Стр. 127 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 126
Стр. 128
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Өлудің керегі жоқ,— дейді Ревякин,— өлгеннен кейін Отаныңа қорған бола
алмайсың. Жеңу үшін — өлмеу керек!
Аңдамай айтыла беретін «өлуге әзірмін» деген сезіміздің қате екені еске түседі. Жауың
өлмей сен өлсең, Отаныңды кім қорғағаны?
Ревякин басқа бөлімдерге кетті. Мені взвод командирі шақыртыпты. Барлық бөлімдердің
командирлері түгел жиналған екен.
—
Көпірді қорғау бізге тапсырылды, жолдастар,— деді Мирошник.— Мүмкін, күні
ертең-ақ, мүмкін, бір айдан кейін, осы көпірмен біздің әскер қалаға қайта кіреді. Бір
солдатың қалғанша, көпірді қолдан шығармауымыз керек. Бұйрық біреу-ақ: әркім тұрған
орнынан жылжымайтын болсын! Екінші бұйрықты сол орында күтсін!
Іңір қараңғысына дейін біздің әскер Ростовтан түгел кетіп болды. Қара боран атыс та
тоқталды. Айсыз қараңғы түннің ауыр үнсіздігі орнай қалды. Қалада от жоқ. Соғыс
белгісі—арылмаған ащы түтінде, мылтығын құшақтап, үнсіз түнеріп тұрған солдатта ғана
қалған сияқты. Әлдеқайда, жоқтаған иттер ұлиды. Әр үнге салып, біресе сыңсып
жылағандай, біресе қарғыс оқығандай ұлиды.
Жау табанына түсіп қалған үлкен қаланың қаралы жаныңды тырналайды. Қаралы қала
үнсіз мүлгіп, шақырады. Қала ішінде анда-санда бір гүрс етіп қалып бомбы үнінен түн
селк еткендей болады.
Біздің қалалар оңай тізе бүкпейді ғой! — дейді Володя Толстов.— Есітемісің,
әлденемелерді қиратып, жау қолына түсірмей жатыр!..
Сол қараңғы түнде, сол ауыр үнсіздікте, алыстан Москва үнін естігендей боласың:
«Аттан аттан түгел, совет халықтары!»—деген үнді естисің.
Оны Москва айтып жатыр ма, әлде өзіңнің жүрегің айғайлап тұр ма, оны айыру қиын.
Бірақ солдат ойы толы осы үн еді!
Жаяу борасын шиыршық қарды жылжытып айдап, жер бетінің шұқыр-шұқанақтарын
қайта тегістей бастапты. Есті бір қол жер денесіне түскен әлем тапырықты ақырын-
ақырын өшіріп жатқан сияқтанады.
Қиыршық қар бетіңе тікендей қадалса да, көбірек жылжып кеп жер жарасын тезірек
жауып таптаса екен деп тілегендейсің. Аласұрған айқас үстінде талай аттап өткен іздерді
тыныштық кезде тағы бір көріп тұруға құмарта да алмайсың.
Мен командирлер мәжілісінен оралып жаппамызға келсем, темір пештің үстінде
жыламсырап төгіліп шайнек қайнап тұр да, жолдастарым ұядағы балапандардай бір жерге
ұйлығып алып, Москва жайын кеңесіп отыр екен. Түн әзір тыныш болғанмен ешкім
ұйықтамапты. Володя Толстовтың комсомолдар съезіне Москваға барғаны бар еді, сонда
көргендерін қайталап айтып отыр.
—
Кремльде болдың ғой? Болдың ғой Кремльде? Соны айтшы.
—
Ие, соны айт,— деп жауынгерлер оны қоршап алыпты. Володя әрқайсысына бір
жауап беріп, әңгімесін амалсыз үзіп-үзіп айтады.
Жауынгерлердің көңіл күйін байқау үшін болу керек, политрук Ревякин келді. Мүмкін,
мана Москва жайын тым тұнжыратып айттым ба деп келген болар.