысының маңызы зор. Аға мейірбикеге барлық мейірбикелер, кіші медицина және күтуші қызметшілер бағынады. Бөлімшедегі науқасқа медициналық көмек көрсету сапасы аға мейірбике жұмысының ұйымдастырылуына байланысты.
Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
· Бөлімшедегі орта және кіші мейірбике жұмысын ұйымдастырады және олардың өз қызметін орындауын бақылайды.
· Дәрігерлердің жұмысына қалыпты жағдайды және бөлімшедегі жалпы тәртіпті қамтамасыз етеді.
· Орта және кіші медицина қызметкерлер кадрлерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.
· Бөлімшені медициналық құралдармен, медикамент-термен, науқасты күту құралдарымен, жиһаздармен жүйелі түрде қамтамасыз етеді және олардың қолдануын бақылайды.
· Мейірбикелердің дәрігер тағайындауын толық және уақытында орындауын бақылайды.
· Қайта түскен науқастарды санитарлы өңдеу сапасын бақылайды.
· Науқастарды тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
· Мейірбикелердің медициналық құжаттармен дұрыс жұмыс істеуін бақылайды.
· Орта және кіші мейірбикелердің санитарлы - эпидемияға қарсы режимін қамтамасыз етеді және бақылайды.
· Қызметкерлердің міндетті түрде медициналық тексерілуден уақытында өтуі бақылайды.
· Бөлімшедегі өртке қарсы жағдайды бақылайды, еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіз техниканы сақтауды бақылайды.
· Орта және кіші мейірбикелердің біліктіліктерін жоғарлату жоспарын құрады және оның орындалуын бақылайды.
· Орта және кіші мейірбикелерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.
· Аурухананың Мейірбикелер Кеңесі жұмысына және мейірбикелерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.