Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 221
Стр. 223
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Өздері, әрине... Арт жақтан келер ауыр қол біздің қай төбеде екенімізді айыра
алмасын дегені.
—
Мүмкін, қызыл туға көзіміз үйрене берсін дейтін шығар... Хожа Насреддин айтқан,
— бұл туға қай халықтың көзі ертерек үйренген болса, солғұрлым өзіне жақсы болар
деген..— деп, Самед көңілімізді көтергісі келеді.
—
Бақылай беріңдер, бәрін де бақылаңдар!..
Күн найза бойы көтеріле бергенде жау жағында бір дүрбіс басталды... Біздің «күміс
қаршыға»— барлаушы самолет келе жатыр екен. Аспандағыны ататын зеңбіректер бүкіл
Керчьті дір сілкіндіріп, жалғыз самолетті атқылай бастады.
—
Біздің «күміс қаршыға!» Ер қаршыға! Сұңқар!— деседі біздің жауынгерлер
қуанып.
Түтілген ақ мақтадай құшақ-құшақ ақ түтіндер аспанды жауып кетті. Кейде ақ мақта
тұтанып кеткендей болады. «Көк қаршыға» құлдырап ағып, құлдилап төмен түсіп, әр
төбенің, басына бір төніп, теңізге қарай сып ете түсті. Енді жоғары көтерілмей, жер
бауырлай зытып барады.
—
Қырық үш — он екі!—деді Вася Гришин, самолеттің номерін танып калып. Көптен
көрмеген танысына кездескендей аузын ашқан бойы әлі тұр. Жауынгерлердің бәрі де жау
ортасында жалғыз қалмағандарын тағы бір сезініп, қуанып кетті.
Самолет қайта оралып, барлық қорғандардың үстімен тағы бір өтті.
—
Қайдасыңдар?—деген айғайын естігендей боласың.
—
Қорғанның ұшар биік төбесіне бір белгі салыңдар!— деді Мирошник.
Барлық қорғанның төбесінде де қызыл ту тұрған соң, барлаушы біздің қай төбеде
екенімізді айыра алмай жүр. Бірақ сол қызыл тулардың жайдан-жай көтерілмегенін ұққан
да сияқты. Анықтап алмай кетпейтіндей, әлсін-әлсін айналып соғады.
Володя мен Петя барлық ақ шүберектен құрастырып, қорғанның ұшар басына біздің
дивизияның номерін салып келді. Немістер оны істей алмайтын еді, әрине. «Көк қаршыға»
тағы бір оралғанда «ұқтым!» дегендей қанатын бір ғана қалт еткізіп қалып, шығысқа
қарай жөнеп берді.
—
Көрдім деді!..
—
Амансыңдар ма деді!..
—
Қорықпаңдар деді!— десіп, қанатының бір ғана қалт етіп қалғанынан мың түрлі
мағына тауып біз қалдық...
Самолет, әрине, біз ойлағанның бәрін де айтты... Керек болса, біздің ойдан әрірек жатқан
талайды айтқысы келуі де мүмкін. Оны сөзбен айтып жеткізуге болмайды да. Оны түгел
түсіну үшін жаудың ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұрғандай хал керек. Біз дәл
сол халде едік...
—
Енді орнымыз анықталды. Байланыс жалғанды! — деді капитан Мирошник.
Түске тармаса, түп ізі қала жақтан шығып бізге қарай бір танк келе жатты. Төбесінде «ақ
ниеттің» белгісі — ақ жалау бар.
Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 222
Стр. 224
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
«Жолбарыс!»— деді Володя.— Атақтылары!..
—
Жолбарыс емес, біздің отыз төрттің көшірмесі, ұрлап алған. Көрдік қой кездесіп,
түк те жолбарыс емес!— деп, Петр ызалы жауап қайырды оған.
Фашист қауымының «ақ ниет» дегені не болып шығатынын біздің естігеніміз болмаса,
көріп тұрғанымыз осы еді.
—
Елшілікке келе жатыр ғой... Амал қайсы, қабылдаймыз да...— деді Мирошник.—
Гришин, әзірлен!
Вася жағасын түзеп, сұр көйлектің арт жағын басып қойып, белбеуін сірестіре тартып
қойды. Аман қалған жалғыз бас киім Володянікі екен соны киіп алып, айнаға қарап, иегін
сипайды. Жирен сақалы тебендеп қалыпты.
—
Кеше қырынып алмаған екенсің... Елшілікке жүретін адамдардың сорты қандай
болатынын әлі біле алмай жүрмісің!..— деп, Володя қалжыңдап тұр.
«Жолбарыс» жақындап қалғанда, капитан Мирошник қасына Васяны алып, бекіністен бес
метр төменірек салынған окопқа түсті. Өзгеміз әрнеден сақтанып, қару-құралдарымызды
әзірлеп, тасада қалдық. Танкі етекке тіреле көлденеңдеп тоқтады.
—
Гранаталарды әзірле!— дедім мен.
—
Мен осы «елшінің» өзін қарауылға қондырып ұстаймын,— деді Володя.
Танкінің темір қақпағы ашылып, қара шұбар жыланның басындай жарқырай шұбартып
фашист офицерінің басы көрінді. Мен әуелі Ростовта өзімді атып қалатын офицердің басы
екен деп қалып ем. Жоқ, ол емес, бұл басқа жылан екен. Жылан кәдуілгідей жымиып, бізді
құрметпен құттықтағысы келген ишараттар көрсетеді.
Аласа бойлы, бұғағы салбыраған семіз офицер Керчьте көптен бері жаны тыныш отырған
адам сияқты. Денесі қозғалып қалса-ақ болғаны, о жер, бұ жерінен бұлтиып, білеуленіп
біліне қалған семіздік, көптен бері тегін бір шүйгінде жүргенін көрсетеді. Май басқан
денесі босаң, қимыл-қозғалыстары жұмсақ қана...
—
Үш жыл бойы қазына қаймағының басында тұрған қатындай екен! — деді Петр,
күтпеген жерден дәл теңеп.
Неміс командованиесімен сөйлеске шақырады,— деді «елшінің» сөзін капитанымызға
жеткізіп.
Өзінің не айтқанын біз де түгел естісін деген ашық үнмен капитан Сережаға:
—
Жолдас сержант, біздің үкімет фашист Германиямен бітім жайын сөйлесуді бізге
тапсырған жоқ деңіз...— деді.
Мирошниктің сөзі ұнап-ақ кеткендей, неміс офицері алақан шапалақтағандай ишарат
жасап,— орыс офицері, ерлігіңе болайын!— дегендей бірдеме айтып жатыр. Әлденені
ұзақ сөйлеп, дәмдеп жеткізгісі келетіні байқалады:
—
Достарым-ау, дәм айдап келе қалған екенсіңдер, құшағымыз ашық... Терге
шығыңдар!..— деп тұрған сияқты...
Вася оның айтқанының бәрін үш ауыз сезбен қысқа ғана аударып: