Жазбаша емтихан жұмысының бағалануы

Жазба жұмыстарын орындау барысында

-қателіктер;

-кемшіліктер;

-ұсақ кемшіліктер кездеседі.

1)Қателіктер:

- тапсырманы орындауға қажетті немесе орындау барысында қолданылатынқасиеттерді, ережелерді, алгоритмдерді, тиісті тәуелділіктерді білмеуі немесе оларды дұрыс қолданбауы;

- әрекеттер мен амалдарды дұрыс таңдамауы;

- тапсырманың мақсаты – есептеу бойынша білігі мен дағдысын тексеру болған жағдайда жалған есептеулер жасауы;

- дұрыс жауап алуға айтарлықтай әсер ететін әрекеттер , амалдар мен математикалық тұжырымдардың тұтас болмауы;

- орындалған әрекеттер мен алынған нәтижелерге шама атауының, есеп жауабының, түсіндірме мәтінінің сәйкес келмеуі;

- түбірді жоғалту немесе бөгде түбірдің ескерілмеуі, сондай-ақ түсінік бермей олардың біреуін алып тастау;

- логикалық қателік.

2)Кемшіліктер:

-өлшем бірліктері көрсетілмеген;

- жауапта бұрыс бөлшектерді немесе қысқаратын бөлшектерді сол қалпында қалдырып кету;

- шешуде негіздемелердің болмауы;

-берілгендерді дұрыс көшіріп жазбауы (сандарды,белгілеулерді,белгілерді,шамаларды);

- математикалық тұжырымдауларды рәсімдеу бойынша математикалық терминдерді, символдарды жазудағы шалағайлықтар;

- есеп жауабының болмауы.

3)Ұсақ кемшіліктер:- есептеулер мен түрлендірулердің тиімсіз әдістері;

- жазудың, суреттің, графиктің, схемалар мен диаграммалардың және кестенің ұқыпсыз орындалуы, сондай-ақ математикалық терминдерді жазудағы грамматикалық қателіктер

«5» деген баға – Барлық тапсырмалар дұрыс орындалса; ұсақ кемшіліктер саны екіден аспаса;

«4» деген баға – Бір тапсырма орындалмаған немесе қате орындалған;

«3» деген баға – Дұрыс орындалған тапсырмалар саны үштен кем болмаса және оқушы міндетті білім мен білікті меңгергендігін көрсетсе;

«2» деген баға –Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалмаған және оқушы міндетті білім мен білікті меңгергендігін көрсете алмаса.

«5» не «2» қойылған жұмысқа рецензия жазылады.

Емтихандық бақылау жұмысын рәсімдеу үлгісі

Өздігінен орындауға арналған бақылау жұмысының үлгі тапсырмалары:

Оғамдық – гуманитарлық бағыт

Нұсқа

1. Есептеңіз:

2. Теңсіздікті шешіңіз:

3. Функцияның берілген аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңыз: f(x) = x4 – 2x2 + 3 , [– 4; 3]

4. Өрнекті ықшамдаңыз:

5. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

Нұсқа

1. Есептеңіз:

2. Теңсіздікті шешіңіз:

3. Функцияның берілген аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңыз:f(x) = x3 – 3x , [0; 2]

4. Өрнекті ықшамдаңыз:

5. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Нұсқа

1. Өрнектіықшамдаңыз:

2. Теңсіздікті шешіңіз:

3. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

4. Есептеңіз:

5.20 санын біріншісінің кубы мен екіншісінің көбейтіндісі ең үлкен болатындай етіп теріс емес екі санның қосындысына жіктеңіз.

6. Функцияны зерттеп, графигін салыңыз:

Нұсқа

1. Өрнектіықшамдаңыз:

2. Теңсіздікті шешіңіз:

3. Теңдеулер жүйесін шешіңіз: .

4. Есептеңіз:

5. 12 санын біріншісінің кубы мен екіншісінің екі еселенген көбейтіндісі ең үлкен болатындай етіп теріс емес екі санның қосындысына жіктеңіз.

6.Функцияны зерттеп, графигін салыңыз:

Наши рекомендации