Ысқа мерзімді жоспар 5 страница

Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
3C Бөлім: Теңдіктер және теңсіздіктер. Теңдеулер  
Ұсынылатын алдын ала берілген білім
100 шамасындағы сандардың жүйесін түсіну; салыстыруды жүргізуді білу және салыстыру тілін қолдану
Мәнмәтін
Есептеу мен алгебра үшін теңдіктер мен теңсіздіктер түсінігі негіз болатынын түсіну.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттарыОқушылар үшін тиісті тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.
Пән бойынша оқыту мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы
• Практикалық аспаптарды қолдану, мысалға, табақшалы таразыны заттардың теңдігі немесе теңсіздігін анықтау мақсатында, соның ішінде бір уыс үрме бұршақ • Сандар қолданылуымен жүргізілген зерттеулер нәтижесін анықтау және теңдіктер мен теңсіздіктер жөнінде бекіту құрастыру • «Саяхат» тақырыбы аумағында теңдіктер мен теңсіздіктерді зерттеу. Мысалы, қалалар арасындағы қашықтық, мектепке немесе дүкенге барғанға кететін уақыт • Объектілерді салыстыруды көрсету үшін таңбалар немесе әріптерді қолдану • Теңдіктер мен теңсіздіктерді жазу үшін дұрыс математикалық таңбаларды қолдану Оқушылар жасай алады:   сандар мен шамаларды салыстыруды, және олардың қалай теңдіктер мен теңсіздіктер түзе алатындығын түсіндіруді.     • сол/бірдей, тап сол мәні, сонша, тең, теңдік • басқа мән/бірдей емес, әр түрлі, тең емес, теңсіздік Есеп, есептің шарты, есептің сұрағы, есептің шешуі. Қысқаша жазбаша, есептің үлгісі, схема, кесте. Талдау:  
  • Мұның дәл осы екенін қайдан біз білдік?
  • Өлшеу нәтижесінде не болады?
  • Таразы теңестірілмеген болғанда, бұл нені білдіреді?
  • Қайтадан сол шама шықты ма?
  • Осы (өрнек, шама) көп немесе аз мына өрнекке қарағанда?
Неге екенін айта аласыз ба…? • … таразылар теңестірілген? • … мына өрнектің шамасы басқаға қарағанда көп? • … дұрыс жауап біреуден көп болуы мүмкін ба? Жазылым : • Теңгерімді көрсететін диаграмма құрастырыңыз • Бірыңғай мәндері бар өрнектердің тізімін құрастырыңыз • ... кем сандар тізімін құраңыз
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар теңдіктер мен теңсіздіктерді меңгеру үшін «Саяхат» тақырыбы мәнмәтініндегі зерттеулерге қатысады. Олар сандар мен өрнектерді салыстыруды үйренеді және бір-бірлеріне арналған есептер құрастыратын болады.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
2.2 Теңдеулер мен теңсіздіктер 1.2.2.1 теңдік, теңсіздік, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдіктерді ажырата білу 1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу   Теңдік дегеніміз не? (С) Табақшалы таразыны қолдана отырып, бір табақшаға 3 тиын салыңыз. Оқушының басқа табақшаға бір уыс тиын салуын сұраңыз. Нәтижесін қараңыз. Оқушылардан не көріп тұрғанын түсіндіруді сұраңыз. Оқушылар тепе-теңдік болмауын айтуы керек, себебі табақшалардың ішіндегісі әртүрлі. Бірінші табақшаға тиын қосыңыз да және тағы сұраңыз: «Ал енді тепе-теңдік болды ма?». Табақшалар теңестірілген уақытта, бастапқы 3 тиынға қанша тиын қосылғанын жазып аламыз. Біз қосу амалын өрнек түрінде жаза аламыз ба? (Ж/Т,қ) Жабдықтың болуына байланысты, оқушылардың кішкене топтарда осыған сәйкес тәжірибелер жүргізудегі жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Егер Сізде 1 ғана таразы болса, оқушылардан барлық сыныпқа өзінің тәжірибелерін кезекпен көрсетулерін сұраңыз. (С) Оқушыларға келесі тапсырма үшін өздерінің қиялдарын қолданғаныңызды қалайтыныңызды айтыңыз. Олар елестетулері керек, егер де бірінші табақшаға 4 тиын салса және екінші