Тақырып бойынша глоссарий.

Қазақ тіліндегі терминдер Ағылшын тіліндегі терминдер Орыс тіліндегі терминдер
Ферменттер- табиғаты нәруыздық заттар болып келетін биологиялық катализаторлар, олар негізінен жасушаларда түзіліп, биохимиялық реакцияларды жылдамдатады Enzymes are biological catalysts of protein’s nature. they are formed in the cells and catalyze the biochemical reactions Ферменты – это биологические катализаторы белковой природы, образуются в основном в клетках и ускоряют биохимические реакции в них
Апофермент – екі компонентті ферменттің нәруыздық бөлігі, субстраттық арнайылықты арнайылықты қамтамасыз етеді. Apoenzyme is a protein part of two-component enzyme which stipulates a substrate affinity (specificity) Апофермент – белковая часть двухкомпонентного фермента, обуславливает субстратную специфичность
Кофермент – бұл екі компонентті ферменттің нәруыз емес бөлігі, ол катализдік арнайылығын (әсер ету арнайылығын) қамтамасыз етеді, яғни бұл түрі реакцияны жылдамдатады Coenzyme is non-protein part of two component enzyme which stipulates a catalytic activity of reaction Кофермент – это небелковая часть двухкомпонентного фермента, которая обуславливает каталитическую специфичность (специфичность действия), то есть тип ускоряемой реакции
Субстратты арнайылық – ферменттің тек қана өзінің субстратымен әрекеттесу мүмкіндігі Substrate specificity (affinity) is a capacity of enzyme to bind with substrate Субстратная специфичность – это способность фермента связываться только со своим субстратом
Субстрат –бұл фермент әсер ететін зат Substrate is a compound on which enzyme acts Субстрат – это вещество, на которое действует фермент
Әсер ету арнайылығы – бұл ферменттің белгілі бір реакцияны жылдамдату қабілеті. The catalytic specificity ia a capacity of enzyme to catalyze certain reaction Специфичность действия – это способность фермента ускорять определенную реакцию
Катал–ферменттің қуатының өлшем бірлігі Catal is a unit of measurement of power activity of enzymes Катал – единица измерения мощности фермента
Мультиферментті комплекс –бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі Multyenzymic complex is a complex of some enzymes which act on certain subsrate, but catalyze the specific reactions Мультиферментный комплекс – это комплекс нескольких ферментов, действующих на одинаковый субстрат и ускоряющий специфические реакции с ним
Бәсекелес ингибирлену-ингибирленудің бұл түрінде, ингибитор мен субстраттың құрылыстары ұқсас болады да , екеуі де өзара ферментпен байланысуға бәсекелеседі. Competitive inhibition is an inhibition when subsrate and inhibitor have the structural similarity and compete to each other for binding with enzyme Конкурентное ингибирование – это тип ингибирования, при котором субстрат и ингибитор имеют структурное сходство и конкурируют между собой за связь с ферментом

№4 САБАҚ

1.Тақырыбы: Ферменттер. Гидролазазлар. Трансферазалар, лиазалар. Негізгі өкілдері, құрылысы, ролі.

2.Мақсаты:

Ферменттер (гидролазалар, лиазалар, трансферазалар) туралы білімдерін энзимотерапия мен энзимді диагностиканың негізгі ұстанымын түсінуге, пайдалана білуге үйрету.

3.Оқытудың міндеттері:

Осы сабақ соңында студент білуі керек:

1) Гидролазалардың негізгі топтарының құрылысы мен катализдік әсерін білу.

2) Лиазалар мен трансферазалардың негізгі өкілдерінің құрылысы мен катализдік әсерін білу

3) Ферменттер туралы білімдерін биохимияның басқа тақырыптарын оқып білуге пайдалану

4) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гидролазалар. Жалпы сипаттама.

2. Гидролазалардың негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар

3. Трансферазалар. Жалпы сипаттама.

4. Аминотрансферазалар.

5. Лиазалар. Жалпы сипаттама, негізгі топтары, катализдейтін реакция түрлері.

6. Декарбоксилазалар.

7. Карбоангидраза.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:

Жазбаша бақылау бағдарламалық сұрақтар бойынша

Ауызша сұрау тақырыптың сұрақтары бойынша, тест пен жағдайлық есептерді шешу.

Тақырыптың сұрақтарын талдау барысында 1, 2-кестелер толтырылады.

№1 кесте «Гидролазалар»

Наши рекомендации