Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу.Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты.Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың құлауы болуы мүмкін.Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек. Алғашқы көмек көрсету:- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;- хлормен уланған кезде 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға 1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;- аммиакпен уланған кезде 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызады.
36.Радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы және қолданылуы.ЙОД– бұл ерекше қасиеттерге ие болып келетін химиялық элемент. Йодты 1812 жылы француз химигі Б.Кутуа теңіз жасушаларының күлі мен серная кислотаны өңдеу жолы арқылы алған. Одан кейін ағылшын және француз химиктерінің терең зерттеулерінен кейін, буынын фиолетовый түсі үшін «йод» деген ат береді. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша йод өзінің химиялық қасиеттері жағынан хлорға ұқсайды. Сонымен қатар планетамыздың барлық денелерінде аз мөлшерде кездесіп отырады: суда, топырақта, минералдарда, өсімдіктерде. Атақты ресей ғалымы В.О.Мохнач, йодқа мынандай анықтама берген: «Бұл элемент. тероксин (гармон щитовидной железы) құрамына кіреді, ол организмнің өсуін қамтамасыз ететін құрал және зат айналымының стимуляторы ретіндегі қажетті. Егер табиғатта бұл элемент жоқ болған жағдайда омыртқалы жануарлардың өмірі қандай болатындығын елестету мүмкін емес». Қарапайым йод микробқа қарсы әрекет етеді, оның ерітінділері жараны зарасыздандыруда кеңінен қолданылады. Теріге тиген кезде сілекейлі қабаттар тітіркену әрекетін көрсетіп, организм әрекетіне рефлексті өзгерістер әкелуі мүмкін. Денеге сіңген кезде йод зат айналымына белсенді әсер етеді, диссимиляция процесін күшейтеді. Әсіресе оның щитовидная железа қызметіне әсері айқын, себебі йод тероксин синтезіне ат салысады. Йод липидтті және ақуызды айналымға әсер ететіні дәлелденген. Йод организмнен бүйрек және асқазан-ішек тракттары арқылы сыртқа шығады. Адам организмінің қалыпты дамуы үшін макро және микро элементте қажет, ал өзін-өзі қорғау үшін ең маңыздысы йод. Бұл микроэлемент организмде басты рөлді атқарады, яғни оны сыртқы ортаның зиянды факторларына қарсылығын қамтамасыз етеді: радиация, химиялық улар, жарақаттар және т.б. Йод 65% тероксиннен (гармон щитовидной железы) тұрады, ол терінің төтеп бергіш қабілетін арттырады, жасушалардың зиянды заттардан арылу мүмкіндіктерін дамытады, тыныс алу және энергия айналымын басқарып отырады. Бірақ мұнымен микроэлементтің пайдасы шектелмейді. Адам ағзасында йодтың мөлшері өте аз, бар болғаны: 20-30 мг, оның ішінде шамамен 10 мг щитовидная железаның ішінде. Йодтың адам ағзасындағы ең басты қызметі – щитовидная железа гармондарын түзуге ат салысу. Бұл гармондарды қажет етпейтін мүше немесе ағза болмайды. Олар кез келген механикалық процесстерді жүзеге асыру үшін ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге ат салысады, сонымен қатар толыққанды зат айналымын, биосинтез процесінің қалыпты ағысын, ағзаның дамуы мен өсуін, оның тері қабаттарының жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Сондықтан да кез-келген жарақат кезінде ең алдымен йод пайдаланылады
жалпы йод,Сәулелі ауру-радиацияны қысқа уақытта көп мөлшерде алу. Радиациалық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соңында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сырттай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайы алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу үшін тұрақты йодпен йодты калий ерітіндісін қолдану керек. J, 131-радиоактивті йод. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек.2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын 100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5% , 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.
37.Саулелі ауру(пайда болу себептері,сипаттамалары) Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердін қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Осыдан адамдар сәулелену ауруына ұшырайды. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары болады. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы , атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиактивті заттар болып табылады. Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр. Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактиві заттардың мөлшері көбірек кездеседі. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0.5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюорграфия кезінде 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200-300 мбэр сәулелену алады.