табақшаға 10 тиын салса, содан кейін бірінші табақшаға 5 тиын қоссақ, не болады? Енді осы тапсырманы шын тиындармен және табақшалы таразымен орындаңыз. Бірдей ауыр болатын және бірдей ауыр болмайтын комбинацияларды бірнеше рет қайталаңыз. (С) Бірінші тәжірибедегі жазылған қосудың өрнек амалын қараңыз. Ол көрсетуі мүмкін, мысалы, 3+6=9. Алдын ала дайындалған карточкаларды қолданыңыз. Бір қолыңызда өрнекті (мысалға, 6+3) және екінші қолыңызда сан жазылған карточка (мысалға, 10) ұстап тұрып осы теңдік бола ма деп сұраңыз. Сіз табақшалы таразының үлгісін көрсете аласыз, ол кезде 6+3 ұстап тұрған қолыңыз жоғарыға көтеріледі, 10 ұстан тұрған қолыңыз төмен түсіріледі. (Ж/Т, қ) Оқушылардың жұптасып жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз: олар қосу өрнегі амалы жазылған және сандары бар карточкаларды таразы үлгісін көрсете отырып таңдайды.   Теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасы (С) Теңдіктер мен теңсіздіктер таңбаларын ( = ,≠) қайталаңыздар. Бұл таңбалардың теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасында қолданылатынын айтыңыз. (Ж/Т,қ) Таңбалар жазылған карточкалар дайындаңыз және жоғарыда көрсетілген тапсырмана қайталаңыз. Бұл жолы таразы тәрізді әрекет ету орнына, оқушылар жұптасып немесе топта саны мен өрнегі бар карточкаларды таңдап және теңдік/теңсіздік дұрыс болуы үшін қандай таңба қолдану керектігін шешеді. (С)«Теңдік» ұғымын «соншама» ұғымымен байланыстырыңыз. Ол үшін осы сөздер кездесетін бірнеше есептер шығаруды ұсынуға болады. Мысалы, терім төсемінде 4 дөңгелек салып, оқушыдан соншалықты шаршы салуды сұраңыз. Содан кейін мәтін есепті шығару, мысалы, «Мектеп жанында 5 қайың және соншама жөке ағашы өсіп тұр. Мектеп жанында қанша жөке ағашы өсіп тұр?» «+», «-» таңдау амалы бойынша белгісіз компонентті табу ережесі негізінде теңдеуді шығару. Теңдеу түбірі (С) Өрнекті тақтаға жазыңыз. Мысалы: a = 3 + 7 Оқушылар белгісіз санның нешеге тең екендігін айта алатындығын сұраңыз. Олардан өздерінің көзқарастарын түсіндіруді өтініңіз. Басқа теңдік беріңіз. Мысалы:   15 + a = 19 Тағы да өрнектің мәні мен белгісіз санды табуда қолданылған амалды түсіндіруін сұраңыз. (Оқушылар белгісіз санды таңдау жолымен тапқан болатын). Оқушылардан белгісіз санды тағы басқаша қалай табуға болатынын сұраған жөн. Оқушылардан сұраңыз: а орнында 19-дан көп сан немесе аз сан тұратынын? Қандай амал арқылы ең төмен санды табуға болады? Осы жағдайда оқушылар белгісіз санның мәнін табу үшін азайту амалын қолданамыз деп айтуы мүмкін. Осылайша, белгісіз санды табудағы кері операцияның қолданылуы туралы жақсы пікір айтылуы мүмкін. (Ж)осыған ұқсас оқушылар а+12=19 қарастырады, 15+а= 19 қарастырғандағы келген шешімді қолдана отырып. Егер де сынып оқушылары мықты болса, есепті қиындатыңыз, мысалы, белгісіз санды табудағы амалдарды нақты тұжырымдауға талап қоя отырып, жоғары мәнді сандарды (100 шамасындағы) қолдана отырып, азайту әрекетімен өрнектер енгізіңіз. (Д,қ) Оқушыларға белгісіз санмен өрнектерді өздері табуына рұқсат беріңіз, сол арқылы стратегияны дұрыс қолданғанын және өзінің шешімдерін жаза алатындығын көресіз. (С,Ж,қ) Оқушыларға теңдеулер шешудің амалдары, белгісіз компоненттер табу туралы есіне түсіріңіз. Жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан белгісіз компонентті табу амалын әр кезде түсіндіруін сұраңыз.     Ұқсас есептерді құрастыруға болады     Дәптерге өрнекті жазыңыз. а әрпінің әр түрлі шамасындағы берілген өрнектің мәнін табыңыз. Осыған ұқсас тапсырманы а – 4 өрнегімен орындап көріңіз.    
