Тақырып трассаның бойлық профилін құру

Дәрістер жоспары

1.Далалық жұмыстарды өңдеу

2.Абсолютті биіктікті есептеу

3.Жобалық биіктік белгісі мен жобалық еңістік

4.Бойлық және еңдік профильді құру

Геометриялық нивелирлеудi ғылыми өңдеу далалық жур­налдардары жазулар мен есептеп шағаруларды тиянақты түрде қарап шырудаң және бақылаушы жасайтын әр беттiк тексеру­ден басталады. Әр беттiк тексеру жасалып бiткеннен кейiн, жү­picтік қиыспаушылырын есептеп шығаруға кiрiседi. 1. 3-графаға артқы рейканың қара және қызыл жақтары бо­йынша алынған барлық есептеулердiң қосындысын ∑З жазадыда, оларды а әрпiмен белгiлейдi. 2. Алдыңғы рейкадан дәл осылай алынған барлық есептеу­лердiң қосындысын ∑П 4-графаға жазып, оны b әрпiмен белгi­лейдi. 3. Рейкалардың қара және қызыл жақтарының көмегімен алынған салыстырмалы биiктiктi есептеп шығарады

hққ –Пқ; hқлқл –Пқл . (1)

Салыстырмалы биiктiктiң айырмашылығы қос рейканың та­қаларының айырымын есепке алғанда 10 мм-ден аспауы тиiс, яғни

Hқ –hқл < 10 мм.

4. Онан әрі салыстырмалы биктіктің орташа мәнін анықтайды.

H0=(hқ+hқл)/2 (2)

5. Әр беттік тексеруді орындағанан кейін төмегі шарт орындалу керек:

∑З-∑П=∑h=2∑h0 (3)

6. Әр беттiк тексеру бiткен соң жүрicтiң қиыспаушылығын есептеп шығаруға кiрicедi. Егер нивелирлiк жүрiс тұрақты гео­дезиялық биiктiк нүктелерiнiң - реперлердiң арасында салынған болса, онда нивелирлеуден алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысы ∑h0 соңғы Нс және бастапқы Нб реперлер­дiң биiктiк белгiлерiнiң айырымына тең болуы тиiс

∑h0=Hcб . (4)

Осы жағдайдағы қиыспаушылық

fhT =hо-(Нсб). (5)

Егер нивелирлеу eкi нивелирмен жүргiзiлген болса, онда бi­рiншi нивелирмен алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосын­дысы ∑h01 екiншi нивелир мен алынған салыстырмалы биiктiк­терiнiң қосындысына ∑h02 тең болуы тиiс, яғни ∑h01 = ∑h02 де­мек, қиыспаушылық

f=∑h01 = ∑h02. (6)

Егер нивелирлеу тура және кepi жүрicтермен жасалса, онда тура жүрicтiң салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысының ∑hо.т абсолют шамасы кepi жүрiстiң салыстырмалы биiктiктерiнiң қо­сындысының кepi шамасына ∑hо.қ тең болуы керек, яғни тең болуы керек, яғни

∑hо.т=-∑hо.қ (7)

Бұл жағдайда қиыспаушылық мынаған тең болады:

fhт.қ=∑h O.T. +∑hоқ (8)

Тұйықталған нивелирлiк жүрicте салыстырмалы биiктiктер­дiң қосындысы (∑h0=0) нөлге тең болуы тиiс, сонда жүрiстiң қиыспаушылығы

7. Егер фактiге негiзделген қиыспаушылық fh мүмкін қис­паушылықтан кем болса (fh< f), онда фактiге негiзделген қиыспаушылықты fh жүрicтiң барлық салыстырмалы биiктiкте­piнe тепе-тең етiп кepi таңбамен бөледi, яғни салыстырмалы биiктiкке мынадай түзету енгiзiледi:

тақырып трассаның бойлық профилін құру - student2.ru (9)

Түзетулер 1 мм-ге дейiн дөңгелектенедi.

8. Тузетiлген салыстырмалы биiктiктер мына формула мен есептелiп шығарылады:

hT=h o.іh . (10)

9. Түзетiлген салыстырмалы биiктiктер бойынша байланыс­тыру нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн мына формуламен есептеп шығаруға кiрiседi:

Н пп-1 +h c, I , (11)

мұндағы Н п - нүктенің есептелiп шығарылатын биiктiк белгi­ci; Н п-l - жүрiстiң бұрынғы нүктеснің биiктiк белгici, h c. I ­нүктелердiң арасындағы түзетiлген салыстырмалы биiктiк.

10. Биiктiк белгiлердi есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру мынадай формуламен жасалады:

Н сб=∑hТ . (12)

11. Барлық байланыстыру нүктелерiнiң биiктiгiн анықтаған­нан кейiн аспаптың горизонттарын есептеп шығаруға кiрicедi. Бұл жағдай тек қана аралық (полюстiк) және көлденең нүкте­лерi бар станциялар үшiн жасалуы тиic. Мұнда аспаптың гори­зонтын мына формула бойынша табады:

АГ=Нз+З, (13)

мұндағы 3 - артқы рейканың қара жағы бойынша алынған есептеу.

