Оқу жүктемесі: 2-сыныпта - аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 136 сағат.

Пән: математика

Сынып: 2

Бағдарлама: «Математика» пәнінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2013

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған

Оқулық:Математика: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық,, Алматыкітап баспасы, 2013.

Оқулық авторлары:Акпаева А. Б., Лебедева Л.А.

Түсінік хат

«Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.

Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз 48 етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.

Оқытудың міндеттері:

1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша,- сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, т.б. функционалдық қасиеттерін дамыту;

2) көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;

3) бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау,- жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру; оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға- қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру;

4) алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындық жүргізу;

5) оқуға деген ынтасын, математикаға деген қызығушылығын, танымдық- қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;

6) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде- жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;

7) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік,- мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;

8) қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге- қамқор болуға, қоршаған ортаны қорғауда өз белсенділігін көрсетуге баулу, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына құрмет көрсетуге үйрету, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.

Математиканы оқыту ерекшелігі. 2-сыныптағы математика пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың алғашқы сабақтарындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімдерін пысықтауға бағытталған. Осы сыныпта 100-ге дейінгі сандар игеріледі; 10-нан 20-ға дейінгі сандарын игеру тарауының сағат саны арттырылған; көбейту және бөлу арифметикалық амалдарымен таныстыру басталады. «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген.

2-сыныптың соңында оқушыларда:

1) 1000 көлемінде оқу, жазу және салыстыру;
2) үштаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қолдану;
3) санды өрнектерді оқу, жазу және салыстыруды, санды өрнектердің мәндерін табу;
4) екітаңбалы сандарды қосу және азайту;

5) көбейту кестесін
6) өрнектердің мәндерін табуда қосудың терімділік пен ауыстырымдылық және көбейтудің терімділік қасиеттерін қолдану;
7) жақшамен немесе жақшасыз берілген санды өрнектердегі қосу және азайтуды орындауда амалдардың орындау ретінің ережелерін қолдану;
8) белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға бір-екі амалдарға арналған есептерді, сандардың айырымдылық салыстыруына берілген есептерді шығару;
9) есептің шешуін әртүрлі тәсілдермен (амалдар және өрнек құру мен оның мәнін табу арқылы) жазу;
10) торкөз қағазда тіктөртбұрыш пен шаршыны салу, тік, сүйір және доғал бұрыштарды салу;
11) ұзындығы 1 см дәлдікпен берілген кесіндіні салу;
12) сынық сызықтың ұзындығын табу;
13) үшбұрыштың, шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін табу біліктігі болуы қажет;

Оқу жүктемесі: 2-сыныпта - аптасына 4 сағат, жылына жалпы сағат саны 136 сағат.

Наши рекомендации