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» таңбаларды/ сандарды / белгісіз сан (􀂅) белгісін қолданыңыз   (Ж,қ) Оқушыларға сандары мен « =, ≠, >, < » таңбалары бар карточкалар жиынтығын беріңіз. Олардан сандары бар екі карточка таңдауды және сандардың қатынасын көрсету үшін сәйкес белгісі бар карточка қолдануды сұраңыз. Табақшалы таразы туралы есептерде қолданылған қосу амалы өрнегі бар карточкалар мен « =, ≠, >, < » таңбалары бар карточкаларды қолдана отырып тапсырмаларды қиындатыңыз, салыстыру нәтижелерін жазып алыңыз. Мысалы: 60+30? 40+20 (С) Сандары және «+ - =, ≠,<, >»таңбалары бар карточкаларды қолданыңыз. Сандар мен қосу амалы бар (немесе жоғарыда көрсетілген тапсырмадағы қосу өрнегі бар карточкалар) және таңбасы кем («+» және «<») карточкалардан бастаңыз, мысалы, 16 + 2 < Оң жаққа қандай карточка қойғанда өрнек дұрыс болатынын сұраңыз. Оқушылар көптеген дұрыс варианттар ұсына алатынын түсінеді. Теңсіздік таңбасын қолдана отырып ұқсас тапсырма беріңіз, мысалы, 16 – 6 ≠ Тағы да дұрыс варианттар көп болуы мүмкін. Ал егер теңдік таңбасын қолдансақ, қандай айырмашылық болады? 12 + 7 = Өрнектің мәні (оң жақтағы сан) әрқашан 19-ға тең болуы керек, бұл сан қосу немесе азайтудың нәтижесі болса да. (С) Белгісізді бейнелейтін таңбамен оқушыларды таныстырыңыз. Мысалы: 12 + 7 = 14 + □ Теңдік таңбасы (=) өрнектің мәні сол және оң жағында да бірдей болатынын көрсетіп тұрғаны туралы әңгімелесіңіз. Осылайша, біз белгісіз санды таба аламыз. (Ж, қ) Теңдіктегі белгісіз санды табуға арналған есептерді шығару үшін оқушылардың жұптасып жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырманы жұмыс парақтарына дайындауға немесе сандары мен таңбалары бар карточкаларды қолдануға болады. Өздерінің пікірлерін дәлелдеуді сұрау арқылы, оқушылардың түсінгенін тексеруге мүмкіндікті қолданыңыз.    
