Б тапсырманың нұсқалары

1. Студент берілген программалау сабағының есебін электронды сағат h1 сағат min1 минутты көрсеткен кезде бастады, ал h2 сағат min2 минут көрсеткен кезде аяқтаған еді. Студент бұл есептерді қанша уақытта шығарғанын анықтайтын программа құру қажет. (Есептер 1 тәуліктен аспай шығарылған деп есептейік).

2. а нақты саны берілген. Көбейту амалынан басқа амалдарды қолданбай келесі нәтижені алу: а) а4 екі операция; б) а6 үш операция; в) а7 төрт операция;

3. Екі нөлдік емес сандар берілген. Олардың қосындысын, айырмасын, туындысын, бөліндісін табу.

4. Екі сан берілген. Олардың квадраттары мен модульдердің орташа арифметикасын табу қажет.

5. Тұнық судағы қайықтың жылдамдығы V км/сағ,өзен ағысының жылдамдығы U км/сағ (U < V). Қайықтың көлдегі жылжу уақыты T1 сағ, ал өзенмен (ағысқа қарсы) — T2 сағ. Қайықпен өткен S жолды табу.

6. Бірінші машинаның жылдамдығы V1 км/сағ, екіншісі — V2 км/сағ, олардың арасындағы арақашықтық S км. машиналар бір бірінен алшақтаған жағдайда.

7. Бірінші машинаның жылдамдығы V1 км/сағ, екіншісі — V2 км/сағ, олардың арасындағы арақашықтық S км. T сағат өткенннен кейін олардың арасындағы арақашықтықты анықтау, егер де машиналар бір біріне қарай қозғалғанда.

8. Тікбұрышты үшбұрыштың периметрі мен ауданын табу, егер де оның катеттерінің ұзындығы a және b.

9. Куб қабырғасының ұзындығы берілген. Кубтың көлемін, ауданын табу.

10. R радиусымен берілген шеңбердің ауданын табу. Мән ретінде Pi 3.14 қолдану.

11.Ішкі радиусы R1, ал сыртқы радиусы R2 (R1 < R2) тең дөңгелектің ауданын табу. Мән ретінде Pi 3.14 қолдану.

12. Теңбүйірлі үшбұрыштың жағы берілген. Осы үшбұрыштың ауданын табу.

13. Шеңбердің ұзындығы берілген. Шеңбердің ауданын табу. Мән ретінде Pi 3.14 қолдану.

14. Шеңбердің ауданы берілген. Шеңбердің ұзындығын табу. Мән ретінде Pi 3.14 қолдану.

15. a мен b (a > b) және alpha бұрышы берілген тең бүйірлі трапецияның периметрі мен ауданын табу.

16. a мен b (a > b) және alpha қиыр бұрышы берілген тең бүйірлі трапецияның периметрі мен ауданын табу.

17.(x1, y1) және (x2, y2) координаталары берілген екі нүктенің арасындағы арақашықтықты табу.

18. Куб қабырғасының ұзындығы берілген. Кубтың көлемін және оның үстіңгі жағының ауданын табу.

19. Бір бірімен параллель қосылған R1, R2, R3 үш кедергі берілген. Қосылулардың кедергілерін табу.

20. а нақты саны берілген. Көбейту амалынан басқа амалдарды қолданбай келесі нәтижені алу: а) а10 төрт операция;; б) а13 бес операция; в) а64 алты операция.

Бақылау сұрақтары:

1. С жүйесінің мүмкіндіктері қандай?

2. Трансляциялауға және орындауға программаны қалай қосамыз?

3. Программаның басы мен аяғы қандай операторлармен жазылады?

4. С тіліндегі программа қандай бөлімдерден тұрады?

5. С тіліндегі программа бөлімдері қандай ретпен жазылу керек?

6. С тілінде экранға шығару операторлары қалай жазылады?

7. <басқарушы жол> қызметі қандай?

8. Мәліметтердің базалық типтері қандай?

Зертханалық жұмыс №2 Тармақталған алгоритмдерді программалау

Жұмыстың мақсаты: тармақталған алгоритмдерді құруда блок-схемаларды құру және программаларды өңдеу, шартты көшу операторлары мен таңдау операторларын дұрыс қолдана білуді үйрену.

Жалпы мәліметтер:

Тармақталу алгоритмі деп – есептеу құрамында бір бірінен айырмашылығы бар, бірнеше бұтақтарды құрайтын алгоритмді атайды. Есептің бастапқы берілгеніне қарай есептеу процессінің шығуы алгоритмнің сол немесе басқа бұтағына шығады.

Си тілінде тармақталған алгоритмдері 3 түрлі әдістермен іске асырылады:

1. көшу операторларды қолдану;

2.шартты оператор;

3.таңдау оператор.

GOTO көшу операторы

Көшу операторы келесі түрде беріледі:

GOTO <белгі>;

Ол программаның қажетті операторына басқаруды береді. Осы оператордың алдында қос нүктемен бөлінетін белгі орналасу қажет. Си тілінде белгі ретінде бүтін сандар немесе әріптік өрнектер көрсетіледі.

Шартты оператор

IF шартты оператор екі түрде беріледі:

а) толық формасы

If (шарт) оператор 1

Else оператор 2

б) қысқартылған формасы

If (шарт) оператор 1

мұндағы оператор 1, оператор 2 – кез келген операторлар; шарт –логикалық өрнек.

Егер шарт ақиқат болса, онда оператор 1 орындалады, ал егер жалған болса, онда оператор 2 орындалады.

Наши рекомендации