Каламның қайнарлары

Құран. Калам – ислам сенім негіздеріне түсініктеме жасау және оны қорғау мақсатында пайда болған ілім саласы. Калам ілімінің қуаттаған ислам сенім негіздерінің негізгі қайнарларын білу калам ілімінің басты қайнарларын білу деген сөз. Ал исламның сенім негіздерінің (ақаид) бірден бір қайнары – Алланың пайғамбарына уахи арқылы жіберген Құран. Құранның екі негізгі ерекшелігі бар: 1. Уахи тасушы періште Жабраил арқылы ардақты Мұхаммед пайғамбарға жеткізілгендігі; 2. Уахи жолымен келген Құрандағы үкімдерге сенуге, орындауға тек Пайғамбар ғана емес, бүкіл адамзат баласы жауапты болуы.

Құранның түсу кезеңі ардақты Пайғамбар өмірінің аяқталуымен тоқтатылған. Басқаша айтар болсақ, ардақты Пайғамбардың дүние салуымен уахи де аяқталған. Осыған орай, қолымыздағы Құран нұсқасынан басқа қандай да бір уахилер қабылданбайды. Құран ардақты Пайғамбардан біздің заманымызға жалған болуы мүмкін емес көпшілік қауым тарапынан мутауатир жолымен жеткізілген. Демек, Құран өзінің мазмұны және бізге жету жолы жағынан ең сенімді қайнар болып табылады.

Сүннет.Сенім негіздерінің екінші қайнар бастауы – ардақты Пайғамбардың өзі. Мұхаммед Пайғамбар – Құранның алғашқы және ең сенімді түсіндірмешісі. Өйткені ол өмірінің барлық кезеңінде және барлық тақырыптарда Алланың сақтандыруында болды. Демек бұл оның дінге түсініктеме жасауды құдайдың бақылауында болды деген сөз. Алайда ардақты Пайғамбардан келген түсініктемелердің каламда нақты дәлел болуы үшін біздің дәуірімізге дейін тауатир жолымен жеткен болуы тиіс. Тек бір адамның ғана жеткізген хабары (хабар уахид) оны жеткізген қандай сахаба болса да Пайғамбар сияқты құдай тарапынан сақтандырылмағандықтан, сенім мәселесінде нақты дәлел бола алмайды. Оның үстіне мазмұны жағынан ардақты Пайғамбардың сөздері, істері жәгне тақрирлері Құран аяттарымен тек дәрежеде уахи категориясына енбейтіні белгілі. Демек, ардақты Пайғамбардан келгегн хадистің ақидада нақты дәлел болуы үшін тауатир жолмен жеткен болуы тиіс. Бірақ бұл бір рауи тарапынан жеткізілген ахад хабарлардың ақаид саласында ешқандай дәлел бола алмайды деген түсінікті тудырмауы тиіс. Мысалы, калам саласында жазылған еңбектерде әсіресе, рух, жын, шайтан және ахирет сияқты тақырыптар қарастырылған бөлімдерде ахад жолмен келген хадистер жиі қолданылған. Жоғарыда орын алғандай ахад хабар занни білім қатарына жатқандықтан, осы хабарға негізделген үкім де занни үкім болып табылады, мутауатир деңгейге жете алмайды. Осындай занни дәлелдерге сүйенген итиқади үкімдер занни үкімдер дәрежесін иеленгеніне байланысты оған сену діни тұрғыда адасушылыққа жол бермейтіні тәрізді, сенбеу де күпірлікке алып бармайды. Басқаша айтар болсақ, нақты дәлелдерге негізделмеген сенім негізін жоққа шығару – күпірлікке алып бармайды. Ал сену діни сенімге нұқсандығын тигізбейді.

Ақыл.Құранмен, Сүннетпен қатаркалам ілімінде ақылдың да қайнар бастау болуының да өзіндік орны бар. Ақылдың қайнар бастау болуы – «истидлал» немесе «истинбат» деп аталатын қорытынды жасау жолымен байланысты. Алғашқы дәуір каламшыларының қорытынды жасау тәсілі көрінетін құбылыстармен салыстырмалы түрде көрінбейтіндер туралы үкім шығару, фиқхи қияс болып табылды. Алайда, кейінгі дәуір каламшылары логикалық салыстырмаға иек артқан.