5.1 Есептер және математикалық үлгі 1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару 1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, азайту, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу 1.5.1.5 қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу Есеп Қосу мен азайту амалдарын қайталаңыз. (С) «Саяхат» тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу үшін біз қосу амалдарын қолданатынымызды оқушыларға хабарлаңыз. Өзіңіздің аймақтағы бірнеше жерлерді ойлап, оқушылардан олардың сол жерлерде болған болмағандарын сұраңыз. Қосуды өрнек түрінде жазып алу үшін ақпаратты қолданыңыз, мысалы, сіздің оқушыларыңыз мынадай өрнек 6+3 құрастырды, оны тақтаға жазыңыз. Ал өзіңіз осы өрнектен есеп құрастырыңыз және оны тақтаға жазыңыз немесе интерактивті тақтада көрсетіңіз, мысалы: 6 адам паркте болды, 3 адам спорт орталығында болды. Барлығы қанша адам демалды? Оқушыларға осы есеп бойынша құрылымын түсіндіріңіз: шарт (6 адам паркте болды, 3 адам спорт орталығында болды), сұрақ (Барлығы қанша адам демалды?), шешім (6+3=9), жауабы (9 адам орталықта демалды). Оқушыларға есептерге қысқаша жазба, сурет, сызба, кесте құрастыруға болатынын көрсетіңіз. Әр вариантты көрсетіп шығыңыз. (Т) Топ ішінде оқушылардың қайда барғысы келетіндігін талдауды ұйымдастырыңыз, соны жазып алу үшін қосу амалын қолданып өрнек құрастырыңыз. Компоненттер атауын қайталаңыз. Содан кейін олар өздерінің таңдауы туралы басқа топтарға айтып береді. (С) Кітапханаға (тіс дәрігеріне, емханаға) қанша оқушы барғысы келетінін сұраңыз, оқушыларға қанша адам барғысы келмейтіндігін білгіңіз келетінін айтыңыз. Осы жерлерге барғысы келмейтін балалардың санын қалай табатынымыздың үлгісін жасап шығыңыз: Барлық балалар санынан барғысы келген адамдардың санын алып тастаймыз. Өрнек түрінде азайту нәтижесін жазып алыңыз, компоненттердің атауын қайталаңыз. (Т,қ) Ұқсас тапсырмаларды оқушылар топта орындайды. Топтарды сондай зерттеу жүргізуді сұраңыз, және топтағы қанша бала аталған тапсырманы орындағысы келмейтінін біліңіз. Өрнек түрінде азайтудың нәтижесін үлгілеуді тапсырыңыз және жазба жазуын сұраңыз. Белгісіз қосылғышты табуға арналған есептер (С) Оқушыларға келесі түрдегі есептерді шешуді ұсыныңыз: "Коляда 6 таңба болды. Оған тағы бірнеше таңба сыйлады, сонда барлығы 10 таңба болды. Коляға қанша таңба сыйлады?" Оқушылардан Коляда қанша таңба болса, партаға сонша дөңгелек қоюды сұраңыз. Онда барлығы қанша таңба болды? (6.) 6 дөңгелекті жылжытыңыз. Қалған дөңгелектер нені білдіреді? (Оған сыйланған таңбалар.) 6 дөңгелекті жылжытып, біз оларды өшіріп тастағандай болдық. Бұл қандай амалды еске түсіреді? (Азайту.) Сонда біз қандай шешім аламыз? (10-6=4 таңбалар).Ары қарай оқушыларға сызба және есептерге үлгілер құрастыруды сұраңыз. Белгісіз азайғышты табуға арналған есептер (С) Оқушылардан үстел үстіне 8 шаршы қоюды сұраңыз, оқушылар оларды қайтып санап шықсын, 3 қалатындай оқушылардан бірнеше шаршыларды алып тастауды сұраңыз. Қанша шаршының алып тасталғанын қайдан білуге болады? (Т/Ж) Тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз: Ұзындығы 10 см қағаздың кесіндісінде 4 см кесінді қалдырыңыз. Қалған бөлікті қызыл түспен бояп, қызыл түсті кесіндіні қиып тастау. Ұзындығы қанша болатын бөлік кесіп алынды? Есептің суреттемесі үшін сызба сызыңыз Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru   Санның бірнеше бірлікке өсуі/азаюына арналған есептер (С)Оқушылардан партаның үстіне 4 шаршы мен 6 үшбұрыш қоюды сұраңыз, бұл жағдайда тек үшбұрыш шаршының астында болуы керек. Оқушылардан сұраңыз: қандай фигураға жұп жетпей қалды? Қанша үшбұрыш жұпсыз қалды? Оқушыларға мұның келесіні білдіретінін түсіндіріңіз: үшбұрыштар шаршыға қарағанда 2 артық, немесе шаршы үшбұрыштарға қарағанда 2 кем. Содан кейін мәтін есептерді қарастыруға көшіңіз.   