В.И.Лениннің философиясы

В. И. Ленин философияны ең алдымен халықшылдарға қарсы күресе отырып дамытты. Халықшылдардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін сынай келіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір – бос даурығу: мақсат – капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді. В.И. Лениннің Маркске қосқан тағы бір үлесі – оның империализмге берген анықтамасы. В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы - өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм, екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм, үшіншіден, ол - өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы деп жорамалдады. Қазір озық дамыған жеті капиталистік ел бар, олар: АҚШ, Англия, Канада, Жапония, Франция, Германия, Италия. Бұлардың тез дамуының себептері, ең алдымен Қазан революциясының нәтежесінде пайда болған социолистік елдер капиталистерге үрей салып, оларды жаңа жол, жаңа әдіс тауып, күнін ұзартуға итермеледі. Олар енді жұмысшылармен тіл табысты, түрлі акционерлік қоғамдар құрып, жұмысшыларды капиталистік өндіріске аз да болса қосарлас иеге айналдырды. Жұмыс күнін қысқартып, жалақыны жұмыс істеген сағаты бойынша төлеу әдісіне көшті. Бұрын Маркс, Ленин дәуірінде жұмысшылар жұмыс уақытын азайту үшін күрескен болса, енді олар жұмыс сағатының ұзақ болуына ынталы болды. Олардың бұлайша дамуына тағы бір себеп : социализм жіберген орасан қателіктер, әкімшілік - әміршілдік тәртіп, маркстік теорияны қатып қалған догмаға айналдырып, оны өмірден алшақ, схоластикалық ілімге ұқсас ету болды. Капиталистік елдер нарықтық экономика, бәсекелестік күрес арқылы ұдайы шындалып, даму жолына түссе, социалистік елдер бір деңгейге жеткен соң бір орынды шиырлап, ілгері баспады. Тек Дянь Сяо Пин сілтеген нарықтық қатынас жолымен жүрген Қытай басқаша дамыды.

47. Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

48. Агностицизм - (грек. мойындамаушылық) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім. Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.

49. Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта жаңғыру» мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.

50) Марксизм— 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельснегізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм менкоммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясыбойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Наши рекомендации