Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары

Орталық архитектура Орталық архитектура ДҚБЖ технологиясының алғашқы пайда болған түрі болып табылады. Оның басты ерекшелігі – деректер қорын құрайтын файлдар, ДҚБЖ жəне қорды пайдаланатын бағдарламалардың барлығы бір компьютерде орналасады. Орталық архитектураның кең тараған кезеңі IBM-370 сияқты үлкен компьютерлердің дəуірі. Дегенмен, орталық архитектураға жататын ДҚБЖ жүйелері бүгінде де кездеседі. Олардың кең тараған мысалы – Microsoft Access.

Қолданушы бағдарламалардың деректер қорымен жұмыс істеуі келесідей жүзеге асады:

1. Компьютерде деректер қорының файлдары, ДҚБЖ жəне бағдарламалар орналасады;

2. Бағдарламалар ДҚБЖ-ға қорды пайдалану сұранысын жібереді;

3. ДҚБЖ қолданушыларға керекті операцияларды орындап, жауабын қайтарады

Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары - student2.ru

Файл-сервер архитектурасы Компьютерлік желілерінің пайда болуы жəне дербес компьютерлердің кең таралуы файл- сервер архитектурасының пайда болуына себеп болды

Бұл архитектура бойынша қолданушы бағдарламалардың деректер қорымен жұмыс істеуі келесідей жүзеге асады:

1. Деректер қорының файлдары арнайы компьютерде, яғни файл серверде орналасады, ал файлдарды басқаратын ДҚБЖ жəне қолданушы бағдарламалар басқа компьютерлерде орналасады;

2. Бағдарламалар ДҚБЖ-ға қорды пайдалану сұранысын жібереді;

3. Деректер қорының құрылымы бар ДҚБЖ файл серверінен сұранысты орындау үшін керекті файлдарды сұрайды;

4. Сұраныста көрсетілген файлдар ДҚБЖ орнатылған компьютерге көшіріліп өңделеді;

5. ДҚБЖ жұмысын орындағаннан кейін бағдарламаға жауап қайтарады жəне файлдарда өзгерістер енгізілген болса серверде орналасқан файлдар жаңартылады

Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары - student2.ru

Файл архитектурасының кемшіліктері:

· Файл сервері тек қана қойма ретінде пайдаланылады жəне деректер өңдеуге қатыспайды; •

· Бір қолданушы өзгерістер енгізген кезде басқалар транзакция аяқталуын күту керек, болмаса басқа қолданушылар енгізген өзгерістер жоғалуы мүмкін; •

· Деректерді өңдеу үшін файлдар түгелдей желі арқылы көшіріледі. Яғни, компьютерлік желі əлсіз болса оған үлкен ауырлық түседі;

· Деректер қоры компьютерде орналасқан файлдар жиыны болған соң оларды жою жəне бұзу хакер үшін оңайға түседі; • Транзакция журналдары əр ДҚБЖ-да өзгеше болғандықтан, өзгерістерді іздеп табу қиынға түседі.

Клиент-сервер архитектурасы Клиент-сервер архитектурасы да компьютерлік желілердің жұмысына тікелей байланысты. Алайда оның басты ерекшелігі – ДҚБЖ деректер қорының файлдары орналасқан серверде орналасады жəне олар орналасқан компьютер деректер қорының файл сервері емес «SQL-сервері» деп аталады

Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары - student2.ru


4. Деректер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.

Үлгі – бұл деректер құрылымынан тұратын және оларды өңдеу операциялары. Ол кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде деректерді қарап шығу мүмкіндігін береді. Деректердің тармақтық үлгісі қатаң тәртіппен байланысқан элементтерден тұрады. Тармақтық үлгінің негізгі түсініктеріне деңгей (уровень), элемент (түйін-узел), байланыс (связь) жатады.

Түйін — бұл қандай да бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиыны. Иерархиялық үлгінің схемасында түйіндер графтардың жоғарғы нүктесі ретінде көрсетіледі. Желілік үлгіде әр элемент басқа кез келген элементпен байланыса алады.

Қасиеттері:

· Әр түйін бір ғана түйінмен байланысады, жоғарғы түйінді ескермегенде;

· Бір ғана төбеден тұрады, басқаларға бағынбайды;

· Әр түйіннен төбеге бір ғана жол бар;

· Деңгейлері қатар емес түйіндерде байланыс орнамайды;

· Алғашқы деңгейдің байланысы анықталмайды.

Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары - student2.ru

Артықшылығы: қарапайым, жадының аз көлемін алуы.

Кемшілігі: кез келген ақпаратты енгізе алмау, деректерге қатаң навигациялық ену, деректерге тек негізгі элемент арқылы ену.

Желілік деректер қоры иерархиялық үлгі сияқты, онда тек туысқан деректерге байланыстыратын екі бағытқа да бағыттауыштар болады. Желілік үлгі иерархиялық сияқты, топтық қатынастың иесі және мүшелері бола алатын жазбалардың жиынынан тұрады. Мүшелер және иесінің жазбаларының арасындағы байланыс 1:N түрінде болады. Бұл модельдердің басты айырмашылығы, желілік модельде жазба бірден көбірек топтық қатынастың мүшесі бола алады. Кемшілігі: қиындығы, навигациялық жолмен ғана ену.

Деректер қорын басқару жүйелерінің кең тараған архитектуралары - student2.ru

Деректердің қатынастық үлгісі.Үлгіде деректердің негізгі құрылымы қатынас болғандықтан, үлгі қатынастық (ағылш. relation — қатынас) д. ат. деректерді кесте түрінде көрсетудің жолы. Артықшылығы: қарапайымдылығы, теориялық мәнділігі, кестедегі деректерді нормалаудың қатаң әдістері бар, деректердің тәуелсіздігі; ДҚ құрылымын өзгерткенде тек қолданбалы программаны минималды өзгерту. Кемшілігі: төмен жылдамдық; байланыстыру операцияларын қажет етеді; жадыдан көп орын алуы. Анықтама. Қатынасқа кіретін доменді атрибут деп атайды. Қатынастың жолдарын кортеждер деп атайды. Қатынастағы атрибуттар саны оның дәрежесі немесе рангісі деп аталады. Инвертірленген тізімнің жүйесі бұл индекстер жүйесі. Желілік үлгінің бір түрі болып табылады. Екі деңгейден тұрады. Элементтері: негізгі файл, инвертірленген тізім (файл), байланыстар тізімі.

Наши рекомендации