Бұл демалыс күндері оқушылар қай жерлерге барғанын немесе отбасының басқа мүшелері қайда барғанын білуге көмектеседі. Бұл жерде зерттеу үшін қосу мен азайтуды қолдану үшін «Саяхат» тақырыбына ақпарат жинаған маңызды. Постерлер немесе кітапшалардың болуы зерттеуге деген қосымша ынталандыру болатын еді.   Оқушыларды жай есептерді шешумен таныстыруды бастаңыз. Оларды есептің басты бөліктерімен, шешім алгоритмімен, жауапты қалай жазу керектігімен таныстырыңыз. Есептің жазбаша түрде рәсімделуін көрсетіңіз. Мүмкіндігі бойынша есептерді, қысқаша жазбаны, шартын, шешімін, жауабын дәптерде орындауға болады.   Пәндік көрнекі мәлімет біртіндеп сызбалық үлгілеумен ауыстыруға болады. Осымен бірге үлгі жиынтықтың бірігуі мен жиынтықтың кейбір бөліктерін алып тастауды көрсетуі керек, мысалға, Барлығын табуға Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru   Қалдықты табуға Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 5 страница - student2.ru Сызбалық үлгілеудің екінші варианты: кесінділер түріндегі графикалық сызба   «Бірнеше бірлік артық» өрнегін оқушыларға «соншалықты және тағы шамалы» өрнегімен түсіндіруге болады Егер оқу дағдысы жақсы дамыған болса, тапсырманы дұрыс ретте орындап шығу үшін әрекеттердің орындалу адымдарын карточкаға жазып алуға болады Оқушылар барлығын табуға арналған тапсырма мен басқа тапсырмалар арасындағы айырмашылықты байқау үшін осы тапсырмаларды бір уақытта қарастыру керек. Пәндік көрнекі мәліметті біртіндеп сызбалық үлгілеумен, кесінді түріндегі графикалық сызбамен алмастыруға болады.  
2.1 Сандық және әріптік өрнектер   1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік және теңсіздікті құрастыру, оқу, жазып алу және тану 1.2.1.2 әріптің мәні берілген бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу 1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a 1.2.1.4 қосу мен азайту кезінде 0 қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a; a-0=a 1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру     Әріптік өрнектер (С) Сыныпқа бір мүшесі белгісіз болатын өрнек көрсетіңіз. Бұл жағдайда таңба □ орнына әріп қолданылатын болады. Мысалы: 60 + a = 10 Оқушылар a мәнін таба ала ма және қалай тапқандарын түсіндіре ала ма? (Д,қ) Ойын «Код сақтаушысы». Бір мүшесі белгісіз болатын өрнекті тақтаға жазыңыз. Оқушылар әріптің мәнін табады, сосын тапсырманы орындағандарын дәлелдейді және сол әріпті пайдалана отырып жаңа өрнек құрастырады. Мысалы, мұғалім көрсетіп тұр 30 – a = 2. Тапсырманы жұрыс орындаған оқушы код сақтаушысы болып табылады және ол жаңа өрнек ұсынады, мысалы, а+ 30 = 50. Барлық оқушылар өзінің шешімдерімен бөліспейінше ойынды жалғастыра беріңіз. (С) Екі белгісіздің сомасы санға тең болатын өрнекті оқушыларға көрсетіңіз. Мысалы, a+ b = 9. a және b қандай мәндер бола алатыны туралы болжамдарды тыңдаңыз. Соңында, орын ауыстыру қасиетін көрсететін бірнеше сөйлемдер болу керек. Мысалы, «а» 6-ға тең болуы мүмкін, «b» 3-ке тең болуы мүмкін, «а» 3-ке тең болуы мүмкін, «b» 6-ға тең болуы мүмкін Бұл екі мәндер де дұрыс, осыдан шығатыны, әріптік өрнектер де сандық өрнектер секілді орын ауыстыру қасиетіне бағынады. (Д,қ) Оқушылардан осы ойды көрсететін мысалдар құрастыруын сұраңыз. (С)Оқушылардан а + 4 өрнегінің мәнін табуды сұраңыз. Неге бұл тапсырманы орындауға болмайтынын талқылаңыз. Қандай шартта өрнектің мәнін табуға болатынын сұраңыз. Оқушылардан а мәні неге тең болуы мүмкіндігін айтуын сұраңыз. (Д,қ) Оқушылардан осы ойды көрсететін мысалдар құрастыруын сұраңыз.    
