Шудың, дірілдің ағзаға əсері, олардан қорғану.

Адамзат барлық уақытта дыбыс пен шу дүниесінде өмір сүріп келе жатыр.Шу деп түрлі жиіліктегі және қуаттағы дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады.Дыбыс үнемі газды,сұйық немесе тығыз ортаға ғана толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан туады.Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт шуы көп жерде болған адамдардың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып,зат алмасу процесі,рухани күйі,ішкі сезімі нашарлайды.Көздің көруі,құлақтың естуі төмендеп,қан қысымы көбейіп,жұмысқа,оқуға үйренуге ұқыптылық азаяды.Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады. Шудан қорғану.Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар:1)параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2)техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын бірқатар талаптар бар, олар шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек.Діріл-ортаның физикалық ластануының бір түрі.Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесінде пайда болатын жиілік ауқымы кең күрделі тербелмелі процесс.Адамға әсер ету жолына б/ты діріл екі түрге бөлінеді:1)Жалпы, ол отырған немесе түрегеп тұрған адамның денесіне салмақ түскен жер арқылы берілетін;2)Локалды (жергілікті), түрегеп тұрған адамның қолы немесе аяғы арқылы денеге өтетін.Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі.Шуылмен ластану сияқты діріл децибелмен, немесе діріл жылдамдығымен , діріл шапшаңдату шамасымен өлшенеді. Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстық жиілік адамның жанына бататын етіп асқазаны мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларырының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді,бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.Шудан және дірілден қорғану жолдары:-Мемлекеттік үлгіге сәйкес жұмыс орындарында шектеулі –рұқсат етілген дыбыс күші мөлшерлерінен аспауы керек(-бөлмелерде,лабораторияларда 50дБа,-басқару қызметкерлерінің бөлмесінде 60дБа,-алыстан басқаратын жұмыс орындарында 65 дБа,-байланыс телефон арқылы болса 80дБа,-кәсіпорын территориясында 85дБа.);-дыбыс тарайтын жолға кедергі қою;-дыбыс өткізбейтін материалдарды қолдану;-ағаштар мен бұталар отырғызу.

Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз және қауіпті жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті.

Жер сілкінісі-жер қыртысының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, алыс қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы кауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы..Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер:тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары,каркас бағанасы,есік жақтауының ортасы,мықты үстел,белағаш өтетін жерлер табылады.Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабрасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.Жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардың астында қалған болсаңыз, ең бастысы сабырлылық сақтаңыз.Дауыс шығарыңыз, сырттағылар сіздің тірі екеніңізді білулері керек.Үстіңізге түскен бөлшектер ауыр болған жағдайда өзіңіз шығуға ұмтылмаңыз, ал егер аз мөлшердегі үйінділер астында қалсаңыз шығуға тырысып көріңіз.Шамаңыз келмесе сырттан келетін көмекті күтіңіз.Жер сілкінісі кезінде ғимараттар немесе үйлер өзінің сеисмикалық жағынан төмен баллға ғана жарауының нәтижесінде олар құлауға және қирауға кеп тіреледі, оның салдарынан халыққа да орасан зор зиян тиеді сонымен қатар мемлекет жанама шығындарға ұшырайтыны анық. Ғимараттардың құлау және қирауы адамдардың қираған үйінділердің астында қалып кетуіне әкеп соқтырады.Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті:*сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз;*адамдарды көмекке шақырыңыз;*алғашқы көмек келгенше, өзіңіз әрекет жасап, жеңіл үйінділердің астынан шығып кетуге тырысыңыз;*егер денеңізді ауыр зат басып қалса, көмек келгенше еш әрекет жасамаңыз;*денеңізге зақым келмеуінен және қанның жүрмей қалуынан сақтаныңыз.Аталған әрекеттер барысында төтенше жаңдай қызметкерлердің алатын орны зор. Олар тез арада келіп, халыққа қорғау әрекеттерін қолданса, халықтың ондай жағдайларда аман қалуы әбден мүмкін болар еді.

Наши рекомендации