Конфуцийдің әлеуметтік – саяси көзқарастары

Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатынастары әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Елбасы әрқашанда ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл -ұлдың орнында», - болуы керек дейді ұлы ойшыл.

Сонау көне заманда Кун-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды зандардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі, адамның сана-сезіміне ықпал жасап, керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. «Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда олар қылмыс жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі».

«Мемлекеттік істерді қалай жүргізуге болады?» - деген оқушыларының сұрағына Конфуций былайша жауап береді: «Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та жеткілікті болып және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы керек».

«Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады?», — деген келесі сұраққа ол былайша жауап береді: «қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал тағы да құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес». Бұл пікірді біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы -халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына таза пиғылмен қызмет етеді.

№35. Кейінгі қайта өрлеу дәуірінің (XYI-XYII ғғ.) натурфилософиясы: материализм, ғылыми дүниетанымның қалыптасуы, гелиоцентризм (Леанардо да Винчи, Николай Коперник, Дж.Бруно, Галилео Галилей)

Натурфилософиямен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды (ірі ғылыми жаңалықтар ашылды, ол ғылыми-техникалық прогрессті көрсетті). Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудің эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.

Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы – жаратылыстану ғылымдарының пайда болып, дамуын жүзеге асырды. Натурфилософиясы дүниенің суретін қайта жасауға тырысты. Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясының негізгі сипаттары:

- пантеизм – Құдай мен табиғаттың өзара теңестірілуі;

- микро және макро космостың теңдігі идеясы, бұл дүниетаным адамның шығармашылық қабілетін табиғатпен теңестіруді негіздейді;

- гилозоизм – барлық болмысты жанды деп ұғыну;

- табиғатты сапалық тұрғыдан түсіндіру;

- материяның өздігінен әрекетшілдігін тұжырымдау.

Айта өрлеу дәуірінің сипатының философиялық ойда көрініс беруі: дүниеге көзқарастағы секуляризация, өнерге бағыттылық, антропоцентризм, гуманизм, жаратылыстанумен байланыс, натурфилософия және пантеизм

Қайта өрлеу дәуірі (Реннесанс) XV – XVI ғасырдағы феодалдық құрылыстың дағдарысы мен Еуропада капитализм тууын білдіреді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.

Секуляризация- қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы.

Антропоцентризм- дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі.

Гуманизм (лат. humanus – адамдық, адамгершілік)-адамды біріншіорынға қоятын және тұлғаны ең жоғары құндылық деп қарастыратын тұжырымдама, дүниетанымның принципі.

Гуманизм принципінің негізінде сонау көне заманнан белгілі басқа адамға сыйлы қатынас

идеясы, оны құрал ретінде пайдалануды тыю жатыр. Сондықтан гуманизм идеясы – адами

мәдениет пен өркениет тарихындағыорталық ойлардың бірі.

Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім. Натурфилософия ерте заманда, ғылыми танымның бастапқы кезеңдерінде елеулі орын алып, философияның тарихи қалыптасуының алғашқы формасы болды. Орта ғасырларда философияда геоцентризм түсінігінің орын алуына орай Натурфилософия ғылымы ой-өрістен христиан, ислам және иудей теологияларына ауысты.

Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды.

№38. Қайта өрлеу дәуірінің (XYI ғ.) реформация философиясындағы негізгі идеялары, оның батыс адамының рухани өміріндегі рөлі (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин)

Реформация Батыс Еуропадағы ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. саяси-әлеуметтік, рухани жағдайды айқындайды. Реформация термині сол уақыттағы еуропа қоғамының, саяси, идеологиялық жүйесінде католик шіркеуінің үстемдігін сынауға бағытталған қозғалысты білдіреді. Реформация бұл Батыс Еуропа елдерін қамтыған халықаралық қозғалыс болды. ХҮІ ғ. реформаторлық қозалыс нәтижесінде протестанттық шіркеулер пайда бола бастады. Орта ғасырлық схоластика бір жағынан Ренессанс, екінші жағынан Реформация арқылы өткір сынға алынды. Еуропалық реформаторлық қозғалыс үшін ағылышын реформаторы Джон Виклиф және оның ізбасары Ян Гус ілімі ерекше орын алады. Бұл ілімдер реформаторлық антифеодалдық идеологияның алғашқы көріністері болды. Реформация және Ренессанс ажырамас бірлікте қолданылады, өйткені, олар гуманизмді насихаттады. Сондай-ақ, протестантизм Реформациямен байланысты. 1529 жылы неміс княздары мен Лютерді жақтаушылар дінді таңдау құқығын жойған үкімге қарсы шықты. Осы қарсылықтан протестанттық термині шыққан

Наши рекомендации