Қосу мен азайту арасындағы әріптік теңдік байланыс түрінде таныстыру және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a   (С), Берілген санды табу үшін қосуға болатын сандар комбинациясынқалай тапқанымызды (2А бөлім) оқушылардың есіне түсіріңіз Оқушыларға қосу заңдылықтарын түсінуге негізделген өрнектерді жұптасып құрастыратынын түсіндіріңіз. (Ж, қ) Әр оқушы сан таңдайды, мысалы, 15 пен 20 аралығында, оны әріппен (таңбамен) көрсетеді. Жеке жұмыс жасағанда, олар өздерінің кішкене тақтасында қосу амалымен екі теңдік құрастырады. Оқушылар дайын болған кезде, олар берілген әріптің мәнін табу үшін тақталарымен алмасады. Олар мәнін білетіндерін дәлелдеу үшін, сыныптасы ойлаған әріптің мәнін пайдалана отырып жаңа теңдік құрастырулары керек. (С) Осы әрекетті қиындату үшін жоғары мәнді санды қолдануға және теңдік құрастыру үшін азайту амалын пайдалануға болады. Оқушылар осы мән үшін неше теңдік құрастыруға болатынын табуға тырысатын болады.   Өрнектерді салыстыру (Ж,Д,қ) Оқушыларға екі амалмен орындалатынжақшалы бар және жақшасыз өрнектері бар карточкаларды таратыңыз. Берілген өрнектің мәнін табуды сұраңыз. Осы жұмысты берілген карточкаларға ұқсас карточкалар дайындап қиындатуға болады, бірақ енді осы өрнектерді салыстыруды сұраңыз.   Таңбалар мен сандары бар карточкалар, әріптік өрнектері бар қосымша карточкалар (мысалы, 6 + a): көрсету карточкалары және оқушыларға арналған карточкалар    

Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
4A Бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер  
Ұсынылатын алдын ала берілген білім
100 шамасында санай білу; ондықтармен санау; сандық теңдіктер мен теңсіздіктерді салыстыра және суреттей білу.
Мәнмәтін
Ақша арифметикасын түсіну, үлгілеу және қолдану күнделікті өмірде математикалық білімді қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі «Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттарыОқушылар үшін тиісті ғылыми тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.
Пән бойынша оқыту мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы
• Тиынәндерін білу және тану (теңге) • Тиындарды дүкенде тәжірибе жүзінде қолдану - төлеу және қайтарымды алу үшін • Оқушылардың ақшаның қолданылуын зерттей алатын «Тамақ және сусындар» тақырыбының контексінде рөлдік жағдайлар (дүкен, кафе) құрастыру • Екі немесе одан да көп заттар сатып алуда қосу амалының байланысын түсіну; өрнек түрінде қосу амалын жазу • Әмияннан төленген ақша мен кассадан берілген қайтарым барлық ақшасының санын азайту амалының байланысы; өрнек түрінде азайту амалын жазу     :   кафеде тапсырыс беріп және қалай төлейтінін түсіндіру   • сомасы, құны, тиын, теңге, барлық саны, қайтарым • құнын есептеу Талдау:  
• Сіз ... теңгеге не сатып ала аласыз? • Егер Сізде осы тиындар болса, сіз не сатып алар едіңіз? • Ол қанша тұрады? • Төлеу үшін қандай тиындар қолданасыз? Бұл нақты сомасы ма? Қайтарым қала ма? • Қандай түрде қайтарым беріледі/алынады? Неге екенін айта аласыз ба…? • … түрлі ақша әдісімен төлей аласыз ба? • … сіз нақты соманы осындай тиындармен төлей алмайсыз ба? • … мен сатып ала алмаймын... .... теңгені мынадай ақшалармен? Жазылым : • Сіз ....теңге бола тұра не сатып ала алатыныңыздың атауларын тізімдеп жазыңыз • Әр атаудың құнын көрсете отырып өзінізге жеке мәзір дайындап алыңыз. • Досыңыз үшін сатып алынғандарға касса чегін дайындаңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар теңгені айналымда қалай және қандай әдіспен қолдану керектігін үйренеді. Олар төлемді қалай жүргізу керектігін және «Тамақ және сусындар» тақырыбындағы контексте қайтарымды қалай беру керектігін зерттейтін болады.

Наши рекомендации