Аралық нүктелердiң биiктiк белгiлерiн аспаптың горизонты­ның биiктiк белгiciнен тиicтi аралық нүктеге қойылған рейка­ның қара жағынан алынған есептеудi алып тастау арқылы та­бады, яғни

На =АГ-С. (14)

Осылайша көлденең профильдiң нүктелерiнiң биiктiк белгi­лерiн есептеп шығарады.Нивелирленген трассаның нүктелерiнiң есептелiп шығарылған биiктiк белгiлерi бойынша оның профилi салынады. Профильдi жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пи­кеттік кiтапшаның мәлiметтерi бойынша сызады. Бойлық про­фильге көбiрек көрнекiлiк беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үл­кейтiп қабылдайды. Бойлық профильдi салу мына тәртiп бойынша жасалады :

1. Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның сызығынан профильдiң ең әлсіз нүктeci 4-5 см-ден артық қашықтықта болмауы керек, шартты горизонттың (ШГ) биiктiк белгiсi 10 м-ге еселi болуы тиiс.

2. Шартты горизонттың сызығынан төмен профиль торын ор­наластырады, ол қажеттi мәлiметтердi енгiзуге арналған жол-­жол сызық болып саналады.

3. Ара қашықтық графасына қабылданған масштабқа сәй­кес пикеттер мен аралық нүктелер арасындағы горизонталь арақашықтықтарды салады. Содан кейiн осы ара қашықтықтарды көшiру арқылы профиль нүктелерiнiң орнын шартты горизонт­тың сызығында белгiлейдi. Осы нүктелердiң перпендикулярла­рында вертикаль масштабта профиль биiктiк белгiлерiн тұрғы­зады, олар нүктелердiң абсолют биiктiк белгici мен шартты, го­ризонттың айырымы болып саналады, яғни

Н проф. =Н абс. -ШГ. {15)

Перпендикулярлардың шеттерiн сызықтармен қосып трассаның шын профилiн алады.

4. Профильге инженерлiк жұмыстар нәтижесiнде табиғи про­фильдiң орнын басатын қолдан жасалатын жобалау сызығын салады. Жобалау сызығын грунтты қазу және толтыру жөнiн­дегi жер бетiндегi жұмыстардың минимумын ескере отырып таң­ дайды. Оның өзi де жобада таңдап алынған көлбеулік құрылыс­тардың осынау түpiнe қойылатын техникалық талаптарға сәй­кес берiлген шамадан артық болмауы тиiс

Трассаның жобалық көлбеулiгiн мына формула мен есеп­тейдi:

тақырып трассаның бойлық профилін құру - student2.ru (16)

мұндағы h - жобалау сызығы шеттерiнiң салыстырмалы биiк­тігі; d осы сызықтың горизонталь ұзындығы; тақырып трассаның бойлық профилін құру - student2.ru -жобалау сызығының басы мен соңының профильден графикалық түрде алынатын жобалық биiктiк белгiлерi

5. Трасса нүктелерiнiң жобалық биiктiк белгiлерiн мына формуламен есептейдi:

Нnж0ж+іdn , (17)

мvндағы d п - трассаның бастапқы нүктeciнeн n нүктeciнe дей­iгнi горизонталь ара қашықтығы; i - трассаның жобалық көл­беулiгi. Жобалық биiктiк белгiлерiн адетте қызыл тушьпен жа­зады, сондықтан оларды қызыл биiктiк белгiлерi деп атайды.

Жұмыс жасау биiктiк белгiлерiн тиicтi нүктенің жобалық және табылған биiктiк белгiлерiнiң айырымы ретiнде анықтай­ды, яғни

Һіжұміжіт (17)

Жұмыс жасау биiктiк белгiлерi осы нуктедегi қазудың те­peңдігін немесе толтырудың биiктiгiн анықтайды. Жер қазу жұмыстарын жүргiзгенде осы цифрлар өте маңызды цифрлар болып саналады.

7. Жобалау сызығының табиғи профиль сызығымен қиылыс­қан жерi нөлдiк жұмыс жасау нүктелерi деп аталады. Осы нүктелердiң жұмыс жасау биiктiк белгiлерi нөлге тең болатын­дықтан жер қазу жұмыстары бұл нүктелерде жүргiзiлмейдi. Трассадағы олардың орнын метрдiң ондық бөлiгiне дейiнгi дәл­дiкпен бiлу керек, өйткенi жер қазу жұмыстарын әдетте осы нүк­телерден бастайды. Нөлдiк жұмыс жасау нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн жобалық биiктiк белгiлерi қатарына көк тушьпен жазады.

Трассаны планға нивелирлiк жүрiстiң бұрылу бұрыштары­ның координаталарымен немесе пикет қабырғаларының ұзын­дығы мен азимуттары арқылы салады. Планда трассаны ниве­лирлеу кезiндегi жергiлiктi жердiң түсiрiлген бет бедерi кес­кiнделедi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 249-251

2. [1] бет 252-253

3. [1] бет 254-256

4. [2] бет 105-108

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (13,14-тақырыптар) [13, 12]

1. Нивелир мен рейкалар

2. Нивелирлер мен рейкалар тексермелері

3. Аспап горизонтын есептеу

4. Нүктенің абсолютті биіктігі.

Наши рекомендации