Бірінші тәсілті қолданғанған екі құбылыс арасындағы ұқсастықты тауып, қорытынды жасауға тырысқан. Осылай, көрінетін әлемде орын алған құбылыстар мен оқиғаларды негізге ала отырып, көрінбейтін әлемдегі құбылыстар мен оқиғаларға үкім шығарған. Басқаша айтар болсақ нақты өмірдегі оқиғаның барысына қарай отырып, көрінбейтін құбылыстарға солай үкім шығарылады. Мысалы, өз ортамызда бір үй жанып кетсе, оның ішіндегі заттардың да жанғандығына куә боламыз. Сол сияқты басқа бір қаладағы бір үй данды деген хабар алғанымызда бастапқы куә болған тәжірибеміз аясында өзге қаладағы жанған үйдің ішіндегі заттардың жанғанына үкім шығарамыз. Діни салада мысал берер болсақ, бар болған барлық нәрсе көрінеді. Періштелер де бар болмыстар болғандықтан олардың да көзге көрінуі мүмкін. Періштелер адам бейнесінде ардақты Пайғамбарға көрінген. Олардың барлық адамдарға көрінбеуі оларды көру қабілетіне ие болмағанына байланысты. Дәл солай, микроптарды адамдар сол күйінде көре алмауы осыған ұқсайды. Демек, бір болмыстың көрінбеуі ол жоқ деген түсінікке алып бармауы тиіс. Ол мұнда тек көру қабілетінің жоқтығына байланысты.

Кейінгі дәуір каламшыларының қолданған логикалық тәсілі білімді, танымды негізге алады. Адам санасында бар білім аясында білінбеген туралы үкім шығару да мүмкін. Мұндай білімде екі пайымдау, бір нәтиже кейпінде қиястың болуы тиіс. Пайымдаулардың да мықты және дұрыс болуы шарт. Пайымдауларда кемістік орын алса, оның нәтижесінде де кемістік одан ары сақтала береді. Оған былай мысал келтіруге болады: әрбір адам өмірі аяқталғанда өледі. Ахмет адам, демек Ахмет те өмірі аяқталғанда өледі. Осы қарапайым салыстырмада адамның өлетіні және Ахметтің де адамға жататыны туралы білімнің нәтижесінде Ахметтің де өлетіндігі үкімі шығарылады. Діни салада да былай қорытынды шығаруға болады: әрбір мүмкіннің бір жаратушысы бар. әлем де осы мүмкінге жатады. Демек, әлемнің де жаратушысы бар.

Ақылдың калам ілімінде қайнар болуы осындай жолмен мүмкін болғанымен діни салада нақты қайнар болуы турасында бір ауыздылық жоқ. Алғашқы дәуір мұсылман теологтары мен бүгінгі күнгі салафтық әдістер мен түсініктерді қолдайтын ғұламалар ақылдың діни сенімге үкім шығаруға қабілетсіз екендігін алға тартады. Басқаша айтар болсақ, ақылдың қабілеті тек түсінуден және түсіндіруден ғана тұрады. Оның тәуелсіз түрде үкім, қорытынды шығару қабілеті жоқ. Ал калам ғұламалары жоғарыдағы әдістер аясында ақылдың үкім шығара алатынын қуаттайды. Бірақ, олар да ақылдың өресі жетпейтін жақтарын ескере отырып, оған шектеулер қойған. Олардың бір ауыздан қолдаған көзқарастары: Құран мен Сүннетте орын алмаған тақырыптарда ақыл арқылы үкім шығаруға болады. Осы тұрғыда ғана ақыл қайнар бола алады. Келесі жағынан муташабих аяттар сияқты мағынасы құпия, астырлы сөздерге саналық түсініктеме жасау және қорытынды шығару кейбір калам ғұламалары тарапынан дұрыс деп есептелген.

ИМАН

Наши рекомендации